Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


«TALAP» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ



бет3/65
Дата07.10.2023
өлшемі2.69 Mb.
#480103
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
УММ Педагог образования каз (1) (2) (3) (1)

«TALAP» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтарының
кәсіби құзыреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасына


ГЛОССАРИЙ

Оқытудың белсенді әдістері – білім алушыларды оқу материалын игеру процесінде белсенді ойлау және практикалық іс-әрекетке итермелейтін әдістер.
Авторлық бағдарлама – бұл ТжКБ мен ББ мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде жасалған және оқу курсының, модульдің (пәннің) мазмұнын құрудың авторлық тұжырымдамасы бар құжат. Авторлық бағдарламаны бір автор немесе авторлар тобы әзірлейді. Авторлық бағдарлама өзіндік тұжырымдамамен және мазмұнның құрылымымен сипатталады.
Кәсіби қызмет түрі (КҚТ) – кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі, кәсіби функциялардың тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттермен қалыптасады.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау үшін нақты қадамдарды сипаттайтын сипаттама.
Қосымша білім – адамның зияткерлік, рухани-адамгершілік, физикалық және (немесе) кәсіптік жетілдіруге деген білім беру қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға бағытталған және білім беру деңгейінің жоғарылауымен қатар жүрмейтін білім беру түрі.
Білім – білім беру мазмұнының бірлігі (игерілуін бір тест сұрағымен тексеруге болатын ақпарат), білім алушының бір деңгейде меңгерген, оған ақыл-ой операцияларын жасауға мүмкіндік береді.
Сынақ - студенттердің зертханалық жұмыстарды, сондай-ақ практикалық және семинарлық сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын тексеру нысаны. Сараланған бағалары бар сынақтар тізбесі оқу жоспарында белгіленетін модульдер (пәндер) бойынша қойылады.
Жеке оқу жоспары – нақты білім алушының ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оның мазмұнын даралау негізінде білім беру бағдарламасын игеруді қамтамасыз ететін оқу жоспары.
Қорытынды бағалау - біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстары бағдарламасының талаптарына сәйкес педагогтың біліктілік деңгейі мен құзыретін растау рәсімі.
Коучинг - оқыту әдісі, оның барысында адам білім алушыға белгілі бір өмірлік немесе кәсіби мақсатқа жетуге көмектеседі; жалпы білім беру жүйесінің барлық бағыттардағы өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру құралы: педагог-студент, педагог-әкімшілік, педагог-педагог.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет