Қажеттіліктерді бағалау – оқушы үшін тиісті білім беру шешімдерін қабылдау мақсатында ақпарат жинаудың жүйелі процесі. Бұл оқушының күшті жақтары мен қажеттіліктерін анықтауға, мақсаттарды анықтауға бағытталған бірлескен және дәйекті процесс-нәтижесінде таңдалған білім беру стратегияларын анықтау және іске асыру.
Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы.
Бағалау – білім алушының нақты жетістіктерінің оқытудың жоспарланған нәтижелеріне сәйкестік дәрежесін белгілеу процесі.
Бағалау – бұл оқытушыға оқытуды жетілдіру, оқытудың ең тиімді әдістерін табу, сондай-ақ студенттерді өз ілімдеріне белсенді қатысуға ынталандыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін механизм.
Кәсіптік стандарт (КС) – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
Кәсіби міндет – еңбек функциясын іске асыруға және кәсіптік қызметтің белгілі бір саласында қажетті нәтижеге қол жеткізуге байланысты іс-әрекеттер туралы нормативтік ұсыныс.
Кәсіби құзыреттілік – бұл табысты педагогикалық қызмет үшін қажетті кәсіби және жеке қасиеттердің жиынтығы.
Педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтың кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.
Педагогикалық коучинг – бұл білім алушының білімі мен тәжірибесін пайдалана отырып, оның белгілі бір мәселелерін, міндеттері мен мақсаттарын шешуге көмектесетін арнайы жүйе, сондай-ақ оқытудың өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, өз әлеуетін пайдалану арқылы өзін-өзі бағалауды арттыруға ықпал ететін технология.
Проактивтілік – басымдық беруге және импульсивті реакцияларға берілмеуге көмектесетін дағды.
Постреквизиттер (Postrequisite) – оқу үшін осы пәнді және (немесе) модульдерді оқуды аяқтағаннан кейін алынған білімдерді, іскерлікті, дағдылар мен құзыреттерді қажет ететін пәндер және (немесе) модульдер және оқу жұмысының басқа түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |