1.1 «Дәстүрлi индустриялардағы» өндiрiстi әртараптандыру
Мұнай-газ секторы
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
2009 жылы республикада мұнай мен газ конденсатын ендiру шамамен 76,5 млн. тоннаны құрады, газ өндiру 35,6 млрд. текше метрдi құрады. Мұнай мен газ конденсатының экспорты 68,1 млн. тоннаны құрады.
Мұнай өңдеу зауыттары (бұдан әрi - МӨЗ) 2009 жылы 12,1 млн. тонна мұнай өңдедi.
Мұнай өндiрудi одан әрi дамыту теңiз жобаларымен, Теңiз және Қарашығанақ кен орындарын кеңейту жобаларының нәтижелерiмен өзара тығыз байланысты.
Негiзгi мiндеттер
1. Мұнай мен газ конденсатын өндiру және оларды қайта өңдеу жөнiндегi белгiленген көрсеткiштердi орындау.
2. Iшкi нарықтың мұнай өнiмдерi мен газға қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.
3. Мұнайды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыру.
Нысаналы индикаторлар
1. 2014 жылы мұнай өндiру көлемiнiң өсуi 85,0 млн. тоннаға (2008 жылы 120,4 %) дейiн, шикi газ 54 млрд. текше метрге дейiн (2008 жылға 61,4%) жетедi.
2. 2014 жылға қарай мұнай экспорты 75 млн. тоннаны құрайды (2008 жылы 119,4%).
3. 2014 жылы қазақстандық МӨЗ-де мұнайды өңдеу көлемiнiң өсуiн мұнайды өңдеу тереңдiгiн 87% - 90%-ға дейiн ұлғайта және отандық мұнай өнiмдерiн Еуро сапа стандарттарына дейiн жеткiзе отырып, 15,0 млн. тоннаға дейiн (2008 жылға 122,1 %) қамтамасыз ету.
4. «Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ» газ құбыры бойымен газды тасымалдауды:
2012 жылы - жылына 3,6 млрд. текше метрге дейiн;
2013-2014 жылдары - жылына 5,0 млрд. текше метрге дейiн;
2015 және одан кейiнгi жылдары - жылына 10 млрд. текше метрге дейiн қамтамасыз ету.
Саланы дамытудың негiзгi бағыттары
2010 - 2014 жылдардың iшiнде республикадағы мұнай мен газ конденсатын өндiру Теңiз, Қарашығанақ кен орындары жобаларын iске асыру есебiнен 1,5 млн. тоннаға, сондай-ақ Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында (Қашаған және т.б.) кен орындарындағы өндiрудiң басталуы есебiнен 3,5 млн. тоннаға ұлғаятын болады. Мұнай өндiрудi ұлғайту тиiсiнше газ өндiрудiң өсуiне алып келедi, өйткенi республикадағы газдың бәрi iлеспе болып табылады.
Саланы дамытудың негiзгi операторы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ болады, ол iрi жобаларға тiкелей қатысу, жаңа кен орындарын жайластыру мен iске қосу, геологиялық-барлау жұмыстарын қаржыландыру мен жүргiзу арқылы мұнай және газ өндiру саласындағы отандық әлеуеттi өсiруге шоғырландыратын болады.
Елдiң орнықты экономикалық өсуiн қамтамасыз етуге ықпал ету және Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында көмiрсутек ресурстарын тиiмдi әрi қауiпсiз игеру жолымен Қазақстан халқының өмiр сүру сапасын жақсарту және 2010-2014 жылдары кезеңiнде ел индустриясының iлеспе салаларын дамытуға қол жеткiзу мақсатында өндiрудi кешендi игеру және тұрақтандыруға жағдай жасау қажет, оның шеңберiнде тиiстi мiндеттердi iске асыру жоспарланды.
Мемлекеттiң саясаты өндiрiстiң барынша қосылған құны жоғары өндiрiстерiн дамытуды ынталандыруға, iрi жобаларда аутсоринг және жергiлiктi құраушыны нығайту арқылы шағын және орта кәсiпорындарда көмекшi, қызмет көрсетушi және өңдеушi блоктарды қалыптастыруға, сондай-ақ қызмет көрсетушi және қайта өңдеушi кәсiпорындардың бiрiгуi есебiнен iрi жүйе құраушы компаниялар кластерлерiн қалыптастыруға бағытталатын болады.
Мұндай тәсiл мұнай-газ секторын дамытуды оның ұлттық қайта жаңғырту процесiне белсендi өндiру арқылы iшкi экономиканың салаларына ұштасқан кең мультипликативтiк әсерге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Бұл мақсаттарда мынадай инвестициялық жобаларды iске асыру көзделедi:
ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының вакуумдық блогын және вакуумдық блогының қуаты жылына 1,8 млн. тонна болатын Атырау МӨЗ (Атырау облысы) баяу кокстау қондырғысын, жылына 1,0 млн. тонна болатын баяу кокстау қондырғысын қайта жаңарту;
Мұнай өңдейтiн қуаты жылына 6,0 млн. тонна Шымкент МӨЗ (Оңтүстiк Қазақстан облысы) жаңғырту және қайта жаңарту.
Мұнайды бастапқы өңдейтiн қуаты жылына 6,0 млн.тонна болатын Павлодар МӨЗ (Павлодар облысы) жаңғырту және қайта жаңарту.
Мұнай компанияларының өңдеу деңгейiн арттыру және сатып алуында қазақстандық қамтуды кеңейту үшiн мынадай шаралар көзделедi:
мұнай-газ саласындағы ұлттық компаниялар жаңадан құрылатын өндiрiстерге тiкелей қатысу немесе отандық кәсiпкердiң өнiмдi ұзақ мерзiмде өткiзуiне кепiлдiк беру арқылы шикiзатты өңдеу деңгейi мен қазақстандық қамту үлесiн ұлғайтуды қамтамасыз ететiн жаңа өндiрiстердi құруға бастамашылық ететiн болады;
жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiмшарттарда өңдеушi және iлеспе өндiрiстердi ұйымдастыру және отандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу басымдығын қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер енгiзiлетiн болады.
Шикiзатты өңдеу және отандық тауар өндiрушiлерден сатып алу деңгейiн ұлғайтуға бағытталған iрi жеке жүйе құраушы кәсiпорындармен меморандумдар жасалатын болады.
Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалау шаралары
Көлiк инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
Сыртқы нарықтарға шығатын көмiрсутек ресурстары экспортының бағыттарын әртараптандыру, сондай-ақ iшкi нарықтың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн мынадай жобалар iске асырылатын болады:
Қазақстандық Каспий тасымалдау жүйесi (ҚКТЖ)
Мұнайдың Қашаған және Теңiз кен орындарынан Каспий теңiзi және Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесi және/немесе басқа мұнай тасымалдау жүйелерi арқылы халықаралық нарыққа экспорттауға арналған ҚКТЖ мыналардан құралатын болады:
1. Ескене - Құрық мұнай құбыры;
2. Транскаспий жүйесi/жобасы (ТКЖ), оған кiретiндер: Каспий теңiзiнiң қазақстандық жағалауындағы мұнай құю терминалы; мұнай тасымалдауға және көмекшi операцияларға арналған танкерлер мен кемелер; Каспий теңiзiнiң әзiрбайжандық жағалауындағы мұнай ағызу терминалы; Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесiмен қосу құрылыстары.
Каспий құбыр жолы консорциумы (КҚК)
Жалпы ұзындығы 1510 км болатын КҚК мұнай құбыры «Теңiз» кен орны мен Қара теңiздiң ресейлiк жағалауындағы Новороссийск портына жақын мұнай терминалын бiрiктiредi.
Мұнай құбырының өткiзу қабiлетiн жылына 67,0 млн. тонна мұнай айдауға дейiн ұлғайту көзделiп отыр.
Қазақстан - Қытай мұнай құбыры
Қазақстан - Қытай мұнай құбыры Атасу - Алашанькоу және Кеңқияқ - Құмкөл мұнай құбырының жобасын iске асыруды қамтиды. Қазақстан - Қытай мұнай құбырының қазiргi қуатының өткiзу қабiлетiн жылына 20 млн. тоннаға дейiн кеңейту көзделiп отыр.
Атырау — Самара
Атырау - Самара мұнай құбыры мұнайды Қара теңiз немесе Балтық теңiзi бағытында Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдаудың басым бағыттарының бiрi болып табылады.
«Бейнеу — Бозой - Ақбұлақ» газ құбыры
Елдiң оңтүстiк өңiрлерiнiң газға деген қажеттiлiгiн қамтамасыз ету және газ импортына тәуелдiлiгiн жою мақсатында «Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ» газ құбырын iске қосу кешендерi бойынша пайдалануға беру көзделiп отыр:
1-кезектiң 1-iске қосу кешенi - 2011 жыл;
1-кезектiң 2-iске қосу кешенi - 2013 жыл;
2-кезек - 2019 жыл.
Сервистiк инфрақұрылымды қалыптастыру
Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң бiлiктiлiгi жоғары кадрларға және ғылыми-зерттеу ресурстарына, сондай-ақ техникалық, басқарушылық және коммерциялық қызметтерге сұранысын қанағаттандыруға арналған озық технологиялардың (Каспий энергетикалық хабы) интеграцияланған көпфункционалды орталығын құру мәселесi пысықталатын болады.
Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Мұнай-газ саласының 16 мамандық бойынша кадрларға мұқтаждығы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн (бұдан әрi - ТжКБ) 18 оқу орнында даярлау шеңберiнде өтелетiн болады.
2011 жылы мұнай-газ саласы үшiн Атырау қаласында 700 оқушы орынға арналған Өңiраралық кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығы пайдалануға берiледi.
Мұнай-газ саласындағы кәсiптiк бiлiм жүйесiн одан әрi табысты дамыту үшiн саладағы оқытудың әлемдiк стандарттарына көшу:
1) жастарға кәсiптiк бiлiм беру және қазақстандық кадрларды даярлауда компаниялардың жауапкершiлiгiн көздейтiн нормативтiк-құқықтық базаны әзiрлеу;
2) әлеуметтiк әрiптестермен: оларды кадрлар даярлауға тарту, қазақстандық кадрларды оқыту процесiнде мұнай компанияларының оқу орталықтарын бiрлесiп пайдалануды қамтамасыз ету жолымен өзара iс-қимыл арқылы жүзеге асырылатын болады.
Мұнай-газ саласы үшiн мамандар даярлау мемлекеттiк тапсырыс және шетелдiк iрi мұнай компанияларының мақсатты бiлiм беру гранттарының шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Техникалық регламенттердi енгiзу
Мыналардың:
1) бензинге, дизель отыны мен мазутке;
2) бензинге қоспаларға;
3) көлiк құралдарына арналған жағармайларға және арнайы сұйықтықтарға;
4) мұнай-газ кәсiпшiлiгi, бұрғылау, геологиялық-барлау және геофизикалық жабдықтарға;
5) магистральдық мұнай құбырларына;
6) суасты құбырлар мен кәбiлдердiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн техникалық регламенттер қабылданатын болады.
Мұнай химиясы
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Көмiрсутек шикiзатын өндiру көлемiнiң ауқымына қарамастан, бүгiнгi күнi Қазақстанда қосылған құны жоғары өнiм ала отырып, көмiрсутек шикiзатын тереңдете өңдеудiң толық технологиялық тiзбегi жоқ.
Көмiрсутек шикiзатын өңдеу мұнай мен газды айырумен шектеледi. Елде кеңес уақытында салынған әрi қазiргi заманғы стандарттарға сай келмейтiн 3 мұнай өңдейтiн және 3 газ өңдейтiн зауыт жұмыс iстейдi.
Қазiргi уақытта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның қатысуымен мұнай-химия өндiрiстерiн құру жөнiндегi базалық жобалар iске асыру кезеңiне дайындалуда.
Өзара байланысты мұнай-химия өндiрiстерiн iске асыру үшiн Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағы құрылды.
Негiзгi мiндет
Отандық көмiрсутек шикiзатын (мұнай/газ) өңдеудiң тереңдiгi және көлемiн ұлғайту және қосылған құны жоғары өнiм экспортын өсiру.
Нысаналы индикаторлар
1. 2012 жылға қарай жылына 500 мың тонна көлемiнде битум өндiретiн қуаттарды енгiзу.
2. 2014 жылдан бастап хош иiстi көмiрсутектерiн - бензолды жылына 133 мың т., параксилолды - жылына 496 мың т. көлемiнде өндiрудi қамтамасыз ету.
3. 2015 жылдан бастап базалық мұнай-химия өнiмiн - жылына 800 мың т. полиэтилен және жылына 500 мың т. полипропилен өндiрудi қамтамасыз ету.
Саланы дамытудың негiзгi бағыттары
Мұнай-химия өндiрiстерiн құру екi бағыт бойынша көзделiп отыр.
Бiрiншi бағыт - МӨЗ, ГӨЗ-мен бiрге бастапқы өңдеу өнiмдерiнiң тереңдете өңдеу өнiмдерiмен өзара әрекеттесу технологияларын пайдалана отырып, базалық және қосылған құны жоғары мұнай-химия өнiмiн шығару үшiн көмiрсутек шикiзатын тереңдете өңдейтiн мұнай-химия өндiрiстерiн құру.
Осы мақсатта мынадай инвестициялық жобаларды iске асыру көзделiп отыр:
Базалық мұнай-химия өнiмiн өндiретiн, қуаты жылына 1,3 млн. тонна болатын, Теңiз кен орнының көмiрсутек газын өңдеудi көздейтiн интеграцияланған газ-химия кешенi (Атырау облысы). Жобаны iске асыру мерзiмi: 2009 - 2014 жылдар.
Ақтау пластмасса зауытының базасында Қазақстанның климаттық жағдайына сәйкес келетiн, жол битумын өндiретiн, қуаты 500 мың тонна (Қаражанбас ауыр мұнай өңдеу) битум зауыты (Маңғыстау облысы). Жобаны iске асыру мерзiмi: 2010 - 2011 жылдар.
Жылына 133 мың тонна хош иiстi көмiрсутек - бензол, 496 мың тонна параксилола өндiретiн Атырау МӨЗ кешенiн салу.
Екiншi бағыт - базалық мұнай-газ өнiмiн қосымша өңдеу саласында шағын және орта бизнес кәсiпорындарын салу мен өнеркәсiптiк және тұтыну мақсатындағы (құбырлар, үлдiр, аяқ-табақ, ыдыс, өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы басқа да бөлшектер) қосылған құны жоғары инновациялық өнiм шығару.
Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
АЭА аумағында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Интеграцияланған газ-химия кешенi инфрақұрылымының объектiлерiн (нақты 11 объект) салу мемлекеттiң қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын болады.
Шағын және орта бизнестiң мұнай-химия кәсiпорындары орналасатын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» АЭА (Атырау облысы) инфрақұрылымын салу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Техникалық мамандықтар бойынша 700-ге дейiн бiлiктi кадрлар даярлау.
Ресурстық қамтамасыз ету
Газ жеткiзу туралы ұзақ мерзiмге арналған келiсiмге мемлекеттiң қолдауымен қол қойылды.
Кен металлургиясы саласы
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Өнеркәсiптiк өндiрiстiң жалпы көлемiндегi кен металлургиясы саласының үлесi - 17,5%-ды құрайды. Металл кендерiн өндiру үлесi - 3,8%, темiр кендерiн өндiру - 1,5%, түстi металлдар кендерiн өндiру үлесi - 2,3%, металлургиялық өнеркәсiптiң үлесi - 11,8%, дайын металл бұйымдарын өндiру үлесi - 1,2%. Металлургия өнеркәсiбiнiң үлесiне өңдеушi өнеркәсiптiң барлық көлемiнiң 35 %-ы тиесiлi. Елде өндiрiлетiн металдар мен металл өнiмдерiнiң барлығы дерлiк экспортқа шығарылады, ал барынша жоғары бөлiнiстi өнiм өндiру шетелде орналасқан. 2008 жылдың қорытындылары бойынша 13,21 млрд. АҚШ долларының өнiмi экспортталды.
Кен металлургиясы кешенiнiң негiзгi проблемалары: шикiзат базасының сарқылуы, пайдаланылатын шикiзат кешендiгiнiң төмендiгi, негiзгi өндiрiстiк қорлардың тозығының жетуi, қоршаған ортаның аса ластануы және технологиялық артта қалу, өндiруден бастап тауарлық дайындығының дәрежесi жоғары өнiм шығаруға дейiнгi толық өндiрiс тiзбегi бар интеграцияланған кешендердiң болмауы, iшкi нарық сыйымдылығының аз болуы және бытыраңқы болуы, өнiмнiң энергияны, еңбектi және материалды көп қажетсiнуi.
Кен металлургиясы саласының технологиялық дамуының перспективалы бағыттары: 1) қара металлургияда - болат алу үшiн жоғары сапалы шикiзат өндiру (түйiршiктелген шойын және брикеттелген темiр, түстi және сирек металдар қосылған ферроқорытпалар өндiру), сапалы болат өндiру (құбырға арналған және тотығуға төзiмдi, ыстыққа төзiмдi және ыстыққа берiк, аспаптық, шариктi-подшипниктi, рельстiк және рессорлық-серiппелi) және жоғары легирленген болаттың сорттарын кеңейту; 2) түстi металлургияда - таза металдар (алюминий, мыс, алтын, титан) және олардан жасалатын бұйымдар (созбасым, сымдар, прокат, профиль және құймалар, сондай-ақ зергерлiк бұйымдар) өндiру.
Негiзгi мiндет
Машина жасауды, құрылыс индустриясын және басқа да өнеркәсiп саласы және экспортты дамытуды қамтамасыз ететiн мынадай бөлiнiстегi металлургия өндiрiстерiн құру.
Нысаналы индикаторлар
1. Металлургия саласының жалпы қосылған құнын минералдық шикiзатты тереңдете өңдеу және жаңа бөлiнiстер құру негiзiнде кемiнде 107 %-ға ұлғайту.
2. Жоғарғы технологиялық бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiру және экспорттау көлемiн 2008 жылдың деңгейiне қатысты 2 есеге ұлғайту.
Саланы дамытудың негiзгi бағыттары
Елдiң кен металлургиясы кешенiн дамытудағы мемлекеттiк саясаты мынадай бағыттарды iске асыруға бағытталады:
iрi кәсiпорындардың негiзгi (базалық) металдар өндiрiсiн ұйымдастыруы;
шағын және орта бизнес кәсiпорындарының базалық металдар негiзiнде жоғары бөлiнiстi түпкiлiктi өнiм өндiруiн ұйымдастыруы.
Сонымен қатар минералды шикiзаттың кешендi өңделуiн қамтамасыз ету үшiн кендер мен концентраттар экспортының үлесiн азайтуды ынталандыратын шаралар кешенi қабылданады.
Жаңа бөлiнiстерге бағытталған, экспортқа бағдарланған дамытылуға жоспарланып отырған өндiрiстер:
қара металлургияда болат өндiрiсiнiң қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейiн арттыру бойынша iрi жоба iске асырылады және жылына 4 млн. тоннаға дейiн болат өндiретiн қосымша зауыттың құрылысы басталады (Қарағанды облысы). Сонымен қатар бесжылдық кезеңде ферросиликомарганец өндiрiсiнiң жылдық көлемi 64,8 мың тоннаға, феррохром жылына 440 мың тоннаға дейiн артады.
түстi металлургияда бастапқы алюминий өндiрiсi 125 мың тоннаға артады. Сонымен қатар жылына 250 мың тонна бастапқы алюминий өндiретiн жаңа зауыт құрылысы басталады (Павлодар облысы). Сирек кездесетiн және жерде сирек кездесетiн металдар кiшi саласында 2014 жылға қарай жоғарғы технологиялық өндiрiстер саласында iрi әлемдiк көшбасшы корпорациялармен кем дегенде екi бiрiккен кәсiпорын құрылады. Бұдан басқа, мыс концентратының шығарылымын 500 мың тоннаға (Шығыс Қазақстан облысы), катод мысын 95 мың тоннаға, кеуектi титанның шығарылымын 16 мың тоннаға, саф таза кварц өндiрiсi 16,5 мың тоннаға, мыс-молибден кенiн шығару 2 500 мың тоннаға ұлғайтылатын болды.
2015 жылға қарай тантал өндiру 297 тоннаға, бериллий өндiру 2000 тоннаға дейiн ұлғайтылатын болады.
Сыртқы нарықтарға кезең-кезеңiмен шығумен iшкi нарыққа бағытталу:
Қара металлургияда Қарағанды облысындағы Индустриялық аймақта жоғары қосылған құнмен өнiм шығаратын кем дегенде 3 жоғары технологиялық аз тоннажды өндiрiстер жасалады. Қостанай облысында жылына кем дегенде 200 мың тонна арнайы болат шығаратын аз тоннажды өндiрiс жасалады. Сонымен қатар, Қостанай облысындағы болат прокатының жылдық көлемi 450 мың тоннаға артып, жылына 500 мың тонна түйiршiктелген шойын, 1,4 млн. тонна ыстық брикеттi темiр, 100 мың тонна рельс өнiмiнiң өндiрiсi игерiледi.
Түстi металлургияда Павлодар облысында Индустриялық аймақ құрылады, онда жыл сайын 15 мың тонна алюминий илемi, 20 мың тонна прокат, 10 мың тонна профиль және 50 мың тонна құймалар өндiретiн кем дегенде 6 аз тоннажды өндiрiстер орналасады. Бұдан басқа, катодтық алтынның шығарылымы 15 тоннаға жоғарылап, байыту және алтын бөлiп шығару фабрикалары бар қуаты жылына 25 тонна алтын аффинажының өндiрiсi артады. Жоғары бөлiнiстегi металлургия өнiмiн өндiру саласында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарында 25 шағын және орта кәсiпорындары құрылады.
Мынадай жобаларды iске асыру көзделiп отыр:
Қостанай облысы - ыстық брикеттi темiр - жылына 1,4 млн. тонна;
Қостанай облысы - сұрыптық прокат - жылына 75 млн. тонна;
Қостанай облысы - металл прокаты - жылына 450 мың тонна;
Жамбыл облысы - ферросиликомарганец - жылына 64,8 мың тонна;
Ақтөбе облысы — феррохром - жылына 440 мың тоннаға дейiн;
Ақмола облысы - кен өндiру - жылына 8 млн. тонна, алтын өндiру - жылына 15 тонна;
Павлодар облысы - мыс концентратын өндiру - жылына 500 мың тонна;
Павлодар облысы - бастапқы алюминий өндiру - жылына 125 мың тонна;
Шығыс Қазақстан облысы - мыс концентратын өндiру - жылына 500 мың тонна, мыс балқыту өндiрiсi - 25 мың тонна;
Шығыс Қазақстан облысы - кеуектi титан өндiру - жылына 16 мың тонна;
Шығыс Қазақстан облысы - катод мысын өндiру - жылына 70 мың тонна;
Қарағанды облысы - болат өндiру - жылына 10 млн. тоннаға дейiн;
Ақтөбе облысы - түйiршiктелген шойын - жылына 500 мың тонна;
Павлодар облысы - рельстер - жылына 100 мың тонна.
Бұл ретте жобалар портфелi осы саланың даму басымдықтары негiзiнде кейiнiрек өзгеруi мүмкiн.
Мемлекеттiк қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары
Энергия инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
ГРЭС-2 (Екiбастұз қ.) және ЖЭО (Павлодар қ.) жаңғырту және қуаттарын арттыру жүргiзiледi.
Көлiк инфрақұрылымымен қамтамасыз ету
Мынадай станциялардағы темiр жолдардың өткiзу қабiлетiн арттыру мәселесi пысықталады: Ақсу-2 (Павлодар облысы), Дөң (Хромтау, Ақтөбе облысы), Жiңiшке (Ақтөбе облысы).
Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарындағы металлургия саласындағы 15 мамандық бойынша кадрлар тапшылығы ЖОО-да және ТжКБ-ның 10 оқу орнында мамандар даярлау есебiнен өтеледi.
Металлургия мен металл өңдеудiң орташа техникалық буын мамандарын шығаратын кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жүйесi қалпына келтiрiледi және жұмыс орнында жеке жетекшiлердi бекiтiп, өндiрiстiк кәсiпорындарда 3 ай мерзiмге өндiрiстiк тәжiрибеден өту жүйесi енгiзiледi.
Әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау
Қатты пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi тау-кен жұмыстары жоспарын бекiту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне өкiлеттiлiктер беру бөлiгiнде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзiледi.
Қымбат бағалы металдарды және қымбат бағалы тастарды геологиялық зерттеу және барлау, оларды табу, өндiру, пайдалану мен айналымға шығару, сондай-ақ бағалы металдар мен тастардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру үшiн бағалы металдар мен тастар туралы заң әзiрленедi.
Техникалық регламенттердi енгiзу
Техникалық реттеу саласын жетiлдiру мақсатында металлургия саласында: металлургия мен металл өңдеу бойынша 4 техникалық регламент, халықаралық талаптармен үйлестiрiлген Қазақстан Республикасының 311 мемлекеттiк стандарты, оның iшiнде зерттеу әдiстерiне 162, өнiмге 148, сондай-ақ менеджмент жүйесiне 1 стандарт әзiрлеу мен енгiзу бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлетiн болады. Қабылдауға ұсынылатын: металдарға — 156; металл материалдарына - 85; менеджмент жүйесiне - 1; металл материалдарын өлшеу және сынау әдiстерiне - 58 стандарт бағытталатын болады. Бұдан басқа, металдар мен металдан жасалған бұйымдардың сапасын өлшеудi метрологиялық қамтамасыз ету үшiн қаттылықтың жоғары дәлдiктi шараларын өндiру мақсатында қаттылық шәкiлдерi бойынша мемлекеттiк эталондарға жаңғырту жүргiзу қажет.
Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу
Саланың ғылыми-техникалық дамуы мақсатында 2012 жылға қарай Шығыс Қазақстан облысында Металлургия және жоғары технологиялар орталығының жанында тұрақты магниттер, көмiрсутектi шикiзатты өндiруге арналған катализаторлар, турбиналар күрекшесi, автокатализаторларды, кварц шикiзаты, тантал, ниобий, бериллий, молибден, вольфрам негiзiнде дайын өнiмдi зерттеуге маманданған зертхана құру мәселесi пысықталады.
Кәсiпорындарға жүйелi мониторинг, металлургия мен металл өңдеу өнiмдерiнiң қосылған құнын қалыптастыру процестерiн талдау және бақылау жүргiзiледi.
Бизнестiң инновациялық белсендiлiгiн арттыруға инновациялық гранттар: еңбек өнiмдiлiгiн қазiргi деңгейден 20 %-ға және одан да жоғары арттыруды қамтамасыз ететiн металлургия мен металл өңдеу кәсiпорындарын жаңғырту үшiн; өндiрiстердiң энергияны және ресурсты қажетсiну азайтуға, сондай-ақ жабдық лизингiн жеңiлдiктi қаржыландыруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-консрукторлық жұмыстар (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) жүргiзу үшiн бөлiнетiн болады.
Тiкелей инвестициялар үшiн тартымды жағдай жасау
Корпоративтiк табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТКЖ нәтижелерiн енгiзу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТКЖ дамытуды ынталандыру.
Мемлекет қатысатын жобаларды iске асыру кезiнде жергiлiктi қамтуды дамыту мақсатында осы жобаларды iске асыру үшiн металл өнiмiн жеткiзудiң басым құқығын отандық өндiрушi қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, металлургия мен металл өңдеудегi отандық өңдеушiлердiң шикiзатты Қазақстан Республикасының тауар биржасы арқылы сатып алуға, ал iрi шикiзат өндiрушiлердiң шикiзатты тауар биржасына квотамен жеткiзудi жүзеге асыруға мүмкiндiгi болады.
Осы саланың дамуын қолдау жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттiк органдардың сала кәсiпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерiн басымдықпен сатып алуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
Жоғары бөлiнiстi өнiм алу мақсатында iшкi нарықта металдар сатуды ынталандыру үшiн шаралар қабылданады.
Шикiзатты ел iшiнде өңдеу мақсатында да кен және концентраттар экспортын ынталандырмау шаралары қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |