1.4.3 Кәсіпорынның тәжірибе жетекшісінің міндеттері (цехтар)
Кәсіпорыннан (цехтан) тағайындалған тәжірибе жетекшісі стандарттар мен қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына [СМЖ 02.2017 – 2020 - "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ Басқарма төрағасының 18.03.2020 № 180-Н бұйрығымен бекітілген студенттердің тәжірибелік дайындығын ұйымдастыру және өткізу тәртібі] сәйкес өндірістік-технологиялық (кәсіптік) тәжірибені ұйымдастыруға және өткізуге жауапты болады.
Жұмыс орындарына жұмысқа жібермес бұрын студент міндетті түрде қауіпсіздік техникасы бойынша және жұмыс орнында жалпы нұсқамадан өтуі тиіс.
Кәсіпорынның (цехтың) тәжірибе жетекшісі міндетті:
студент-практиканттың жұмысын жұмыс орнында ұйымдастыру, білікті басшылықты қамтамасыз ету;
тәжірибеден өту барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша студент-практикантқа кеңес беру;
кәсіпорынның (цехтың) қызметі туралы бастапқы талдамалық материалдарды жинау бойынша тәжірибелік көмек көрсету;
тәжірибе туралы есеппен танысып, теориялық және тәжірибелік дайындығын объективті бағалай отырып, студентке қысқаша жазбаша пікір-сипаттама беру.
1.4.4 Студент-практикаттардың міндеттері
Студент-практикант міндетті:
белгіленген мерзімде тәжірибеден өту орнына келу;
кәсіпорын (цех) басшысымен бірлесіп өндірістік-технологиялық тәжірибеден өтудің күнтізбелік жоспарын әзірлеу;
өндірістік-технологиялық тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындау;
дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін материалдар жинау;
белгіленген мерзімде кафедраға өндірістік тәжірибеден өту нәтижелері туралы жазбаша есеп, тәжірибеден өту объектісіне келу туралы хабарлама мен өндірістік-технологиялық тәжірибенің күнделігін ұсыну. Барлық құжаттар міндетті түрде қол қойылып, кәсіпорынның (цехтың) мөрімен расталуы тиіс;
тәжірибе бойынша есепті қорғау.
Есеп университеттің тәжірибе жетекшісімен тексерілгеннен кейін қорғауға жіберіледі (қорғауды қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын кафедра меңгерушісі анықтайды, факультет деканы бекітеді). Тәжірибе бойынша есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық - рейтингтік әріптік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.
Қорғау бойынша қанағаттанарлықсыз баға алу немесе белгіленген мерзімде тәжірибе бойынша есеп пен күнделік ұсынбау студентті қайта оқу курсына және тәжірибеден қайта өтуге әкеліп соғады.
Тәжірибе барысында студент мүмкіндік болса, жұмыс орнында жұмыс істей алады. Егер де бос жұмыс лауазымдары болмаған жағдайда студент дублер ретінде тәжірибеден өтеді.
Студенттерді біліктілігі жоқ лауазымдарда (тазалаушы, жүк тиеуші және т.б.) пайдалануға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |