Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің


-стратегиялық бағыт. Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру



бет2/10
Дата09.06.2016
өлшемі2.05 Mb.
#125473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2-стратегиялық бағыт. Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Макроэкономикалық саясат саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Соңғы өткен үш жылда (2012-2014 жылдар) Қазақстан экономикасының әлемдік экономиканың баяу қалпына келуімен байланысты жағымсыз факторлардың әсерін тартуы жалғасуда.

Егер 2012-2013 жылдар қазақстандық экспорт үшін сауда шарттарының салыстырмалы түрдегі тұрақтылығымен сипатталған болса, ал 2014 жылы геосаяси факторлардың, ФРЖ сандық жұмсарту бағдарламасының тоқтатылуының және тақтатас өндірудегі жанданудың ықпалынан мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеп кетті және басқа да экспорттық тауарларға да әсері болды.

Көрсетілген кезең ішінде орташа жылдық ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,1%-ды құрады (2000-2011 жылдары – 8,4%). Ал 2012 жылы экономика 5,0%-ға, 2013 жылы – 6,0%-ға, 2014 жылы – 4,4%-ға өсті.

Ұлттық банктің халықаралық резервтері 2012 жылы 28,3 млрд. долларды құрады және тауарлар мен қызметтер импортының 5,5 айын жапты, 2013 жылы - 24,7 млрд. долларды құрады (4,7 ай), 2014 жылы – 28,9 млрд. доллар (6,2 ай).

Қазақстаннның экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың қысқаруы, мұнай мен металдарға әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуі Қазақстанның сыртқы сауда айнылымының 2012 жылғы 132,8 млрд. АҚШ долларымен салыстырғанда 2014 жылы 120,8 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеуіне ықпал етті. Сауда теңгерімінің оң сальдосы 2012 жылғы 40,1 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы 38,2 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді.

ЖІӨ-ге қарағандағы төлем теңгерімінің оң сальдосы 2011 жылғы 5,4%-ға қарағанда 2012 жылы тауарлар импорттың экспорттан тез өсу қарқынының нәтижесінде 0,4%-ға дейін төмендеді. 2013-2014 жылдары сальдо ЖІӨ-ге қарағанда тиісінше 0,4%-ды және 2,2%-ды құрады.

Жағымсыз сыртқы факторлар жағдайында экономиканың өсуі ішкі сұраныстың есебінен қамтамасыз етілді, оған экономикаға жаңа инвестицияларды тартумен және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - ЕДБ) экономика мен үй шаруашылықтарына белсенді түрде кредит беруімен қолдау жасалды.

2012 жылы екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер көлемі 9958,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 13,4%-ға көп. 2013 жылы да кредиттердің осындай өсімі (13,4%-ға өcу), 11291,5 млрд. теңгеге дейін, ал 2014 жылы – 12106,1 млрд. теңгеге дейін (7,2%-ға өсу) белгіленді.

Үш жылда Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымы 76,8 млрд. долларды құрады, оның ішінде 2012 жылы - 28,9 млрд. долл., 2013 жылы - 24,0 млрд долл., 2014 жылы – 23,9 млрд долл.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі үш жылда 18082,6 млрд. теңгені құрады және жылына орташа 4,7%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі көзі кәсіпорындардың өз каражаттары болды: 2014 жылы 57,9%, республикалық бюджеттің қаражаты – 14,1%, жергілікті бюджеттер қаражаты – 6,1%, басқа қарыз қаражаты – 16,8%, оның ішінде бейрезиденттер қаражаты – 12,1%.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табыстары 2012 жылғы 51,6 мың теңгеден 2014 жылы 62,4 мың теңгеге дейін ұлғайды. Кірістер 2011 жылмен салыстырғанда номиналды мәнде 20,9%-ға, нақты мәнінде – 14,4%-ға өсті.

Инфляция деңгейі 2012 жылы 6,0%-ды, 2013 жылы – 4,8%-ды, 2014 жылы – 7,4%-ды құрады. Инфляцияның құрылымында бағалардың жыл сайынғы орташа өсуі азық-түлік тауарларына 5,5%-ды, азық-түлік емес тауарларға – 4,9%-ды, ақылы қызметтерге – 7,9%-ды құрады.

Бағалардың қалыпты өсуі аясында теңгенің номиналды және нақты бағамы кезең ішінде, ұлттық валюта 20%-ға әлсіреген 2014 жылғы ақпанды қоспағанда тұрақты болды.

Макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау елде жүргізіліп жатқан құрылымдық-институционалдық қайта құрулармен бірге Қазақстанның егеменді рейтингтерінің нашарлауына жол бермеуге мүмкіндік берді. 2012 жылдан бастап 2014 жылды қоса алғандағы кезеңде Standard&Poor’s және Fitch агенттігі бойынша егеменді кредиттік рейтинг «ВВВ+» деңгейін сақтап қалды, ал Moody’s агенттігі бойынша рейтинг «Оң»-нан «Тұрақты»-ға өзгертілді.

Әлемдік экономиканың бәсең қалыпына келуі және жаңа геосаяси тәуекелдер жағдайларында экономиканың орнықты өсуіне бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру қамтамасыз етілді.

2014 жылы Әлеуметтік-экономикалық саясаттың бiрiншi кезектегi шараларының жол картасы іске асырылды. Жол картасында қабылданған шаралар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық өсуді ынталандыруға және экономиканың нақты секторын қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға, жекешелендірудің екінші толқынын жүргізуге және «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыруға, тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тартуға және тарифтік саясатқа жаңа тәсілдерді қалыптастыруға, көлеңкелі экономикамен күреске, әлеуметтік жаңғыртуға, сыртқы сауда саясатын дамытуға бағытталды.

2014 жылы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету және экономикалық белсенділіктің одан әрі бәсеңдеуіне жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2014 жылғы 26 қыркүйекте бекіткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) іске асыру қамтамасыз етілді. Жоспар шеңберінде экономика салаларын қолдау жөніндегі шаралармен қатар, «ДАМУ» КДҚ» АҚ желісі бойынша шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу бойынша шаралар іске асырылды.

Контрциклдік экономикалық саясаттың орта мерзімді кезеңге арналған негізгі құралы «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болады.

Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында «шұғыла» қағидаты бойынша тиімді инфрақұрылым түзу негізінде елдің макроөңірлерін интеграциялау арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы конъюнктураның нашарлауы жағдайларында экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Экономиканы әртараптандыру жөнінде жүргізілген реформаларға қарамастан, экспорттың негізгі бабы энергетикалық тауарлар мен металдардың әлемдік бағаларына экономиканың әлсіздігін алдын ала айқындайтын шикізат тауарлары болып қалады. Мәселен, экспорттың жалпы көлемінде миниралдық өнімдердің үлес салмағы 2012 жылы 75,0%-ды құраса, ал 2013 жылы ол өсті және 80,1%-ды, 2014 жылы – 81,6%-ды құрады. Соңғы үш жылда ЖІӨ-нің құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы 2012 жылғы 11,3%-дан 2013 жылы 10,9%-ға дейін және 2014 жылы 10,3%-ға дейін қысқарды.

Сыртқы сұраныстың төмендеуінің нәтижесінде, оның салдары ретінде өнеркәсіптегі, көліктің барлық түрімен жүк тасымалдаудағы және саудадағы өсу қарқынының баяулауынан ЖІӨ-нің өсуі 2012 жылғы 5,0%-дан 2014 жылы 4,4%-ға дейін қысқарды. ЖІӨ-нің өсуі 2012-2014 жылдардың сәйкес кезеңдеріндегі 5,6%, 5,1% және 3,9%-ға қарсы ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1,7%-ды құрады.

Қазақстан ЖІӨ-дегі ШОБ кәсіпорындарының ЖҚҚ үлесі 25% құрайды, бұл жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері ұқсас елдермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Бұл көрсеткіш ресурстық базасы мол Норвегия (65%-дан аса) және Австралия (60%-дан аса) сияқты елдермен салыстырғанда әлі де төмен.

Өткен жылдарда әртүрлі бағдарламалардың іске асырылғанына қарамастан, өңірлер әркелкі дамуда, бұл экономикалық әлеуетті бөлу сипатына байланысты. Елдің бірқатар өңірлері мен елді мекендерінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның тозуы мен тапшылығы жоғары. Өнімді жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету және халық табысы деңгейінің төмендігінің проблемалары сақталып отыр.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстары мен ауыл шаруашлығы шикізатына әлемдік бағалардың құбылмалылығы

  1. Әлеуетті тәуекелдерді уақтылы анықтау үшін әлемдік экономиканың және Қазақстанның негізгі шикізат тауарларына әлемдік бағалардың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері серпінінің мониторингі

  2. Қолайсыз жағдай орын алған кезде, оның ішінде ұлттық экономиканың бәсеңдеуімен, рецессиясымен немесе дағдарысымен сипатталатын энергия ресурстарына әлемдік бағаның күрт өзгеруі салдарынан орын алған кезде, экономиканы тұрақтандыру жөніндегі қажетті шараларды қолдану туралы мәселені қарау

Әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуі

1. Әлемдік экономиканың өсуінің нашарлау дәрежесіне байланысты ұлттық экономиканы тұрақтандыру бойынша шараларды іске асыру

2. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басым емес шығыстарды секвестрлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу



Елдің егеменді кредиттік рейтингінің төмендеуі

Рейтингтік агенттіктерге Үкіметтің экономикалық өсудің құлдырауының теріс салдарын нивелирлеу/еңсеру жөніндегі шараларын түсіндіру

Ірі жүйе құраушы компаниялардың төңірегінде өзінің қызметін жүзеге асыратын сервистік компаниялар мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің бәсеңдеу қаупі

1. Контрциклдік макроэкономикалық саясат шеңберіндегі шараларды іске асыру

2. Ұлттық қор қаражаты есебінен ШКС ұзақ мерзімді арзан кредиттермен қосымша қорландыру және елдің қаржы секторын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру



Сыртқы кредиттеу мүмкіндіктерінің салдарынан ішкі нарықта пайыздық мөлшерлемелердің өсуі және экономиканы кредиттеудің өсу қарқынының төмендеуі және ТШИ-ды қайта бағдарлау

1. Контрциклдік макроэкономикалық саясат шеңберіндегі шараларды іске асыру

2. Экономикаға шетелдік және отандық тікелей инвестицияларды белсенді тартуға бағытталған шараларды іске асыру




Ішкі сауда саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Сауда саласы отандық экономиканың басты секторларының бірі болып табылады, онда 1,2 миллионнан астам адам немесе экономикалық белсенді халықтың 13,4 % жұмыспен қамтылған. Бұл ауыл шаруашылығынан (2,2 миллион адам) кейінгі екінші нәтиже.

ЖІӨ құрылымындағы ішкі сауда үлесі тұрақты деңгейде және 16,1 % (немесе 4,6 триллион теңгені) құрайды.

Бөлшек сауданың заманауи форматтарының нашар дамуы бөлшек сауда секторының елеулі операциялық шығасыларына алып келеді. Еуропа елдерінің тәжірибесін қарастыратын болсақ, мұнда бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі ірі сауда форматтарының үлесі шағын сауда форматтарынан артық. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде ірі ең көп тараған сауда форматтары Австрияда байқалады – мұнда барлық сауда алаңдарының 75 %-ын, сауда алаңы 3 000 шаршы метрден асатын гипермаркеттер, сондай-ақ супермаркеттер (сауда алаңы 400-250 шаршы метр) мен дискаунтерлер (1000-2000 шаршы метр) сияқты сауда форматтары алып отыр.

Дәл осындай форматтар өнімсіз делдалдардың қызметіне мықты бөгет қойып, жалпы алғанда заманауи көтерме инфрақұрылымды қалыптастырады.

Мәселен, 2014 жылғы статистикалық деректер бойынша бөлшек сауда айналымы 2013 жылмен салыстырғанда 7,9%-ға ұлғайды.

Республиканың көтерме сауда айналымы 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 6,2 %-ға ұлғайды.

2014 жылы республикада 16 тауар биржасы жұмыс жасады, онда 31 056 биржалық мәмілелер жасалды, мәмілелердің жалпы көлемі 1 244,4 миллиард теңгені құрап, 2013 жылмен (16 тауар биржасы, 13 418 биржалық мәміле, мәмілелер көлемі 826,2 миллиард теңге) және 2012 жылмен (13 тауар биржасы, 179 474 биржалық мәміле, мәмілелер көлемі – 1 447,2 миллиард теңге) салыстырғанда 1,5 есе ұлғайды.

2014 жылы ғаламтор арқылы жүргізілген бөлшек сауда көлемі 41,3 млрд. теңгені немесе бөлшек сауданың жалпы көлемінің 0,7 % құрады. Негізгі үлес компьютерлерге, көмекші жабдықтар мен бағдарламалық қымтамасыз етуге (ғаламтор арқылы жүргізілген бөлшек сауда көлемінен 31,3 %), киімге (26,1%), аяқ киім мен тұрмыстық электр құралдарына (11%-дан) тиесілі.

Электрондық көтерме сауда айналымы 50,8 млрд. теңгені немесе көтерме сауданың жалпы көлемінен 0,3%-ды құрады.

Зерттеп тексеру қорытындысы осы сауда форматында төлемнің дәстүрлі түрде қолма-қол ақшамен (респонденттер жауаптарының 71,6 %) және төлем карточкаларымен (58,0 %) жүзеге асырылатынын көрсетті.

Тауарларды жеткізу тәсілдері бойынша сатып алушылардың тауарларды өздерінің әкетуі (респонденттердің 84,9 %) ең көп үлесті құрайды, жеке-меншік курьерлік қызметке (58,0%), пошта қызметтерін пайдалануға (45,6 %) тиесілі.


2012-2014 жылдардағы бөлшек және көтерме сауда айналымы (млрд. теңге)
2. Негізгі проблемаларды талдау

Ішкі сауданың дамуында оң тенденциялармен қатар бірқатар проблемалар сақталып отыр. 2014 жылы нарықтағы және жеке кәсіпкерлер саудасының үлес салмағы бөлшек сауда көлемінде 44,9% құрайды, оның ішінде тек нарықтағысы –13,8 %.

Сауданың заманауи форматтарының үлесі 4%-дан аспайды, дамыған елдерде ол 70 % құрайды (сауда базарларының үлесі 15 %-дан аспайды).

Халықтың нарықта, оның ішінде белгіленбеген орындарда өз-өзін жұмыспен қамтуы көлеңкелі экономиканың дамуына, сондай-ақ салық төлеуден жалтаруға әкеп соғады.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Сауда секторының инвестициялық тартымдылығының төмендеуі

ҚР заңнамасын жетілдіру және заманауи сауда форматтары мен сауда инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы қолдау шараларын көрсету жөніндегі мәселелерді пысықтау


Бюджет саясаты саласы

1. Негізгі даму параметрлері

2020 жылға дейін бюджет саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі негізгі тұжырымдамалық тәсілдер ҚР Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) айқындалған.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бюджет саясаты орта мерзімді кезеңде бірқатар фискалдық шектеулер негізінде қалыптасатын болады.

Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде ұстау және мемлекеттік қаржының тұрақтылығы үшін, бюджет тапшылығын ұстау үшін, бюджет тапшылығын және ЖІӨ-ге қатысты мұнай емес тапшылықты төмендету жоспарлануда.

Тапшылық параметрлері үкімет борышының тұрақтылығын қамтамасыз етуді және ұзақ мерзімді перспективада бағалы қағаздар нарығын дамытуды ескере отырып айқындалады.

Бюджет тапшылығы басым түрде ішкі нарықта үкіметтік қарыз алуымен қаржыландырылатын болады.

2012 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қарағанда 2,6 % болжамы кезінде іс жүзінде ЖІӨ-ге қатысты 2,9 %-ды құрады.

Мемлекеттік бюджет тапшылығы мөлшерінің 2014 жылы ұлғаюы (ЖІӨ-ге қарағанда 2,6 % болжамы кезінде іс жүзінде тапшылық ЖІӨ-ге қарағанда 2,8 %-ды құрады) 2013 жылмен салыстырғанда (ЖІӨ-ге қарағанда 2,1 % болжамы кезінде іс жүзінде мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қарағанда 2,0 %-ды құрады) мұнай емес бюджет тапшылығы көрсеткіші динамикасына да әсер етті.

2012 жылы мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қарағанда -6,8 %болжамы кезінде іс жүзінде ЖІӨ-ге қарағанда -7,5 %-ды құрады.

2014 жылы мұнай емес тапшылық ЖІӨ-ге қарағанда -7,4 % болжамы кезінде іс жүзінде ЖІӨ-ге қарағанда -7,8 %-ды құрады және 2013 жылмен салыстырғанда (ЖІӨ-ге қарағанда -5,9 % болжамы кезінде, іс жүзінде ЖІӨ-ге қарағанда -6,0 %-ға жетті) ЖІӨ-ге қарағанда 1,8 %-ға өсті.

2014-2016 жылдарға арналған, сондай-ақ 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында айқындалған тәсілдерге негізделген. Үш жылдық кезеңге арналған бюджет шығыстары тапшылық бойынша фискалдық шектеулер шегінде айқындалды.

Қазақстан ДЭФ ЖБИ рейтингісінде «бюджет сальдосы, ЖІӨ %» көрсеткіші бойынша 2013 жылдың қорытындысы бойынша 13-орынды иеленді, 2014 жылы 9-орынды иеленіп, 4 позицияға жақсарған. Осы көрсеткіш бойынша қол жеткізілген жоғары деңгейді сақтау үшін, ЖІӨ-ге қарағанда бюджет тапшылығын төмендетіп қана қоймай, сондай-ақ Ұлттық қордағы жинақтарды ұлғайту қажет.

Ұлттық қорда қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және оның жинақтау функциясын күшейту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 794 Жарлығымен Ұлттық қордағы төмендетілмейтін қалдық қаражаты ЖІӨ-нің 20 %-нан 30 %-на дейін ұлғайтылды.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және қазақстандық экономиканы ұлғайтуды қамтамасыз ету бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін және мемлекеттік жекешелік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңызын арттыру бойынша міндеттерді орындау үшін экономиканы жандандыру, сондай-ақ әлеуметік-экономикалық дамудың басым бағыттарына бюджет шығыстарын шоғырландыру және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында сапалы экономикалық сараптамалар мен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу қажет.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын іске асыру бойынша одан арғы жұмыс орта және ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстандағы бюджет саясатының тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін проблемаларды шешуге бағытталған.

 Бірнеше жылдар бойы мемлекеттің ағымдағы шығыстары мен міндеттемелерінің ұлғаю үрдісі байқалуда.

 Бұл ретте кіріс базасының өсуіне ілесе алмайтын салық салу саясаты перспективада өсіп келе жатқан міндеттемелерге сәйкес келмеуі мүмкін. Ұзақ мерзімді кезеңде бұл мемлекеттік қаржының теңгерімсізденуіне алып келуі мүмкін.

Бүгінгі күні маңызды проблемалардың бірі шоғырландырылған бюджет тапшылығы болып табылады.

Егер бұрын шоғырландырылған бюджет теңгерімінің нәтижесі оң болып келсе, мысалға 2012 жылы ЖІӨ-ге қарағанда 5,2 %-ды, 2013 жылы – ЖІӨ-ге қарағанда 5,3 %, 2014 жылы - ЖІӨ-ге қарағанда 5,9 %-ды құраса, 2015 жылы- мұнайға әлемдік бағаның 2012 жылғы барреліне 112,0 АҚШ долларынан 2015 жылы барреліне 50,0 АҚШ долларына дейін төмендеуіне байланысты шоғырландырылған бюджетті нақтылау қорытындалары бойынша тапшылық ЖІӨ-ге қарағанда- 4,1 %-ды құрайды.

Осыған байланысты, бюджет саясатының маңызды міндеттерінің бірі мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асырмаудың негізгі проблемалары жобаларды жүзеге асыруды сапасыз жоспарлау, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалануы болып табылады.

Бұдан басқа, қазіргі бюджет жүйесіне тән орталықтандыру бюджет жүйесіндегі теңгерімсіздікке әкеледі. 

 Нәтижесінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуде жергілікті органдардың дербестігі мен жұмыс тиімділігі төмендейді.

Даму бюджеті шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер арасында қаржыландыру салаларының аражігін ажырату жөніндегі мәселе пысықталуда.

2017 – 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде өңірлерге республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттерiн 2017 жылдан бастап жергілікті бюджеттің шығыстар базасына қосу жөніндегі мәселе қаралатын болады.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Экономиканың өсуінің бәсеңдеуі, шикізатқа, оның ішінде мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі

ЖІӨ-ге қарағанда бюджет тапшылығын төмендету және Ұлттық қордағы салымдарды пайдалануды ұлғайтуға шектеуді ескере отырып, оларды ұлғайту жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді қамтитын шоғырландырылған бюджеттің оң балансын ұстап тұру.

Жергілікті уәкілетті органдардың келісімінсіз іске асыруға қаржы қаражатымен қамтамасыз етілмеген нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтарын қабылдау

Орталық мемлекеттік органдардың шығынды нормаларды болжайтын нормативтік құқықтық актілері, оның ішінде бұйрықтары жобаларын жергілікті деңгейдегі бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан міндетті келісуді енгізу.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағалау жүргізуге арналған ақпаратты сапасыз ұсынуы

Ұсынылатын нысандарды дұрыс толтыру бөлігінде бюджеттік әкімшілермен консультациялар жүргізу


Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты саласы

1. Негізгі даму параметрлері

2020 жылға дейін мемлекет міндеттемелерін басқару саясатын іске асыру жөніндегі негізгі тәсілдер Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасымен айқындалған.

Мемлекет борышына жүргізілген талдау соңғы жылдар ішінде мемлекеттік борыштың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерінің өскенін көрсетеді. Мәселен, мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 2011 жылы – ЖІӨ-ге қатысты 11,8 %, 2012 жылы – ЖІӨ-ге қатысты 12,6 % құрады, ал 2013 жылы ЖІӨ-ге қатысты 12,5 % дейін төмендеу байқалды және 2014 жылы – ЖІӨ-ге қатысты 14,5 % құрады.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыштың жалпы көлемінде үкіметтік борыш үлесі– 99,2 % немесе 5 613,1 млрд теңгені (30,8 млрд. АҚШ долларын) құрады. Қалған бөлігін (0,5 %) Ұлттық Банктің– 26,9 млрд. теңге (0,1 млрд. АҚШ доллары) және жергілікті атқарушы органдардың – 15,5 млрд. теңге (0,3 млрд. АҚШ долларын) борыштары құрайды.

Қазақстан 2013 жылдың қорытындылары бойынша «Мемлекеттік борыш, ЖІӨ %» көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 14-орынды иеленді, 2014 жылы 11-орынды иеленіп, 3 позицияға жақсарды. Осы көрсеткіш бойынша қол жеткізілген жоғарғы деңгейді сақтау үшін ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын төмендету қажет.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш деңгейі қолайлы деңгейде және ол елдің дамуына және экономикасының орнықтылығына қауіп келтіретін шектерден аспайды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

2015 – 2017 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік көрсеткіштердің параметрлері бюджет тапшылығын кезең кезеңмен төмендетуді көздейді. 2015 жылға арналған республикалық бюджет 1 256,5 млрд. теңге немесе ЖІӨ қатысты 3,1 % мөлшердегі тапшылықпен (нақтылауды ескере отырып) бекітілді.

2014 – 2016 жылдарға арналған тапшылықпен қалыптастырылған республикалық бюджет үкіметтік және тиісінше мемлекеттік борыштың одан әрі өсуіне алып келеді.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Экономиканың өсуінің бәсеңдеуі, шикізаттың, оның ішінде мұнайдың әлемдік бағаларының төмендеуі

ЖІӨ-ге қарағанда бюджет тапшылығын төмендету және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорындағы жинақтарды ұлғайту арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық корындағы қаражаттың төмендемейтін қалдығын және мемлекеттік борышты қауіпсіз деңгейде ұстап тұру

Квазимемлекеттік сектор субьектілері борыштарының, атап айтқанда ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар борыштарының өсуі міндеттемелердің бақылаусыз өсуінен, мерзімі өткен төлемдерден, дефолттан, сонымен қатар мемлекеттің ықтимал субсидиялық жауапкершілігі мен мемлекеттік бюджет тарапынан көмек көрсету қажеттігі салдарынан фискалдық тәуекел көзіне айналуы мүмкін

Мемлекет бақылайтын ұйымдардың борышы мен қаржылық орнықтылығын басқару саясатын бекіту, оның шеңберінде қарыздарды тарту тәуекелдердің төрт негізгі түрі ескеріле отырып жүзеге асырылады:

1) өтімділік тәуекелі (белгілі бір уақыт аралығында қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің теңгерімсіздігі);

2) кредиттік тәуекел ( өз міндеттемелерін орындамау не тиісінше орындамау);

3) валюталық тәуекелі (шетелдік валюта бағамдарының ауытқуы);

4) пайыздық тәуекел (құбылмалы пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы).

Мемлекет бақылайтын ұйымдардың белгілі бір сомадан артық сыртқы қарыздарды, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару арқылы қарыздар тартуын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен міндетті түрде келісуді және олардың рұқсатын алуды (тыйым салуды енгізу мүмкіндігімен) көздейтін норманы белгілеу мәселесін пысықтау



Салық саясаты саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Экономиканың, оның ішінде жеке салалар бойынша, тұрақты дамуына ықпал ететін салық заңнамасына өзгеріс жыл сайын мемлекеттің, сол сияқты салық төлеушілердің экономикалық мүдделерінің теңгерімін ескере отырып елдің даму стратегиясына сәйкес қалыптастырылады.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында экономиканың шикізаттық емес секторларында салық жүктемесін төмендету, оңтайлы инвестициялық климат қалыптастыру, сондай-ақ бизнесті жүргізуге, оның ішінде әкімшілік кедергілерді алып тастау жолымен оңтайлы жағдайлар қалыптастыру, салық төлеушілер қызметінің барлық салаларында салықтық әкімшілендіруді жетілдіру Қазақстанда жүргізіліп жатқан салық саясатының негізгі бағыттары болып табылды.

Бұл ретте, әлемдік экономиканың, сол сияқты жеке алғанда Қазақстан Республикасы экономикасы конъюнктурасының өзгеруі салық саясатын қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады.

2012-2014 жылдар кезеңінде Қазақстан мынадай салық заңнамасының реформаларын жүргізді:



  • АӨК-ге салық салу тәртібі;

  • сомасы 1,2 трлн. теңге барлық жеңілдіктер ішінен сомасы 200 млрд теңгеден астам жеңілдіктерді алып тастау;

  • 2017 жылға дейін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ үшін салық салу бойынша жеңілдіктер беру;

  • байлық заттарына жататын жеке тұлғалардың мүлкіне, жерге, көлік құралдарына салық мөлшерлемелерін жоғарылату;

  • күшті алкоголь және табак өнімдеріне акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңмен жоғарылату;

  • «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымын ҚҚС-тан босату;

  • салық төлеушілер жүргізетін жекелеген операцияларды ҚҚС-тан және акцизден босату;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге Салық кодексінің 267-бабының нормаларын ҚҚС-ты 70%-ға азайту бөлігінде қолдану бойынша таңдау құқығын беру;

  • Қазақстан Республикасында өндірілген табак өнімдерінің экспортын акцизден босату;

  • сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемнің мөлшерлемесін 3 есе төмендету;

  • уран өнімдеріне пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін өндірілген уранның құнынан 22%-дан 17,5%-ға дейін төмендету;

Дүниежүзілік экономикалық форумның жаҺандық бәсеге қабілеттілік индексінің «Жалпы салықтық ауыртпалық, пайдадан %» көрсеткіші бойынша соңғы 5 жылда (2010-2014 жж.) Қазақстан өз орнын 54-ден 33-орынға дейін жақсартты, 2010 жылдан бастап салық мөлшерлемесі 35,9%-дан 28,6%-ға төмендеді, «Инвестициялауды ынталандыруға салық салудың әсері» көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде (2013-2014 жж.) Қазақстан өз орнын 54-тен 43-орынға дейін, сондай-ақ «Жұмысты ынталандыруға салық салудың әсері» көрсеткіші бойынша бір жыл ішінде (2013-2014 жж.) 54-тен 37-орынға дейін жақсартты.

Бұдан өзге, соңғы 6 жыл ішінде Қазақстан Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде өз орнын «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» көрсеткіші бойынша 189 елдің ішінен 80-орыннан 50-орынға, «Салық салу» көрсеткіші бойынша 17-орынға көтерді, бұл оңтайлы салық режимін көрсетеді.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан салықтық әкімшілендіру саласындағы мына түйткілді мәселелер қалып отыр:



  • қосылған құн салығын әкімшілендірудің тиімсіз жүйесі;

  • салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпорындар санының көбеюі;

  • салықтық тексерулердің сапасы мен айқындығының жеткіліксіздігі;

  • салық берешегін өндіру тетігінің жетілмегендігі.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Әлемдік экономиканың және Қазақстан экономикасының конъюктурасын өзгерту

Қазақстан Республикасы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу


Кеден саясаты саласы

1. Негізгі даму параметрлері

2009 жылғы 27 қарашада Кеден одағының Кеден Кодексін қабылдағаннан және Кеден одағына Қазақстан Республикасы енгеннен бастап Кеден одағына Одақтың кеден саласын реттеу құқығы берілді.

2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт Кеден одағы шеңберіндегі негізгі құжат болып табылады, кедендік заңнама басымдық бағыттарды жетілдіріп енгізілген болатын. 2010 жылдан бастап «Еуразиялық экономикалық одағының Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» хаттама жобасын әзірлеуге 3 жыл ұзақтығымен созылған жұмыс жүргізілді. Кеден заңнамасын жетілдіру мақсатында 2012-2014 жылдар аралығында сыртқы экономикалық қызмет мүшелерінің әкімшілік жауапкершілігі жеңілдету сияқты заңнамаға концептуалды өзгерістер енгізілді.

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа сәйкес әріптес елдермен интеграциялық процестердің анағұрлым терең деңгейі белгіленді, яғни Еуропалық экономикалық одақ құру – нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру ұлттық деңгейде де, одақ заңнамасы деңгейінде де жүзеге асырылады.

2014 жылғы 4 желтоқсанда Армения Республикасының Парламенті елдің Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартты ратификациялады, 2015 жылғы 12 тамызда Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа кірді.

Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы шешімнің қабылдануына байланысты 2013 жылдың аяғынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің жаңа жобасын қалыптастыру бойынша жұмыс басталды, оның негізгі Кеден одағының қолданыстағы Кеден кодексі, сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» хаттама жобасы болып табылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі жобасы мақұлданды және Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттерге мемлекетішілік келісу жүргізу үшін жолданды.

Жүргізілетін заң шығару жұмысының шеңберінде кеден саясатын іске асырудың негізгі басым бағыттары салынған, олар:

1) кеден заңнамасын оңтайландыру, КО шеңберінде жасалған халықаралық құжаттардың санын қысқарту;

2) кедендік әкімшілендіруді жақсарту, кедендік тазарту барысында қажет етілетін құжаттардың санын қысқарту;

3) кеден заңнамасын Кеден рәсімдерін үйлестіру және жеңілдету жөніндегі Киото конвенциясының ережелерімен әрі қарай біріздендіру.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Одақ актілерін қабылдаған кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер позицияларының айырмашылығы

Одақтың Кеден заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс топтарын өткізу

Ұлттық актілерді қабылдау кезіндегі мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар позицияларының айырмашылығы

Мемлекет пен бизнестің экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып консенсус іздеу


Өңірлерді дамыту саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Экономиканың дамуына әсер етудің маңызды тетіктерінің бірі мемлекеттің тиімді өңірлік саясаты болып табылады.

2011 жылы Мемлекет басшысының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі – Болжамды схема) қабылданды, бұл өңірлік дамудың түйінді бағыттары бойынша мемлекеттің тәсілдерін айқындайды.

Аумақтық/өңірлік даму бөлігінде жаңа басымдықтарды ескере отырып («Қазақстан-2050» стратегиясы, «Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі тұжырымдама» және Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы) 2015 жылы Болжамды схеманы өзектендіру жүгізілді.

Осылайша, елдің аумақтық-кеңістікте тиімді дамуының жаңа тәсілдері анықталды:

1) аумақтық шоғырландыру және басқармалы урбанизация негізінде үйлестірілген даму;

2) хаб және шұғыла қағидаттары негізінде макроөңірлік даму.

Жаңа өңірлік саясатқа сәйкес «бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан); «үшінші деңгейдегі» қалалар (моно- және шағын қалалар), тірек ауылдық елді мекендер, шекаралас аумақтар - экономикалық аумақтарды санаттарға бөлу жүргізілді.

Бұл ретте Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымы бірінші кезекте ірі қалалардың - Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялардың немесе елдік ауқымда экономикалық өсу орталықтарының озық өсуін көздейді.

«Екінші деңгейдегі» қалалар да өз өңірлерінде өндірістік, қаржылық және еңбек ресурстарын тартатын және шоғырландыратын орталықтар болып табылады. Қазақстанда «екінші деңгейдегі» қалаларға 14 қала, оның ішінде 12 қала 12 облыстың әкімшілік орталығына, 2 қала облыстық маңызы бар қалаға (Семей, Түркістан) жатқызылған.

Болжамды схеманы іске асыру үшін мемлекет «үшінші деңгейдегі» қалаларды, тірек ауылдық елді мекендерді және шекаралас аумақтарды дамыту бойынша қосымша шаралар қолдануда.

«Үшінші деңгейдегі» қалалар 27 моноқала мен 41 шағын қаланы қамтиды, олар Кешенді жоспарларға сәйкес дамуда. Қазіргі кезде 313 тірек ауылдық елді мекен айқындалды және оларды дамыту бойынша Кешенді жоспарлар қабылданған. Қазақстанның 14 облысының 12 өңірі шекаралас болып табылады және ел аумағының үлкен бөлігін алып отыр.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, экономикалық өркендеу, әлеуметтік әл-ауқат және азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы іске асырылуда.

Ауылдық жерге жұмыс істеу және тұру үшін келетін әлеуметтік саланың және агроөнеркәсіптік кешеннің мамандарын ынталандыру үшін 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда.

Бұдан басқа, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының 2013-2015 жылдарға арналған өңіраралық ынтымақтастығы жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда, бұл өнеркәсiп, кәсiпкерлiк, агроөнеркәсiптiк кешен, денсаулық сақтау және білім салаларында облыстардың өзара iс-қимылын ұлғайтуға мүмкiндiк береді.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында аумақтарды дамыту бағдарламаларына «Өңіраралық ынтымақтастық» бағыты қосылды, сондай-ақ Базалық көрсеткiштер тiзбесі өңіраралық сауданы сипаттайтын көрсеткiштермен толықтырылды.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін қабылданған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматыны, Астананы, Ақтөбені, Шымкентті және Өскеменді ұлттық және халықаралық денгейдегі хаб-қалалар ретінде айқындай отырып, елдің макроөңірлерін қалыптастыру жолымен Қазақстанның бірыңғай экономикалық нарығын құру бойынша шаралар қабылданатын болады.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Шикізаттың әлемдік бағаларының одан әрі төмендеуі, өңірлерде кәсіпорындардың тоқтап қалуы, жұмыссыздықтың өсуі

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру, жалпы экономиканы әртараптандыру бойынша қосымша шаралар қолдану

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының іс-шараларының, тірек ауылдық елдi мекендердi дамыту жөніндегі кешенді жоспарлардың, шекаралас аудандарды дамыту жөніндегі шаралар кешенінің сапасыз және уақытынан кеш іске асырылуы

Тірек ауылдық елдi мекендердi дамыту жөніндегі кешенді жоспарларда көзделген іс-шараларды, шекаралас аудандарды дамыту жөніндегі кешенді шараларды орындауға жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру


Халық көші-қоны саласындағы саясат саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Көші-қон жағдайын талдау бойынша Қазақстан Республикасында көші-қон процестері үшін жоғары белсенділік дәрежесі тән болып отыр.

Осылайша, елде жыл сайын 1 миллионнан астам шетелдік тіркеледі (2012 жылы – 1 миллион 87 мың, 2013 жылы – 988 мың).

2014 жылы 1 миллион 53 мың шетелдік тіркелген, ол 2013 жылмен салыстырғанда 7 %-ға артық.

Сыртқы көші-қонның негізгі ағыны Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларына тиесілі.

Шетелдіктерді жеке тіркеу қамтамасыз етілген, бұл нақты уақыт режимінде жағдайды бақылауға, рұқсат етілген келу мерзімі аяқталғаннан кейін елден кетпеген шетелдіктерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді.

Соңғы үш жылда шетелден тартылатын шетел жұмыс күші санының төмендеу үрдісі байқалады. Осылайша, 2010 жылы 29,2 мың адам, 2011 жылы 27,1 мың адам, 2012 жылы 22,0 мың адам және 2013 жылы 23,1 мың адам тартылған.

2008 жылдан бастап жергілікті жұмыс күшінің сапалы құрамын арттыруға байланысты (54 мың адам) тартылатын шетел жұмыс күшінің саны екі есе қысқарды.

2015 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) құру туралы шартқа сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттердің (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы) еңбекшілері мен олардың отбасы мүшелері ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерінің аумағында күнтізбелік 30 күнге дейін тіркелусіз бола алады.

2013 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қабылданған, ол заңда мемлекеттік көші-қон саясатының негізгі параметрлерін түзету жүзеге асырылды, жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істейтін көшіп-қонушылардың еңбек қызметін заңдастыру бойынша нормалар қабылданған.

Көші-қон проблемаларын шешу, шекаралас мемлекеттердің көші-қон ағындарына бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарықтарына шамадан тыс кетуіне жол бермеу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданып, іске асырылып жатыр.

Ішкі көші-қонды реттеуге ерекше назар аударылады.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстанда ішкі көші-қон жас халықтың Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және батыс өңіріне, сондай-ақ қолайлы өңірлерге кетуімен сипатталады, бұл ретте көші-қон ағынының түйінді факторы білім мен жоғары табыс алу болып табылады.

Ішкі көші-қон мониторингісі бойынша 80 %-ға жуығы ішкіоблыстық және 17-20 % облысаралық көші-қонға тиесілі.

Ішкі көші-қонның тартылыс өңірлері Алматы мен Астана қалалары, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары болып табылады, бұл ретте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан кету байқалады. Басқа өңірлерде өңіраралық көші-қон теңгерімі тұрақтандырылған.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Теріс көші-қон сальдосы

1. Шетел инвесторларын, білікті мамандар мен олардың отбасы мүшелерін, оның ішінде еңбек нарығында талап етілетін бұрынғы отандастар қатарынан тарту мақсатында көші-қон саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты туралы ақпаратты шетелде таратуға жәрдемдесу

2. Біліктілігі жоғары кадрларды тарту және ұстап қалу бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру

3. Отандық білікті кадрларға олардың шетелдік еңбек нарықтарына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін жағымды жағдайлар жасау үшін инновациялық кәсіпорындарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу


Еңбек ресурстарының теңгерімсіздігі

  1. Халықтың сандық, сапалық, жас ерекшелігі құрылымына мониторинг жүргізу

  2. Өңірлер сұранысы мен ұсынысы болжамдарын ескере отырып, құрылыс пен пайдалануға беру және осының негізінде жобаларды іске асыруға қажетті барлық мамандықтар мен кәсіптерге мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды ескере отырып, алдағы кезеңге нақты мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілікті талдау негізінде ұсыныстар әзірлеу.

  3. Ерікті қоныстандыру, жұмысқа орналастырудың тұрақты және өнімді жүйесін дамыту, сондай-ақ еңбек нарығының теңгерімділігі есебінен халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде еңбек күші артық өңірлерде ішкі көші-қонды ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу


Мемлекеттік материалдық резервті дамыту саласы (құпия)
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласы (құпия)
Халықаралық экономикалық интеграция және сыртқы сауда қызметін дамыту саласы

1. Негізгі даму параметрлері

2014 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 119,5 млрд. АҚШ долларын құрады, өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға немесе 14 млрд. долларға төмендеді. 2012 жылмен салыстырғанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9,7%-ға немесе 13,3 млрд. АҚШ долларына төмендеді.

Бұл ретте, Кеден одағы елдерімен сауда айналымының шамалы өсуі байқалады, ол Қазақстанның Кеден одағы елдерімен сауда көлемінің 3% мөлшерінде тұрақты өсуі есебінен қамтамасыз етілген (23,9 млрд. АҚШ долларынан 24,6 млрд. АҚШ долларына дейін).

КО, ТМД елдерінен де және үшінші елдерден де өнімдерді импорттау 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 7,6 млрд. АҚШ долларына (15,7%) төмендеп, құндық мәнде 41,2 млрд. АҚШ долларын құрады. 2012 жылмен салыстырғанда импорт көлемі 11,1%-ға немесе 5,1 млрд. АҚШ долларына төмендеді.

Сонымен қатар 2014 жылы қазақстандық өнімдер экспортының көлемі 78,2 млрд. АҚШ долларын құрады, 2013 жылмен салыстырғанда құндық мәнде 6,5 млрд. АҚШ долларына (5,1%-ға) қысқарды, ол негізінен алыс шетелге экспорттың төмендеуі есебінен болды. 2012 жылмен салыстырғанда 9,5%-ға немесе 8,2 млрд. АҚШ долларына қысқарды.

Экспорт көлемінің қысқаруының негізгі себептері минералдық шикізатқа әлемдік бағаның төмендеуі, сондай-ақ Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына сұраныстың төмендеуі болды.

Экспорт көлемінің қысқаруына қарамастан, сауда теңгерімінің сальдосы оң болып қалып отыр. 2014 жылы профицит 37 млрд. АҚШ долларын құрады (2013 жылы - 35,9 млрд. АҚШ доллары).

Бұл ретте, Кеден одағы елдерімен сауда теңгерімінің сальдосы теріс болды, 2014 жылы дефицит 9,3 млрд. АҚШ долларын құрады (2013 жылы - 12,7 млрд. АҚШ доллары).

Әлемдік дағдарыс құбылыстары жағдайында мұнай бағасының тұрақсыз ахуалын назарға ала отырып, Қазақстан өңірлік деңгейде де және жалпыәлемдік ауқымда да сауда жүйесіне интеграциялану арқылы экономикалық бәсекеге қабілеттілікті арттыруы керек.

Бүгінде маңызды интеграциялық жаңалықтардың бірі 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағының іс жүзінде іске асырылуы болып табылады, ол бірыңғай кеден тарифі қолдана отырып, Кеден одағына кірмейтін үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауда саясатын іске асыруды білдіреді.

2012 жылы көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасауға, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қолдаудың бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілеуге, тең бәсекелестік жағдайлар жасауға және сыртқы нарыққа қол жеткізудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған интеграцияның – Бірыңғай экономикалық кеңістіктің барынша тереңдетілген нысаны болып табылатын базалық келісімдер күшіне енді.

2014 жылғы 29 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының барысында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы президенттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды, ол 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы негізгі шарт мемлекеттер бұдан бұрын Кеден одағы мен БЭК шеңберінде қол жеткізген уағдаластықтар болып табылады. Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік құқықтық базасы жүйеге келтірілді.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі уағдаластықтар Кеден одағы мен БЭК шеңберіндегі базалық уағдаластықтар топтамасымен салыстырғанда Қазақстанның интеграциялық мүмкіндіктерін барынша жақсартады, Қазақстанның экономикасын дамыту, энергетика, көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы бар әлеуеттерді кең ауқымды іске асыру үшін барынша мүмкіндіктер ашады.

2019 жылға қарай электр энергетикасы нарығы, 2025 жылға қарай газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы, 2016 жылға қарай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен жекелеген қызметтер секторларының бірыңғай нарығы қалыптастырылатын болады, автотасымалдау ырықтандырылады, көлік, газ тасымалдау инфрақұрылымына және мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне тең қолжетімділік ұсынылады, капитал мен еңбекші көшіп-қонушылардың еркін қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Тұтастай алғанда, Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан экономикасының кең ауқымды дамуы үшін жаңа перспективалар ашады, Еуропа елдерін, Орталық және Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерін қоса алғанда, еуразиялық өңірдің барлық елдерінің экономикалық кооперациялары үшін терең ынталандырулар жасайды.

Сауда байланыстарын дамыту және нығайту, сондай-ақ әлемдік нарыққа отандық тауарларды ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында саудада барынша ырықты қағидаларды көздейтін еркін сауда аймақтарын құру және үшінші елдермен преференциялық келісімдер жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Көпжақты сауда-экономикалық жүйе шеңберінде негізгі басымдықтар кіру процесі іс жүзінде аяқталған ДСҰ нормалары мен қағидаларын ескере отырып, Қазақстанның аталған жүйеге қатысуын қамтамасыз ету, қазақстандық өнімдер үшін сату нарығын қамтамасыз етуге арналған преференциялық құралдарды қолдану және сыртқы нарықтарда өндірушілердің қызметіне бәсекеге қабілетті жағдайды қолдану болып табылады.

ДСҰ шеңберіндегі жұмыс жағдайлары қатысушы елдердің сауда режимдерін ырықтандыруды, саудадағы түрлі кедергілерді қысқартуды әлемнің көптеген елдерінің нарықтарына қолжетімділік ашу арқылы қазақстандық өнімдер экспортының географиясын кеңейтуді көздейді, сондай-ақ біздің өндірушілерге тең жағдайларда бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Бәсекеге қабілетті өндіріс салаларына, ресурстар мен нарықтарға қолжетімділік дәрежесіне әсер ететін түйінді факторлардың бірі шектеулерді жою және қолайлы бизнес орта құру болып табылады.

Әлемдік практика тұрғысынан, сауданы жеңілдетуге жәрдемдесу мақсатында қолданыстағы кедендік-тарифтік, тарифтік емес шаралар импорттық кеден баждарының қолданылатын мөлшерлемелеріне талдау жасау, заңсыз кедергілерді анықтау және жою арқылы жүйелі түрде қайта қаралады.

Қазақстан Республикасы көпбағытты саясатты жүргізеді. Сауда-экономикалық саясатты қалыптастыруда және іске асыруда үкіметаралық комиссиялар отырыстарының нәтижелері маңызды рөлге ие, оның нәтижесінде уағдаластықтардың біртұтас кешені болуы мүмкін.

Министрлік жыл сайынғы Астана экономикалық форумының, Мемлекет басшылары қатысатын Қазақстан мен Ресейдің жыл сайынғы Өңіраралық ынтымақтастық форумының ұйымдастырушысы болып табылады, мұнда жыл сайын әлемнің 100-ден астам елінен 3000-нан астам делегаты қатысады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Соңғы жылдары Қазақстанның сыртқы сауда айналымы біршама ұлғайды, дегенмен оның өсуі негізінен мұнай мен басқа да энергия тасығыштар құнының өсуіне және экспорттың жалпы құрылымында оның үлесінің артуына байланысты болды.

Қазіргі уақытта минералдық ресурстарға әлемдік бағаның төмендеуі байқалуда. Бұдан басқа, әлі күнге дейін халықаралық сауданың дамуына бөгет жасайтын әртүрлі кедергілер сақталуда, бұл экономикалық өсімнің серпініне теріс әсер етеді.

Бұдан басқа, елдің ДСҰ-ға кіруі отандық тауарлар мен қызметтер нарығында бәсекелестік ортаның артуына әсер етеді. Осыған байланысты Қазақстан ресурстарды тиімді бөлу, технологияларды тарту мен тауарларды өндіру және қызметтер көрсетуге стандарттарды арттыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Осыған байланысты қазақстандық өнімнің оған сыртқы нарықта сұранысты арттыру мақсатымен бәсекеге қабілеттілігін арттыру саясатын жүргізу қажет, бұл қазіргі халықаралық сауда жүйесінде әлемдік қоғамдастық басшылыққа алатын нормалар мен қағидалар негізіндегі тиімді және жауапты сыртқы сауда саясатын қалыптастыруды талап етеді.

Бәсекеге қабілетті өндіріс салаларына, ресурстарға және нарықтарға қол жетімділік деңгейіне әсер ететін түйінді факторлардың бірі шектеулерді жою және қолайлы бизнес ортаны құру болып табылады.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Шет мемлекеттің Қазақстан тауарларына қатысты сауда және басқа да шектеу шараларын қолдануы

Сауда немесе басқа да шектеу шараларын қолданған Тараппен келіссөздер жүргізу, жағдайды тұрақтандыруға, жаңа өткізу нарықтарын іздеуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу

Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттерін орындамауы туралы ДСҰ-ға мүше елдердің ДСО дауларын шешу жөніндегі органға өтініштері

Қазақстан міндеттерін орындамауы туралы мәселесін реттеу мақсатында ДСО дауларын шешу жөніндегі орган алаңында ДСҰ-ға мүше елдермен консультациялар жүргізу

Мемлекеттік органдардың Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу мәселелері бойынша Қазақстан тарапының ұстанымдарын сапасыз және уақытынан кеш әзірлеуі

Қазақстан тарапының ұстанымын өңдеу процесін үйлестіру, тиісті келіссөздер жүргізу


Кәсіпкерлікті дамыту саласы

1. Негізгі даму параметрлері

Соңғы жылдары Қазақстанда ШОК негізгі даму көрсеткіштерінің оң өсу үрдісі байқалады.

Жедел статистикалық деректер бойынша 2015 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 598 405 ШОК субъектілері тіркелді, оның ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға өсіп, 1 345 872 бірлікті құрады. Олардың тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санынан үлесі 84,2% құрады.


Жұмыспен қамтылған халық саны және ШОК субъектілерінің өнім шығаруы ШОК-тың негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлары болып табылады.

2015 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,9 %-ға өсіп, 3 108 818 адамды құрады.

2015 жылғы қаңтар-маусымдағы 2014 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда ШОК-тың өнім шығаруы 2,5%-ға төмендеп, 5 934 910 млн. теңгені құрады.



Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салым үлесі 2014 жылы 25,0 % құрады (2013 жылы – 16,9 %).

Бұған рұқсат беру жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, «YellowPagesRules» (анықтамалықтар) қадиғаларын бекіту және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісінде Қазақстанның позициясын жақсарту арқылы елдегі бизнес-ахуалды жақсарту бойынша шаралар ықпал етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет