Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министірлігі


Оқу өндірістік-технологиялық тәжірибенің мазмұны – 1 курс; 1 кредит (3 триместр)



бет10/41
Дата24.04.2024
өлшемі175.23 Kb.
#499755
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
каз Прогр. и методуказ. практики 23

2. Оқу өндірістік-технологиялық тәжірибенің мазмұны – 1 курс; 1 кредит (3 триместр)

Оқу орны, оқу шеберханалары, зертханалар, тәжірибелік шаруашылықтар және университеттің басқа да оқу-көмекші бөлімшелері, сондай-ақ болашақ кәсіби қызметке сәйкес келетін ұйымдар өндірістік-технологиялық тәжірибеге (оқу немесе танысу) базалар болып табылады.


"Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" кафедрасында өндірістік-технологиялық (оқу немесе таныстыру) тәжірибесі технологтың немесе цех шеберінің басшылығымен университеттің тәжірибелік-өндірістік цехтарында жүргізіледі.
Оқу (танысу) тәжірибесінің мақсаты оқыту процесінде алынған теориялық білімді бекіту мен тереңдетуді, зерттеу қызметінің алғашқы дағдыларын, іскерлік хат-хабар жүргізу дағдыларын алуды, оқыту мамандығына сәйкес тәжірибелік дағдылар мен жұмыс дағдыларын меңгеруді қамтитын бастапқы кәсіби құзыреттерді меңгеру болып табылады.
Оқу (танысу) тәжірибесінің бағдарламаларын шығарушы кафедра білім беру бағдарламасының талаптарына және мамандықтың бейініне сәйкес әзірлейді.
Оқу (танысу) тәжірибесінің қорытындылары бойынша білім алушылар тиісті кафедраға есеп береді, оны тәжірибе жетекшісі тексереді және кафедра өкімі негізінде кафедра отырысында бекітілген комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық - рейтингтік әріптік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.
Цехта тәжірибенің осы түрін ұйымдастырудағы санитарлық-гигиеналық нормалар, ережелер және еңбекті қорғау шараларымен танысады.
Бұл ретте студенттер тәжірибелік-өндірістік цехтарда: нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша; өсімдік майын өндіру бойынша; өсімдік шикізатын қайта өңдеу бойынша; ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша; сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша технологиялық процеспен танысуы қажет. Студент-практиканттар зертханада жүргізілетін жұмыстармен де танысуы тиіс.
Кеңес беру келесі тақырыптар бойынша жүргізіледі:

  1. Тамақ өндірісіндегі санитарлық-гигиеналық нормалармен және ережелермен танысу. Өнімді өндіру және дайындау кезіндегі негізгі талаптар.

  2. Өндірістегі негізгі және қосымша шикізаттың технологиялық мақсаты. Технологиялық процестің өнім сапасына әсері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет