Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы


Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру



бет9/13
Дата17.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#142746
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2.8 Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру

Ағымдағы ахуалды талдау

      Қазiргi уақытта нормативтiк экспансия әдiстерiмен - техникалық регламенттерде, стандарттарда, аккредиттеу әдiстерiнде, сәйкестiктi бағалау және нарыққа қол жеткiзудiң өзге де нысандарында мүдделiк қолдау арқылы экономикалық тауашаларын жеңiп алу үрдiсi бар.


      Техникалық регламенттер қабылдау арқылы өнiмдердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, ұлттық қауiпсiздiк үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, бизнеске жасалатын қысымды азайту, импорттық өнiм нарығында қол жеткiзудi шектеу мәселелерi шешiлуде.
      Тұтынушылар үшiн техникалық регламенттер тұтынатын өнiмiнiң қауiпсiздiк кепiлi, ал өндiрушiлер, импорттаушылар мен өткiзушiлер үшiн бiрiншiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi мемлекеттiң түпкiлiктi талабын қамтитын құжат болып табылады.
      Техникалық регламенттер әзiрлеу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған жоспарға сәйкес 97 техникалық регламент әзiрлеу жоспарланған, оның 61 бекiтiлген. Енгiзiлген түзетулерге сәйкес ендi 43 техникалық регламент әзiрленiп, қабылдануы қажет.
      Бiрыңғай кеден одағын құру жұмыстары белсендi сатыда тұр және оның маңызды бағыттарының бiрi техникалық реттеу болып табылады.
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бiрiншi кезектегi техникалық регламенттерiн әзiрлеудiң бекiтiлген кестесiне сәйкес 32 техникалық регламент әзiрлеп, қабылдау көзделiп отыр, бұл ретте 24 техникалық регламенттiң қазақстандық аналогы бар немесе әзiрленуде.
      Осыған байланысты, Қазақстанның сапалы әзiрленген техникалық регламенттерi негiзге алынуы тиiс ЕурАзЭҚ-тың техникалық регламенттерiн қабылдау кезiнде өз мүддесiн талап ету Қазақстан үшiн маңызды болып табылады.
      Мемлекет пен кәсiпкерлiктiң мүдделерiн теңгерiмдеуi тиiс бейiмделген техникалық регламенттердi енгiзу талап етiледi.
      Техникалық регламенттердiң талаптарын толыққанды енгiзу үшiн орташа алғанда кемiнде бiр жыл қажет, бұл уақытта ведомстволық нормалау, бизнес ортаға әкiмшiлiк қысым жасауды азайту, қажет болғанда өндiрiстi жаңғырту, сынақ базасын құру жөнiндегi шаралар қабылдап, үйлестiрiлген стандарттар әзiрленiп, қабылдануы тиiс.
      Бүгiнгi күнi Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорында стандарттау жөнiндегi 56 342 астам нормативтiк құжат бар, оларға мемлекеттiк, халықаралық, ұлттық және өңiрлiк стандарттар кiредi. Мемлекеттiк стандарттар деңгейiнде 2 791 бiрлiк қабылданған, оның iшiнде 1 846 бiрлiгi - халықаралық талаптармен үйлестiрiлген, бұл жалпы үйлестiру пайызының 66 %-ын құрайды.
      Салалар бөлiнiсiнде мемлекеттiк стандарттарды үйлестiру деңгейi: 1. Машина жасау және машина жасау өнiмi (80,3 %); 2. Энергетика және электрлiк-техника (57,4 %); 3. Жол-көлiк техникасы (72,8 %); 4. Құрылыс материалдары және құрылыс (72,3 %); 5. Жеңiл өнеркәсiп (32,9 %); Ауыл шаруашылығы (47,1 %); 7. Тамақ өнеркәсiбi (60 %); 8. Химиялық технология (70,1 %); 9. Металлургия және тау iсi (59,7 %); 10. Мұнай және газ. Аралас өндiрiстер (92,4 %).
      Жыл сайын шамамен 350 мемлекеттiк стандарт қабылданады. Бұл белгiлi бiр шамада жалпы үйлестiру деңгейiн 1-2 %-ға арттыруға мүмкiндiк бередi.
      Индустрияландыру шеңберiнде жұмыстарды үдету ескерiлдi. Сондықтан жыл сайын қосымша 500 стандарт қабылдау қажет және 5 жыл iшiнде кемiнде 2500 мемлекеттiк стандарт қабылдануы тиiс. Бұл ретте, халықаралық талаптармен үйлестiруге көп көңiл бөлiнедi.
      2008 жылдан бастап ұлттық аккредиттеу жүйесi құрылды, ол барлығы 1059 құрылымды қамтиды, соның 186-ы сертификаттау жөнiндегi орган, 541-i сынау зертханасы және 332-сi метрологиялық қызметтер.
      Сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген органдар мен сынақ зертханаларының желiсi тең бөлiнбеген, олар негiзiнен Алматы қаласында, гендiк-түрлендiру көздерiн айқындау жөнiндегi, отын мен автомобильдердiң Евро экологиялық талаптарына сәйкестiгi, өрт қауiпсiздiгi бойынша және басқа да аккредиттелген сынау зертханалары жоқ.

Негiзгi мiндеттер

      Индустрияландыру процестерiне техникалық реттеу құралдарын пайдалану және мыналарға:


      1. Отандық нарықты қауiптi және сапасыз (стандартты емес) өнiмнен шектеу.
      2. Әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн өнiм өндiру, менеджмент және технологиялық қайта жарақтану жүйелерiн енгiзу жағдайларын жасау үшiн сапа инфрақұрылымын құру.

Нысаналы индикаторлар

      1. 2010 жылды қоспағанда, жыл сайын кемiнде 850 мемлекеттiк стандарт әзiрлеу және қабылдау.


      2. Стандарттар енгiзудiң 16 өңiрлiк және 10 салалық жоспарын iске асыру.
      3. 2012 жылға барлық техникалық құжаттарды бiр қорға шоғырландыру және олардың қол жетiмдiгiн қамтамасыз ету.
      4. 2014 жылға қарай мемлекеттiк стандарттардың халықаралық талаптармен үйлесу деңгейiн 65 %-дан 76 %-ға дейiн жеткiзу (2010 жылы 68 %, 2011 жылы 70 %, 2012 жылы 72 %, 2013 жылы 74 %, 2014 жылы 76 %,).
      5. 2010 жылға қарай менеджмент жүйесiн енгiзген және сертификаттаған кәсiпорындар санын 2035-тен 3000 кәсiпорынға дейiн ұлғайту (2010 жылы 2200, 2011 жылы 2400, 2012 жылы 2600, 2013 жылы 2800, 2014 жылы 3000).
      6. 2014 жылға қарай енгiзiлген техникалық регламенттер санын 90-ға дейiн жеткiзу, бұл ретте салалар қажеттiлiктерiне байланысты оларды өзектендiру болжанады.
      7. 2014 жылға қарай кемiнде 30 мемлекеттiк эталон мен эталондық жабдықтарды 60 мәрте жаңғырту (толық жарақтандыру).

Iс-қимылдар стратегиясы

      Отандық нарықты қауiптi және сапасыз (стандартты емес) өнiмнен шектеу жөнiндегi мiндеттер шеңберiнде:


      орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өнiмiнiң қауiпсiздiгiне жоғары талаптар мен отандық өнiм нарығына қол жеткiзудiң ерекше шарттарын белгiлейтiн техникалық регламенттер әзiрленiп, енгiзiледi;
      тәуекелдерге барынша аз араласу және тиiмдi басқару принциптерiне негiзделген мемлекеттiк бақылау жүргiзiледi;
      сынақ, оның iшiнде шекара маңы сауда орталықтарын, арнайы экономикалық аймақтар салу шеңберiнде, сондай-ақ инвестициялық жобалар шеңберiнде сынақ зертханалары құрылады және жаңғыртылады;
      аккредиттеу, сертификаттар және хаттамалар жүйелерiнiң барабарлығы бойынша, соның iшiнде интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде көп жақты және екi жақты келiсiмдер жасасу бойынша шаралар қабылданады;
      техникалық регламенттер мен стандарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшiн республикалық және жергiлiктi деңгейлерде инвестициялық жобаларды қаржыландыру және қабылдау жөнiндегi комиссияның құрамына техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерiн енгiзу жүргiзiлетiн болады.
      техникалық регламенттер мен стандарттарды сақтау бойынша техникалық нормалау мен мемлекеттiк бақылау жөнiндегi саясатты қалыптастыру және iске асыру бойынша кәсiптiк мемлекеттiк органды құру жөнiндегi жұмыстар.
      Әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн өнiмдер өндiру, менеджмент және техникалық қайта жарақтандыру жүйесiн енгiзу үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi мiндеттер шеңберiнде:
      нақты өндiрiстер шеңберiнде өнiм шығару үшiн қажеттi озық халықаралық стандарттарға негiзделген мемлекеттiк стандарттар әзiрленiп, қабылданады;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өнiмге, сондай-ақ әлеуметтiк инфрақұрылымға стандарттар енгiзуге бағытталған шаралар ұйымдастырылады;
      Нормативтiк-техникалық құжаттардың бiрыңғай қорын құру және оларды халықаралық ұйымдардың құжаттарымен толықтыру жүзеге асырылады;
      менеджмент жүйесi стандарттарын енгiзудi және өнiм сапасын арттыруды насихаттау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру, менеджмент жүйесi стандарттарын енгiзген кезде шағын және орта бизнес кәсiпорындарын субсидиялауды жүзеге асыру тетiктерi әзiрленедi;
      жыл сайынғы мемлекеттiк сатып алулар жоспары қалыптастырылып, бекiтiлген кезде тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгiн көрсету тәжiрибесi қайта жаңғыртылады;
      техникалық реттеу және метрология саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде бiрыңғай орталық құрылады;
      салаларды метрологиялық қамтамасыз ету және эталон базасының халықаралық деңгейге баламалығын растау үшiн ұлттық эталон базасына жаңғырту жүргiзiлетiн болады.

Заңнаманы жақсарту

      «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне, «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Техникалық регламенттерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. Атап айтқанда, техникалық регламенттер талаптарын сақтамаған кәсiпорындарға қатысты әкiмшiлiк әсер етудi күшейту; ЕурАзЭҚ және Кеден одағы шеңберлерiнде қабылданған келiсiмдерге сәйкестендiру.



2.9 Энергия үнемдеу

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазiргi уақытта Қазақстанға отын-энергетика ресурстары (бұдан әрi - ОЭР бағасының төмендiгi мен қолжетiмдiлiгi нәтижесiнде қалыптасқан ОЭР бағасының әлемдiк бағаға қарағанда төмендiгi, оларды өндiру, шығару, қайта өңдеу, беру (тасымалдау), сақтау, бөлу және тұтыну (қайта түрлендiру) кезеңдерiнде пайдалану тиiмдiлiгiнiң қанағаттанарлық еместiгi тән.


      Өнеркәсiп секторы, ол ЕС елдерiнiң энергияны қажетсiну бойынша осыған ұқсас көрсеткiшiнен бес есеге көп. Әлемдiк нарық жағдайларында энергияға бағаның өсуiн ескере отырып бәсекеге қабiлеттiлiк мәселелерi өткiр күйiнде қалуда.
      Мемлекеттiк мекемелердiң (мектептер, ауруханалар және т.б.) басым бөлiгi, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттары энергия жүйелерiмен тиiмсiз жарақтандырылған және жаңартуды талап етедi.
      Әлемдiк экономикада энергияны үнемдеу соңғы жылдары қорлардың азаюымен және қалпына келтiрiлмейтiн ОЭР қорының сарқылуымен, климаттың өзгеруiне байланысты экологиялық проблемалармен, парниктiк газдардың ауаға шығуын азайту қажеттiлiгiмен сипатталатын жаһандық энергетика проблемасын шешудiң ең бiр сенiмдi құралы ретiнде көрiнiп отыр.
      Дамыған елдердiң даму тәжiрибесi қаражатты энергия үнемдеуге салу, энергия объектiлерi құрылысының толық құқықты баламасы, бiрқатар жағдайларда тiптен барынша орынды екенiн көрсетiп отыр.
      Ел экономикасының халықаралық нарықтық қатынастарға бейiмделуi жағдайларында ОЭР-дiң iшкi нарығында бағаның iс жүзiнде әлемдiк деңгейге дейiн сөзсiз өсу үрдiсi болжануда.
      Индустриялық дамыған елдердiң өткен жүз жылдықтың 70-шi жылдарындағы энергетикалық дағдарыстан шығу тәжiрибесi энергия үнемдеу саласындағы бiрқатар маңызды мәселелердi нақты түрде шешу қажеттiлiгiн, әсiресе материалдық өндiрiс саласындағы, энергияны үнемдеудi ғылыми және техникалық негiздi түрде азайтуға бағытталған нысаналы жобалар кешенiнде энергия тұтынуды үздiксiз жүзеге асыру қажеттiлiгiн көрсетiп отыр.
      Сондықтан осы саладағы саясаттың мақсаты мыналарды қамтамасыз ететiн энергия ресурстарын реттеушi және ынталандырушы тұтынушылардың кең ауқымын пайдалана отырып, энергия тиiмдiлiгi өсуiнiң белгiленген стратегиялық бағдарларына сөзсiз қол жеткiзу болып табылады:
      энергияны аз тұтынатын өңдеу салаларының пайдасына құрылымдық қайта құру;
      технологиялық энергия үнемдеу әлеуетiн iске асыру.
      Энергияны тиiмдi пайдалануға ынталандыратын құқықтық, әкiмшiлiк және экономикалық шаралардың тұтастай жүйесiн жүзеге асыру қажет. Осы жүйенiң шеңберiнде мыналар көзделуi тиiс:
      отын мен энергияның энергия үнемдеу талаптарын қатаңдату бағытында жұмсалуын айқындайтын қолданыстағы нормаларға, ережелер мен регламенттерге өзгерiстер енгiзу;
      энергия тұтынудың есебiн жүргiзу мен бақылауды жетiлдiру, сондай-ақ энергия тұтыну стандарттарын белгiлеу және кеңiнен қолданылатын энергия тұтынатын аспаптар мен жабдықтарды олардың энергияны жұмсау нормативтерiне сәйкестiгiне мiндеттi түрде стандарттау;
      кәсiпорындарға тұрақты түрде энергетикалық аудит жүргiзу (iрi кәсiпорындар мен бюджет саласы үшiн мiндеттi түрде);
      оны бизнестiң тиiмдi саласына айналдыратын энергия үнемдеудiң қосымша ынталандыруларын жасау;
      мемлекеттiң тұрғындар арасында энергияны тиiмдi пайдалануды тартымды етуi, персоналды жаппай оқыту; энергияны үнемдейтiн iс-шаралар, технологиялар мен жабдықтар, нормативтiк-құқықтық құжаттар туралы ақпараттары бар қолжетiмдi деректер базасы;
      тәжiрибе алмасу конференциялары мен семинарлары, бұқаралық ақпарат құралдарында энергия үнемдеудi насихаттау және т.б.
      Басты мiндет ықтимал қаржы-экономикалық тәуекелдердi азайту арқылы капиталды осы қызмет саласына салу үшiн барынша тартымды жағдайлар жасай отырып, нысаналы саясат есебiнен энергия ресурстарын тұтынушылардың энергия үнемдеуге инвестиция салуға деген қызығушылығының тұрақты және тиiмдi жүйесiн құру болып табылады.
      Энергияны үнемдеу және энергияны тиiмдi пайдалану жөнiндегi iс-шаралар өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың өңiрлiк кешендi бағдарламаларының (жоспарларының), соның iшiнде өңiрлiк энергетикалық бағдарламалардың негiзгi бөлiгi болуы тиiс.
      Өңiрлiк бағдарламаларда (жоспарларда) жергiлiктi атқарушы органдардың өңiрлерде энергия үнемдеу саясатын жүйелi жүргiзу қызметiн бағалау тетiктерiн қарастыру қажет.

Негiзгi мiндеттер

      Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында өндiрiстiң энергия қажетсiнуiн төмендету.


      Энергияны аз тұтынатын өңдеу салаларын ұлғайта отырып, экономиканы құрылымдық қайта құру.
      Технологиялық энергия үнемдеу әлеуетiн iске асыру.
      Энергияны тиiмi пайдалануға ынталандыратын тұтастай құқықтық,  әкiмшiлiк және экономикалық шаралар жүйесiн жүзеге асыру.

Нысаналы индикаторлар

      1. Энергия үнемдеу туралы ҚР Заңын iске асыру мақсатында заңға тәуелдi актiлердi әзiрлеу және қабылдау.


      2. Энергия үнемдеу туралы ҚР Заңына сәйкес мiндеттi түрде зерттелуi тиiс кәсiпорындар бойынша тiзiлiм жасауды аяқтау.
      3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң 2010 - 2015 жылдарға арналған кешендi өңiрлiк энергия үнемдеу жоспарларын әзiрлеуi.

Iс-қимылдар стратегиясы

      Энергетика секторы ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының өмiршеңдiгiн қамтамасыз етедi және көпшiлiк жағдайда негiзгi қаржы-экономикалық көрсеткiштердi қалыптастыруды айқындайды. Табиғи отын-энергетика ресурстарын, энергетика секторының өндiрiстiк, ғылыми-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану халықтың әл-ауқатының өсуi мен өмiр сүру деңгейiн көтерудi қамтамасыз ететiн тұрақты дамудың қажеттi алғышарттарын жасайды.


      Жаңа уақыт талаптарына қаржылық тұрақты, экономикалық тиiмдi және серпiндi дамитын, алайда үздiк технологиялармен және бiлiктi кадрлармен жарақтанған қоршаған орта үшiн аса қолайлы сапалық жаңа отын-энергетикалық кешенi (ОЭК) ғана сәйкес келе алады.
      Мыналар iс-қимыл стратегиясының басымдықтары болып табылады:
      өндiрiстiң жалпы шығынын азайту және энергия ресурстарын тұтыну тиiмдiлiгi, оларды энергия үнемдейтiн технологиялар мен жабдықтарды қолдану есебiнен пайдалану;
      бәсекеге қабiлеттi инновациялар құру үшiн энергия тиiмдiлiгi саласында шағын инновациялық және венчурлiк кәсiпкерлiктi құруға ынталандыру;
      энергия тиiмдiлiгi жөнiндегi жобаларды iске асыру үшiн шетелдiк инвестицияларды тарту.
      Бұл кезеңде «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Заңды iске асыру үшiн бiрқатар нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, сондай-ақ Мемлекеттiк энергия үнемдеу тiзiлiмiн ұйымдастыру  және iрi ОЭР тұтынушыларының энергияны үнемдеуiне мониторинг ұйымдастыру бiрiншi кезектегi мiндеттер болып табылады.
      Бұл ретте, заңнамада:
      тарифтiк, салық, кеден, монополияға қарсы реттеу шараларын қарастыру;
      перспективалық техникалық регламенттер, ұлттық стандарттар мен энергетиканы дамыту процесiн басқаруды арттыратын және энергия үнемдеуге ынталандыратын нормалар жүйесiн енгiзу;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң инвестициялық, инновациялық және энергия үнемдеу белсендiлiгi саласында стратегиялық бастамаларын ынталандыру және қолдау қажет.
      Отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруды стандарттау әдiстерiмен және құралдарымен қамтамасыз ету;
      Отын-энергетика ресурстарын пайдалану көрсеткiштерiнiң оңтайлы номенклатурасы мен деңгейiн және қазiргi заманғы ғылым мен техникаға сәйкес келетiн бағалау әдiстерiн белгiлеу.
      Отын-энергетика ресурстарын есепке алу және жұмсау жүйесiн жетiлдiрудi, газды, суды, жылуды есепке алудың қазiргi заманғы аспаптарын, электр энергиясын тұтыну есептеуiштерiн, тиiмдi құрал-жабдықтарды, жарық техникасын және жылу энергиясын тұтынуды бағдарламалық реттеу жүйелерiн енгiзудi қамтамасыз ету.
      Тұрмыстық электр құралдары мен радиоэлектронды жабдықтарды энергетикалық таңбалау стандарттарын әзiрлеу есебiнен энергия тұтынатын өнiмдердi энергетикалық таңбалауды қамтамасыз ету, бұл халықтың барынша үнемдi аспаптарды сатып алуына, iшкi бәсекелестiктi күшейтуге жағдайлар жасайды.
      Қазақстан Республикасы экономикасының басым салаларындағы нормативтiк құжаттарды үйлестiру үшiн шетелдердiң халықаралық, өңiрлiк және ұлттық даму стандарттарын сатып алу.
      Энергия тиiмдiлiгi саласындағы статистикалық есептiлiк пен мониторинг жүйесiн жетiлдiру мақсатында статистикалық есеп беру тәртiбiн жүргiзу (есептiлiктiң арнайы нысандарын, әдiстерiн әзiрлеу), сондай-ақ елдегi энергия тиiмдiлiгi саласындағы мониторинг жүйесiн әзiрлеу қажет.
      Бюджеттiк мекемелердiң энергия ресурстарын ұтымды пайдалануы жөнiндегi қызметiн ынталандыру мақсатында бюджеттiк ұйымдардың энергия үнемдеу iс-шараларын енгiзу нәтижесiнде үнемделген бюджеттiк қаражатты қайта инвестициялау тетiгiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету керек.
      Энергия тиiмдiлiгi саласындағы iс-шаралар мен жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және энергия үнемдеудi бизнестiң тиiмдi жұмыс iстейтiн түрiне айналдыру мәселесi ерекше көңiл бөлуге лайық. Дамыған елдердiң тәжiрибесi энергия сервистiк келiсiмшарттар схемасы бюджеттiк мекемелерде энергия үнемдеудiң барынша қолайлы тетiгi болып табылатынын көрсетiп отыр.
      Осы мақсатта энергия үнемдеудi жүзеге асыратын бюджеттiк ұйымдар мен энергия сервистiк компаниялардың өзара iс-қимыл тетiгiн және энергетика ресурстарын тұтынуды қысқарту мақсатындағы iс-шараларды әзiрлеу қажет.
      Бюджеттiк мекемелердiң энергия ресурстарын ұтымды пайдалану жөнiндегi жұмысын ынталандыру мақсатында бюджеттiк ұйымдардың энергия үнемдеу iс-шараларын енгiзу нәтижесiнде үнемдеген бюджеттiк қаражатта қайта инвестициялау тетiгiнiң iстеуiн қамтамасыз ету керек.
      Iс-қимыл стратегиясының тағы бiр басымдығы:
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастықты, оның iшiнде өнеркәсiптiк даму жөнiндегi ынтымақтастықты дамыту;
      Еуропалық Одақ елдерiнiң энергия үнемдеу жөнiндегi уәкiлеттi органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      Тәуелсiз Елдер Достастығына қатысушы мемлекеттерде энергия тиiмдiлiгiн көтеру мәселесiмен айналысатын ұйымдармен тұрақты байланыс орнату. Бiрлескен жобаларды iске асыру.

Заңнаманы жақсарту

      «Энергия үнемдеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру үшiн өнеркәсiп, энергетика, құрылыс және басқа салаларды қамтитын нормативтiк құжаттар, сондай-ақ энергия үнемдеу саласындағы жаңа мемлекеттiк стандарттар мен техникалық регламенттер әзiрленетiн болады.



2.10 Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға
жәрдемдесу

      Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау

      Бүгiнгi күнi Қазақстанда ғылым шығыстарының үлесi елдiң ЖIӨ-ден 0,2 % құрайды, ал Халықаралық академиялық кеңес ұсынатын дамушы елдер шығындарының үлесi ЖIӨ-ден 1-1,5% құрайды. Мысалы, Ресейде тиiстi көрсеткiш ұлттық ЖIӨ-ден 1,3 %-ға, Қытайда - 1,4 %-ға, Германияда - 2,5 %-ға, АҚШ - 2,8%-ға және Жапония - 3,3%-ға тең. Осылайша, Қазақстанда берiлген патенттердiң саны 1671 патенттi құрайды, ал Ресейде 19 641 патент, Қытайда - 26 292, АҚШ-та - 154 760 және Жапонияда - 217 364 патент берiлдi.
      Қазақстанда Ғылым академиясы қоғамдық бiрлестiк болып қайта ұйымдастырылды, ал ғылыми-техникалық институттарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жанындағы ұлттық ғылыми орталықтар арқылы орталықтан жасалады, әрi ол қазақстандық экономиканың қажеттiлiгiмен байланысты емес және мәнi бойынша ғылыми-зерттеу институттарының ағымдағы қызметiн қаржыландыру болып табылады, ал жоғары оқу орындары мен жеке сектордың қатысуы барынша аз болып қала бередi.
      Қазақстандық өнеркәсiп кәсiпорындары ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстармен (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) дербес айналысуға ұмтылмайды және ҒЗТКЖ өнiмдерiн сатып алуға ақша салуға тырыспайды, салыстырмалы түрде бұл тиiстi өндiрiстi жаңғыртумен айналысатын кәсiпорындарға да тән. Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанда кәсiпорындардың инновациялық белсендiлiк деңгейлерi соңғы жылдары 3-4% деңгейiнде, бұл ЕО елдерiне қарағанда едәуiр төмен.
      1997 жылдан бастап 2008 жыл аралығында кәсiпорындардың шығындары құрамындағы ғылыми-техникалық қызметтердiң үлес салмағы 4,5 еседен астам ұлғайды, бұл ҒЗТКЖ өнiмдерiне сұраныстың артқанын куәландырады.
      Кәсiпорындардың көпшiлiгi технологиялық шешiмдердiң импорттық техникалар мен жабдықтарда қазiрдiң өзiнде бар екендiгiне қарамастан, «толық аяқталған» жобаларға басымдық бередi. Сонымен қатар лицензияланған технологиялар мен патенттер өте сирек сатып алынады (фирмалардың - 4 %).
      Отандық ғылыми-зерттеу кешенiнiң құрылымын толық талдау кезiнде республиканың барлық ғылым саласының 80 %-ын зерттеу бөлiгi құрайтынын және 20 %-дан кемi ҒЗТКЖ-ға келетiнi анықталды. Қазақстандағы тәжiрибе өндiрiстерi ғалымдарының, конструкторлардың және қызметкерлердiң арақатынасы 25:4:1, ал дамыған елдерде бұл ара-қатынас 1:2:4-тi құрайды. Ғылымды қаржыландыру жүйесi мына қатынастарда оңтайлы болады: iргелi зерттеулерге 20 %, қолданбалы зерттеулерге 30 %, ТКЖ-ға 50%, бұл инновациялық технологиялар енгiзудiң тиiмдi жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.

Негiзгi мiндеттер

      1. Тиiмдi ұлттық ғылыми инновациялық жүйе қалыптастыру және ұлттық инфрақұрылымды дамыту.


      2. Өнiмдер мен қызметтердiң жаңа түрлерiнiң инновациялық әзiрлемелерiн ауқымды және жеделдетiп игеруге ынталандыратын жағдайлар жасау.
      3. Отандық кәсiпорындардың техникалық, технологиялық және басқарушылық деңгейлерiн жаңғырту.

Нысаналы индикаторлар

      1. Халықаралық танылған патенттер санын 2014 жылға қарай 30-ға дейiн ұлғайту.


      2. Енгiзiлген жаңа технологиялар мен жүзеге асырылған тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердiң санын 2014 жылға қарай тиiсiнше 200-ге және 160-қа дейiн ұлғайту.
      3. 2014 жылға дейiнгi кезең iшiнде инновациялық инфрақұрылымдарды құру және қолданыстағыларын кеңейту: Салалық орталықтардың саны - 2 бiрлiк; конструкторлық бюролар - 3 бiрлiк; технопарктер - 4 бiрлiк.
      4. Елдегi кәсiпорындардың инновациялық белсендiлiгiн мынадай деңгейлерге дейiн арттыру:
      - 2015 жылға қарай - 10%;
      - 2020 жылға қарай - 20%;

Iс-қимылдар стратегиясы

      Үдемелi индустрияландыруды ғылыми қамтамасыз ету


      Қазақстанда ғылымды реформалау университеттiк ғылымды дамытуға және белгiлi басымдықтарды ескере отырып, қаржыландырудың гранттық жүйесiн енгiзуге бағытталатын болады.
      Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың негiзгi мақсаты алдағы кезеңге басым салаларды дамыту бойынша нақты ғылыми-техникалық мiндеттердi шешуге бағдарланған ұлттық ғылыми-инновациялық жүйенi құру болып табылады.
      Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Президент тапсырмалары мен Бағдарлама басымдықтарын ескере отырып, ғылыми зерттеу саласындағы ұлттық басымдықтарды айқындап, сондай-ақ ғылымға арналған бюджет бойынша ұсыныстар енгiзетiн болады және iргелi әрi қолданбалы зерттеулер көлемiн айқындайды. Ғылыми зерттеулердi қаржыландырудың үш түрi көзделетiн болады, олар: гранттық - елдiң ұлттық басымдылықтарына сәйкес келетiн ғылыми жобаларды қаржыландыру; нысаналы бағдарламалық - стратегиялық бағыттар бойынша қаржыландыру; және базалық - мемлекеттiк тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдарды қаржыландыру.
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң жанынан шетел сарапшыларының қатысумен Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) және салалық министрлiктердiң, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қоғамдастықтар мен үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуымен басым бағыттар бойынша ғылыми кеңестер құрылатын болады.
      Ғылыми өтiнiмдердi ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лер беретiн болады, бұл қойылған мiндеттердi шешуде ғылыми еркiндiктi көздейдi. МҒТС өтiнiмдерге шетел сарапшыларын тартып, жаңашылдық, перспективалық және ғылыми негiздемелiгi мәнiне техникалық сараптама жүргiзгеннен кейiн Ғылыми кеңестер зерттеулердiң басым бағыттарына негiзделген грант беру туралы шешiм қабылдайды.
      Жоғары оқу орындарын ғылыми зерттеулерге белсендi қатыстыру үшiн жоғары оқу орындары, ҒЗИ-лер және ғылыми орталықтар арасында бiрыңғай ғылыми желi құрылатын болады, сондай-ақ грантты алушы үмiткерлер үшiн конкурс шарттары тең қамтамасыз етiледi.
      Астана қаласының Жаңа университетi (Nazarbayev University) және Қазақстанның жұмыс iстеп тұрған iрi университеттерi базасында зерттеу орталықтары, ұлттық зертханалар, инжинирингтiк, жобалау-конструкторлық бюро желiсi құрылатын болады.
      Зияткерлiк меншiк объектiлерiн кешендi және сенiмдi қорғау тиiмдi ғылымды дамытудың мiндеттi шарты болмақ.
      Ғылыми әзiрлемелердi коммерцияландыру және инвестицияларды тарту мақсатында жеке бизнестiң белсендi қатысуы қажет, бұл үшiн мемлекеттiк кредит және мемлекеттiк тапсырыс түрiнде бастапқы мемлекеттiк қолдау көзделетiн болады.
      Ғылыми қызметтi басқару жүйесi мен әкiмшiлiк ету «ғалым - шенеунiк - ғалым» қағидаты бойынша жұмыстан «бизнес — шенеунiк — ғалым - бизнес» қағидатына бағдарланатын болады.
      Ғылымды қаржыландыру құрылымы мынадай бөлiкте өзгертiлмек - iргелiк зерттеулер 20 %, қолданбалы зерттеулер 30 %, ТКЖ 50 %.
      «Нақты сектордың қажеттiлiктер базасы» жаңа ақпараттық ресурсы құрылып, онда кәсiпорындардың қажеттiлiктерi мен оларды шешу жолдарын қоса алғанда, өнеркәсiп кәсiпорындарын зерттеу нәтижелерi жинақталатын болады (зерттеу ұйымдары және бизнес қажеттiлiгiн қанағаттандыра алатын әлеуетi бар дайын технологиялық шешiмдер).
      Инновациялық саясат
      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi 2010 жылдың соңына дейiн орта мерзiмдi кезеңге арналған өнеркәсiп салаларының басымдықтары бойынша елдiң салааралық ғылыми-техникалық жоспарларының нақты мiндетi белгiленiп әзiрленедi, ол экономиканың басым салалары бойынша елдiң нақты белгiленген технологиялық мiндеттерiн қамтитын Республиканың технологиялық дамуының жаңа деңгейiне қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.
      Салааралық жоспар шеңберiнде қажеттi мемлекеттiк қолдау көрсетiлетiн болады (гранттар, инжиниринг, сервис, бизнес-инкубациялау және т.б.), инновациялық даму институттары, ҒЗИ, ЖОО-лар, отандық кәсiпорындар, инвесторлар және т.б. технологиялық мiндеттердi орындаушылар ретiнде көрiнедi.
      Таяудағы 2-3 жылға арналған инновациялық саясаттың негiзгi екпiнi технологиялар трансфертi, техникалық жаңғырту, бизнес-процестердi жетiлдiру, басқару технологияларын енгiзу арқылы кәсiпорындардың экономикалық тиiмдiлiгiн ынталандыруға жасалатын болады. Бесжылдықтың екiншi жартысына қолдау векторын шығарылатын өнiм сипатын сапалы жақсартуға, жаңа бәсекеге қабiлеттi өнiмдi және оларды дайындау бойынша технологиялық процестердi әзiрлеуге ынталандыруға ауыстыруды жоспарлайды.
      Осы жұмыстың салааралық үйлестiрiлуiн қамтамасыз ету үшiн Технологиялық саясат жөнiндегi кеңес құрылады, оның негiзгi мiндетi елдiң инновациялық саясатын қалыптастыру және iске асыру болады.
      Жыл сайын ғылыми және технологиялық болжамдау, әлемдiк және инновациялық нарықтың және жүргiзiлетiн инновациялық саясат тиiмдiлiгiнiң технологиялық даму перспективаларының жай-күйiн талдау бойынша зерттеулер (үздiк шетелдiк және отандық сарапшыларды тарта отырып) жүргiзiлiп, Үкiметке нақты ұсынымдар, оның iшiнде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу бойынша нақты ұсынымдар берiлетiн болады.
      Салалар мен өңiрлер бөлiнiсiнде технологиялық даму бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне рейтингтiк бағалау жүргiзiлетiн болады.
      Инновациялық қызметтi қолдауда мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:
      инновациялық, оның iшiнде қоса қаржыландыру шарттарымен гранттар бөлу;
      жобалық, оның iшiнде басым салаларда зәкiрлiк (брендтiк) инвесторлармен БК құруға бағытталған қаржыландыру;
      халық арасында инновациялар мен инноваторлар туралы жағымды пiкiр қалыптастыратын, PR-стратегиялар, жастар мен кәсiпорын қызметкерлерi, бизнесмендер арасындағы конкурстар, семинарлар, көрмелер, конгрестер және басқа да iс-шаралар өткiзудi қамтитын кешендi насихаттау жұмыстарын iске асыру;
      2010 - 2012 жылдары Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан және Солтүстiк Қазақстан облыстары мен Астана қаласында технопарктер, Технологияларды коммерцияландыру орталықтары құрылатын болады, оның негiзгi мiндетi нарыққа отандық инновациялық әзiрлемелердi енгiзу және жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық мiндеттердi шешудегi өнеркәсiп кәсiпорындары қажеттiлiктерiнiң және отандық зерттеушiлердiң енгiзуi үшiн ұсынылатын қолда бар ғылыми-техникалық әзiрлемелердiң деректер базасын құру және қолдау болып табылады.
      Қосымша элементтер ретiнде 2010 - 2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Металлургия орталығы құрылады, 2010 - 2012 жылдары ұйымдастырылатын Каспий энергетикалық хабының базасында Мұнай-газ технологиялық орталығы құрылады.
      Құрылатын салалық конструкторлық бюролар пайдаланылатын жабдықтардың, шығарылатын өнiмнiң сапалық сипаттамаларын жақсарту, тәжiрибе-өнеркәсiптiк үлгiлерiн жасауда техникалық жәрдемдесу жөнiнде қызметтер көрсететiн болады. Конструкторлық бюро сонымен қатар машина жасау кәсiпорындарының роялти және өзге де қаржы тетiктерi шарттарында конструкторлық және жобалық құжаттамаларды беру арқылы жаңа өнiмдердi енгiзуiн жеделдетуге ықпал етедi. Барлық отандық кәсiпорындар бiрыңғай шарттар бойынша тәжiрибелiк-конструкторлық бюро қызметтерiне қол жеткiзетiн болады.
      Инновациялық даму институттары инновациялық жобаларды iске асыру үшiн халықаралық даму институттарының қаражатын тарту мәселесiн белсендi түрде пысықтайтын болады.
      Мемлекеттiк қолдауды iске асыру қаражаты мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде инновациялық даму институттары арқылы берiледi.
      Өнеркәсiптi жаңғырту
      Салааралық жоспарды iске асыру шеңберiнде iрi ұлттық компаниялармен және жер қойнауын пайдаланушылармен, орта мерзiмдi перспективаға (5 жылға) арналған технологиялық бағдарлары сипатталған Технологиялық келiсiмдер әзiрленедi және қол қойылады.
      Бұл осы мiндеттердi шешуге отандық шағын және орта бизнестi тарта отырып, нысаналы бағытталған мемлекеттiк технологиялық саясатты тиiмдi жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
      Техникалық, технологиялық және басқару деңгейлерiндегi отандық кәсiпорындардың өсуiн ынталандыру және олардың тиiмдiлiгiнiң жасырын әлеуетiн iске асыру мыналар арқылы жүргiзiлетiн болады:
      қазiргi заманғы басқару және кешендi инжинирингтiк шешiмдердi енгiзу. Бұл ретте құзыреттi сарапшыларды, халықаралық инжинирингтiк ұйымдарды iздестiру мен тартуға, семинарлар ұйымдастыруға және инжинирингтiк шешiмдер технологияларды енгiзгеннен кейiнгi сүйемелдеуге көмек көрсетiлетiн болады;
      негiзгi қорларды жаңарту үшiн отандық кәсiпорындарға жеңiлдiкпен кредит беру және лизинг. Жыл сайын Қазақстанның Даму Банкi, «ДАМУ» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ (бұдан әрi - КДҚ «Даму» АҚ) арқылы жабдықтарды ауыстыруға жеңiлдiкпен кредит беруге кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау және жеңiлдiктi жағдайлармен жабдықтар лизингiн беру үшiн қаражат бөлiнетiн болады;
      отандық кәсiпорындарды өнiмнiң және технологиялық үдерiстердiң сапасын көтеруге ынталандыру. Прогрессивтi стандарттар мен техникалық регламенттер енгiзiлетiн болады, оларды сақтау үшiн кәсiпорындар перспективалы технологиялық шешiмдердi, оның iшiнде отандық ғылыми ұйымдардың көмегiмен белсендi түрде iздестiретiн, әзiрлейтiн және енгiзетiн болады;
      инновациялар саласындағы уәкiлеттi органның iрi компаниялар жүргiзетiн, олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға бағытталған ҒЗТКЖ-ларды қоса қаржыландыруы (құқығының 25 %-iне дейiн).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет