Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі


Арнайы және эндокринді - ферментті шикізаттарды өңдеу



бет11/14
Дата20.01.2023
өлшемі350 Kb.
#468572
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
(2курс) АйкенД. Группа ТПП18-25 Отчет по практике

3.1 Арнайы және эндокринді - ферментті шикізаттарды өңдеу
Ауылшаруашылық малдың қаны сойылудан алынатын, құнды шикізат болып есептеледі, себебі оның ішінде көптеген ақуыздар болады, оларды тамақ емдеу, жем және теөникалық заттарға қолданады. Қанды тұтас пайдаланып қоршаған ортаны ластамауға себепкер болады. Қазіргі уақытта шұжық, жартылай фабрикат, сүрлеме өндіруде қан сарысуын және плазманы пайдала- нады.Таза қан мен эритроциттер қанды шұжық, сүрлеме, паштет зельцті жасауға қолданылады. Таза қанды аз мөлшерде ет өнімдеріне қосады, себебі ол өнімге керекті түсті келтіреді.Ақуызбен қанның қосындысы изолейцин метиониннің аздығын толтырады және арнайы түрде өңдеуге қолданылады, себебі өнімнің түсін өзгертеді, соған қарай қанның толық пайдалануына себепкер болады. Қанды емдік өнімдер алуға қолданады, қан мен пішін элементінен сұйық және кептірілген гематоген, ал плазмадан, сары су мен фибриннен ем сары суын және ақуыз гидролизатын жасайды. Қаннан пайдалы жемдерді жасайды.
Қан өңдеуінің амалы мен жағдайы, және құрамдас бөлігі одан дайында- латын өнім түріне және пайдалану аппаратына байланысты.
Шикізатқа қойылатын талаптар. Сау малдың қанның тамақ және емдік өнімдер өндіру үшін қолданады.Сау малдың күйі ветеринарлық-санитариялық көрсеткішпен белгіленеді де малды сойғаннан кейін 30-40 минуттан кейін қанды өңдеуге жібереді. Жем және техникалық өңдеу заттарына алдын-ала ветеринариялық-санитариялық көрсеткіш бойынша барлық малдың қаны қолданылады. Антисептикалық затпен сүрмелеген қан жем алуға жарамайды.
Қанды жинау. Қан ағызғаннан кейін жинау жағдайын оның кейінгі пайдалану бағытымен анықтайды. Жиналған қанды пайдалану үшін жабық жүйедегі вакуум қолданылуы жоғары санитариялық-гигиеналық көрсеткішті қамтамасыз етеді және қанды тамақ өнімдеріне толық пайдаланудың биік өнімділігін көрсетеді. Сойылғаннан кейін алынар қанның мөлшері немесе көлемі малдың түріне, жынысына, жасына, семіздігіне, жаратылысына және есеңгірету әдісіне, қан жинауына байланысты.
Таза қанның көлемі орта есеппен алғанда ірі қара малдікі – 4,2%, ұсақ малдікі – 3,2%, шошқанікі – 3,5% болады. Тамаққа қолданылатын қанды науамен сыйымдылыққа жеткізеді де, мал жеміне және техникалық заттарға өңдеуге жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет