Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министірлігі


Ғылыми-зерттеу зертханасы



бет13/41
Дата24.04.2024
өлшемі175.23 Kb.
#499755
түріНұсқаулар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
каз Прогр. и методуказ. практики 23

2.5 Ғылыми-зерттеу зертханасы

Студент-практикант зертханашының жұмысын меңгеруі, жалпы зертхананың жұмысын ұйымдастыруды меңгеруі, зертханалық жабдықпен, онда жұмыс істеу әдістерімен танысуы, сондай - ақ тез және дәл жұмыс істеуді үйренуі-шикізат пен дайын өнімнің сапасы бойынша барлық талдауларды жүргізуі тиіс. Зертханада еңбекті қорғау бойынша санитарлық-гигиеналық нормалармен, іс-шаралармен танысу.


Студент-практикант зертханада жүргізілетін барлық құжаттаманың ресімделуін, қабылданатын және босатылатын шикізатты ресімдеу кезінде де, сапасы бойынша есеп беруді де меңгеруі тиіс.
Зертхананың ағымдағы есебін - тіркеу журналдарының барлық түрлерін, сондай-ақ шикізат пен қалдықтардың сандық және сапалық есебін игеруі керек.
Шикізаттың сапасымен, қалдықтарды жоюмен танысу. Зертханада студент-практикант келіп түсетін шикізаттың өзіне тән ерекшелігін анықтайды және сапалы жиынтық жасайды
3 1-ші өндірістік-технологиялық тәжірибенің мазмұны – 2 курс; 5 кредит (6 семетр)

Өндірістік тәжірибе арнайы пәндерді оқуды аяқтағаннан кейін ұйымдастырылып, аталмыш пәндер бойынша жалпы өндірістік тәжірибе мен тәжірибелік оқыту қарастырылған.


1-ші өндірістік тәжірибенің мақсаты кәсіптік құзыреттілікті бекіту, оқытылатын мамандық бойынша тәжірибелік дағдылар мен кәсіби қызмет тәжірибесін алу болып табылады.
Өндірістік тәжірибе бағдарламасын бітіртуші кафедра мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірлейді және бекітеді, ол білім алушыларда кәсіптік маңызы бар дағдыларды дамытуға және кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес арнайы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
1-ші өндірістік-технологиялық тәжірибе университеттің тәжірибелік-өндірістік цехтарында жүргізіледі. Студенттер тәжірибелік-өндірістік цехтарда: нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша; өсімдік майын өндіру бойынша; ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша; сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша барлық технологиялық процесті жан-жақты игеруі қажет. Студент-практиканттар сондай-ақ шикізат пен дайын өнімнің сапалық көрсеткіштерін анықтау жөніндегі зертхананың жұмысын зерделеуі тиіс.
Өндірістік тәжірибенің қорытындысы бойынша білім алушылар кафедраға есеп береді, оны университет кафедрасынан тағайындалған тәжірибе жетекшісі тексеріп, кафедра отырысында қаралады және талқыланады. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық - рейтингтік әріптік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады. Өндірістік тәжірибе бойынша екі жетекші тағайындалған кезде қорытынды баға үлес салмағы қорытынды бағаның 40% - ын құрайтын тәжірибе базасындағы жетекшінің бағасын және университет кафедрасынан тағайындалған жетекші ұсынған есепті қорғау жөніндегі бағаны ескере отырып қойылады, оның үлес салмағы қорытынды бағаның 60% - ын құрайды.
Ескертпе – қосымша, берілген тапсырмалар бойынша өндірістік тәжірибенің есебін сапалы жасау үшін ұсынылған әдеби көздер бойынша өз бетінше неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу керек.
Кеңестер: цех технологы келесі тақырыптар бойынша өткізеді:

  1. Тамақ өндірісіндегі санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер.

  2. Өндірістегі негізгі және қосымша шикізаттың технологиялық мақсаты.

  3. Шикізаттың сапасы, оны анықтау және дайын өнімді алудың технологиялық процесін жүргізуге әсері.

  4. Нан-тоқаш өнімдерін дайындауға және пісіруге арналған жабдық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет