Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі



бет12/14
Дата20.01.2023
өлшемі350 Kb.
#468572
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
(2курс) АйкенД. Группа ТПП18-25 Отчет по практике

Қанды тұрақтандыру. Қанды ұйымдау үшін жасалған әрекеттер технологиялық процестерді жақсартады, оған кететін уақытты азайтып, механикаландырады, қан затының өңдеуін және қан құрамындағы ақуызды сақтайды, қанның микробтармен ластануын, гемолизін азайтады. Тұрақтан- дырудың қолданылуы толық құнды ақуыз-фибриногенді қанның ішінде сақтап, оны тамақ және медициналық мақсатта пайдаланады және қанның құрғақ қалдығының сақталу мөлшеріне байланысты техникалық заттың шығуын көбейтеді.
Қанды фибриннен айыру. Ұйыған қанның фибриннін екі жолмен кетіреді. Тамақпен медициналық мақсатпен алынатын қанды оның ішіндегі фибринді алғаннан кейін пайдаланады. Қанды жинап оны фибринсіздету уақыты 1 минуттан аспау керек. Тамаққа қолданылатын қанды дефибрина- тордың ішінде механикалық бұлғауыштың көмегімен фибринсіздендіреді.
Қанды айыру. Сары су мен пішіндік элементтерден тұратын қанды әр түрлі үлестің тығыздығына байланысты сепаратормен екіге бөледі. Үлестен айналма барабанына жеткеннен кейін, ол тарелкелердің арасында жұқа қабат ретінде таралады, ортадан тепкіш күшінің әсерімен ауыр келген пішінді элементтің үлесі сары судан сүзіліп алынады. Қанның бөлінуі оның тұтқыр- лығына байланысты. Сондықтан қанды айыруды 35-40ºС температурада өткізеді.
Қан ақуызының коагуляциялық тұндырылуы. Қазіргі уақытта өндіріс практикасында қан ақуыздарын жылу немесе химиялық коагуляция әдісімен бөледі. Техникалық коагуляция 90-95ºС өтеді. Бұл жағдайда микробтардың мөлшері азаяды. Коагулянттың ылғалы 50% дейін болады. Бұл әдістің жетіспейтіні денатурация кезінде қан ақуызының функциялық қасиеті өзгереді. Ақуыз өңделген қаннан немесе оның үлесінен қышқыл ортада рН=3,1-4,5 реагентімен алынады. Химиялық реагент ретінде натрийдің полифасфаты, темрідің үшхлориді, лигний және оның қоспалары қолданылады. Бұл әдісі пайдалану қаннан 98% ақуыз алуды қамтамасыз етеді.
Қан және оның құрамдас бөліктерін сүрлемелеу. Микробилогиялық процестерді тоқтату үшін қан, сары су, плазма, пішінді элементтерді келесі өңдеу жолына қолма-қол алынғаннан кейін жіберу қажет. Сақтау ұзақтығы 15ºС температурада қан жиналғаннан кейін 4 сағаттан аспау керек, ал сары су, плазма, пішінді элементтер 2 сағаттың арасында. Қан мен сары судың сақтау мерзімін 10% натрий хлориді ертіндісімен ұзартуға болады. Бұл күйде 4ºС температурада 2 тәулікке дейін сақтауға болады. Консервант ретінде аммиак, көміртегінің диоксиді, натрий цитраты қоспасын, натрий хлоридін, натрий тиросульфатын, сүт қышқылын қолданады. Техникалық өңдеу ретінде пайдала- натын қанды антисептикалық затпен сүрлемелейді.
Қан және оның құрамдас бөліктерін ұзақ сақталуы үшін тоңазытады. Тоңазыту үшін тоңазытқыш барабан қолданылады. Қанның сақталуы осы күйде 10ºС температурада 6 айға созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет