2.3 Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша тәжірибелік-өндірістік цех
Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша тәжірибелік-өндірістік цехпен танысу. Санитарлық-гигиеналық нормалар, тәжірибенің осы түрін ұйымдастырудағы еңбекті қорғау шаралары. Цехтың жалпы сипаттамасын зерттеу; шикізаттың атауы мен сапасы. Ет өнімдерінің ассортименті.
Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу цехының жұмысымен танысу кезінде қолданылатын технологиялық және тасымалдау жабдықтары мен қолданылатын аппараттарды зерттеу қажет. Тасымалдау қондырғыларының құрылымын және оларды қауіпсіз пайдалана білу.
Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістік процеспен танысу. Негізгі шикізатпен және сапа көрсеткіштерімен. Технологиялық процесс, оның негізгі операциялары, олардың жалпы сипаттамасы. Ет түрлерімен, өңдеу және дайын өнімді алу ерекшеліктерімен танысу.
Студент-практикант ет және ет өнімдерін өңдеу үшін қолданылатын жабдықтар мен машиналардың конструкциясымен танысып, зерделеуі тиіс. Машиналарға қызмет көрсету. Аспаптар мен жабдықтарды қосу және өшіру бойынша операцияларды зерттеу.
Ет өнімдерін дайындау үшін қолданылатын ет және қосымша шикізатты сақтау. Шикізаттың сапасымен, қалдықтарды жоюмен танысу. Дайын өнімді сату және сақтау, оның сапасы.
Жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану кезіндегі санитарлық-гигиеналық нормалар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралар. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
2.4 Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша тәжірибелік-өндірістік цех
"Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу" тәжірибелік-өндірістік цехымен танысу. Санитарлық-гигиеналық нормалар, тәжірибенің осы түрін ұйымдастырудағы еңбекті қорғау шаралары. Цехтың жалпы сипаттамасын; сүт шикізатының атауы мен сапасын зерттеу. Сүт өнімдерінің ассортименті, оның сапасы және шығарылуы.
"Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу" цехының жұмысымен танысу кезінде студент-практикант сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу үшін қолданылатын машиналардың конструкцияларымен, аппараттардың жұмысымен және оларды қауіпсіз пайдаланумен танысуы тиіс.
Сүт өнімдерін өндіру процесімен, негізгі шикізатпен және оның сапа көрсеткіштерімен танысу. Сүтті қайта өңдеудің және сүт өнімдерін алудың технологиялық процесі, оның негізгі операциялары, олардың жалпы сипаттамасы. Сүт өнімдерінің түрлерімен және оларды өндіру ерекшеліктерімен танысу.
Сүт өнімдерін өндіруге арналған сүт пен қосымша шикізаттарды сақтау. Шикізаттың сапасымен, қалдықтарды жоюмен танысу. Дайын өнімді сату және сақтау, оның сапасы.
Жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану кезіндегі санитарлық-гигиеналық нормалар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралар. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |