Бұл басымдықты Мемлекет басшысы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде айқындады.
Осы мәселені шешу үшін 2020 жылдарға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен қаражат көзделген.
Сонымен бірге 2020 жылдарға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасына осы тетіктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңғырту тетігіне өзгерістер енгізіледі.
3-басымдық
Жылумен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту қарқынын жылдамдату
Бұл басымдықты Мемлекет басшысы 2014 жылғы 11 қарашада «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауы шеңберінде айқындады.
ТКШ инфрақұрылымы мен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (реконструкциялау және салу) мәселелерін шешу үшін объектілерге орталықтандырылған технологиялық зерттеулер жүргізіледі, инвестициялардың негіздемелері әзірленіп, өңірлердегі жобаларды іріктеу критерийлері және іске асыру басымдылығы айқындалатын болады.
4-басымдық
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ұлттық саясатты іске асыруға жұртшылық пен қоғамдық бірлестіктерді кеңінен тарту
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастыру үшін БҰҰ Бас ассамблеясының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін басшылыққа алынатын принциптер» (1985 жылғы 9 сәуірдегі) 39/248 қарары халықаралық негіз болып табылады.
Осы Қарарға сәйкес негізгі қағидаттардың бірі тұтынушыларды сауаттандыру мен тұтынушылар және басқа да тиісті топтарды немесе ұйымдарды құру еркіндігі, олардың мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау процесінде осындай ұйымдар үшін өзінің көзқарасын айта алу мүмкіндігі болып табылады.
Жалпы бүгінгі таңда халықтың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы білу деңгейі жоғары емес.
Халықты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына тарту үшін:
1) танымал әлеуметтік желілерде мемлекеттік органның қызметі туралы қызықты фактілер, негізгі ақпараттық мәліметтер орналастырылатын «тұтынушыларды қорғау» бойынша тиісті топтар құру және қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүргізу тетіктері мәселелерін пысықтау;
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша өңірлік оқу семинарларын өткізу;
3) салалар бойынша тереңдетілген оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу;
4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өтініштер келіп түсетін, консультациялар, талқылауға арналған форумдар, сондай-ақ өнімдер, тауарлар туралы ақпараттар берілетін ақпараттық-тұтынушылық интернет-порталды ұйымдастыру үшін ҮЕҰ-ды тарту және басқалары жоспарлануда.
5-басымдық
Халықтың салауатты тамақтануының ұзақ мерзімдік мемлекеттік саясатын, сондай-ақ құрамына Қазақстан кіретін ДДҰ Еуропалық өңірі үшін тамақ өнімдері және тамақтану саласындағы іс-қимылдардың екінші жоспарын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жаһандық стратегиясын дайындау үшін салауатты тамақтанудың кешенді, үздіксіз және тұрақты ұлттық саясатын іске асыру және тамақтануға байланысты аурулардың алдын алуды «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде тамақтануға тәуелді аурулардың алдын алуға бағытталған пәрменді шаралар қабылдануда.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жақсарту бойынша негізгі бағыттар:
- тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы жетілдіру және салааралық үйлестіру жолымен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды дайындау;
- өнімдерді сатып алу және камералдық бақылау жолымен тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу арқылы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды жетілдіру;
- зертханаларды қазіргі заманғы жабдықпен жарақтандыру, зертханаларды аккредиттеу саласын кеңейту, жүргізілетін шұғыл зерттеулер спектрін кеңейту, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жолымен санитариялық-эпидемиологиялық және тұтынушылық сараптама жүйесін жетілдіру;
- ХАССП жүйесі қағидаттарына негізделген, тамақ тізбегі, өндірістік процесс, сондай-ақ өнімдерді сақтау және өткізудің барлық сатыларында бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін рәсімдерді енгізу;
- Қазақстанның ДСҰ-на кіруі шеңберінде заңнамалық базаны халықаралық стандарттармен үндестіру;
- зиянды заттардың тамақ өнімдерімен бірге адам организміне түсуі кезіндегі адамның өміріне немесе денсаулығына тәуекелді бағалауды талдау болып табылады.
4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы
Елдің жалпы ұлттық мақсаттары, нысаналы индикаторлары
«Қазақстан – 2050» стратегиясы
2050 жылғы қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру
|
Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу қажет. Қазір бұл жұмыс басталды. Оны жетілдіру мақсатын қоямын. Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізілсін және олар мейілінше тиімді етілсін
|
Заңнамалық негізде бизнес ұсынылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдайлар жасау қажет. Біздің тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көп деңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеуіміз қажет
|
Мемлекеттік жоспарлау және болжамдау жүйесін одан әрі жетілдіру
|
2020 жылдан бастап салықтық кредиттеу практикасын енгізуі
|
Мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың заманауи қағидаларын енгізу
|
2015 жылдан бастап ынталандыру, оның ішінде білім беруге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын компаниялар мен азаматтарды салықтан босату практикасын көздейтін шаралар кешенін әзірлеу
|
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік үшін құқықтық базаны айқындауды жеделдету қажет. Міндет – мұндай әріптестіктің бүгінгі күнгі ең озық құралдары мен тетіктерін енгізу
|
Елдің мемлекеттік борышының деңгейін тұрақты бақылауды қамтамасыз ету
|
Нақты бағалар бойынша тұлғаның қажеттіліктерінің құнын есептеу (тиісінше, елдегі статистиканы жетілдіру қажет)
|
ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын 2013 жылғы 2,1%-дан 2015 жылы 1,5%-ға дейін төмендету керек
|
Қазақстан теңқұқылы бизнес-серіктес ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауашаларды айқындау. Экономикалық дамудың жаңа тіректерін құру
|
Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беруі және бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс
|
Жаңа жағдайларды, оның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруімізді ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараларды қабылдау
|
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс
|
Шағын кәсіпорындардың және дара кәсіпкерлердің орта деңгейге көшуі үшін жағдайлар мен алғышарттар жасау
|
Өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңестірудің тиімді жаңа тетіктері қажет
|
Шекара маңындағы аумақтарға ерекше назар аударған жөн. Олардың әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Оларды өмір сүруге неғұрлым тартымды ету қажет
|
Әйелдерді мемлекеттік және өңірлердегі жергілікті деңгейдегі қоғамдық басқаруға белсене тартқан жөн. Олардың бизнес ашуы және жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау
|
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
Мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігі сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызметтерді көрсетумен қамтамасыз етіледі
|
2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты мәнде 2009 жылғы деңгейге қарағанда үш есе өседі
| 2020 жылға қарай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
- тұтынушыға тасымалдау кезіндегі нормативтік ысырап деңгейі жылу энергиясын – 17 %, суды – 15 % және электр энергиясын – 12 % құрайды;
- ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділік ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-ын, шағын қалаларда – 100 %-ды құрайды;
- ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20%-ына ауыл халқының орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- орталықтандырылған су бұруға қала халқының қолжетімділігін қамтамасыз ету 100%.
Кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес қамтамасыз етеді;
|
Мемлекеттік сектордың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін есептілік пен ынталандыруды белгілеу мақсатында мемлекеттік басқару органдарының өкілеттіктері (рөлдері) мен жауапкершілігі нақты айқындалады
|
Бюджеттің мұнай емес тапшылығы келесі он жылдық кезеңінің соңына қарай ЖІӨ-ге қарағанда 3 % -дан аспайды
|
2020 жылға қарай әлемдегі сапалы жаңа сауда-қаржы жағдайларында елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді
| Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат 2020 жылға қарай:
- ұлттық экономиканы әртараптандыру негізінде Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа және әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануының жоғары деңгейіне жетеді;
- өңір мемлекеттерінің саяси және экономикалық интеграциясы үшін жағдайлар мен алғышарттар қамтамасыз етіледі.
| Бизнес ахуалды жақсарту 2020 жылға қарай:
- ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 7-10 пайыздық тармаққа ұлғаяды;
- Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізудің жеңілдігі» («Doing Business») рейтингі бойынша ең үздік көрсеткіштермен 50 елдің қатарына енеді
- Қазақстанның Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізудің жеңілдігі» («Doing Business») рейтингі бойынша көрсеткіштері 2011 жылмен салыстырғанда 7 позицияға жақсарады;
- уақыт пен шығындарды қоса алғанда, бизнесті тіркеумен және жүргізумен байланысты операциялық шығындар (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар алу; аккредиттеу; консультациялар алу) 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендейді;
- Еуропа Қайта құру және Даму банкі мен Дүниежүзілік Банктің Іскерлік ахуалға және кәсіпорындар жұмысының тиімділігіне шолуындағы (BEEPS) бизнес ортаның даму көрсеткіштері жақсарады
|
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерінің рөлі мен маңызын арттыру бойынша шаралар кешенін іске асыру қамтамасыз етілді
|
| 2020 жылға қарай үздік халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқарудың және азаматтық қоғамның тиімді институттары құрылады |
|
Достарыңызбен бөлісу: |