Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы


Бағдарламаны республикалық деңгейде iске асыру тетiктерi



бет13/13
Дата17.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#142746
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

4.1.2 Бағдарламаны республикалық деңгейде iске асыру тетiктерi

      Секторлық қолдау шаралары: салалық бағдарламалар және мастер-жоспарлар


      Бағдарламаны iске асыру және Бағдарламаға барлық қатысушылардың iс-әрекетiн үйлестiру мақсатында салаларды дамытуды ғылыми-технологиялық сүйемелдеу, бiлiктi еңбек ресурстарын даярлау және осы саладағы нақты жобаларды қолдау жөнiндегi шаралар айқындалатын басқа мәселелердi қоса алғанда, салаларды негiзгi дамытуды, мемлекеттiк қолдаудың жүйелi шараларын айқындайтын 13 салалық бағдарлама әзiрленетiн болады.
      Салалық бағдарламалар Мемлекеттiк комиссияның отырыстарында талқыланғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiлетiн болады.
      46 басым кiшi саланың арасынан неғұрлым мұқият талдауды қажет ететiн 23-i бойынша институционалдық, инфрақұрылымдық және инвестициялық аспектiлер бойынша iске асырудың нақты тетiктерi көзделетiн, осы кiшi салалар және осы кiшi саладағы нақты жобалар бойынша қолдау шаралары нақтыланатын мастер-жоспарлар әзiрленетiн болады.
      Жобалық қолдау шаралары:
      Жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi үдемелi жаңғырту және жаңаларын  құру бағдарламасы - «Өнiмдiлiк - 2020»
      Бағдарламаның мақсаты жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың өнiмдiлiгiн арттыру және инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
      Бағдарламаны iске асыру құралдары:
      негiзгi қорларды сатып алу үшiн лизинг пен кредит бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      инновациялық гранттар;
      конструкторлық бюролардың өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуi;
      өндiрiстiк үдерiстердi оңтайландыруды қамтамасыз ететiн басқару технологияларын енгiзу.
      Экономиканың басым секторларында жұмыс iстейтiн және өз қаражатымен қатысатын, қызметi:
      өнiмдiлiктi ұлғайтуға;
      экспортқа бағдарлануға;
      негiзгi капиталға инвестициялардың өсiмiне;
      кәсiпорындардың инновациялық белсендiлiгiн өсiруге бағытталған кәсiпорындар Бағдарламаның қатысушылары бола алады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар Бағдарлама операторлары бола алады.
      Субсидиялау жаңа және бұрын алынған кредиттер (лизингтiк қаржыландыру) бойынша жүзеге асырылатын болады.
      Жобаға өтiнiм берушiнiң өзiнiң қатысуы жалпы инвестиция көлемiнiң кемiнде 20 %-ын құрауы тиiс.
      Кредиттер бойынша сыйақының тиiмдi ставкасы ЭБЖМ жылына 2 рет айқындайтын сыйақының шектi нарықтық ставкасынан жоғары болмайды.
      Еңбек өнiмдiлiгiнiң артуына байланысты кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялаудың прогрессивтi шәкiлi көзделiп отыр.
      Iске асыру тетiгi
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi бағдарламаның әкiмшiсi болып табылады.
      Кредиттер бойынша проценттiк ставканы субсидиялауды қаржылық сүйемелдеудi, субсидиялауды алу үшiн қарыз алушылардың тiзiмiн қалыптастыруды және қаражатты мақсатты тиiмдi әрi уақтылы пайдалану мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қаржы агенттерi жүргiзедi.
      Агенттiк қызметтердiң құны бюджеттен өтеледi.
      Сыйақы ставкаларын субсидиялау тетiгiн, тәртiбi мен шарттарын Үкiмет айқындайды.
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Операторлар және қаржы агенттерi арасында Субсидиялау туралы келiсiм жасалады.
      Инновациялық гранттарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiпте экономикада қолданылатын технологиялық және өзге де процестердiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларды iске асыру үшiн инноватор, нақты алғанда кәсiпорын, өнертапқыш, ұтымды етушi, ғалым және ғылыми ұйымдар, технологиялық даму саласындағы мамандандырылған ұйым беретiн болады.
      Конструкторлық бюро қызметтерi техникалық және конструкторлық құжаттамаларды сатып алуға, кәсiпорындарға технологияларды бейiмдеуге  және енгiзуге, олардың нарықта қажет болатын жаңа бұйымдар өндiрiсiн игеруге негiзделетiн болады.
      Өндiрiстiк үдерiстердi оңтайландыруды қамтамасыз ететiн басқару технологияларын енгiзудi жобаға өтiнiм берушi тарапынан кемiнде 50 % қаржыландыру шартымен және конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      Оператор компаниялардың қызметтерi бюджеттен өтелетiн болады.
      Экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасы — «Экспорт 2020»
      Бұл бағдарлама отандық компанияларды сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталатын болады, оны iске асырудың негiзгi бағыттары: экспорттаушыларға гранттар; саудалық қаржыландыру және сақтандыру; экспорты сервистiк қолдау.
      Саудалық қаржыландыру және экспорттық сауда операцияларын сақтандыру, сондай-ақ экономиканың шикiзат емес секторының шағын және орта кәсiпкерлiгiнiң бiрқатар iлеспе қызметтерi құрылған экспорттық-кредит агенттiгi арқылы жүзеге асырылады.
      Экспортты сервистiк қолдау мыналарға сай келедi:
      ақпараттық, сарапшылық қызметтер көрсету;
      өндiрушiлерге экспорттық нарықтар бойынша маркетингтiк-талдамалық ақпарат беру;
      экспорттаушыларға көмек ретiнде нұсқаушылық материалдар жариялау;
      нақты өнiмдердiң тауар белгiлерiн iлгерiлету;
      шет елдерде Қазақстанның сауда миссияларын ұйымдастыру;
      Оператордың шетелдiк өкiлдiктерi желiсiн құру.
      Экспортаушыларға гранттар:
      сыртқы нарықта нақты өнiмдi (қызметтi) жылжытуды (брендинг) және айналдыруды;
      тауар белгiлерiн шет елдерде тiркеу мен сертификаттауды;
      экспортты басқару саласындағы кәсiпорындардың қызметкерлерiн оқытуды;
      қызметтiң алғашқы үш жылы iшiндегi шет елдегi өкiлдiктi/өкiлдi/шоу-бөлменi/кеңсенi;
      саланың экспорттық өнiмдерiнiң, нарық, өңiр сегменттерiнiң каталогтарын;
      франшиза тартуды;
      экспорттаушы веб-сайтын ағылшын тiлiнде құруды және iске қосуды;
      өнiмнiң (қызметтiң) нақты түрiмен нақты нарыққа кiру жөнiндегi маркетингтiк зерттеулердi қоса алғанда, өздерiнiң өнiмдерiн экспортқа жылжытуға байланысты iс-шаралар бойынша экспорттаушыларға шығындарының 50 %-ын қайтаруды көздейдi.
      Экспортты сервистiк қолдау және экспорттаушыларға гранттар беру Үкiмет айқындаған сервистiк институт арқылы экономиканың басым шикiзат емес секторларының әлеуеттi және қазiргi экспорттаушыларына көрсетiлетiн болады.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi бағдарламаның әкiмшiсi болады.
      Үкiмет айқындайтын заңды тұлғалар Бағдарламаның операторы болып табылады.
      Бағдарламаны өңiрлiк деңгейде iске асыру.
      Жергiлiктi атқарушы органдар бағдарламаның өңiрлiк деңгейдегi әкiмшiсi болады, олар осы бағдарламаны iске асыру мақсатында жергiлiктi бюджеттерде тиiстi қаражат көздейдi.
      Экспорттаушыларды сервистiк қолдау жөнiндегi iс-шаралар Үкiмет айқындаған сервистiк институтпен өзара iс-қимыл жасау және үйлестiру кезiнде жүзеге асырылады.
      Саудалық қаржыландыру және сақтандыру, экспортқа сервистiк қолдау көрсету және экспорттаушыларға гранттар беру жөнiндегi базалық шарттарды, қаражат бөлу тетiктерiн, экспорттың өсуi және шикiзат емес секторлардағы өнiмдiлiк жөнiндегi нысаналы көрсеткiштердi Үкiмет айқындайды.
      «Инвестор — 2020» тiкелей шетелдiк инвестицияларды қолдау және ынталандыру бағдарламасы Бұл бағдарлама: инвестициялық келiсiмдер; инвестицияларды сервистiк қолдау;
      арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру құралдарын қолдана отырып, экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикiзат емес өндiрiстерге тiкелей инвестициялар үшiн тартымды жағдай жасауға бағытталатын болады.
      Бағдарламаның басым секторлары шеңберiнде инвестициялауды жүзеге асыратын инвесторлармен инвестициялық келiсiмдер мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi жетекшiлiк ететiн Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi комиссияның ұсыныстары бойынша Үкiмет шешiмдерiнiң негiзiнде жасалады.
      Шетелдiк инвесторлар мен қазақстандық бизнес өкiлдерiне сервистiк қызметтер көрсету мынадай құралдарды қолдана отырып, Үкiмет айқындайтын мамандандырылған сервистiк ұйымдар арқылы жүзеге асырылады:
      Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiн iлгерiлету бойынша ақпараттық-таныстыру iс-шаралары (бизнес-форумдар, роуд-шоу, баспа өнiмдерi, халықаралық БАҚ-тардағы ақпараттық хабарлар);
      ақпараттық-талдамалық iс-шаралар (есепке қою функциясы, дерекқор, зерттеулер);
      шетелдiк инвесторларды сүйемелдеу жөнiндегi iс-шаралар;
      ұлттық инвестициялық веб-сайтты және Елдiң инвестициялық атласын әзiрлеу және сүйемелдеу.
      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
      салық жеңiлдiктерi;
      шетелдiк жұмыс күшiн әкелудiң жеңiлдетiлген тетiгi;
      «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету;
      - АЭА аумағындағы еркiн кеден аймағының режимi.
      АЭА және ИА үшiн жобаларды iрiктеу бағдарламаның басымдықтарын, жоғары бөлiнiстi өнiмдердi шығару, экспортқа бағдарлану, еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғары деңгейi, сондай-ақ құрылатын жұмыс орындарының санын ескере отырып жүзеге асырылады.
      Бағдарлама әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi.
      Бағдарлама операторы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi болып табылады.
      Экономиканың басым секторларына инвестицияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары Бағдарламаға қатысушылар бола алады.
      Республикалық индустрияландыру картасы
      Республикалық индустрияландыру картасы салалық бағдарламалар мен мастер-жоспарларда көзделген инвестициялық жобаларды iске асырудың негiзгi құралы болып табылады.
      Қазақстанды индустрияландырудың республикалық картасына жобаларды iрiктеу процесi итерациялық болып табылады, яғни, Индустрияландыру картасына енгiзiлген жобалар тiзбесi өтiнiмдердiң түсуiне және тиiсiнше олардың мақұлдануына қарай тоқсан сайын жаңа жобалармен толықтырылуы мүмкiн.
      Республикалық маңызы бар жобаларды iрiктеу мынадай сипатта жүзеге асырылатын болады:
      1. Инвестициялық жобаларға өтiнiм берушiлердiң Салалық жұмыс топтарына өтiнiм беруi.
      2. Жұмыс топтарының салалық талдау және мынадай өлшемдерге сәйкес бастапқы iрiктеу жүргiзуi:
      1) жобаның стратегиялық мәнi;
      2) салалық тиiстiлiгi — жобаның Бағдарламаның басым бағыттарына сәйкестiгi;
      4) инновациялылығы, яғни бұл жоғары технологиялы өндiрiстердi қалыптастыруды көздейтiн жобалар;
      5) экспортқа бағдарлануы - бұл өнiмдердi әртараптандыру және технологиялық тiзбектi жалғастыра отырып, дәстүрлi экспорттық секторларды дамыту;
      6) экономикалық көрсеткiштерi: қосылған құнның, еңбек өнiмдiлiгiнiң, қаржы-экономикалық көрсеткiштерiнiң (IRR, EBITDA) деңгейi орташа салалық әлемдiк көрсеткiштерден жоғары болуы тиiс.
      3. Проблемалы мәселелердi жинау және талап етiлетiн қолдау шараларын айқындау:
      1) мемлекеттiк қолдау (сауда, инвестициялық преференциялар, мемлекеттiк кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру, даму институттарының кепiлдiктерi);
      2) ресурстық қолдау (еңбек ресурстарымен, электрмен, минералдық шикiзатпен, көлiктiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету);
      3) қаржылық қолдау (даму институттарының, екiншi деңгейдегi банктердiң, республикалық бюджеттiң қаражаты, ұлттық компаниялардың қатысуы, ставкаларды субсидиялау).
      4. Үйлестiру кеңесiнiң отырысында дайындық дәрежесi бойынша үш топқа бөле отырып мақұлдау:
      бiрiншi топқа iске асырылуында проблемалары жоқ жобалар жатқызылатын болады (ЖСҚ бар, қаржыландыру, инфрақұрылым және өткiзу мәселелерi шешiлген);
      екiншi топқа кейiнге қалдырылған шарттары бар жобалар жатқызылады - ЖСҚ (ТЭН) бар жеке проблемалар, өткiзу мәселелерi пысықталған, қаржыландыру мәселелерi пысықталуда;
      үшiншi топ - әзiрлеу сатысындағы жобалар (ЖСҚ/ТЭН әзiрлеу сатысында, жобаны iске асырудың түйiндi мәселелерi шешiлмеген).
      5. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның отырысында жобаны мақұлдау.
      6. Базалық Индустрияландыру картасын тиiстi санатқа енгiзу және жобаларды iске асырудың кестесi мен iс-шаралар жоспарын бекiту.
      Жобаларды iске асыру кестесi жобаны iске асыру кезеңдерiн сипаттауға арналған және жауапты орындаушыларды, iске асыру мерзiмдерiн және қажеттi ресурстарды көрсетудi көздейтiн болады.
      Жобаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары жауапты орындаушыларды, iске асыру мерзiмдерiн және болжамды шығындарды қамтитын, бизнестiң жобалары мен мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталады.
      Республикалық индустрияландыру картасына енгiзiлген жобаларды iске асыру барысында туындайтын проблемалы мәселелердi шешу мақсатында тиiсiнше Премьер-Министр және өңiрлер әкiмдерi басқаратын үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi республикалық және өңiрлiк басқару орталықтары құралатын болады.
      Бағдарламаны iске асырудың осы құралдарын пайдалану мемлекеттiң жобаларға қолдау көрсетуi және бизнес-қоғамдастықтардың өздерi қабылдаған мiндеттемелердi орындауы арқылы жобаларды iске асыру жөнiндегi мемлекет пен бизнестiң өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз етедi.
      Шағын және орта бизнес мемлекет пен iрi инвесторлардың экономиканың секторларын және инфрақұрылымды ұзақ мерзiмдi дамыту жөнiндегi ниетi туралы ақпарат негiзiнде төлемге қабiлеттi сұранысты бағалап, инвестицияларды жоспарлай алады.
      Маңызы бар жобалардың мониторингiн Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның ақпараттық жүйесi базасында Үйлестiру кеңесiмен бiрлесiп, Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi ай сайынғы негiзде жүзеге асыратын болады.
      Ақпараттық жүйе қазiргi заманғы IТ-технологияларды пайдалана отырып, ақпарат жинау, өңдеу және олар бойынша шешiмдердi келiсудiң интерактивтi үдерiсiн қамтамасыз етедi.

4.2 Бағдарламаны өңiрлiк деңгейде iске асыру схемасы мен
құралдары

4.2.1 Даму институттарының, ұлттық компаниялардың бағдарламаны
өңiрлiк деңгейде iске асырудағы рөлi

      Бизнестiң, даму институттарының ұлттық компаниялар мен қаржылық құрылымдардың қызметiн ықпалдастыратын өңiрлер әкiмдiктерi жергiлiктi деңгейде индустрияландыру саласындағы шағын және орта бизнестiң бастамаларын iлгерiлетуге жауапты болады.


      Өңiрдiң әкiмi:
      үдемелi индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру мәселелерi жөнiндегi ұсынымдарды, өңiрлiк Индустрияландыру картасына енгiзiлетiн бизнес жобаларын мемлекеттiк қолдау шараларын iрiктеу және айқындау бойынша ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылған және мемлекеттiк органдар, даму институттарының, ұлттық компаниялардың, кәсiпкерлiк құрылымдардың, екiншi деңгейдегi банктердiң өкiлдерiнен және тәуелсiз сарапшылардан құралған Үйлестiру кеңесiн;
      өңiрлiк индустрияландыру картасына енгiзiлетiн жобаларды iске асыру барысында туындайтын проблемаларды шешу мақсатында құрылатын үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi өңiрлiк басқару орталығын басқаратын болады.
      Әкiмдiк құрылымында мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламалар шеңберлерiнде индустрияландыру саясатын iске асыру мәселелерiне жауапты өңiр әкiмiнiң бiрiншi орынбасары лауазымы енгiзiлетiн болады.
      Бизнес-белсендiлiктi кiрiктiру және кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымын құру құралдары Аумақтарды дамыту бағдарламасы және «Бизнестiң жол картасы — 2020» бюджеттiк бағдарламасы болады, мұның аясында әрбiр даму институтының рөлi, олардың жергiлiктi атқарушы органдармен және бизнеспен өзара iс-қимыл жасасу тетiктерi, сондай-ақ кәсiпкерлiктi қолдау шараларын қаржыландыру көздерi нақты айқындалатын болады.
      Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар (бұдан әрi - ӘКК) инвестициялық жобаларды iске асыруға бизнеспен бiрлесiп қатысу, шетелдiк инвесторларды тарту, индустриялық аймақтарды, технопарктердi, бизнес-инкубаторларды дамытуды үйлестiру, жеке бизнес үшiн тартымды болып табылмайтын, бiрақ маңызды әлеуметтiк мәнге ие желiлiк жобаларды дамыту және көбейту (мысалы, сервистiк-дайындау орталықтарын құру және басқалары), кәсiпкерлiкке сервистiк қызмет көрсету жолымен өңiрлiк даму институтының рөлiн атқарады.
      ӘКК және «Қазагро» ҰБК» АҚ құрылымдары мыналарға шоғырландырылатын болады:
      өткiзу және дайындау кооперациясын ұйымдастыру;
      шикiзат, азық-түлiк сатып алу жолымен нарықты және тауар өндiрушiлердi қолдау;
      ұсақ лектердi шоғырландыру, сертификаттау және басқа операцияларды қоса алғанда, «шатырлық» брендтермен қазақстандық өндiрушiлердiң өнiмдерiн сыртқы нарықтарға экспорттау және iлгерiлету.
      «ДАМУ КДҚ» АҚ-ның қызметi кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi қызметтердiң кең спектрiн ұсынуға шоғырланады:
      екiншi деңгейдегi банктер арқылы кәсiпкерлiк субъектiлерiне қаржы қаражатын шартты орналастыру арқылы кредит беру;
      «Даму-Қолдау» бағдарламасы шеңберiнде тiкелей кредит беру;
      лизингтiк мәмiлелердi жеңiлдiктi қаржыландыру және лизингтiк компаниялардағы қаржы қаражатын шартты орналастыру;
      жергiлiктi атқарушы органдардың қаржы агенттерiнiң кредиттердiң пайыздық ставкаларын субсидиялау жөнiндегi функцияларды орындауы;
      екiншi деңгейдегi банктер алдында кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беру және кепiлгерлiк жүйесiн қалыптастыру;
      «ДАМУ» КДҚ мен басқа қаржы институттарының кепiлдiгiмен кәсiпкерлiк кредиттерiнiң портфелiн секьюритилендiру;
      франчайзингтi дамыту;
      консультативтiк-тренингтiк орталықтар желiсiн құру, кәсiпкерлiк жөнiнде мамандандырылған басылымдар шығару және тарату жолымен кәсiпкерлiк қызметiне ақпараттық-консалтингтiк қолдау көрсету.
      Мамандандырылған қаржы институттарын, оның iшiнде, шағын қаржы ұйымдарын, кредиттiк және ауылдық кооперативтердi дамытуға жәрдемдесудi «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымдары жүзеге асыратын болады.
      «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және «Парасат» ұлттық холдингi мыналар арқылы инновацияларды қолдауға және iлгерiлетуге шоғырланатын болады:
      технологиялар трансфертiн, бiлiм берудi, лицензиялар сатып алуды және берудi, start-up&spin-off жобаларды iске қосуды және шығаруды қамтамасыз ету;
      инновациялық жобаларды гранттық қаржыландырумен қамтамасыз ету;
      венчурлiк қаржыландыруды дамыту;
      ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды дамыту;
      ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету және оның iшiнде шетел сарапшыларын тарта отырып, инновациялық процестердi сүйемелдеу жүйесiн құру;
      жаңашылдықты және ұтымгерлiктi насихаттаудың кешендi бағдарламасын iске асыру.
      Бизнес-процестердi қолдау мамандандырылған сервистiк ұйымдардың қызметi шеңберiнде мыналар арқылы жүзеге асырылатын болады:
      технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың қызметтерiн ұсыну;
      бизнестi басқару, дамыту саласындағы консалтингтiк қызметтердi консультативтiк-тренингтiк орталықтары желiсiн құру жолымен ұсыну;
      жобаларды әзiрлеу, негiздеу және iске асыру саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету, оқыту қызметтерiн ұсыну;
      маркетингтiк зерттеулер жүргiзу;
      жобаларға технологиялық сараптама жүргiзу;
      шетелдiк нарықтарға шығуға жәрдемдесу.

4.2.2 Бағдарламаны өңiрлiк деңгейде iске асыру тетiктерi
(Бизнестiң жол картасы - 2020)

      «Бизнестiң жол картасы - 2020» бюджеттiк бағдарламасын iске асыру кәсiпкерлiктi, бiрiншi кезекте, шағын және орта бизнестi дамытуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталатын болады. Бұл бағдарламаны қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша мемлекет бюджетiнен жүзеге асырылады:


      кәсiпкерлiк секторды сауықтыру;
      кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;
      кредиттерге кепiлдiк беру;
      индустриялық инфрақұрылымды дамыту;
      бизнес жүргiзудi сервистiк қолдау;
      кәсiпкерлiк үшiн кадрлар даярлау.
      Кәсiпкер осы бағдарламада, сондай-ақ Бағдарламада көзделген басқа да бюджеттiк бағдарламаларда көзделген мемлекеттiк қолдаудың аралас пакетiне үмiттене алады.
      Қолдаудың негiзгi өлшемдерi:
      экспортқа бағдарлану және/немесе кейiннен сыртқы нарыққа шығумен қазақстандық қамтуды арттыру;
      жаңа жұмыс орындарын құру.
      Әрбiр өңiр үшiн Үкiмет айқындаған орталық атқарушы орган әзiрленген әдiстеме негiзiнде өңiрдiң экономикалық әлеуетiн ескере отырып есептелетiн қаржыландырудың жалпы лимитiн белгiлейтiн болады.
      Әкiмдiктер осы бағдарламаның бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитiн дербес бөледi.
      Операторлар рөлiн ӘКК-ларға жүктеу жоспарлануда, олар өңiрлiк Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органының функцияларын, субсидиялау және кепiлдiк беру үшiн жобаларды iрiктеудi және қарауды жүзеге асырады, индустриялық инфрақұрылымды дамытуды үйлестiрудi, сервистiк қолдау мен кәсiпкерлiк үшiн кадрлар даярлауды қамтамасыз ететiн болады.
      Кәсiпкерлiк секторды сауықтыру шеңберiнде мынадай қолдаулар көрсетiледi: берешек кәсiпорынды Банктердiң қазiрдiң өзiнде бар кредиттерi бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау және берешек кәсiпорынның салықтар мен бюджетке басқа да мiндеттi төлемдерiн өтеуiн өсiмпұлдар мен айыппұлдар салмастан 1 жылға кейiнге қалдыру.
      Кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау экономиканың басым секторларындағы қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi жаңғыртуға, кеңейтуге және ұйымдастыруға бағытталған жобалар бойынша жүзеге асырылады.
      Ең жоғары субсидиялау мерзiмi 3 жыл болып, ол мерзiмдi 10 жылға ұзарту мүмкiндiгiмен iске асырылып отырған жобалар бойынша жаңа және бұдан бұрын берiлген кредиттер субсидияланады.
      Өтiнiм берушiнiң жобаға кемiнде 15 % мөлшерiндегi өз қаражатымен қатысуы қолдаудың мiндеттi шарты болып табылады.
      Кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау ӘКК мен екiншi деңгейдегi банктердiң оң қорытындылары негiзiнде өңiрлiк Үйлестiру кеңесiнiң шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.
      мониторинг жүргiзудi әкiмдiктер, екiншi деңгейдегi банктер мен қаржы агентi арасында жасалатын Бас келiсiм шеңберiндегi тиiстi рәсiмдердi орындай отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қаржы агентi жүргiзедi.
      Агенттiк қызметтерiнiң құны бюджеттен өтеледi.
      Сыйақы ставкаларын субсидиялау тетiгiн, тәртiбi мен шарттарын Үкiмет айқындайды.
      Ең көп мөлшерi кредит сомасының 50 %-i болатын және кепiлдiк беру мерзiмi кредит шартының әрекет ету кезеңiнен аспайтын жаңа өндiрiстердi ұйымдастыруға бағытталған кәсiпкерлiктiң кредиттерiне кепiлдiк берудi ӘКК мен екiншi деңгейдегi банктердiң оң қорытындылары негiзiнде өңiрлiк Үйлестiру кеңесiнiң шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қаржы агентi жүзеге асырады.
      Өтiнiм берушiнiң жобаға кемiнде 15 % мөлшерiндегi өз қаражатымен қатысуы қолдаудың мiндеттi шарты болып табылады.
      Қаржы агентiнiң шығындарын жабуға арналған резерв осы бағдарламаның қаражаты есебiнен қалыптасады.
      Кредиттердi кепiлдендiру тетiгiн, тәртiбi мен шарттарын Үкiмет айқындайды.
      Индустриялық инфрақұрылым осы бағдарламаға енгiзiлген жобаларды iске асыруды қолдау, сондай-ақ өңiрлiк Үйлестiру кеңесiнiң шешiмi негiзiнде перспективалы әлеуеттi жобаларды iске асыру үшiн берiлетiн болады.
      Кәсiпкерлiк үшiн кадрлар даярлау, оның iшiнде, бiлiктiлiгiн арттыру және жұмыс орындарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелер мен өлшемдер негiзiнде әкiмдiктердiң қаражат бөлуi жолымен қаржыландырылатын болады.
      Бұл бағдарламаның мониторингi «Атамекен» ҮӘК-мен және бизнестiң басқа да қоғамдық ұйымдарымен бiрге жүргiзiледi.

4.3 Бизнес бiрлестiктерiнiң рөлiн арттыру

      Мемлекет пен бизнестiң өзара iс-қимылын дамыту шеңберiнде мыналар қамтамасыз етiлетiн болады:


      орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Парламентiнде және халықаралық ұйымдарда бизнес бiрлестiктерi мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiру және қорғау;
      экономикадағы төрешiлдiктi жою, артық әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау, мемлекеттiк органдардың лицензия-рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру жөнiндегi кәсiпкерлiк саласындағы нормативтiк құқықтық базаны дамыту үшiн кәсiпкерлер бiрлестiктерiнiң сараптау-консультативтiк функцияларын орындау;
      мемлекеттiк сатып алу жүйесiн жетiлдiруге қатысу.
      бизнестi «көгалдандыру».
      Бизнес-ортаны шоғырландыру үшiн мыналар ынталандырылатын болады:
      кәсiпкерлер бiрлестiктерiнiң мүшелiк базасын өсiру;
      iрi корпорациялардың шағын бизнес кәсiпорындарын бизнес-бiрлестiктердiң институционалдық тетiктерi арқылы қолдауы;
      кәсiпкерлердiң салалық, өңiрлiк қауымдастықтары мен олардың бiрлестiктерi арасындағы қызметтi үйлестiру.
      Үкiмет, кәсiподақ және жұмыс берушiлер арасындағы үш жақты ынтымақтастық шеңберiнде әлеуметтiк әрiптестiктi дамыту жалғасады.
      Экономикалық агенттер арасында шаруашылық дауларды шешу кезiнде трансакциялық шығындарды төмендету үшiн мыналар қолдау табатын болады:
      аралық және төрелiк соттардың, оның iшiнде, Сауда-өнеркәсiп палаталарының жанындағы қызметi;
      соттан тыс қарау тетiктерi.
      Кәсiпкерлер бiрлестiктерiнiң бизнес-интеграторлары ретiнде бiрлестiктер қатысушыларды қолдау бойынша әртүрлi функциялар жүзеге асырылатын болады:
      экспортты бiрлесiп жылжыту;
      кооперациялардың әртүрлi нысандарын дамыту;
      сервистiк қызмет көрсету;
      нарықтарды қолдау және басқа да функциялар.

5. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету

      Бағдарламаны табысты iске асыру үшiн мемлекеттiң және жеке меншiк сектордың қаржы ресурстары шоғырландырылатын болады, бұл ретте мемлекет жүйелi және секторалдық қолдау шараларын, инфрақұрылымды дамытуды қаржылық қамтамасыз етуге, ал жеке меншiк сектор мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар жобалық қаржыландыруға шоғырланатын болады.


      Бағдарламаның нысаналы көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн инвестициялық жобаларды iске асыруға жұмсалатын тiкелей шығынның болжамды көлемi шамамен 6,5 трлн. теңгенi құрайды және мынадай көздерден қамтамасыз етiлетiн болады:
      жеке меншiк iшкi және сыртқы инвесторлардың қаражаты;
      ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын өзге де ұйымдардың қаражаты;
      инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға, сондай-ақ индустрияландыруды мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жалпы жүйелiк шараларын қаржыландыруға арналған мемлекеттiк бюджет.

6. Бағдарламаның нәтижелерi

      Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi бағдарламаны табысты iске асыру оны әртараптандыру және ұзақ мерзiмдi кезеңде бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру арқылы орнықты және теңгерiмдi өсудi қамтамасыз етуге ықпал ететiн болады.


      Өндiрiс факторлары өнiмдiлiгiнiң өсуi, ұлттық инновациялық жүйенiң дамуы және нығаюы, экономиканың шоғырлану деңгейiнiң төмендеуi, индустрияландыру үдерiсiнде шағын және орта бизнес рөлiнiң күшеюi, индустриялық сектордың өндiргiш күштерiн ұтымды ұйымдастыру, адами капитал сапасының өсуi Бағдарламаның негiзi сапалы нәтижелерi болады.
      Индустрияның экспортқа бағдарланған дәстүрлi секторлары кейiнгi бөлiнiстi өндiрiстердi дамыту және экономиканың салалас секторларына оларды дамытудың мультипликативтiк кең ауқымды әсерiн қамтамасыз ету есебiнен индустрияландырудың локомотивi рөлiн атқарады.
      Өнеркәсiптiк өндiрiстiң жаңа кiшi салаларының кәсiпорындары - мұнай-химия, ғарыш өнеркәсiбi, инфокоммуникация, тыңайтқыштар, фармацевтика, мамандандырылған машина жасау, керамика өндiрiстерi, шыны өндiрiсi орнықты дамиды.
      Агроөнеркәсiп кешенiн және жеңiл өнеркәсiптi инновациялар енгiзу негiзiнде үдемелi дамыту тұтыну сұранысы тауарларының импортына экономиканың тәуелдiлiгiн азайтады және сыйымдылығы 170 млн. адам болатын Кеден одағының нарығын ескере отырып, олардың экспорттық әлеуетiн кеңейтедi.
      «Болашақтың экономикасы» секторларының ғылымды қажетсiнетiн технологиялары мен бәсекеге қабiлеттi өнiмiн жасау және енгiзу Қазақстанға постиндустриялық экономиканың негiзiн құруға мүмкiндiк бередi.
      Шикiзат емес экспорттың үлесi экспорттың жалпы көлемiнiң кемiнде 40 %-ы деңгейiне дейiн өсуiмен экономиканың құрылымында шикiзат емес секторлардың үлес салмағы ұлғаяды.
      Энергетикалық, көлiк, инфокоммуникациялық инфрақұрылымның басып оза дамуына қол жеткiзiледi.
      Әкiмшiлiк кедергiлердi азайту, еркiн бәсекелестiктiң дамуы үшiн жағдай жасау, қазақстандық қамтуды ұлғайту, тиiмдi тариф саясатын жүргiзу, iрi өнеркәсiптiк өндiрушiлердiң маңында шағын және орта бизнес кәсiпорындары желiсiн мақсатты түрде құру есебiнен отандық кәсiпкерлiктiң дамуында шешушi бетбұрыс болады.
      Инновациялық инфрақұрылымды одан әрi дамыту, сапа инфрақұрылымын құру, энергия үнемдеу саласында нормативтiк құқықтық база қалыптастыру, экономиканың басым салаларына ҒЗТКЖ нәтижелерiн енгiзу есебiнен стандартты технологиялар трансфертi және отандық өнеркәсiптiк инновациялық әзiрлемелердi игеру үшiн жүйелi жағдайлар жасалатын болады.
      Теңгерiмдi фискалдық жүктеме есебiнен Қазақстанның экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялы шикiзат емес өндiрiстегi инвестициялық тартымдылығының деңгейi жоғарылайтын болады.
      Арнайы бюджеттiк бағдарламаларды қамтитын мемлекеттiк қолдау құралдары мен шараларының қалыптастырылған бiрыңғай жүйесi мемлекет пен бизнестiң күш-жiгерiн үйлестiрiп, шоғырландыруға мүмкiндiк бередi  және елдi индустрияландыруда синергетикалық тиiмдiлiкке алып келедi әрi Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
      Үдемелi индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу отандық экономиканың тiзбектi дағдарыстарға қатысты орнықтылығын жоғарытылады және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырады.

Қазақстан Республикасы


Президентiнiң   
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 958 Жарлығына  
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы Президентiнiң


күшi жойылған кейбiр жарлықтарының
ТIЗБЕСI

      1. «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 23-24, 217-құжат).


      2. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi көлiк стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 сәуiрдегi № 86 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 13, 121-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 47, 499-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 2 шiлдедегi № 627 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 340-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 11 ақпандағы № 735 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 9, 35-құжат).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет