Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республиксының Үкіметі 2013-2025 жылдары іске асыру кезеңімен «Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдаманы» (бұдан әрі – Тұжырымдама) қабылдады.
Еуропа елдерінде ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып қабылданған бірыңғай есептеу қағидаттарын (еурокодтарды) қолдана отырып нормативтерді қайта пысықтап, әзірлеумен қолданыстағы қатаң ұйғарылған нормалау әдісінен икемді параметрлік әдіске өту Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалаудың негізгі міндеті болып табылады.
Тқжырымдама реформаның 3 кезеңде іске асырылуын көздейді:
I кезең – 2013-2014 жылдар;
II кезең – 2015-2020 жылдар;
III кезең 2021-2025 жылдар.
Бірінші кезең – дайындық кезеңі (2013–2014 жылдар).
ҚР ҚН EN құрылыс нормаларын, құрылыс нормаларын және ғимараттар мен құрылыстарға арналған қағидалар жиынтықтарын, инженерлік жүйелерді, құрылыс нормаларын сүйемелдейтін сілтеме стандарттарды үйлестіруді және еурокодтарға ұқсас қағидаларды, сондай-ақ Қазақстанның климаттық, геологиялық, табиғи-климаттық, сейсмологиялық және басқа да ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға ұлттық қосымшаларды әзірлеуді қамтитын құрылыс саласының жаңа нормативтік базасы бекітілді.
Екінші кезең - 2015 жылдан бастап техникалық реттеудің жаңа жүйесіне өту және техникалық реттеудің ескі және жаңа жүйелерінің 2020 жылға дейін «қатар әрекет ету кезеңі».
«Қатар әрекет ету кезеңіне» жаңа нормативтік базаны практикалық сынақтан өткізуді, оның ішінде оларды енгізудің тұрақты әрі тиімді процесін құруды, мамандардың кәсіби деңгейінің үздіксіз арттырылуын, оларды даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз етуді қамтиды.
Үлгілік жобаларды әзірлеу. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгiлік жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.
Үлгілік жобаларды көп рет қолданудың орындылығы мен экономикалық тиімділігі үлгілік жобаларды әзірлеудің басты мақсаты болып табылады.
Үлгілік жобалар мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша не бекітілген мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес әзірленеді және бекітілгеннен кейін оларды қолдану және тарату үшін салалық мемлекеттік органдарға (өтінім берген тапсырыс берушілерге) жіберіледі.
Үлгілік жобаларды әзірлеу және оларды енгізу жобалау мерзімін едәуір қысқартуға және ақшалай қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, мемлекет әлеуметтік объектілердің үлгілік жобаларын әзірлеуге тұрақты негізде қаражат бөліп отырады (сумен жабдықтау және су бұру объектілері, ауылдық мәдениет үйі, тұрғын үйлер, балабақшалар, емханалар, мектептер, мамандандырылған түзету мекемелері, Азаматтық қорғаныс объектілері т.б)
Мәселен, 2012 жылы 189 бірлік, 2013 жылы – 111 бірлік, 2014 жылы – 178 бірлік үлгілік жобалар әзірленді.
Құрылыстағы баға белгілеу және сметалық құн.
Құрылыс өнімінің сметалық құнын қалыптастыру – нарықтың барлық шарттары мен талаптарын көрсетуге тиіс құрылыс кешенінің барлық қатысушыларына арналған экономикалық қатынастардың негізгі элементі.
Сметалық-нормативтік база құрылыс өнімінің баға белгілеу жүйесіндегі негізгі элемент болып табылады.
Сметалық есептеулердің анықтығын жоғарылату және құрылыстағы құнды айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жобалау кезінде құрылыс ресурстарының ағымдық нарықтық бағаларына байланысты (құрылыс материалдарының құны, машиналарды, механизмдерді пайдалану, құрылыс саласындағы жұмыскерлердің еңбекақысы) құрылыстағы баға белгілеу жүйесінің реформасы жүргізіледі.
Күрделі құрылыстың құнын бағалау жөніндегі жаңа сметалық-нормативтік жүйенің негізі ретінде ресурстық әдіс, әлемнің экономикалық дамыған елдерінің шетелдік практикасында табысты пайдаланылатын ағымдағы бағалармен ресурстар шығындарын тікелей калькуляциялау әдісі қабылданды.
Жаңа сметалық-нормативтік базаға өту мақсатында 2012 жылы – 86 бірлік норматив, 2013 жылы – 36 бірлік, 2014 жылы – 36 бірлік норматив әзірленіп, ғылыми-техникалық кеңеспен мақұлданып, бекітілді.
Құрылыстағы сметалық құнды айқындаудың ресурстық әдісін енгізу үшін Қазақстан Республикасының 16 өңірінде құрылыс материалдарының бағасына мониторинг жүргізуде. 2013 жылы өңірлік ағымдағы бағалар жинақтарының пилоттық жобалары әзірленді.
Жаңа нормативтік базаны енгізумен байланысты жаңа технологиялар бойынша технологиялық карталар әзірлеу негізінде ресурстық элементтік сметалық нормаларды өзектілендіру мен жаңарту бойынша қарқынды жүйелік жұмыс жүргізу талап етіледі. Жаңа технологиялар бойынша жаңа сметалық нормалар әзірленуге тиіс технологиялық карталар мен еңбек процестерінің карталарын әзірлеу қажет.
Сәулет және қала құрылысы.
Сәулет және қала құрылысының саясаты Қазақстан Республикасының аумағын дамытуды кешенді түрде ұйымдастыруға бағытталған.
2013 жылы аралық (2020 жыл) және есептік (2030 жыл) мерзімдерге Қазақстан аумағын ұйымдастырудың басты жобалық шешімдері қысқаша баяндалған, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін әзірлеу аяқталып, бекітілді.
Бас схеманың негізгі жобалық шешімдері аумақтарды дамытудың өңіраралық схемалары мен облыстар аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары деңгейінде егжей-тегжейлі нақтыланатын болады.
Мемлекеттік қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық-құқықтық жүйесіне кіреді және аумақтардың бұрынғы және қазіргі кездегі жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құруды және жүргізуді қамтамасыз ету үшін 2014 жылғы 30 маусымда Үкіметтің № 736 қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, ол мамандандырылған мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр жүргізу ұйымы ретінде айқындалып отыр.
Мәліметтерді жинақтау мен өңдеу кәсіпорнын қалыптастырудың жоспарлы кезеңі шамамен 3-4 жылды құрайды.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Нормативтік базаны қоса алғандағы, құрылыс саласындағы техникалық реттеуді бақылау және қадағалау жүйесі, сондай-ақ сәйкестікті бағалаудың ескірген және тиімсіз жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялау жолындағы елеулі кедергілердің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеудің бүкіл жүйесін түбегейлі түрде қайта қарау қажет.
Қазіргі уақытта, 2001 жылғы қолданыстағы сметалық-нормативтік база және онда қабылданған базистік-индекстік әдіс құрылыс құнын айқындаудың базалық бағадан ағымдағы бағаға айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеру индексі арқылы көшу ескірген болып табылады, заманауи нарықтық қатынастар деңгейіне сай келмейді және құрылыс ресурстары, жұмыстары және көрсетілетін қызметтер нарығында қалыптасқан бағаларға сәйкес келмейді. Бұл инвестициялық процестің ірі қатысушысы ретінде мемлекеттің қызметіне кері әсерін тигізеді.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Ақпараттық жүйелерді пайдаланушылардың дұрыс емес ақпаратты ұсынуы
|
Ақпараттық деректерді жинақтау мен толтыруға бақылауды күшейту
|
Жер ресурстары саласы
1. Негізгі даму параметрлері
Қазақстан Республикасының аумағы 272,5 миллион гектарды құрайды және мынадай санаттарға бөлінеді: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 98,6 миллион гектар; елді мекендердің жерлері - 23,8 миллион гектар; өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметінің қажеттіліктеріне арналған, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер - 14,1миллион гектар, оның ішінде 11,3 миллион гектар Қазақстан аумағында жалдау шартымен Ресей Федерациясы пайдаланатын сынақ полигондары мен Байқоңыр ғарыш айлағының жерлері; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер - 6,6 миллион гектар; орман қорының жерлері - 23 миллион гектар; су қоры жерлері - 4,1 миллион гектар және босалқы жерлер - 102,4 миллион гектар.
Жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың ауылшаруашылығы экономикасында және жалпы елімізде елеулі маңызы бар. Ауыл шаруашылығында өнім алу жердің сапалы күйіне, оны пайдалану сипаты мен жағдайына байланысты. Соңғы бес жылда (2010 – 2015жылдар) ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлер алаңы 6,9 миллион гектарға немесе 6,9 %-ға ұлғайып, 2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 98,6 миллион гектарға жетті, оның ішінде 24,3 миллион гектар егістік жер, оның ішінде 1,4 миллион гектар суармалы егістік, көпжылдық екпелер - 83,6 мың гектар, тыңайған жерлер - 2,6 миллион гектар, шабындық - 2,0 миллион гектар, жайылым - 66,2миллион гектар.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу процестерін автоматтандыру мақсатында республикада мемлекеттік жер кадастрының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) құрылған.
2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МЖК ААЖ республикалық деректер базасында қолданыстағы жер құқықтық қатынастар бойынша
4,9 миллионнан астам және күші жойылғандар бойынша 2,9 миллионнан астам (тарихи мәліметтер) мәліметтер бар. 2012 жылдан бастап 2015 жылдың
1 қаңтарына дейінгі кезеңде электрондық форматта 652 мың МЖК ААЖ мәліметтері берілді, сұраныстың жыл сайынғы өсімі орташа алғанда 5 %-ды құрайды.
Құрылған МЖК ААЖ «Электрондық үкіметтің» жүйе құраушы деректер базасы болып табылады, оның шеңберінде МЖК ААЖ республикалық базасынан: «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері мен деректерінің мемлекеттік базаларына: «Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі (СТСОТ АЖ)», «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі (ХҚО ИАЖ)», «Электрондық үкіметтің» порталы, Бас прокуратураның құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесіне орталықтандырылған ақпарат беру тетігі іске асырылады.
МЖК ААЖ деректері жалпы мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады және олар мемлекеттік қызметтер көрсету, бизнес процестерді оңтайландыру және автоматтандыру кезіндегі «электрондық үкіметтің» құрамдас бөлігі ретінде қажет.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Жер ресурстарының сапалық күйі туралы ақпараттың (топырақтық, бағалау және геоботаникалық іздестірулер материалдары) болуы ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге, топырақты қорғау іс-шараларын енгізуге, егіншілік мәдениетін көтеруге, жаңа және қазіргі пайдаланылмай отырған тыңайған жерлерді айналымға тартуға ықпал етеді.
Топырақтық, геоботаникалық іздестірулердің негізі көлемі (зерттелетін алаңның шамамен 80 %) 1990 жылға дейінгі кезеңде атқарылған, олар ескірген және қайта зерттеп тексеруді қажет етеді.
2015 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша жерлердің сапалық күйі жөніндегі ақпараттың жаңартылуымен қамтамасыз етілуі зерттеп тексерілетін алаңның шамамен 14,6 % құрайды. Материалдарды жаңарту кезеңділігі мен мерзімі сақталмайды.
Қазіргі кезде компьютерлік технологияларды қолданбай жер кадастрын тиімді жүргізу мүмкін емес. Осы мақсатта МЖК ААЖ құру мен дамыту мемлекеттің, экономика салаларының және ел халқының мүдделерін жер (жылжымайтын мүлік) туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғайтын, сондай-ақ жер және жылжымайтын мүлік нарығының жұмыс істеуіне қолдау көрсететін ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.
«Электрондық үкімет» шеңберінде ақпараттық жүйені одан әрі жетілдіру және жаңғырту үшін МЖК ААЖ пайдалану үшін телекоммуникациялық қызметтерді, лицензиялық бағдарламалық өнімдерді техникалық қолдауды және МЖК ААЖ әзірленген кіші жүйелерін, оқшауланған-есептеу жүйелері мен деректер базаларын сүйемелдеуді қоса алғанда, МЖК ААЖ жүйелік және техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру қажет.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Аппараттық-бағдарламалық проблемалар, ақпараттық жүйелер жұмысындағы ақаулар
|
МЖК ААЖ әзірленген кіші жүйелерін сүйемелдеу, байланыс қызметтері және серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсету
|
Геодезия және картография саласы
1. Негізгі даму параметрлері
Республика экономикасының, қорғанысының көптеген салаларында жергілікті жер туралы ақпарат маңызды құрамдас бөлік болып табылады, осыған байланысты геодезиялық және картографиялық өнімдерді қолдана отырып, сапалы көрсетілетін қызметке сұраныстың өсіп отырғаны байқалады, көбінесе бұл өнім заңгерлік құжат болып табылады.
Бүгінгі күні еліміздің мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесі 1942 жылғы бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесіне (КЖ-42) және биіктіктің Балтық жүйесіне негізделген. Геодезиялық қамтамасыз етудің дәлдігіне, жеделдігіне және сапасына қойылатын заманауи талаптар жерсеріктік геодезиялық желіні енгізу және мемлекеттік координаттар жүйесін орнату қажеттігін аса талап етеді.
Осыған орай Қазақстан Республикасының жерсеріктік геодезиялық желісін жасау және мемлекеттік координаттар жүйесін орнату мүмкіндіктерін зерттеу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық қамтамасыз етілу жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызады, карталардың шамамен 70 %-ы қазіргі уақыттағы жергілікті жердің жағдайына және топонимикаға сәйкес келмейді, егемендік алғаннан бері еліміздің аумағы әлі де өзінің тұтас мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету жүйесімен қамтылған жоқ.
Соңғы он жыл ішінде республиканың жалпы алаңының 38 % аумағына аэротүсірілім орындалды, нивелирлеу желісінің жалпы ұзақтығының 14%-ы нивелирленді, мемлекеттік топографиялық карталардың жалпы парақ санының 29 %-ы жаңартылды, Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Семей, Павлодар, Тараз, Талдықорған, Қостанай, Лисаковск қалаларының цифрлық топографиялық жоспарлары жасалды.
2013 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде, аэротүсіріліммен қамтылған аумақтар ауданы 136 000 шаршы км-дан 163 500 шаршы км-ге дейін құбылады, 2013-2014 жылдары 5 қаладан 2015 жылы 15 қала түсіріліп, цифрлы аэротүсіріліммен қамтылған қалалар санында оң динамика байқалады. Жыл сайын топографиялық карталарды жаңарту көлемі ұлғаюда, бұл 2015 жылы 5331 парақты құрады. Нивелирлеу бойынша көрсеткіш динамикасы тұрақты емес және жылына 1006-нан 2782 қума шақырымға дейін құбылады.
Республика аумағының геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етілу деңгейі жылына 5-8 %-ға өсуде және 2014 жылдың қорытындысы бойынша 28 %-ды құрады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Геодезия және картография саласында жағымды алғышарттар белгіленді, сонымен бірге шешілмеген басты мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:
1) картографиялауға негіз болып табылатын мемлекеттік геодезиялық желі ішінара жоғалған және қорытындысында оған қойылатын талаптарға толық шамада сәйкес келмейді;
2) спутниктік технологиялардың дамуына және топографиялық-геодезиялық өндірістің координаталарды анықтаудың автономды спутниктік тәсілдеріне көшуіне орай қажетті болатын республиканың жаңа координаттық негізі жоқ;
3) Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық және картографиялық қамтамасыз етілу жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызады, карталардың заманға сай келу деңгейі 10-20 жылды құрайды.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Спутниктік технологиялар және геодезиялық жабдықтардың жұмыс істеуінің бұзылуы
| -
Ғаламдық навигациялық спутниктік жүйелер және геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып Қазақстан Республикасы аумағын мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту мүмкіндіктерін талдау.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау.
|
Аэротүсірілім және далалық жұмыстарды орындау аумақтарындағы
форс-мажорлық жағдайлар (бұлттылық, су тасқыны, эпидемия, карантин және т.б.)
| -
Жағдайды және далалық жұмыстарды орындау мүмкіндіктерін бағалау
-
Жұмыстарды орындау жоспарларына өзгерістер енгізу немесе түзету жөнінде шаралар қабылдау.
|
Тұрғын үй құрылысы саласы
1. Негізгі даму параметрлері
Құрылысты одан әрі дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің түйінді экономикалық міндеттері болып табылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі уақытында тұрғын үй құрылысы жалпыұлттық сипаттағы ең маңызды міндеттердің бірі болып танылды.
2005 жылдан бастап республикада тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша бағдарламалар іске асырылуда, оның ішінде «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламалық құжаттардың негізгі мақсаты азаматтардың барлық санаттары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы сатумен кредиттік тұрғын үй салудың жаңа схемасы әзірленді және жұмыс істеуде, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы жаңғыртылды, жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үй секторын дамыту бойынша, құрылыс индустриясын дамыту бойынша шаралар қабылданды. Жеке тұрғын үй құрылысының проблемаларын кешенді шешу үшін республикада жер учаскелерін беру мен тұрғын үй құрылысы аудандарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету рәсімдерін жетілдіруге бағытталған жұмыс жүргізілуде. Еліміздің ипотекалық нарығында тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және үлестік құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету бойынша бір жолғы шаралар қабылданды. Жүргізілген саясаттың нәтижесі бойынша тұрғын үй құрылысы көлемінің тұрақты өсу қарқынын атап өтуге болады.
Егер 2012 жылы тұрғын үй құрылысына 477,8 млрд. теңге инвестиция бағытталса, 2014 жылы салынған инвестицияның көлемі 613,6 млрд. теңгені құрайды, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 18,1%-ға артық.
2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 9,8% өсіп, 7 516,5 мың шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйдің едәуір бөлігі – 5 884,7 мың шаршы метрді немесе 78,3% жеке құрылыс салушылар, оның ішінде жалпы пайдалануға енгізу көлемінің 50,4%-ды құрайтын 3 785,4 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен алаңы 739,6 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді (2012 жылғы көрсеткішке қарағанда 114% және 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда 105%).
Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде 180 мың азамат өз тұрғын жағдайын жақсарта алды.
2012-2014 жылдар ішінде тұрғын үй құрылысына 2012-2014 жылдар ішінде пайдалануға
бағытталған инвестициялар көлемі берілген тұрғын үй ғимараттары
(млрд. теңге) (млн. шаршы метр)
Қазіргі уақытта Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде бұрын «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасында көзделген тұрғын үй құрылысының негізгі бағыттары қабылданған, оның ішінде:
-
Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй;
-
ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй:
- халықтың барлық санаттары үшін;
- жас отбасылар үшін;
-
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі:
-
сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;
-
сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
-
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының тұрғын үйі;
-
Жеке меншік тұрғын үй;
-
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу;
2. Негізгі проблемаларды талдау
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бүгінгі күні бірқатар проблемалар шешілмей қалуда, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған кезектегі азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жеткіліксіз қаржыландыру, құрылыс индустриясының тиімді нарығы қалыптастырылмаған, экономикалық белсендi халықтың негізгі бөлiгi, оның ішінде жас отбасылар қолжетімді баспанамен қамтамасыз етілген жоқ.
Қолданыстағы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында үлескерлердің қаражаты барынша қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үлестік құрылысты ұйымдастыру жөніндегі қызметке қатаң талаптар көзделген. Сонымен, осы Заңға сәйкес үлескерлер ақшаны екінші деңгейдегі банктерге депозиттерге салады және сақтайды, құрылыс салушының есеп шотына аудармайды. Өз кезегінде, екінші деңгейдегі банктер құрылыс салушыға тұрғын үй салуға кредит береді. Тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, үлескер тұрғын үйді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін ғана үлескерлердің қаражаты құрылыс салушыға аударылады.
Алайда, осы тетік іс жүзінде жұмыс істемей отыр, себебі құрылыс салушы банк берген кредиттің пайыздары бойынша қосымша шығыстарды көтереді. Осыған байланысты, құрылыс салушылар Заң нормаларын сақтамау үшін әртүрлі жалтару схемаларын қолданады (яғни, инвестициялық шарт, ТҚК және т.б.).
Нарықтың үлестік құрылысқа деген сұранысын ескере отырып, қолданыстағы қатаң схеманың балама нұсқаларын жасау қажеттігі туындайды.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Бюджет қаражаты есебінен салынатын 1 шаршы метр тұрғын үй құрылысы құнының қымбаттауы
|
Мемлекеттік қолдаудың мынадай шараларымен қамтамасыз ету, оның ішінде: құрылысты индустрияландыру, озық технологияларды қолдану негізінде өзіндік құнын төмендету, үлгі жобаларды қолдану және жобаларды қайта қолдану, жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту
|
Мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындамауы
|
Жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражатын игеруіне және тұрғын үйлерді іске қосу жөніндегі тапсырманы орындауына мониторинг жүргізу
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі - ТКШ) саласы
1. Негізгі даму параметрлері
ТКШ саласы өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады:
1) коммуналдық көрсетілетін қызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйлерді (бұдан әрі - КТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;
2) желілер мен құрылыстардан (жүйелерден) тұратын, жылумен, газбен және электрмен, сумен қамтамасыз етуді және су бұруды қамтамасыз ететін коммуналдық сектор.
Тұрғын үй секторы.
Статистика комитетінің деректері бойынша республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 283,9 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 273,6 млн. шаршы метр немесе 96,3 % тұрғын үй жеке меншікке тиесілі.
Өткен 2012-2014 жылдары республиканың тұрғын үй секторы 53 миллион шаршы метрге ұлғайды.
Жаңа тұрғын үйді пайдалануға берумен қатар тұрғын үй қорының ескіру процесі жүруде.
Осы мақсаттарда, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді.
Бағдарлама тетігінде республикалық бюджеттен қаражат бөлу арқылы қайтарымдылық шартымен мемлекет қатысатын, мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту жолымен кондоминиум обьектілерінің ортақ мүлкін жөндеу көзделген.
Осылайша, егер қазіргі ЖАО деректері бойынша 2010 жылы КТҮ-ге қарасты 50,1 миллион шаршы метріне немесе тұрғын үй қорының 32 %-ына күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу талап етілсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 40,8 миллион шаршы метр немесе 27,7 %-ды құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде (күші жойылған) 2011-2014 жылдары 2160 үй жөнделді, тұратын халықтың баспана жағдайлары жақсартылды.
Коммуналдық сектор.
Жылумен жабдықтау. Екі құбырлы жылу желілерін есептегендегі жалпы ұзындығы 12 мың км құрайды.
2011-2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде жылумен жабдықтау бойынша 82 жоба іске асырылды, 339 км салынды және реконструкцияланды.
Электрмен жабдықтау. Республика бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 133,6 мың км 0,4 кВ.
2011-2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде электрмен жабдықтау бойынша 60 жоба іске асырылды, 875,7 км салынды және реконструкцияланды.
Газбен жабдықтау. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректері бойынша тарату желілерінің ұзындығы 28 мың км құрайды.
2011-2014 жылдардағы бағдарламаның шеңберінде газбен жабдықтау бойынша 54 жоба іске асырылды, 1387,8 км салынды және реконструкцияланды.
Жұмыс тиісті ағымда «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» және бағдарламасы шеңберінде жалғастырылатын болады.
Бұдан басқа, жылу, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тозуын төмендету, сондай-ақ жылу шығаратын қуаттарды жөндеу және ауыстыру мәселелерін шешу үшін 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы жылумен қамтамасыз ету және сумен қамтамасыз ету мен су бұру желілері бойынша 92 жоба іске асырылып, олардың ішінде жылумен қамтамасыз ету бойынша 79 жоба іске асырылуда, 185,5 км салынды және жөнделді, сумен қамтамасыз ету және су бұру бойынша 13 жоба іске асырылуда, 73,3 км салынды және жөнделді.
2011 – 2014 жылдары ТКШ жаңғыртылған желілерінің көлемі (км)
2. Негізгі проблемаларды талдау
Тұрғын үй секторы.
КТҮ күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша тұрғындардың төмен хабардарлығы тұрғын үй секторының негізгі мәселесі болып табылады; тұрғын үй қорының тозушылығы; тұрғын үй шаруашылығы саласы мамандарының білімінің төмен деңгейі.
Коммуналдық сектор.
Жылумен жабдықтау. Жылумен жабдықтау саласы Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатында маңызды рөл атқарады.
Тозу дәрежесінің жоғарылығы мен ескірген техногиялар және экологияға теріс әсері осы қазандықтардың негізгі проблемалары болып табылады. Қазандықтардың пайдалы әсер коэффициенті шамамен 41 %-ды құрайды.
Жылумен жабдықтау желілері тозуының жоғарылығы барлық ұзындығының 40 %-ы 100 %-ға тозған. Нәтижесінде өте үлкен нақты жылу шығындары кейбір өңірлерде 36 %-ға дейін жетеді.
Жылумен жабдықтау желілерінің тозғандығы өмір сүруді қамтамасыз ету объектілерінің жұмысындағы авариялар мен ақаулардың ұлғаюына, материалдық-техникалық ресурстардың жаппай артық шығындарына, энергия мен судың үлкен шығындарына алып келеді.
Республиканың тұрғын үй қоры небары 36 %-ға есептеуіш құралдармен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде пайдаланылған жылу энергиясын нақты есепке алу жоқ.
Электрмен жабдықтау. Қазіргі электр жабдығының технологиялық артта қалғандығы (трансформаторлық қосалқы станциялар, үй ішілік таратушы құрылғылар, желілер) электр энегиясының техникалық және коммерциялық шығындары себебінің бірі болып табылады.
Қолданыстағы кейбір желілердің пайдалану мерзімі 40 жылдан асады. 73 %-ды құрайтын тозудың жоғары деңгейі электр энергиясын беру кезінде шығындарды ұлғайтады.
Жалпы, материалдарды, технологияны және жабдықты пайдалану бойынша бірыңғай техникалық саясат жоқ.
Осы сектор тұжырымдамалық тәсілдер және жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Желілерде және объектілерде авариялылықтың өсуі
|
Салынған, реконструкцияланған жаңғыртылған желілер мен объектілердің көлемін ұлғайту
|
Сыншылдық дәрежесіне дейін күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум обьектілері өсімінің артуы
|
Меншіктенуші үй-жай (пәтер) иелерінің күшімен кондоминиум обьектілерінің күрделі жөндеу жүргізу ұйымы
Өңірлерді дамыту 2020 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде кондоминиум обьектілерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
|
Сапасыз материалдарды қолдану, құрылыс-монтаждық жұмыстарды сапасыз жүргізу
|
Жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін, салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру және жобалау кезіндегі бақылауды үдету
|
Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету саласы
1. Негізгі даму параметрлері
Мемлекет басшысының 2014 жылғы 4 сәуірдегі Жарлығымен Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – СРБМБ) бекітілді, оның шеңберінде халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету көзделеді.
СРБМБ шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) (оның алдында 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы) іске асыру көзделген.
Бағдарламаның іске асырылуын талдау орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұруға қол жетімділіктің серпінді өсуін көрсетеді. 2011-2014 жылдары 311,67 млрд.теңге сомасына 1312 сумен жабдықтау және су бұру жобалары іске асырылды.
Көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде бүгінгі күні орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік қалалар бойынша 2011 жылы 82 %-дан 86 %-ға дейін, АЕМ-де 2011 жылы 42,5 %-дан 50,3 %-ға дейін ұлғайды, 2011 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 4 % және 7,8 %-ға ұлғайды.
Жалпы 2011-2014 жылдар арасында 16 мың км астам сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және жаңғыртылды.
2011-2014 жылдары сумен жабдықтау 2011-2014 жылдары салынған және
және су бұру секторына қайта жаңартылған сумен жабдықтау
инвестициялар көлемі (млрд.теңге) және су бұру желілерінің ұзындығы (км)
Бұл ретте, ауылдар бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға төмен қолжетімділік Павлодар (19,4 %), Қостанай (27,4 %), Батыс Қазақстан (35,8 %), Шығыс Қазақстан (40,4 %), Ақтөбе (42,2 %) облыстарында байқалады. Қалалар бойынша: Қызылорда (77,9 %), Жамбыл (78 %) облыстарында.
2011-2014 жылдары орталықтандырылған
сумен жабдықтауға қолжетімділік ( %)
Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы республикада 60 924,8 км құрайды (жеке меншікте шамамен 2 %) (Республикадағы желілердің жалпы ұзындығы (км) сур.қараңыз). Оның ішінде 14 821,3 км желісі немесе 24,3 % толық ауыстыруды қажет етеді. Су құбыры желілерінің орташа тозуы 65-70 %. Сумен жабдықтау желілеріндегі шығындар 18,5 %-ды құрайды.
Сорғы станцияларының жалпы саны 4 364 құрайды. Республика бойынша 290 су тазалау құрылысы бар. Республика бойынша 694 пайдаланушы кәсіпорын бар.
Республикадағы кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 15 016,6 км құрайды (Республикадағы желілердің жалпы ұзындығы (км) сур.қараңыз). Оның ішінде 5 381,1 км немесе 35,8 % толық ауыстыруды қажет етеді. Кәріз желілерінің орташа тозуы 65-70 %-ды құрайды. Ағынды сулардың нормативтік-тазартылған деңгейі 76,9 %-ды құрайды.
Кәріз-сорғы станцияларының жалпы саны 1 153 құрайды. Республика бойынша 332 кәріз-тазарту құрылысы бар.
Республикадағы желілердің жалпы ұзындығы (км)
Министрлік сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің сапасын арттыруға, осы саладағы құқықтық реттеудегі жетіспеушілікті және фрагментарлықты жоюға, сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, республиканың индустриялық-инновациялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын осы салада энергия және ресурстарды үнемдейтін технологияларды қолдануға мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын әзірледі.
Мемлекеттік бюджетке жүктемені төмендету мақсатында су арналарының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке көшу жұмысы жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін қажетті құқықтық негіздер әзірленді.
Осылайша, осы секторға жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2014 жылы Қызылорда қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша ЕҚРБ-мен шарттарға қол қойылды. Жұмыстардың басталуы 2015 жылғы екінші тоқсанға жоспарланды. Сондай-ақ, Семей, Петропавл қалаларының әкімдіктері сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға ЕҚРБ-мен келісім-шарттарға қол қою бойыша жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Сумен жабдықтау және су бұру саларындағы негізгі проблемалар мыналар болып табылады:
1) су құбырлары желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы (пайдаланудың 25 жыл нормативтік мерзімін ескере отырып, сумен жабдықтау желісінің 36 %-ы жұмыс істеп тұр, ал 64 %-ы күрделі жөндеуді немесе толығымен алмастыруды қажет етеді);
2) су бұру желілеріндегі авариялылық деңгейінің жоғары болуы;
3) ресурстарды тұтынуды есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілу деңгейінің төмен болуы;
4) саланың технологиялық артта қалуы, оның ішінде энергия және ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар мен іс-шараларды қолдану практикасының әлсіз болуы;
5) бюджеттен тыс көздерден желілерді және құрылыстарды реконструкциялау бойынша жобаларды қаржыландыру көлемдерінің жеткіліксіз болуы;
6) сектордың инвестициялық тартымдылығының болмауы.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Сумен жабдықтау көздерінің жеткіліксіздігі
|
Іздеу-барлау жұмыстарын уақытылы жүргізу.
Ашық су көздерін қолдануды бақылау бөлігінде ҚР АШМ-мен өзара іс-қимылды күшейту. Суды тиімді қолдануды қамтамасыз ету үшін суды есептеу аспаптарын міндетті орнатуды заңнамалық бекіту мәселесін пысықтау
|
Сапасыз материалдарды қолдану, мердігер ұйымдардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапасыз жүргізуі
|
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және реконструкциялау жобаларын жобалау және іске асыру кезінде бақылауды күшейту
|
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
1. Негізгі даму параметрлері
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саясатын іске асыру бойынша негізгі бағыттар және тәсілдер «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған, оған сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізін қалайтын нормалар, тұтынушының негізгі құқықтары және оларды қорғау белгіленген.
2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті заңнамалық негізде бизнеске ұсынылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай жасау қажет екенін атап өткен. Сондай-ақ тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көп деңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеу қажет.
Осы мәселе 2013 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Кеңесінің бірлескен отырысында қаралды, нәтижесі бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жекелеген мәселелері «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында көрініс тапты.
Қазіргі уақытта, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» әзірленген заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде қаралуда.
Жобаның негізгі ережелері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдардың және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тиімді өзара іс-қимыл жасасуын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуге, тұтыну нарығында сапалы және қауіпсіз тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруді және өткізуді ынталандыруға, тұтынушылардың заңды құқықтары мен оларды іске асыру тетіктеріне қатысты олардың ақпараттандырылуын және құқықтық хабардар болуы деңгейін арттыруға бағытталған.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру және проблемалық мәселелерді анықтау, сондай-ақ оларды шешу жолдарын айқындау мақсатында жыл сайын тұтынушылардың шағымдарына талдау жүргізіледі және мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және тұтынушылар өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар жүргізіледі.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалау (бағалау) саласы
Кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге мораторий енгізу жағдайында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімді өткізу сатысында оны іріктеу жолымен өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізіледі.
Сондай-ақ әкелінген және берілген, тіркелген, растау бойынша құжатында әкелінген өнімге сәйкес деп танылған өнімдер арасындағы мәліметтерді салыстыруды талдау негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарының бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін камералды бақылау жүргізіледі.
«Саламатты Қазақстан» денсаулықты сақтауды дамытудың 2010 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша сектораралық өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде тамақтануға байланысты аурулардың алдын алуға бағытталған пәрменді шаралар қабылданады.
«Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру зерттеу мониторингін жүргізе отырып, йодталған ас тұзын және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау жолымен жүзеге асырылуда.
Министрлік тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Кеден одағының 9 техникалық регламентінің іске асырылуына бақылауды толық жүзеге асыруда.
Алдағы уақытта Қазастанның ДСҰ-ға кіретінін ескере отырып, Министрлік Қазақстандағы байланыс нүктесі кодексі ретінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Алиментариус Кодексі комиссиясымен және басқа да халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту тәсілдерін жүйелендіру бойынша жұмысты жалғастыруда.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Тұтыну нарығында сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) әкелу және сату
| -
Өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігін растау туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін мойындауға жүгінген өтініш берушілер туралы, кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламатталығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынған өнімнің сәйкестігін дәлелдеу ретінде ұсынатын сынақ нәтижелері туралы мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде камералдық бақылау;
2) халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуын анықтау және алдын алу үшін өнімді (тауарларды) іріктеу және оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу.
2. Сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) әкелуді және сатуды шектеу бойынша уақытша санитариялық шаралар енгізу.
3. Сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) айналымнан алу
|
Қауіпсіз емес, сапасыз және жалған өнімді (тауарларды) өндіру және сату
|
Қауіпсіз емес, сапасыз және жалған өнімді (тауарларды) сатуды шектеу бойынша санитариялық шаралар енгізу.
|
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласы
1. Негізгі даму параметрлері
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өткізетін іс-шаралар жалпы эпидахуалдың тұрақтылығын және инфекциялық және паразиттік аурулар деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етті.
2014 жылдың қорытындысы бойынша республикада тұрақты эпидемиологиялық ахуал белгіленген болатын. Халықтың обамен, тырысқақпен, дифтериямен, безгекпен, полиомиелитпен, Д гепатитімен, іш сүзегімен, паратифтермен, гемофильді инфекциямен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ. Күйдіргімен, құтырманың, сіреспенің, трихинеллезбен, Денге қызбасымен және бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбамен, туляремиямен және Е гепатитімен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ.
2013 жылмен салыстырғанда 12 нозология бойынша сырқаттанудың төмендеуіне қол жеткізілді, оның ішінде: листериозбен - 47,4%-ға, бактериялық дизентериямен - 42,7%-ға, ботулизм - 27%-ға, қышымамен - 22,5%-ға, жоғары тыныс алу жолдарының жіті инфекцияларының 14,6%-ға, ротавирусты энтериттердің 12,4%-ға, жіті вирустық гепатиттердің 12,2%-ға, оның ішінде С вирустық гепатитінің 45,6%-ға, В вирустық гепатитінің 23,4%-ға, А вирустық гепатитінің 5,2%-ға, жіті ішек инфекцияларының 10,8%-ға, тыныс алу органдары туберкулезінің 9,1-ге төмендеуіне қол жеткізілді.
2012 жылмен салыстырғанда 22 нозология бойынша сырқаттанудың төмендеуіне қол жеткізілді, оның ішінде: бактериялық дизентериямен - 56,6%-ға, листериозбен - 56%-ға, көкжөтелмен - 46,1%-ға, лептоспирозбен - 46%-ға, жіті вирустық гепатиттермен - 42,1%-ға, оның ішінде А вирустық гепатитімен - 43,8%-ға, В вирустық гепатитімен - 37,9%-ға, эпидемиялық паротиттің 42,5%-ға, қышыманың 38,1%-ға, ротавирусты энтериттермен - 31,4%-ға, жоғары тыныс алу жолдарының жіті инфекциялары 29,3%-ға, риккетсиоздармен - 28,1%-ға, тыныс алу органдары туберкулезі - 18,7-ға, сальмонеллез - 17,6%-ға, жіті ішек инфекциялары - 13,6%-ға, бруцеллез 6%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.
Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, бақылау-қадағалау қызметі жүйесін реформалау, заңға бағынушы кәсіпкерлер үшін жоспарлы тексерулерді қысқарту қағидатының негізінде жүргізіліп жатқан жеке кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары шеңберінде субъектілерді тексеруді жоспарлау тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері ескеріле отырып, жүргізіледі.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізу кезінде тәуекелдер жүйесін бағалау енгізілді.
Қазіргі уақытта Министрлікте сынақ зертханаларының желісі жұмыс істейді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу болып табылады. ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 4 аймақтық зертхана (Астана қ., Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары Орталықтарының базасында) және Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша республикалық референс-зертхана құрылды.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Бүгінгі таңда ата-аналардың вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы вакцинациялаудан бас тарту жағдайлары жиі байқалады.
Жыл сайын республика бойынша 2000 ата-ана көп жағдайларда діни нанымдар бойынша өз балаларын егуден бас тартады. Бұдан басқа, егулерден бас тартудың уәждемесі егу жүргізілетін инфекцияны жұқтыру тәуекелі жоқ деген наным, егуден кейінгі жанама көріністерден қорқу, бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс мақалалар болып табылады.
Сондай-ақ аса қауіпті және басқа да инфекциялық ауруларды шетелден әкелу қаупі туындайды.
Қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процестер, тауарлардың, адамдар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы, Қазақстанмен тікелей көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде өршулері тіркелетін аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулардың әкеліну қаупімен байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделену тәуекелін ұлғайтады.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Шетелден аса қауіпті және басқа да инфекциялық ауруларды әкелу қаупі
|
Мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пункттерде шетелден келетін азаматтарға, бақыланатын тауарларға, көлік құралдарына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру
|
3-бөлім. Саланың/аяның басымды бағыттары
1-стратегиялық бағыт
1-басымдық
Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін одан әрі құру және жетілдіру
Тиімді заманауи мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру Ел Президентінің «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына жолдауында, сондай-ақ Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында негізгі міндет болып айқындалған.
Бұл басымдыққа қол жеткізу:
- мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың бірыңғай саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилілігі мен тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша арттыруды қамтамасыз ету;
- МЖЖ құжаттарының неғұрлым ашық өзара байланысын қамтамасыз ету тетігін айқындау, МЖЖ құжаттарының индикаторларына жауапкершілікті бекіту;
- ЭЫДҰ стандарттарын және мемлекеттік басқару сияқты салаларда ең үздік тәжірибелерді қабылдау;
- мемлекеттік органдар қызметінің халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағдарлануы;
- мемлекеттік аппарат қызметінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету жолымен іске асырылады.
2-басымдық
Экономикада мемлекеттік меншіктің үлесін ЕЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін - 2020 жылға қарай ЖІӨ-нен 15 % төмендету, сондай-ақ мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру.
2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының элеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес ұлттық экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін 2020 жылға қарай ЖІӨ-ден 15 %-ға төмендету жоспарланып отыр.
Қазақстан экономикасындағы мемлекеттің қатысу үлесін төмендету бірқатар бағдарламалар мен жоспарларды:
Жекешелендірудің 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын;
«Халықтық ІРО» бағдарламасын;
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның трансформациялау бағдарламасын;
«Yellow Pages» қағидаттарын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру:
олардың мемлекеттік мүлікті басқару қызметінің тиімділігіне байланысты мемлекеттік органдарды рейтингілік бағалау;
- мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды енгізуді бағалау;
- республикалық бюджет шеңберінде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
3-басымдық
Ұсынылатын статистикалық ақпараттың сапасын арттыру
Болып жатқан процестерді сапалы өлшеуді қамтамасыз ету, Мемлекет басшысының Жолдауларына сәйкес елде іске асырылып жатқан стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға мониторинг жүргізу, сондай-ақ қоғамның халық пен бизнестің қажетті статистикалық ақпаратқа сұранысын қанағаттандыру Министрліктің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.
Осы басымдыққа қол жеткізу үшін мына:
- салаларды дамытудың мемлекеттік саясатына сәйкес озық халықаралық стандарттарды ескере отырып, статистика салаларын жетілдіру;
- пайдаланушылардың статистикалық ақпаратқа қажеттігін қанағаттандыру;
- деректер алмасу мақсатында басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен электрондық өзара іс-қимыл жүргізу және интеграциялау бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
2-стратегиялық бағыт
1-басымдық
Экономиканың қол жеткізілген өсу қарқынын сақтау, әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру мақсатында одан әрі өсу үшін жағдай жасау.
Экономиканың тұрақты өсуін сақтау 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын, 2020 жылға дейінгі қызмет көрсету саласын дамыту және кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру арқылы экономиканы әртараптандыруды жалғастыруға және оның бәсекелестікке қабілетін күшейтуге бағытталған контрциклді экономикалық саясатты жүргізу арқылы қамтамасыз етілетін болады.
«Нұрлы Жол» инфрақұлымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру елдің көлік-логистикалық, энергетикалық және индустриялық инфрақұрылымды дамытуды, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғыртуды, мектептер мен тұрғын үйлер құрылысы мен шағын және орта бизнесті белсенді қолдауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «ерекше кезеңнің» экономикалық саясатының мынадай жүйелі шаралары іске асырылатын болады. Бұл, қатаң бюджет саясатын жүргізу, экономиканың нақты секторын қолдау, қазақстандық қамту бойынша шараларды күшейту, ЕАЭО шеңберінде қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау, қазақстандық экспорттың географиясын әртараптандыру, шығыстарды және квазимемлекеттік сектор компанияларының инвестициялық бағдарламаларын оңтайландыру, әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру, ақша-кредит және валюталық саясатты жетілдіру, институционалдық және құрылымдық реформалар жүргізу.
Экономика салаларын дамыту, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді, ішкі инфрақұрылымды, құрылысты қолдау, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар экономиканың одан әрі тұрақты өсуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
ЖІӨ нақты өсуі 2015-2018 жылдары 2,4% деңгейінде болжанып отыр. Болжам бойынша номиналды ЖІӨ 2015 жылғы 41,7 трлн. теңгеден 2019 жылға қарай 54,9 трлн. теңгеге дейін өседі. 2015 жылы теңгенің есептік бағамының өзгеруін ескере отырып, жан басына шаққандағы ЖІӨ 10,8 мың АҚШ долларынан 2018 жылы 10,1 мың АҚШ долларына дейін төмендейді.
Инфляция деңгейі кейін 2018 жылы 5-7%-ға дейін төмендей отырып, 2016-2017 жылдары 6-8% дәлізінде сақталады.
2-басымдық
Бөлшек сауданың заманауи форматын дамыту.
Үкіметтің 2014 жылғы 6 тамыздағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15-тармағына сәйкес ішкі сауда саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі қауіпсіздік және санитариялық нормаларға жауап беретін заманауи сауда нысандарын дамыту, сондай-ақ ұйымдастырылмаған сауда нарықтарын жою болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |