Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің


Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама



бет7/10
Дата09.06.2016
өлшемі2.05 Mb.
#125473
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама





Түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар құзыретінің аражігін ажырату қайталанатын функцияларды айқындауды және жоюды, жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейтуді және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды көздейді

Әлемдік экономиканың бірқалыпты өсу жағдайында Қазақстанда жан басына шаққанда ЖІӨ 12 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша 2005 жылғы бағалаумен) өседі. Ол үшін 4,3% деңгейіндегі орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет.

Жаңа өндірістерді және инфрақұрылымды орналастыру кезінде олардың шикізат пен энергия көздеріне, көлік инфрақұрылымына, өткізу нарықтарына жақындығы, сондай-ақ еңбек ресурстарының қолжетімділігі ескерілетін болады. Бұл үшін қала маңындағы аймақтарды инфрақұрылымдық дамыту бөлігінде аумақтардың бас жоспарларын қалаға іргелес аудандардың жер пайдалану жоспарларымен, сондай-ақ агломерациялардағы қала құрылысының нормативтерімен үйлестіру қамтамасыз етіледі.

Өңірлердің қаржылық дербестігін жақсарту бойынша шаралар қабылданады. Жергілікті деңгейде мәселелердің тиімді шешілуін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін құру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 50 %-ға дейін ұлғаяды.


Бас жоспарларды түзету халықтың болжамды санын және аумақтың әлеуетін ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және оңтайландыруға бағытталатын болады.

Нәтижеге бағдарланған бюджетті толық енгізу және стратегиялық жоспарлау жүйесін жетілдіру де мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету


Меншігінде немесе жалға алу шарттарында тұрғын үйі жоқ азаматтарға еңбек шартын ұсыну шартымен уақытша баспана ұсынылатын болады.

Мемлекеттік органдарда ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағдарланған функционалдық процестерді үздіксіз жетілдіру бағдарламалары енгізіледі.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру тұжырымдамасының шеңберінде рұқсат беру заңнамасының жаңа қағидаттары енгізілетін болады.


Жалға берілетін тұрғын үй нарығын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру мен орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату саласындағы тиімді саясат

Рұқсат беру құжаттарының бірыңғай тізбесін бекітумен оларды қызмет түрлерінің қауіптілік және күрделілік дәрежесі бойынша сыныптай отырып, интеграцияланған жүйе құрылады.


Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның энергия тиімділігін арттыру шеңберінде күрделі жөндеу жүргізу кезінде қазіргі ғимараттарды терможаңғыртуды жүзеге асыру жалғастырылатын болады. Жаңа ғимараттарды салу жылуды қорғау саласындағы соңғы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді перспективада бөлме температурасын реттеу жүйелерін, тұтынылатын су және жылу энергиясын есепке алу құралдарын жаппай орнату жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттің экономикадағы рөлін оңтайландыру өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кәсіпорындардағы мемлекеттік меншік үлесін және мемлекеттің қатысу деңгейін азайтуға бағдарланады

Қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің әлеуметтік-экономикалық процестерге және іскерлік белсенділікке ықпалын бағалау үшін реттеушілік әсерді талдау әдістемесі енгізілетін болады.


Тозған құбырларды ауыстыру және сорғы станцияларын жаңғырту арқылы орталықтандырылған жылумен қамту жүйелерін жаңғырту жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі шеңберінде бірқатар секторларда шетелдік қатысуға шектеулер алып тасталатын болады.





Қысқа мерзімді перспективада мемлекеттің компаниялар капиталына қатысу шарттарын регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі туралы мәселе пысықталатын болады.

Нарыққа кіру және шығу шарттарын жақсартудан, бәсекелестікті дамытудан басқа, бизнес үшін қаржыландыруды дәйектілікпен кеңейтуге бағытталған шаралар кешені қабылданады.





Орта мерзімді перспективада жекешелендірудің жаңа кезеңі жүргізіледі. Ол үшін жұмыс істеп тұрған мемлекеттік компанияларды талдау негізінде жеке секторға берілуге тиіс кәсіпорындар тізбесі айқындалады.

Салықтық-бюджеттік саясат шағын және орта бизнесті дамыту үшін қосымша ынталандыруды қамтамасыз ететін болады.





«Халықтық IPO» ұлттық компанияларының акцияларын бастапқы орналастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру жалғасады.

Сонымен қатар, бұқара халықтың бизнес және инвесторлық ойлау қабілетін қалыптастыру, қаржылық және бизнес сауаттылығын арттыру жөніндегі заманауи бағдарламаларды ынталандыру жандандырылады.





Ұзақ мерзімді перспективада экономикалық даму мен ғылымды қажетсінетін экономикаға көшу шамасына қарай Қазақстанның ЖІӨ құрылымында көрсетілетін қызметтер секторының үлесі айтарлықтай өседі. Экономикадағы көрсетілетін қызметтер үлесі 70%-ға жуықтайды.

Халықтың қалың бұқарасы арасында кәсіпкерлікті жаппай танымал ету жөніндегі жұмыс жандануда. Бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлердің жақсы тәжірибесінің үлгілері, мысалы, кәсіпкерлік жөніндегі ақпараттық ресурстарды дамытуды ынталандыру арқылы және жетістіктер тарихтары жарияланатын болады.





Қазақстандағы көрсетілетін қызметтер секторы елдің дамуына қарай кеңейтіледі, жаңғыртылады және тереңдетіледі, ал еңбек ресурстары ауыл шаруашылығы мен басқа салалардан, олардағы өнімділіктің артуына қарай, көрсетілетін қызметтер секторына қайта бөлінетін болады. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бұл жаңартуларды жеделдетеді

- және басқа көрсетілетін қызметтер


Бизнес-білім берудегі көрсетілетін қызметтер нарығын дамытуға бағытталған коучингтік, консультациялық және бапкерлік бағдарламалардың мол жиынтығын қоса алғанда, шағын және орта бизнестегі заманауи бизнес-құзыреттіліктерді дамытудың алуан түрлі тетіктерін ынталандыру маңызды.





Көрсетілетін қызметтер импортын біртіндеп нысаналы алмастыру, көрсетілетін қызметтер саудасын жеңілдету мақсатында өзара тану туралы келісімдерге қосылу жүзеге асырылатын болады.

Еңбектің, капиталдың және энергия ресурстарының өнімділігін арттыру бүкіл экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күшіне айналады. Бұл экономиканың барлық секторларына қатысты.




Экспортқа, ең алдымен шекара маңындағы өңір мемлекеттеріне бағдарланған көрсетілетін қызметтерді дамыту қамтамасыз етіледі. Бұл үшін экспорттың нысаналы нарықтарымен халықаралық келісімдер әзірленеді, көрсетілетін қызметтер экспорты үшін қолжетімділік пен экономикалық жағдайлар қамтамасыз етілетін болады. Орта мерзімді перспективада қазіргі заманғы көрсетілетін қызметтер секторын қамтитын экспортты ілгерілету стратегиясы іске асырылады.

Әлемдік «бенчмаркаларға» сәйкес экономиканың барлық салалары үшін өнімділікті мониторингілеудің ұлттық жүйесі әзірленетін болады.





Квазимемлекеттік сектор қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында өнімділік, оның ішінде рентабельділік, инвестицияланған капиталға түсетін пайда мен дивидендтер көрсеткіштері бойынша нақты мақсаттар белгіленеді.

Жеке сектордағы өнімділікті ынталандыру бойынша шаралар қабылданады.







Агломерацияларға біріктірілген саны шектеулі қалалардың қаржылық, капитал мен адами ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ету қажет. Бұл агломерациялар ғылымды қажет ететін экономиканың «өсу нүктелеріне» айналады.







Қазақстанның жаңа агломерациялары ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің, инновацияларды және кәсіпкерлікті дамытудың орталықтарына айналады. Жекелеген агломерациялар шеңберінде осы әзірлемелер мен инновациялардың өндірістік-өткізу тізбектеріне тікелей жақын шоғырландырылуы оларды өндіріске жылдам енгізуді жеңілдетеді.







Агломерациялар ел халқының тартылыс орталығына айналады. Олар сапасы жоғары білім, ақпараттық және көлік қызметтерін ұсыну, бәсекелестікті арттыру, шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдайларды жасау есебінен адами капиталды дамытуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.







Қазақстанның бүгінгі таңдағы аса ірі қалалары – халық саны екі миллионнан астам Астана, Алматы және Шымкент қалалары агломерация орталықтарына айналуы мүмкін. Бұл қалаларда шағын және орта бизнес өте белсенді дамуда, оларда еңбекке қабілетті тұрғындар үлесі жоғары. Елдің дамуына қарай Қазақстанның басқа ірі қалалары да агломерация орталықтарына айналуы мүмкін.







Өсудің экономикалық факторларын ескере отырып, агломерациялардың әрқайсысы үшін дамудың басым бағыттары мен заманауи инфрақұрылым қалыптастыру бойынша шаралар көрсетілген 2050 жылға дейінгі даму стратегиялары әзірленетін болады.







Орта мерзімді перспективада инфрақұрылымдық даму саласында жинақталған агломерациялардың оң тәжірибесі елдің басқа өңірлеріне таратылатын болады.







Бәсекеге қабілетті, «жасыл» және «ақылды» қалалар желісі құрылады.







Қалалармен экономикалық байланыс жасау үшін ауылдық аумақтарға жеткілікті қолдау көрсетілетін болады.







Салалық бағдарламаларды өңірлік даму басымдықтарымен үйлестіру өңіраралық байланысты нығайтуға ықпал ететін болады.







Өңірлік деңгейде қалалық аумақтарды жоспарлаудың сапасы мен уақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.







Дайын өнім экспортының рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі.







Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты ұзақ мерзімді перспективада Кеден одағы шеңберінде Қазақстан, Ресей және Беларусь интеграциясын тереңдету жалғасатын болады. Ресеймен және Беларусьпен бірге Қазақстан басқа елдердің одаққа еркін қосылуын көздейтін ашықтық қағидатты ұстанатын болады.







Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсында орналасқан ел ретінде Қазақстанның географиялық артықшылығы Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, оның ішінде Қазақстан-Қытай шекарасында өңірлік сауда-логистикалық хаб құру арқылы кеңейту үшін қолданылатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет