Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы



бет19/65
Дата07.10.2023
өлшемі2.69 Mb.
#480103
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
УММ Педагог образования каз (1) (2) (3) (1)

ЕФ- еңбек функциясы
КМ- кәсіптік модуль


6 сурет. Кәсіптік модульдердің еңбек функцияларымен байланысы

Оқыту нәтижелері мен кәсіби құзыреттердің арақатынасы:



  • Оқыту нәтижелері қалыптасқан құзыретке сәйкес келуі және дайындық деңгейін көрсетуі керек.

  • Оқыту нәтижелерінің көлемі құзыретті қалыптастыру үшін жеткілікті болуы тиіс, бұл ретте модуль (пән) оқытудың кемінде екі нәтижесінен тұруы тиіс.

  • Оқыту нәтижелері қол жетімді, нақты, түсінікті және бағалануы керек.

  • Оқыту нәтижесінің сипаттамасы қысқа болуы керек.

  • Тұжырым біртұтас анықталған құрылым болуы керек: оқыту нәтижесін тұжырымдау үшін, әдетте, белгісіз түрдегі бір ғана әрекет етістігі қолданылады, содан кейін оқыту нәтижесінің мәнмәтінін сипаттайтын сөз тіркесі қолданылады.

Оқыту нәтижелері құзырет деңгейін білдіру құралы ретінде әрекет етеді және модуль бойынша оқу курсын сәтті аяқтағаннан кейін білім алушының не айтуы, көрсетуі, түсіндіруі мүмкін деген тұжырым болып табылады.
Оқыту нәтижелері оқу процесінің мақсаттары болып табылады. Оларға білім, іскерлік, дағдылар, көзқарастар, мотивация, құндылықтар кіреді, кейде бағдарламаны меңгергенен кейін бірден анықтау өте қиын, кейде мүмкін емес.
Оқыту нәтижелерін бағалау білім алушылардың нақты жетістіктері түрінде сипатталған бағалау критерийлері арқылы анықталады, оларды бағалауға болады.
Құзыреттің, модульдің, оқыту нәтижелері мен бағалау критерийлерінің өзара байланысы 7-суретте көрсетілген.



7 сурет. Құзыреттің, модульдің, оқыту нәтижелерінің және бағалау критерийлерінің өзара байланысы
Әрбір модуль бойынша оқыту мазмұнының көлеміне қарай оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте оқытудың әрбір нәтижесіне білім алушылардың құзыреттілігін айқындау үшін жеткілікті бағалау критерийлері айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет