Қазақстан Республикасында көлiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Көлiк саласын дамытуға негiзгi проблемалары



бет4/13
Дата17.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#143354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3.2. Көлiк саласын дамытуға негiзгi проблемалары

      Темiр жол саласында темiр жол желiлерi жеткiлiксiз деңгейде дамыған, негiзгi құралдар тозуда, жолаушылар жылжымалы құрамы жеткiлiксiз; қызмет көрсету деңгейi төмен және бәсекелестiк жоқ темiр жол көлiгiн жаңарту мен дамытуды қаржыландыру жеткiлiксiз; қолданыстағы тариф жасау принциптерi мен реттеу тетiктерi тасымалдаушыны клиенттерге бейiмдемейдi. Елiмiздiң көлiктiк транзиттiк әлеуетiн барынша тиiмдi жүзеге асырып, темiр жол желiлерiн дамытуға жаңа (жеке) субъектiлердi тарту қажет, ол өз кезегiнде көлiк-коммуникация кешенiнде бәсекелестiк ортаны қалыптастыруға және көлiк құралдары паркiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.


      Экономиканың жүк және басқа салаларының (тау-кен өндiру, құрылыс және агроөнеркәсiптiк кешен) есебiнен, баға өсiмiне қатысты темiр жол тарифтерiнiң төмендеуi есебiнен жолаушы тасымалдарын көптеген жылдар бойы қиылысты қаражаттандыруға мүмкiндiк беретiн экономикалық саясат сала активтерiнiң «шайылуына» және мемлекеттiң көлiк инфрақұрылымдары сапасының әлсiзлауына алып келедi.
      Саланың негiзгi құралдарының жинақталған тозуы темiр жол көлiгiнiң технологиялық орнықтылығының жойылу қаупiн туғызады және iстен шыға бастаған жылжымалы құрам мен инфрақұрылымдар объектiлерiн жаңартуға инвестициялар тартудың маңызды қажеттiлiгiн анықтап бередi.
      Темiр жол көлiгiнiң тиiмдiлiгi, қолданыстағы түрлерi, тұтынушыларға ұсынатын қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгi мен сапасы, жұмыстарға инновацияларды енгiзу деңгейi нарықтың заманауи талаптарына толығымен жауап бере алмайды.
      Сондай-ақ автокөлiк инфрақұрылымының көпшiлiк бөлiгi нормативтiк мерзiмiнен асыра қолданылады, кейбiреулерi осы мерзiмге жақындаған, осыған байланысты көлiк жұмысы қауiпсiздiгi бойынша жағдай күннен күнге әлсiзлауда. Қолда бар жол-пайдалану техникаларының жоғары дәрежеде тозуы; қалпына келтiру жұмыстарына көп қаражат жұмсалатындығы; республикалық маңыздағы автожолдар желiсiн дамытудың жеткiлiксiз қаражат бөлiнуi және жолдардың жөндеу аралық мерзiмiнiң сақтамауы; қолданыстағы автожолдардың төмен техникалық параметрлерi (есеп бойынша бөлiгiне түсетiн жүктеме, санаттары және т.б.); екi жолақты қозғалыстағы жолдардағы авариялық жағдай мен өлiм-жiтiм тәуекелiнiң жоғарылығы; жергiлiктi бюджеттен жеткiлiксiз қаржыландыру нәтижесiнде облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын дамытудың төмен деңгейi; 890 ауылдық елдi мекендерге баратын қатты жабындысы бар кiрме автожолдардың жоқтығы байқалады.
      Азаматтық авиация саласындағы басты проблема ИКАО стандарттарына сәйкес келмейтiн аймақтық әуе кемелерiнiң ескiрген паркi, авиациялық қызметкерлер құрамының, әсiресе ИКАО талаптарына сәйкес ағылшын тiлiн бiлуден 4-тен төмен емес деңгейi бар ұшу құрамының жеткiлiксiздiгi; азаматтық авиация саласын мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру және халықаралық талаптарға сәйкестендiру мақсатында авиақызметтер саласында бәсекелестiктi дамыту қажеттiлiгi; бiрқатар аймақтық әуежайлардың әуе кемелерiн қабылдау және ұшыруға арналған ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкессiздiгi.
      Су көлiгi саласында порт инфрақұрылымдары қуатының жеткiлiксiздiгi, қызмет көрсету инфрақұрылымының әлсiз дамуы, бiлiктi отандық мамандардың жетiспеушiлiгi, кеме жүзу шлюздерiн қайта жаңғырту қажеттiлiгi; порт инфрақұрылымдарының өткiзу қабiлетiнiң жеткiлiксiздiгi; сауда флоты санының жеткiлiксiздiгi; мемлекеттiк техникалық флоттың тозуы.

3.3 Саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудегi қолданыстағы саясатты талдау

      ҚР «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының қабылдануына байланысты жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға жауап беретiн көлiк саласының құқықтық негiзi қаланды. Мемлекеттiк басқару және шаруашылық қызметi мiндеттерi бөлiндi, нарық жағдайына сәйкес келетiн көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу жүйесi құрылды.


      Қазақстанның темiр жол саласында мемлекет мақсаттары мен мазмұнына қарай әр түрлi миссияларды атқарады:
      1) мемлекет реттеушi ретiнде;
      2) мемлекет көлiк нарығындағы меншiк иесi және қызметтердi жеткiзушi ретiнде;
      3) мемлекет саладағы қоғамдық-маңызды қызметтер мен инвестицияларды қаржыландыру көзi және тапсырыс берушi ретiнде.
      Заңнамаға сәйкес бағалық реттеу қызметтердi жеткiзушi мен тұтынушылардың мүдделерiнiң теңгерiмiне негiзделедi, соның нәтижесiнде «әдiлеттi» нарықтық бағаға барынша жақындауды қамтамасыз етуi тиiс.
      Практикада бағалық реттеу тауар өндiрушiлерге қолдау көрсету мақсатында темiр жол тарифтерiнiң өсуiн ұстап тұруға арналған макроэкономикалық саясат құралы, сонымен бiрге әлеуметтiк-маңызды қызметтердi рентабельдi қызметтер тарапынан қиылысты қаржыландыруды қамтамасыз ететiн әлеуметтiк-экономикалық саясат құралы ретiнде қолданылады.
      1997 жылдан 2009 жылға дейiнгi кезеңде темiр жол тарифтерiнiң өсу қарқыны жылына орташа алғанда 5,8% құрады, ал тұтыну бағасының индексi жыл сайын орташа алғанда 9,1%, ал өнеркәсiп бағасының индексi 13,3% ұлғайды.
      Саланың ағымдағы және ұзақ мерзiмдi қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн темiр жол көлiгiнiң барлық өндiрiстiк-техникалық кешенiнiң меншiк иесi ретiнде мемлекеттiң мiндеттерiмен шиеленiседi.
      Бағаны реттеудi тежеу саясаты бүгiнгi күнi Қазақстанның темiр жол тарифтерiнiң орташа деңгейi РФ тарифтерiнiң орташа деңгейiнен 2,3 есе төмен және Белоруссия тарифтерiнен 1,7 есе төмен (Бiрыңғай кеден одағы елдерiндегi экономикалық саясат шеңберiнде салыстырғанда) жағдайға келтiрдi.

      4-диаграмма. ҚР, БР, РФ темiр жолдары бойынша жүк тасымалдарына тарифтер деңгейiн салыстыру (500 км-ге)



      Қолданыстағы бюджеттiк саясатта жолаушылар тасымалының бiр бөлiгiн қаржыландыру қарастырылған, ал темiр жол көлiгi субъектiлерi әлеуметтiк маңызды қатынастар бойынша, жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруына байланысты тасымалдаушының шығыны ешқандай қарастырылмаған.


      2005 жылдан 2009 жылға дейiнгi кезеңде жыл сайын мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн қаражат сомасы орташа алғанда 9 миллиард теңгенi құрады (қаражаттың тұтыну көлемiнiң 25%-нан төмен).
      Одан басқа жолаушылар тасымалының шығындары МЖС қызметтерiнiң тарифтерiне уақытша төмендетiлген коэффициенттердiң есебiнен, сонымен қатар жолаушылар тасымалы үшiн локомотивтiк күш беру қызметтерiнiң тарифтерiн өзiндiк құнынан төмен белгiлеудiң есебiнен iшiнара «ҚТЖ» ҰК» АҚ» жауып отырды.
      Осылайша 2005 - 2009 жылдардағы жолаушылар тасымалының шығындарын жабуға арналып республикалық және жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражаттың жалпы көлемi 46 124 миллион теңгенi құрады.
      Бұл жерде сол кезеңде жолаушылар тасымалын кростау арқылы қаржыландырудың жалпы көлемi (яғни, жеке жолаушылар тасымалын есепке ала отырып) 89 633,3 миллион теңгенi құрады, соның iшiнде: 37 739,4 миллион теңгенi «ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылар тасымалдаушыларға МЖС қызметтерiнiң тарифтерiне уақытша төмендетiлген тарифтер беру жолымен; және 51 894 миллион теңгенi өзiндiк құнынан темен жолаушылар тасымалына арналған локомотивтiк күш беру қызметтерiне «Локомотив» АҚ тарифтердi бекiту жолымен қаржыландырылды.
      5-диаграммада кейбiр жеке елдердегi темiр жол саласындағы қаржыландыру және мемлекеттiк инвестициялар көлемi ұсынылған.

5-диаграмма. Темiр жол көлiгi экономикалық саясатының халықаралық тәжiрибесi



 

      МТЖ қызметтерiн жеткiзушi ретiнде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның кейбiр еншiлес ұйымдары бейiндi және бейiндi-қосалқы қызметтердiң бiрнеше түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiркелiмiне енгiзiлген және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiмен (бұдан әрi - ТМРА) реттелiп отырады.


      Темiр жол көлiгiндегi бағаны мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы практикасы:
      1) Тасымалдау бойынша реттелетiн жөткiзушiлер клиенттерiнiң арнайы қажеттiлiктерiн есепке алмайды;
      2) Жағдаяттық мақсаттардың ұзақ мерзiмдi мақсаттардан басымдылығына және күрделi жұмсалымдарды жеткiлiксiз қаржыландыруға негiзделедi;
      3) Тиiмдi тұжырымдамалық негiзi жоқ заңнамалық нормалардың негiзiнде шаруашылық қызметiн жүргiзуге «рұқсат ететiн» сипатын қарастырады;
      4) Дүниежүзiлiк практикаға сәйкес тарифтердiң деңгейiн автоматты индексациялау және олардың тұтынушылар үшiн орташа мерзiмдi болашаққа өзгеруiн болжау тетiгiн қарастырмайды;
      5) өзектi экономикалық жағдаяттарға сәйкес тарифтердi мерзiмiнде белгiлеуге мүмкiндiк бермейтiн тәртiптiк тетiктер кiредi және олар заңнамаға сәйкес тарифтердi белгiлеудiң басты критерийлерiн жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды.
      Ұзақ мерзiмдi кезеңде тарифтердiң орташа өсiмi инфляция деңгейiнен төмен болған жағдайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ реттеудiң қолданыстағы практикасының нәтижесi оның негiзгi құралдарын жүйелi түрде инвестициялаудың жеткiлiксiздiгi болып табылады. Бұл тек қана активтердiң тозуының өте қиын деңгейiне ғана емес, сол сияқты тасымалдарға қызмет көрсететiн қазақстандық вагондардың ңақты тапшылығына алып келдi. Атап көрсетiлгендей 2008 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстандағы тасымалдардың 20%-ы қазақстандық емес вагондармен қамтамасыз етiледi.
      Қолданыстағы реттеу моделiнiң жүйелi ұзақ мерзiмдi тиiмдiлiгi осында жатыр. Жылдық тарифтiк сметаның негiзiнде реттеу тетiгi тарифтiк реттеудiң жағдаяттық мақсаттарының басымдылығы - баға жасаудың «стратегиялық фокусының» жоғалуына алып келедi.
      Тиiстi қызметтер тауарлық нарығында басымды (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк Реестрiне қызмет түрлерi бойынша енгiзiлгендер: «ҚТЖ» ҰК» АҚ (жүк тасымалдау қызметтерi), «Қазтемiртранс» АҚ (вагондарды пайдалануға беру қызметтерi), «Локомотив» АҚ (локомотивтiк күш беру қызметтер) және «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясының бiрқатар кәсiпорындар тобы. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Қазтемiртранс» АҚ Реестрге енгiзiлген нарық талдауы нарықтың өнiмдiк және географиялық шекараларын және басқа көлiк түрлерi тарапынан интермодалдық бәсекелестiк толығымен есепке алынбайды.
      Қолданыстағы бағаны реттеу тасымалдаушының сатылымы мен табысын ұлғайтуға бағытталған маркетингтiк өнiмдiк бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi, мысалы, тиiстi қуыстарда автомобиль тасымалдарымен бәсекеге қабiлеттi графиктiң (кестенiң) қатты тәртiбi бойынша поездармен жеделдетiп тасымалдау немесе поездармен тасымалдау сияқты жаңа қызмет түрлерiн нарыққа енгiзу.
      Жүк тасымалдаудың тiркелген реттелетiн тарифтерi өнiм бағасын өсiру кезiнде тасымалдаушылардың кiрiстi жеткiлiктi алмауына, бағаны төмендету және көлiк құрамы үлесiн ұлғайту кезiнде тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтуына, өнiм бағасын төмендетудiң нәтижесiнде жүк жөнелту көлемiнiң төмендеу мүмкiндiгiне алып келедi.
      ТМРА 2004 жылғы 25 мамырдағы № 242-НҚ және 2004 жылғы 5 шiлдедегi № 300-НҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық темiр жол желiсi көрсеткен қызметтерiнiң тарифтерi туралы» бұйрықтарымен 2004 жылғы 20 шiлдеден бастап инфрақұрылымдық және жүк тасымалдарының № 10-01 (1989 жылы шығарылған) Бағатiзбенiң базалық ставкаларын пропорционалды бөлу жолымен алынатын жүктердi тасымалдау кезiнде МТЖ қызметтерiнiң тарифтерi бекiтiлiп, қолданысқа енгiзiлдi.
      Осы шешiмге сәйкес жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау тарифтерi құрамдас төрт бөлiктен: МТЖ қызметтерiнiң тарифтерi, локомотивтiк күш беру, жүк және коммерция жұмыстары, вагондар мен контейнерлердi пайдаланудан құралады.
      Қолданыстағы жүк тарифтерi ТМРА бекiткен және темiр жол көлiгi қызметтерiн көрсетудiң ұлғайған шығындары мен инфляция деңгейiн көрсету үшiн енгiзiлген индексациялау коэффициенттерiн пайдалану арқылы бөлiнген базалық ставкалардың негiзiнде есептеледi.
      МТЖ қызметтерiн көрсеткенi үшiн тасымалдаушылар төлейтiн төлем тарифтiк реттеуге жатады, темiр жол тарифiнiң қалған бөлiктерi бәсекелестiк секторына жатады, бiрақ қазiргi кезде монополияға қарсы заңнамаға сәйкес басымдылық жағдайға ие субъектiлер қызметтерiнiң бағасы да ТМРА тарапынан бағалық реттеуге жатқызылған.
      Бүгiнгi күнге дейiн МТЖ қызметтерiнiң тарифтерiне «МТЖ операторы» мен «жүк тасымалдаушылар» арасында транзакция қолданылмайды, өйткенi олар бiр компанияның бiр бөлiгi болып табылады.
      Жүк тасымалдау қызметтерi тарифтерiнiң қолданыстағы жүйесi төмендегiлерге байланысты заманауи экономикалық жағдай мен салалық моделдерге сайма сай емес, өйткенi:
      1) тарифтердi есептеуге арналған таблицалар 1989 жылғы мәлiметтерге негiзделген және Советтiк социалистiк республикалар одағы темiр жолдарының орташа желiлiк жағдайларын (тасымалдау көлемi мен құрылымы, өндiрiстiк және басқа көрсеткiштер) есепке ала отырып тасымалдаудың толық қызметiне есептелген;
      2) қолданылатын өлшем бiрлiгi (тонна-шақырымдар, нетто) инфрақұрылымдар қызметтерiн бағалауға сәйкес келмейдi;
      3) мүкәммал парктiң бос вагондарын тасымалдауды рәсiмдеу қарастырылмаған;
      4) № 10-01 Баға тiзбесi тарифтiк таблицасының құрылымында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарамағындағы немесе жеке меншiк иелiгiндегi жылжымалы құраммен жүктердi тасымалдау кезiнде МТЖ қызметтерiн пайдаланғаны үшiн төлейтiн төлемдер бiрдей белгiленбеген кездерi бар;
      5) тасымалдар қызметiне бағаларды белгiлеуде қолданылатын баға кемсiтушiлiгi (тарифтердi саралау) қолданылатын жүк түрлерiнiң тiзбесiне қатысты және жалпы алғанда негiзделмеген.
      Қолданыстағы есептiк таблицалардың тарифтерi тасымалдау қашықтығы, жүктiң салмағы, жылжымалы құрамның түрi, тасымалдау нормативтерi, вагондардың тиiстiлiгi («ҚТЖ» ҰК» АҚ немесе бейресми парк), ерекше сипаттамаларына (қауiптi жүк, габаритен тыс және басқа) байланысты болады.
      Тасымалдаудың жеке санаттары бойынша бүгiнгi күнгi қолданыстағы тарифтердi саралау (қатынас түрлерi және жүк түрлерi бойынша) жеке жүк және қатынас түрлерiне қарай Бағатiзбенiң тарифтiк ставкаларын индексациялау коэффициенттерiн саралап бекiту жолымен олардың төлем қабiлеттiлiгiне орай, тұтынушыларға саралап қарауды жүйелi қолданудың нәтижесi болып табылады.
      Темiр жол тарифтерiн саралаудың 17% технологиялық факторларға (тасымалдаудың әрбiр жеке санатында iске қосылған өндiрiстiк факторларға байланысты бағатiзбенiң базалық ставкаларын саралау) және 83%-ы технологиялық емес факторларға байланысты. Сондай-ақ РФ-дағы технологиялық емес факторладың саралауға әсерi 27%, ал технологиялық факторлары 73%-ды құрайды.
      Соған қарағанда РФ тарифтiк теңгерiмсiздiк Қазақстанға қарағанда бiршама төмен. Қазақстандағы тарифтiк теңгерiмсiздiктiң коэффициентi (1 тонна жүктi тасымалдаудағы ең төменгiге қарағанда ең жоғарғы тариф) 9,4, ал Ресейде 3,7.
      Экономика, қоғам және мемлекет темiр жол саласына саланың қазiргi жағдайында қамтамасыз етiлуi мүмкiн емес заманауи талаптарды қойып отыр.
      Сала мен жалпы экономиканы дамыту, көрсетiлетiн қызметтердiң тиiмдiлiгi мен сапасын көтеру, активтердi жаңалартуға инвестициялар тартуды қамтамасыз ету үшiн саланың экономикалық моделi мен институционалдық құрылымын реформалау, импорт алмастыру өндiрiсiн дамыту жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру қажет.
      Объективтi және субъективтi факторларды мойындай отырып, ҚР Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысымен ҚР 2001 - 2008 жылдарға арналған автожолдар саласын дамыту Тұжырымдамасы бекiтiлдi. Оның мақсаты автожол саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, автомобиль жолдары желiсiн ұстап тұру және жаңғырту, оны дамыту басымдылықтарын белгiлеу, орнықты қаржы негiздемесi мен автожол саласындағы мемлекеттiк саясаттың ағымдағы және келешектегi бағыттарына барабар қажеттi нормативтiк-құқықтық базасын құру негiздерiн анықтау болып табылады.
      Тұжырымдамада алға қойылған мiндеттер мен мақсаттар ҚР Президентiнiң 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығымен бекiтiлген, Автожол саласын дамытудың 2001 - 2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасында көрiнiс тапты.
      2001 жылы ҚР автомобиль жолдары мен олардың құрылыстарын, мемлекет пен автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүддесiне орай пайдалану және дамытуды мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдастыру және экономикалық негiздерiн реттеу мақсатында ҚР «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңы қабылданды.
      2001 жылдан 2009 жылға дейiнгi кезеңде ҚР «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына автожол саласының қызметiн жетiлдiруге бағытталған сегiз рет өзгерiстер енгiзiлдi.
      2001 жылы шыққан «Автомобиль жолдары туралы» ҚР 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңында ақылы автомобиль жолдарын салу мүмкiндiгi қарастырылған.
      Автомобиль көлiгi саласында туындайтын қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының 2003 жылы қабылданған «Автомобиль жолдары туралы» Заңымен реттеледi.
      Аталған ҚР Заңында автомобиль көлiгi саласы қызметтерiн жүзеге асырудың мынадай принциптерi белгiленген:
      1) қауiпсiздiк, адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдылығы;
      2) автомобиль көлiгi саласының қызметтерi мен жұмыстарын орындау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың құқығының теңдiгi;
      3) тұтынушылардың қызметтердi таңдау еркiндiгiн қамтамасыз ету;
      4) жұмыстар мен қызметтердiң құнының еркiндiгiн қамтамасыз ету.
      2004 жылдан 2010 жылға дейiнгi кезеңде ҚР Заңына автомобиль көлiгi саласын реттеудi жетiлдiруге бағытталған өзгерiстер бiрнеше рет енгiзiлдi.
      «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне концессия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2008 жылғы 5 шiлдедегi ҚР Заңымен Салық, Бюджет және Жер кодекстерiне, ҚР «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi, «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңдарына және ҚР басқа да бiрқатар заңдарына түзетулер енгiзiлдi, бұл ақылы автомобиль жолдарын енгiзу тетiгiн жетiлдiруге мүмкiндiк жасау.
      Автожол саласы ҚР 24 заңнамалық актiсiмен және халықаралық келiсiмдермен, заңға тәуелдi 44 нормативтiк құқықтық актiмен, соның iшiнде 3 автомобиль жолдарын пайдалану және автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары бойынша техникалық регламенттермен, сондай-ақ 187 нормативтiк техникалық актiмен реттелiп отырады.
      Қазiргi кезде автожол саласының заңнамалық базасын одан әрi жетiлдiруге бағытталған көлiк саласындағы ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер енгiзiлуде.
      Жер кодексiне өзгерiстер енгiзу көзделуде (жеке меншiкке беру мүмкiндiгiнсiз, жолдардың шет бөлiгiндегi жер учаскелерiн заңды және жеке органдарға беруге, жергiлiктi атқарушы органдарға жердi уақытша пайдалануға беру бөлiгiнде). Сондай-ақ күрделi ғимараттар мен құрылыстарды (тұрғын үйлер, тамақтану және сауда пункттерi, сонымен қатар басқа да қызмет көрсету объектiлерiн) салуға тыйым салынған. Осы объектiлердiң құрылысы тек жолдардың шет бөлiгiнде ғана жүзеге асырылады.
      Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн алуды жеделдету мақсатында жер учаскелерiн сатып алу мерзiмдерi (ескерту) 6 айға дейiн және «Автомобиль жолдары туралы» ҚР 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңында белгiленген, (облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын күрделi және ағымдағы жөндеулер жүргiзуге, бұл жолдарды дұрыс жағдайда ұстауға, қажет болған жағдайда жол бойында жол пайдалану басқармасын салу үшiн заңды тұлғаларға өтеусiз пайдалануға беруге қатысты бөлiгiнде). Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi органдар мен жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретiн жақсарту мақсатында облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының тiзбесi мен атауларын бекiтуге шек қою белгiлендi. Бұдан басқа, уәкiлеттi мемлекеттiк орган құзыретiне нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiту жөнiндегi функция енгiзiлдi.
      Сауда мақсатында теңiзде жүзу және жолаушыларды, багаж бен жүк тасымалдауға байланысты қарым-қатынасты реттеу, теңiз көлiктерiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және халықаралық негiздерi «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» ҚР 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңымен белгiленген.
      2002 жылдан бастап 2009 жыл аралығында «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» ҚР 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сегiз рет теңiз көлiктерiнiң қызметiн реттеудi жетiлдiруге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.
      Қазақстанның экономикалық-географиялық әлеуетiн жүзеге асыруға ықпал етушi теңiзбен сыртқы саудада жүк тасымалдаудағы мемлекет қажеттiлiгiн толық көлемде қамтамасыз ететiн жоғары деңгейде ұйымдастырылған порт инфрақұрылымының негiзiнде ұлттық теңiз сауда флотын құру мақсатында, ҚР Үкiметiнiң 2004 жылғы 13 шiлдедегi № 763 қаулысымен 2004 - 2006 жылдарға арналған Ұлттық теңiз сауда флотын құру бағдарламасы бекiтiлдi.
      ҚР теңiз көлiктерiн дамытудың келесi кезеңi ҚР Үкiметiнiң 2006 жылғы 26 қыркүйектегi № 916 қаулысымен бекiтiлген ҚР 2006 - 2012 жылдарға арналған Ұлттық теңiз сауда флотын құру бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама мақсаты - экспорттық-импорттық, каботаждық және транзиттiк жүк тасымалдауда және қазiргi заманғы техникалық базасы бар мемлекет қажеттiлiгiн толық көлемде қамтамасыз ететiн заманауи жоғары технологиялық теңiз көлiктерiн жасақтау болып табылады.
      Жолаушыларды, багаж бен жүк тасымалдауда кеме қатынасын жүзеге асыруда iшкi су көлiктерi саласында қоғамдық қатынастар «Iшкi су көлiктерi туралы» ҚР 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңымен реттеледi.
      Жоғарыда аталған ҚР Заңына сәйкес iшкi су көлiктерi саласындағы қызмет мынадай негiзгi қағидаттар негiзiнде жүзеге асырылады:
      1) кеме қатынасының қауiпсiздiк басымдылығы, адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғатты қорғау және экологиялық қауiпсiздiк;
      2) iшкi су көлiгiнде жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету кезiнде жеке және заңды тұлғалардың құқығының теңдiгi;
      3) қызметтердi тұтынушылардың тасымалдаушыны таңдау еркiндiгiн қамтамасыз ету;
      4) жұмыстар мен қызметтердiң құнының еркiндiгiн қамтамасыз ету.
      2006 - 2010 жылдар кезеңiнде «Iшкi су көлiгi туралы» ҚР 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңына iшкi су көлiгiн жетiлдiруге бағытталған өзгерiстер сегiз рет енгiзiлдi.
      «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» ҚР 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына сәйкес ҚР аумағы арқылы жүктер мен жолаушылардың транзиттiк тасымалдары ҚР қолданыстағы заңнамасына, халықаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес мемлекетаралық қатынастар үшiн ашық темiр жол, әуе, автомобиль, теңiз және су жолдары бойынша жүзеге асырылады.
      ҚР аумағы бойынша транзиттiк тасымалдарды жүзеге асырудың кейбiр аспектiлерi ҚР «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шiлдедегi, «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардагы, «Әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңдарында белгiленген.
      ҚР азаматтық авиация саласындағы тұлғалардың қызметiн мемлекеттiк реттеудiң құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерi ҚР «Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы және «Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңдарымен белгiленген.
      2030 жылға дейiнгi кезеңде ҚР даму стратегиясы мен көрсетiлген заңдарды iске асыру мақсатында ҚР Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 291 қаулысымен 2003 - 2005 жылдарға арналған азаматтық авиация саласын дамыту бағдарламасы бекiтiлдi.
      2003 - 2005 жылдарға арналған азаматтық авиация саласын дамыту бағдарламасының мақсаты халықаралық талаптарға жауап беретiн және сапалы авиациялық қызметтер көрсетуде мемлекет пен азаматтардың өсiп келе жатқан қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiң тиiмдi авиакөлiк жүйесiн құру болып табылады.
      Бұл Заңдардың көпшiлiк нормалары нарықтық экономикаға өтпелi, отандық азаматтық авиацияның қалыптасу кезеңдерiнде кеңес өндiрiсiнiң әуе кемелерiн пайдалану және қызмет көрсету талаптарына сәйкес әзiрлендi, олар саланың даму серпiнiне сәйкес келмейдi, өйткенi бүгiнгi таңда әуе тасымалының негiзгi көлемi батыс өндiрiсiнiң әуе кемелерiнде жүзеге асырылады.
      Азаматтық авиация саласындағы қатынастар жоғарыда көрсетiлген екi ҚР Заңдардың нысаны қоғамдық қатынастардың бiрыңғай тобын реттейтiн нормалармен реттелуiне байланысты ҚР Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекiтiлген уәкiлеттi органдардағы заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережелерiнiң 8-тармағына сәйкес азаматтық авиация саласындағы заңнаманы жүйелендiруге мүмкiндiк беретiн жоғарыда аталған ҚР заңнамалық актiлерiнiң нысандарын бiрыңғай нормативтiк құқықтық актiге бiрiктiру туралы шешiм қабылданды.
      Осылайша, азаматтық авиация қызметiн мемлекеттiк реттеудiң бiртұтас жүйесi ретiнде реттеу жаңа «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi туралы» ҚР 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңында iске асырылады.
      Бiр уақытта азаматтық авиация қызметiн жетiлдiру мәселелерiмен байланысты қатынастарды заңнамалық реттеу мақсатында көрсетiлген ҚР Заңына iлеспе «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне азаматтық авиация мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңына қол қойылды.
      Көрсетiлген ҚР Заңдарында еуропалық авиациялық талаптарды (JАК), Халықаралық азаматтық авиация ұйымының конвенцияларының талаптарын енгiзу, әуежайларда және ӘК бортында авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, азаматтық авиацияның ӘК-де құқық бұзушылықтардың алдын алу мен болдырмаудың тиiмдi жүйесiн құру қажеттiгi көзделген.
      Авиация саласындағы мемлекеттiк саясат төмендегiдей бағыттарда жүргiзiледi:
      1) азаматтық авиация жүйесiнiң әрбiр элементi шеңберiнде мемлекеттiк реттеудiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету;
      2) әуе көлiгiнде қауiпсiздiк шараларын сақтауды бақылау бойынша iс-шараларды жүзеге асыру;
      3) авиациялық қызметтерге қолжетiмдiлiктi арттыру.
      ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ҚР Үкiметiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның, авиабағыттың тиiмдi қызмет етуiне қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын авиабағыттар бойынша тұрақты тасымалдаулар тиiстi бюджетте көзделген қаражат есебiнен субсидиялауға жатады.
      Республиканың әуе кеңiстiгiнде транзиттiк ағынның басым болуы және көршiлес елдермен жоғары бәсеке аэронавигациялық қызметтерде, соның iшiнде әуежай және тасымалдау қызметтерiнде баға қалыптастырудың тиiмдi және ашық саясатын тұрақты қолдануды талап етедi. 2005 — 2009 жылдар кезеңiнде халықаралық ынтымақтастық саласында көп тарапты ынтымақтастық бойынша 3 шарт жасалды, Әуе қатынасы туралы 2 келiсiмге қол қойылды, тұрақты әуе қатынасын орындауға мүмкiндiк беретiн Өзара түсiнiстiк туралы 4 меморандум жасалды.
      ҚР Президентiнiң 2008 жылғы 23 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Авиациялық объектiлерге қолданылатын жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепiлдiктер туралы конвенцияға қосылды, ол қазақстандық кәсiпорындардың авиациялық техниканың меншiк иесi және несие берушiге үкiметтiк кепiлдiктер ұсыну есебiнен авиациялық техниканы лизинг/жалға алудағы лизингтiк және кредиттiк операциялар бойынша тәуекелдердiң төмендеуiне көмектеседi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет