Осы бағытты дамыту «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
3-басымдық
Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыру
Бұл басымдық Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында айқындалған.
Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын күшейтуге және Ұлттық қор қаражатын одан әрі нығайтуға бағытталатын болады.
Бұл басымдыққа қол жеткізу мемлекеттік бюджеттің тапшылығын азайту, бюджеттің мұнай емес тапшылығын азайту, шоғырландырылған бюджеттің оң балансын қамтамасыз ету есебінен, қаражаттарды жұмсауда үнемдеу мен бюджеттің кіріс бөлігінің толықтығын қамтамасыз ету есебінен өлшенген бюджет саясатын жүргізу арқылы іске асырылатын болады.
4-басымдық
Елдің мемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстап тұру
Бұл басымдық Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген.
Бұл басымдыққа қол жеткізу:
- 2020 жылға қарай бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қарағанда 1,4 % дейін төмендетумен;
- 2015 – 2017 жылдары республикалық бюджетке борыштық жүктемені1 рұқсат етілген мөлшерде (15%-дан аспайды) ұстап тұрумен қамтамасыз етіледі.
5-басымдық
Кедендік ресімдеу кезінде ұсынылатын құжаттар санын қысқарту, кедендік ресімдерді жеңілдету, кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мерзімдерін қысқарту.
2014 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ҚР Парламентінің бесінші шақырылымдағы төртінші сессиясының ашылуында айтқан заң шығарушылық жұмыс жүргізу, оның ішінде кедендік тәртіпті жеңілдетуді жүргізу керек болатын құрылымдық реформаның бес бағыты айқындалды.
Осыған байланысты, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы келіссөздер процесі шеңберінде, атап айтқанда кедендік рәсімдерді жеңілдету бойынша Одақтың заңнамасын одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
6-басымдық
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту.
Бұл басымдық «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған. Бұл басымдыққа қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке арналған құқықтық базаны айқындауды тездету қажет. Міндет – мұндай әріптестіктің бүгінгі күнгі ең озық құралдары мен тетіктерін енгізу.
Бұл басымдық әлеуметтік-экономикалық дамудың басымды бағыттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту қажеттігіне негізделген.
7-басымдық
Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымын қалыптастыру
Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымын қалыптастыру экономикалық мамандандыру, қоныстандыру жүйесi, экономикалық байланыстардың сипаты ескеріле отырып, сондай-ақ хабтық және сәулелiк қағидаттар негiзінде өңірлердің жаңа жiктемесін айқындайтын Болжамдық схемаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде орталықтары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары болатын ірi қалаларды, агломерацияларды немесе елдік ауқымдағы экономикалық өсу орталықтарын, моно және шағын қалаларды, тiрек ауылдық елдi мекендерді және шекара маңы аумақтарын дамыту бойынша жұмыс жалғастырылады.
8-басымдық
Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн дамыту, экономикалық өркендеу, әлеуметтiк саламаттылық пен азаматтық қоғамды қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жалғастырылатын болады.
9-басымдық
Мемлекеттік материалдық резерв жүйесін ұйымдастыру деңгейін арттыру және жұмылдыру мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге жеткілікті материалдық қордың көлемін қалыптастыру (құпия)
10-басымдық
Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеуі шеңберінде уағдаластықтарды іске асыруды қамтамасыз ету
БЭК Кеңесі отырысының шеңберінде 2014 жылғы 16 шілдеде № 258 шешімімен 2025 жылға дейін халықаралық актілерді қабылдау қажеттілігін айқындайтын ЕАЭО туралы шарттың ережелерін іске асыруда Актілер мен халықаралық шарттарды әзірлеу бойынша жұмыс жоспары бекітілді.
Актілер мен халықаралық шарттарды әзірлеу бойынша жұмыс жоспарында көзделген құжаттарды уақытында қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы бекітулер Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйдестіру кеңесінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі хаттамасымен бекітілді.
11-басымдық
Тиімді сыртқы сауда қызметін жүргізу
Импорт және қазақстандық өндірушілердің тауарлары теңгерімділігін сақтаулары, сондай-ақ ішкі өндірісті дамытуға ынталандыру, бұл ретте азық-түлік тауарлары мен халықтың тұтыну өнімдерінің қымбаттауын болдырмау үшін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу және сауданы қорғау шаралары арқылы жүзеге асырылатын сараланған сауда саясатын жүргізу бойынша жұмыс жалғастырылады.
Бұл ретте, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қытай Халық Республикасымен, Иран Ислам Республикасымен, Моңғолиямен, Үндістан Республикасымен, Пәкістан Ислам Республикасымен, Орталық Азия және Кавказ елдерімен перспективада Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Еркін сауда туралы келісім жасасу жөнінде міндеттер айтылды.
Осылайша, қазақстандық өнімдер үшін преференциалдық сату нарықтарын кеңейту үшін еркін сауда туралы келісімдер, сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу, сондай-ақ қолданыстағы кедендік тарифтік саясатты қайта қарау, заңсыз тарифтік емес кедергілерді анықтау және жою жолымен сауданы ырықтандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
12-басымдық
Кәсіпкерлікті дамыту және бизнес ахуалын жақсарту
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында негізгі міндеттердің бірі «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдаудың бағдарламасы шеңберінде макроөңірлерге бағдарланған ірі өңірлік жобалар шеңберінде шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.
Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында макроөңірлер «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде құрылатын бірыңғай көлік, логистикалық және коммуникациялық инфрақұрылымды біріктіретін болады.
Бұдан басқа, 2016 жылы макроөңірлерді дамыту жоспарында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын қолдау тетіктерін интеграциялау жоспарланған.
Елдегі бизнес ахуалды жақсарту, сондай-ақ «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның орнын жақсарту және бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 2016-2017 жылдарға арналған «Doing Business» рейтингінде индикаторларды жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.
13-басымдық
Адал бәсекелестікті дамыту
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруінің ең маңызды бағыттарының бірі бәсекелестікті дамыту болып табылады. Бәсекелестік үнемі өнімділікті арттыру, инновацияларды дамыту және бәсекеге қабілеттілікті күшейту көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.
Аталған басымдыққа қол жеткізу:
- нарыққа жаңа нарық субъектілерінің кіруі үшін кемсітуші жағдайларды анықтаумен және жоюмен;
- бәсекелестіктің қарқындылығына, жеткізілетін өнімнің, қызметтердің бағасы мен сапасына теріс әсер ететін себептерді жоя отырып;
- монополияға қарсы реттеу тетігінің экономикалық тиімділігін арттырумен қамтамасыз етілетін болады.
14-басымдық
Табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі
Аталған басымдық экономика секторларын дамыту үшін қажетті, Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін көрсетілетін қызметтер сапасы байланысты болатын «Қазақстан – 2050» стратегиясында табиғи монополиялар салаларын дамыту және жаңғырту деңгейін айқындау факторларының бірі ретінде айқындалған.
Аталған басымдыққа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламада инвестициялық тартымдылықты, тариф белгілеудің ашықтығын арттыру және табиғи монополия жағдайынан бәсекелі нарық жағдайына өту көзделген.
3-стратегиялық бағыт
1-басымдық
Халықтың әртүрлі санаттарына төмен пайызбен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз, делдалдарсыз ұзақ мерзімді жалға беру мақсатында жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту
Бұл басымдықты Мемлекет басшысы 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде айқындады.
Қолжетімді тұрғын үй тапшылығы проблемасын шешу үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың желісі бойынша халық үшін неғұрлым перспективалы және қол жетімді құрал ретінде Ұлттық қордан қаражат беру жолымен жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды.
2-басымдық
Күрделі жөндеуді талап ететін, кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету.
Достарыңызбен бөлісу: |