Қазақстан республикасының азаматтық процестік кодексі



бет4/21
Дата09.06.2016
өлшемі1.46 Mb.
#124822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы, егер заңдылығына дау айтылып отырған нормативтік құқықтық актінің қолданылуы инвесторды шығынға батыруы мүмкін болса;

  • мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктерін) дау айту туралы, егер осындай шешім, әрекет (немесе әрекетсіздік) инвесторды шығынға батыруы мүмкін болса.

    Инвестициялық дауларға сондай-ақ:

    инвесторлар арасындағы даулар, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру жөніндегі шарттардан туындайтын міндеттемелерді орындау туралы Қазақстан Республикасының басқа да құқық субъектілерімен даулары;

    инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де даулар жатады.

    5. Инвестициялық қызметке байланысты емес инвестор қатысқан, қаржы орталығының қатысушысын қатысушы ретінде тіркеу негіздемелеріне байланысты емес ол қатысқан құқықтық қатынастардан туындайтын даулар осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылыққа сәйкес аудандық (қалалық) соттардың қарауына жатады.


    28-бап. Азаматтық істердің Қазақстан Республикасы Жоғарғы

    Сотының қарауына жатқызылуы

    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мынадай:


    1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне), Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) дау айту туралы;

    2. осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде көзделген тарапы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша қарайды.

    29-бап. Жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою



    1. Талап сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылады.

    Азаматтың, оның ішінде заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының тұрғылықты жері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалған ережелер бойынша айқындалады.

    2. Заңды тұлғаға талап заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына және (немесе) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген мекенжайға сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, ал заңды тұлға ретінде тіркелмеген жағдайда – ол орналасқан жердегі сотқа қойылады.


    30-бап. Талапкердің таңдауы бойынша соттылық

    1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері жоқ жауапкерге талап оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша немесе оның ең соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.

    2. Заңды тұлғаға да талап оның мүлкінің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

    3. Заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің қызметінен туындайтын талап та филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

    4. Әке болуды анықтау және алименттерді өндіріп алу туралы талапты талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша қоюы мүмкін.

    5. Денсаулыққа зақым келтіруден, сондай-ақ асыраушының өліміне байланысты келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды талапкер өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады. Өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты болып танылған заңды тұлға таратылған жағдайда талаптар тиісті бюджет бағдарламасы әкімшісінің орналасқан жері бойынша қойылады.

    6. Орындалатын орны көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар шарттың орындалатын орны бойынша да қойылуы мүмкін.

    7. Некені бұзу туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша онымен кәмелетке толмаған балалары бірге тұрған жағдайда қойылуы мүмкін.

    8. Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде заңсыз әкімшілік жазаға тартудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.

    9. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері не шарттың жасалу немесе орындалу орны бойынша қойылуы мүмкін.

    10. Кемелердің соқтығысуынан келтірілген залалды өтеу туралы, сондай-ақ теңізде көмек көрсеткені және құтқарғаны үшін сыйақы өндіріп алу туралы талаптар жауапкердің тұрған немесе кеме тіркелген порттың орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін. 

    11. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін өндіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері немесе жауапкердің орналасқан жері бойынша қойылуы мүмкін.

    12. Бірнеше жауапкерге талаптар талапкердің таңдауы бойынша жауапкерлердің бірінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша қойылады.

    13. Осы Кодекстің 31-бабында белгіленген істің соттылығын қоспағанда, осы бапқа сәйкес іс қарауына жататын бірнеше соттың арасынан таңдау жасау талапкерге тиесілі.


    31-бап. Айрықша соттылық

    1. Жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жерге тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар осы объектілердің орналасқан жері бойынша қойылады. 

    Егер жылжымайтын мүлік объектілері түрлі елді мекендерде орналасқан болса, әрбір объектінің орналасқан жері бойынша сотқа талап қойылады.

    Егер жылжымайтын мүлік объектілері бір елді мекеннің аумағында орналасқан болса, олардың әрқайсысының орналасқан жері бойынша сотқа талап қойылады.

    2. Мұра қалдырушыға кредит берушілердің мұрагерлерге қойған талаптары, осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген ережелерге сәйкес мұраға қалдырылған мүлік орналасқан жердегі соттың қарауына жатады. 

    3. Мұрагерді лайықсыз мұрагер деп тану туралы, мұраны иесіз деп тану туралы, мұраны қабылдау үшін мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру, мұрадан бас тарту туралы талаптар мұраның ашылған орны бойынша қойылады.

    4. Жүктерді, жолаушыларды немесе теңдеме жүкті тасымалдау шарттарынан туындайтын тасымалдаушыларға қойылатын талаптар сотқа тасымалдаушының (көлік ұйымының, дара кәсіпкердің) орналасқан жері бойынша қойылады.

    5. Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талаптар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, сотқа талапкердің тұрған жерi бойынша қойылады.


    32-бап. Шарттық соттылық

    Тараптар осы істің, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысындағы соттың іс жүргізуінде тұрған істердің соттылығын аумақтық жағынан өзара келісім бойынша өзгерте алады. Осы Кодекстің 30-бабында белгіленген соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.


    33-бап. Өзара байланысты бірнеше істердің соттылығы

    1. Дербес талапты мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және соттылығына қарамастан қарсы талап, бастапқы талап қаралатын жердегі сотқа беріледі.

    2. Бір жауапкерге бірнеше талап қойылған кезде, егер даудың нысанасы немесе негізі соттың іс жүргізуінде тұрған істегі даудың нысанасына және негізіне байланысты болса, ал осындай талаптардың соттылығы соттың іс жүргізуінде тұрған істің соттылығын бұзбаса, сот оларды бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

    3. Қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделмеген немесе шешілмеген болса немесе қылмыстық істі жүргізу кезінде сот қараусыз қалдырса, бас бостандығынан айыруға сотталған адамға оның сотталғанға дейінгі тұрғылықты жері бойынша не талапкердің тұрғылықты жері бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарау үшін қойылады.  


    34-бап. Істі бір соттың іс жүргізуінен алып басқа сотқа беру

    1. Соттылық қағидалары сақтала отырып, соттың іс жүргізуіне қабылданған іс, кейіннен ол басқа соттың қарауына жатқызылса да, сот оны мәні бойынша шешуге тиіс. 

    2. Егер:

    1) тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш берсе; 

    2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін істі осы сотта қарау мүмкін болмаса; 

    3) істі осы сотта қарау кезінде оның іс жүргізуге соттылық ережелері бұзыла отырып қабылданғаны анықталса;

    4) осы Кодекстің 27-бабының үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша істі басқа соттың қарауына береді.

    3. Істің сол соттың соттылығына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарылады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым берілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

    4. Осы баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда істі оның соттылығын анықтау үшін жоғары тұрған сотқа беру туралы ұйғарым шығарылады. Істі басқа сотқа беру туралы мәселені судья іске қатысушы адамдарға хабарламастан және сот отырысын өткізбестен, жеке-дара қарайды. Қарау нәтижелері бойынша ұйғарым шығарылады, ол түпкілікті болып табылады және шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

    5. Іс бір соттан екінші сотқа беру – осы ұйғарымға шағым беру мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берілген жағдайда – шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін беріледі.

    6. Соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

    4-тарау. СОТТЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУ


    35-бап. Соттың құрамы

    1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істерді судья жеке-дара қарайды және шешеді, ол сот атынан әрекет етеді.

    2. Осы Кодекстің 27-бабының төртінші бөлігінде көзделген азаматтық істерді Астана қаласының сотында судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді.



    3. Осы Кодекстің 28-бабында көзделген азаматтық істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша судья жеке-дара қарайды және шешеді.

    4. Апелляциялық сатыдағы сотта істерді облыстық және оған теңестірілген соттың тақ санды (кемінде үш) судьясы соттың алқалы құрамында қарайды, оның біреуі төрағалық етуші болып табылады не судья істі осы Кодекстің 402-бабына сәйкес жеке-дара қарайды.

    5. Кассациялық сатыдағы сотта істерді облыстық және оған теңестірілген соттың тақ санды (кемінде үш) судьясы осы сот төрағасының не оның тапсыруы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен соттың алқалы құрамында қарайды.

    6. Қадағалау сатысындағы сотта істерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тақ санды (кемінде бес) судьясы аталған алқа төрағасының не оның тапсыруы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен соттың алқалы құрамында қарайды.

    7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңейтілген сот отырысында істерді Жоғарғы Сот Төрағасының не оның тапсыруы бойынша Жоғарғы Сот судьяларының біреуінің төрағалық етуімен кемінде жеті судьяның қатысуымен алқалы құрамда қарайды.


    36-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі

    1. Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы сот құрамы қараған және шешкен кезде туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. 

    2. Төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан дауыс береді.

    3. Көпшіліктің шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол мөр басылған конвертте іске қоса тіркеледі. Кассациялық және қадағалау сатысындағы соттар осы істі қарау кезінде ерекше пікірмен танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің бар екендігі туралы іске қатысушы тұлғаларға хабарланбайды және ерекше пікір сот отырысы залында жарияланбайды.

    37-бап. Судьяның істі қарауға және шешуге қайта қатысуына жол

    берілмейтіндігі

    1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға және шешуге қатысқан судья осы істі бірінші сатыдағы сотта, сондай-ақ апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қайтадан қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған шешімнің күші жойылған жағдайда істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.

    2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы сотта қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісінің күші жойылған жағдайда істі апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды.

    3. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы сотта қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісінің күші жойылған жағдайда істі кассациялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды.

    4. Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі басқа сатылардағы соттарда қарауға және шешуге қайта қатыса алмайды.


    38-бап. Судьяға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер

    1. Судья, егер ол: 

    1. осы істі мұның алдында қарау кезінде медиацияны жүргізген судья, прокурор, куә, сарапшы, маман, аудармашы, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы ретінде қатысса; 

    2. іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы немесе жекжаты болса;

    3. істің шешілуіне өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс. 

    2. Істі қарайтын соттың алқалы құрамына өзара туыс, ерлі-зайыптылар немесе жекжаттар болып табылатын судьялар кіре алмайды. 
    39-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот

    отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас

    тарту) үшін негіздер  


    1. Осы Кодекстің 37-бабының бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер, сондай-ақ сот отырысына қатысушы прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, аудармашыға, сарапшыға да қолданылады. 

    2. Бұған қоса сарапшы, маман, аудармашы, егер: 

    1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет бабымен немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе; 

    2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгіну үшін негіз болса немесе осы азаматтық істі қараған кезде пайдаланылса;

    3) оның білікті емес екендігі байқалса, оның ішінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау оның арнайы білімдерінің шегінен шықса соттың істі қарауы және шешуі кезінде сот отырысына қатыса алмайды.

    3. Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының істі мұның алдында қараған және шешкен кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін сараптама қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша қосымша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.
    40-бап. Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыздар

    1. Осы Кодекстің 38, 39-баптарында аталған мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Іске қатысушы адамдарға сол негіздер бойынша қарсылық білдіруге тиіс.

    2. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) себебі көрсетілуге және істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін жазбаша түрде мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) негізі сотқа немесе қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) мәлімдеген адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз берілуі мүмкін.

    3. Бұрын мәлімделген негіздер бойынша судьяға қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) қайтадан мәлімдеуге жол берілмейді.

    4. Судьяның осы Кодекстің 38-бабының бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өздігінен бас тартуды мәлімдеуі оны қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз болып табылады.
    41-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды

    қарау тәртібі

    1. Прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, сарапшыға, аудармашыға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сот қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген сот отырысында қарайды және шешеді.

    2. Бірінші сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) осы соттың төрағасы немесе басқа судьясы тараптарға хабарламастан мәлімделген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал олар болмаған жағдайда – тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы ол келіп түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және шешеді.

    3. Апелляциялық сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы тараптарға хабарламастан қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал ол болмаған кезде – осы апелляциялық сатының басқа судьясы қарайды және шешеді.

    4. Істі соттың алқалы құрамы қараған кезде судьялардың біріне мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) соттың алқалы құрамының басқа судьялары қарайды. Сот мәлімделген қарсылық білдіру бойынша іске қатысушы адамдардың пікірін, егер түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген судьяның қатысуынсыз кеңесу бөлмесінде шешіледі. Қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған жағдайда қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қанағаттандырылды деп есептеледі.

    5. Істі сот отырысында қарайтын соттың екі және одан да көп судьясына немесе алқалы құрамындағы барлық судьяларына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) нақ сол сот толық құрамда жай көпшілік дауыспен шешеді.

    6. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қабылданбаған кезде соттың сол алқалы құрамы істі қарауды және шешуді сол сот отырысында жалғастырады.

    7. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда істі қарау кейінге қалдырылады. Істің жаңа сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысушы адамдар мен олардың өкілдеріне хабарланады.

    8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарымы шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық, кассациялық шағымдарға, қадағалау өтінішіне немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.


    42-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды

    қанағаттандырудың салдары

    1. Істі аудандық немесе оған теңестірілген сотта жеке-дара қарап жатқан судьяға қарсылық білдірілген (өздігінен бас тартылған) жағдайда бұл істі басқа судья сол сотта қарайды. Егер іс жүргізуінде іс тұрған сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, іс жоғары тұрған сот арқылы басқа сотқа беріледі.

    2. Істі облыстық және оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарау кезінде судьяға қарсылық білдірілген (өздігінен бас тартылған) не соттың бүкіл құрамына қарсылық білдірілген жағдайда істі сол сотта басқа судья немесе судьялардың басқа құрамы қарайды.

    3. Егер облыстық және оған теңестірілген сотта өздігінен бас тартулар немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін осы істі қарау үшін жаңа сот құрамын құру мүмкін болмаса, іс қаралатын сотты анықтау үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.
    5-тарау. ІСКЕ ҚАТЫСУШЫ ТҰЛҒАЛАР
    43-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құрамы

    Тараптар; үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе осы Кодекстің 55 және 56-баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын азаматтар; осы Кодекстің 302-бабында көзделген сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен өзге де мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар деп танылады.

    Іске қатысушы тұлғалардың құрамы туындаған материалдық-құқықтық қатынастардың және қолданылуға тиіс заңдардың мазмұнымен айқындалады.  
    44-бап. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі

    1. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі (азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі) материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен заңды тұлғалар үшін бірдей дәрежеде танылады.


    45-бап. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі

    1. Сотта өздерінің әрекеттерімен өз құқықтарын дербес жүзеге асыру және міндеттерін орындау (азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарға, заңды тұлғаларға толық көлемде тиесілі болады. 

    2. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды. Сот осындай істерге кәмелетке толмағандардың өздерін немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтарды қатыстыруға міндетті. Кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша сот прокурорды іске қатысуға тартуы мүмкін.

    3. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері, прокурор қорғайды. 

    4. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, отбасылық, еңбек, кооперативтік және өзге де құқықтық қатынастардан және тапқан табысына немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарына иелік етуге байланысты мәмілелерден туындайтын істер бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын және заңды мүдделерін сотта жеке өзі қорғауға құқығы бар.

    5. Заңда көзделген негіздер бойынша эмансипацияланған кәмелетке толмағандар эмансипациялау кезінен бастап толық іс жүргізу қабілеттілігіне ие болады.

    6. Сот осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін өз қалауы бойынша іске қатыстыруға құқылы.
    46-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

    1. Іске қатысушы тұлғалардың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа да адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; оның ішінде талапты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану туралы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы, бітістіру рәсімдерін қолдану туралы өтініш беруге; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа да тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Олар басқа адамдардың құқықтарын теріс пайдаланбай, олардың мүдделерін бұзбай, өздеріне тиесілі процестік құқықтарды адал пайдалануға және істерді қарау мен шешу мерзімдерін қасақана созып жіберуге жол бермеуге тиіс.

    2. Іске қатысушы тұлғалар істің нақтылы мән-жайлары туралы сотқа толық әрі шынайы түрде мәлімдеуге, сөз сөйлеуге немесе сотқа екінші тарап растаған фактілерді теріске шығаратын жазбаша дәлелдемелер ұсынуға міндетті. Іске қатысушы тұлғалардың процестік міндеттерін орындамауы осы Кодексте көзделген процестік салдардың туындауына әкеп соғады.

    3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттер арыздар мен өтініштерді, жазбаша нысандағы немесе электрондық құжат нысанындағы құжаттарды беру арқылы жасалуы мүмкін.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет