2.1 Нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша тәжірибелік-өндірістік цех
Тәжірибелік-өндірістік нан пісіру цехымен танысу. Санитарлық-гигиеналық нормалар, тәжірибенің осы түрін ұйымдастырудағы еңбекті қорғау шаралары. Цехтың жалпы сипаттамасын, шикізаттың атауы мен сапасын зерттеу. Нан және нан-тоқаш өнімдерінің ассортименті.
Наубайхана цехының жұмысымен танысу кезінде қолданылатын технологиялық және тасымалдау жабдықтары мен қолданылатын құрылғыларды зерттеу қажет. Тасымалдау құрылғыларының мақсатын, олардың қауіпсіз пайдаланылуын білу. Ұнды елеу мен тазалау және оны қамыр илеуге дайындау үшін қолданылатын машиналар. Елек нөмірлеріне және оларды орнату тәртібіне назар аудару қажет.
Нан пісіру өндірісімен танысу. Негізгі және қосымша шикізатпен және сапа көрсеткіштерімен. Нан дайындау мен пісірудің технологиялық процесі, ол үшін орындалатын негізгі операциялар. Бидай нанын дайындаумен танысу, қамыр дайындау, рецепт бойынша оның құрамы.
Негізгі операциялармен танысу – қамырды дайындау, қамырды кесу, тексеру, қалыптау, дайындау және пісіру, нанның дайындығын анықтау. Нанды сақтау және нан мен нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау.
Нан және нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған ұн мен қосымша шикізатты сақтау. Шикізаттың сапасымен, қалдықтарды жоюмен танысу керек. Дайын өнімді сату және сақтау, оның сапасы.
Жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану кезіндегі санитарлық-гигиеналық нормалар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралар. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
2.2 Өсімдік майын өндіру бойынша тәжірибелік-өндірістік цех
"Өсімдік майын өндіру" тәжірибелік-өндірістік цехымен танысу. Санитарлық-гигиеналық нормалар, тәжірибенің осы түрін ұйымдастырудағы еңбекті қорғау шаралары. Цехтың жалпы сипаттамасын зерттеу; шикізаттың атауы мен сапасы – майлы тұқымдар. Өсімдік майының шығару мен ассортименті.
Өсімдік майын өндіру цехының жұмысымен танысу кезінде қолданылатын технологиялық және тасымалдау жабдықтары мен қолданылатын аппараттарды зерттеу қажет. Тасымалдау қондырғыларының құрылымын және оларды қауіпсіз пайдалана білу. Майлы дақылдарды елеу мен тазалау, оларды қайта өңдеуге және сығуға дайындау үшін қолданылатын машиналармен танысу.
Өсімдік майын өндіру процесімен танысу. Негізгі шикізатпен және сапа көрсеткіштерімен. Технологиялық процесс, оның негізгі операциялары, олардың жалпы сипаттамасы. Майдың түрлерімен және оларды өндіру ерекшеліктерімен танысу.
Негізгі операциялар – өсімдік майын өндіру мен оның технологиясы. Май өндірудің технологиялық схемасымен танысу – майлы шикізатты өңдеу және дайындау. Майлы дақылдар тұқымынан өсімдік майын бөліп алу. Негізгі операциялардың мақсаты – майды сүзу, рафинадтау, гидратациялау. Келесі операциялармен танысу майды өлшеп-орау, оны сақтау және босату.
Жабдықтар мен қондырғыларды пайдалану кезіндегі санитарлық-гигиеналық нормалар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралар. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |