47-бап. Тараптар
1.Талапкер мен жауапкер азаматтық процесте тараптар болып табылады.
Өздерінің бұзылған немесе даулы болып отырған құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап талап қойған азаматтар мен заңды тұлғалар немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қорғап талап қойған өзге де адамдар талапкерлер болып табылады.
Өздеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкерлер болып табылады.
2. Заңмен көзделген жағдайларда, заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар да тараптар болуы мүмкін.
3. Басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге заң бойынша құқығы бар адамдардың арызы бойынша өз мүддесінде іс басталған адамға сот туындаған процесс туралы хабарлайды және ол оған талапкер ретінде қатысады.
4. Азаматтық процесте мемлекет тарап болуы мүмкін.
5. Тараптар процестік құқықтарын тең иеленеді және бірдей процестік міндеттері болады.
48-бап. Талап қоюдың негіздемесін немесе нысанасын өзгерту, талап қоюдан бас тарту, талап қоюды тану, татуласу келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім
1. Талапкер талап қоюдың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы, жауапкер талап қоюды тануға құқылы, тараптар істі осы Кодекстің 169, 170, 171-баптарында және 17-тарауында көзделген қағидалар бойынша татуласу келісіммен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады.
2. Сот өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқылы емес. Егер бұл әрекеттер заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзса, сот талапкердің талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітпейді.
3. Талап қоюдың негіздемесі немесе нысанасы өзгерген, талап қою талаптарының мөлшері ұлғайған немесе азайған кезде істерді қарау мерзімінің өтуі бастапқы талап қойылған күннен бастап есептеледі.
49-бап. Бірнеше талапкердің немесе жауапкердің іске қатысуы
1. Бірнеше талапкер бірлесіп бір немесе бірнеше жауапкерге талап қоюы мүмкін. Талапкерлердің немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талапкерлердің немесе тең жауапкерлердің біреуіне сенімхат негізінде тапсыра алады.
2. Егер:
1) бірнеше талапкердің немесе бірнеше жауапкердің ортақ құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса;
2) бірнеше талапкердің немесе бірнеше жауапкердің құқықтары мен міндеттерінің негізі бір болса;
3) бірнеше талапкердің немесе бірнеше жауапкердің біртекті (ұқсас) құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса, іске бірнеше талапкердің немесе жауапкердің қатысуына жол беріледі.
50-бап. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру
1. Істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі. Сот талап қою бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтап, істі тоқтатпай, талапкердің өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және оны сот отырысында қарау басынан бастап жүргізіледі. Істі қарау мерзімі істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.
2. Егер талапкер тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға келіспесе, сот істі қойылған талап бойынша қарайды және шешеді.
51-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін
үшінші тұлғалар
1. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін процеске кірісе алады. Олар барлық құқықтарды пайдаланады және талапкердің барлық міндеттерін орындайды.
2. Соттың істі сот талқылауына дайындау кезінде және қойылып отырған талаптар үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі туралы дәйекті деректері болса, сот аталған адамдарға осындай арыздың қабылданғаны туралы хабарлайды.
3. Егер үшінші тұлға іске қатысу құқығын немесе бірінші сатыдағы сотта дербес талап қою құқығын іске асырмаса, сот істі талапкердің қойған талабы бойынша қарайды және шешеді.
52-бап. Даудың нысанасына дербес талаптарын
мәлімдемейтін үшінші тұлғалар
1. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемеген үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысты олардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талапкердің немесе жауапкердің жағында процеске кірісе алады. Олар тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың өтінішхаты немесе соттың бастамасы бойынша іске қатыстырылуы мүмкін.
2. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемеген үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы шешімді сот істі сот талқылауына дайындау сатысында шешеді, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда немесе сот отырысының ұйғарымында көрсетіледі, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
3. Дербес талаптарын мәлімдемеген үшінші тұлғалар процестік құқықтарын пайдаланады және өзі қай тараптың жағында қатысса, сол тараптың процестік міндеттерін мойнына алады. Аталған адамдар талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге, қойылған талаптардың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талап қоюдан бас тартуға, талап қоюды танытуға, татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді не дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасауға, қарсы талап қоюға, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап етуге құқылы емес.
Дербес талабын мәлімдемеген үшінші тұлға іске кіріскен кезде осы тұлғаға іс материалдарымен, оның ішінде іске қатысушы тұлғалардың бұрын берген түсініктемелерімен танысу мүмкіндігі беріле отырып, істі қарау жалғастырылады.
53-бап. Іс жүргізудің құқық мирасқорлығы
1. Даулы немесе сот шешімімен белгіленген құқықтық қатынастардан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда (адамның қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапқа жол беру, борышты ауыстыру және материалдық құқықтық қатынастардағы адамдардың басқа да өзгеру жағдайлары) сот сол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстырады. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады.
2. Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқорын ауыстырған адам үшін қаншалықты міндетті болса, құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер сондай шамада міндетті болады.
3. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі қарау кезінде тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда, іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 272-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес тоқтатыла тұрады.
4. Кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттарда сот актілерін қайта қарау сатысында тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда, шығып қалған тараптың және іске қатысушы басқа да адамдардың шағымы, өтінішхаты, наразылығы қараусыз қалдырылады. Құқық мирасқоры шағымды, өтінішхатты қайта беруі мүмкін. Наразылық құқық мирасқорының өтінішхаты бойынша және прокурордың бастамасымен қайта берілуі мүмкін.
5. Сот актілеріне шағым жасау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты тиісінше кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарайды.
54-бап. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы
-
Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей, сондай-ақ өзіне бағынышты прокурорлар арқылы жүзеге асырады.
2. Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы бұл заңда көзделген, прокурордың осы іске қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда, сондай-ақ прокурордың бастамасы бойынша қозғалған, мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, жұмысқа қайта алу, жалақы өндіру, азаматты басқа тұрғын үй берместен тұрғын үйден шығару, өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша міндетті.
3. Прокурор өзіне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша жазбаша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы бойынша процеске кіруге құқылы.
Прокурордың көрсетілген өкілеттіктері соттың қарауға белгіленген барлық істер туралы соттың ресми сайтына орналастыру арқылы уақтылы хабарлау жолымен қамтамасыз етіледі.
4. Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы талап қоюмен, арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Әлеуметтік саладағы шектелмеген адамдар тобының еңбек, тұрғын үй және өзге де құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз азаматтың мүдделерін қорғау туралы талап қоюды прокурор мүдделі азаматтың өтініші мен арызына қарамастан қоюы мүмкін.
5. Егер талапкер прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.
6. Талап қойған прокурор барлық процестік құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ татуласу келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық процестік міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа адамның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан (арыздан) бас тартуы осы адамды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлегеннен кейін істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.
7. Сот қарайтын дауда талапкер немесе жауапкер ретінде прокуратура органдарының мүддесін білдіретін прокурор тараптардың процестік құқықтары мен міндеттерін пайдаланады.
55-бап. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгіну
1. Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе азаматтар олардың өтініші бойынша басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді де қорғау үшін талап қоя отырып, сотқа жүгіне алады.
2. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін.
3. Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар барлық процестік құқықтарын пайдаланады және талап қоюдан бас тарту, татуласу келісімді және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық процестік міндеттерін мойнына алады.
4. Егер өз мүддесінде іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.
56-бап. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының іс бойынша қорытынды беру үшін процеске
қатысуы
-
Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін өз бастамасы бойынша, іске қатысушы адамдардың өтінішхаты бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша іс бойынша жазбаша қорытынды беру үшін процеске қатыса алады.
Қорытынды ұсыну талап етілетін мәселелер мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберіледі.
2. Қорытынды азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау жөнінде осы органдарға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құзыреті шегінде беріледі және іс материалдарына қоса тіркеледі.
Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды. Соттың қорытындымен келіспегені туралы сот шешімінде көрсетілуге тиіс.
3. Осы бапта көрсетілген органдар өз өкілдері арқылы осы Кодекстің 46-бабында көзделген іске қатысушы адамдардың барлық құқықтарын пайдаланады.
6-тарау. СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ
57-бап. Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу
1. Азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды.
2. Заңды тұлғалардың істерін сотта заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа оның қызмет бабын немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынады.
Сенімхатқа, заңнамаға, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізугетиісінше ресімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес өкіл бола алады.
3. Мыналар:
1) осы Кодекстің 58-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда;
2) осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар кассациялық және қадағалау сатылардағы соттарда осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың өкілдері болып табылады.
58-бап. Тапсырма бойынша өкілдік ету
1. Мына адамдар:
1) адвокаттар;
2) заңды тұлғалардың, оның ішінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардың қызметкерлері - осы заңды тұлғалардың істері бойынша;
3) кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары – құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген уәкілетті ұйымдар;
5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
6) іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.
2. Өкілдің процестік өкілеттігі тиісті үлгіде ресімделген сенімхатпен расталады.
3. Адвокат ордерге сәйкес өкілдіктің жанындаосы Кодекстің 60-бабында тізбеленген әрекеттерді қоспағанда, қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы.Олардың әрқайсысын жасауға құқығы сенімхатта көрсетілуге тиіс.
59-бап. Сотта өкілдер бола алмайтын адамдар
1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен Парламенттің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда сотта өкіл бола алмайды.
2. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
3. Адам, егер:
1) өзі өкілі болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;
2) бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе куәгер ретінде қатысса;
3) басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;
4) дене кемшіліктеріне немесе психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған немесе лицензияның күші тоқтатылған, теріс себептер бойынша адвокаттар алқасынан шығарылған адамдар тапсырма бойынша өкілдер бола алмайды.
4. Сот осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде тізбеленген тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысушы адамдардың өтінішхаты бойынша немесе соттың бастамасы бойынша іске қатысудан шеттетеді. Сот бұл туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
5. Тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысудан шеттету кезінде сот істі талқылауды басқа өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу және оның іс материалдарымен танысуы үшін қажетті мерзімге кейінге қалдырады.
60-бап. Өкілдің өкілеттіктері
1. Тапсырма бойынша өкіл талап арызға қол қоюдан, iстi төрелікке немесе аралық сотқа беруден; татуласу келісімді немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді жасаудан, талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартудан немесе талап қоюды танудан, талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтудан немесе азайтудан, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгертуден, өкілеттіктерді басқа адамға беруден (сенімді басқа біреуге аударудан); сот актісіне апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібімен шағым жасаудан, жаңадан ашылған немесе жаңадан туындаған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруден, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуден, берілген мүлікті алудан, апелляциялық, кассациялық шағымнан және қадағалау өтінішхатынан бас тартудан басқа, осы Кодексте көзделген барлық процестік әрекеттерді өзі өкілі болып отырған адамның атынан жасауға құқылы.
2. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тапсырма бойынша өкіл осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, заңды тұлғалардан анықтамаларға немесе өзге де құжаттарға сұрау салуға, сондай-ақ адвокатура туралы заңнамада белгіленген тәртіппен заң көмегін көрсету үшін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.
3. Өкілдің осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген процестік әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттіктері өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көрсетілуге тиіс.
61-бап. Өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу
1. Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.
2. Уәкілетті кәсіптік одақтар мен басқа да ұйымдар осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақшаларына сәйкес осы іс бойынша өкілеттілікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды сотқа беруге тиіс.
3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген тәртіппен берілетін ордермен куәландырылады.
Адвокаттың осы Кодекстің 60-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген процестік әрекеттерді жасауы сенімхатпен куәландырылады.
4. Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе осыған уәкілеттік берілген өзге де адам береді.
5. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына енгізілген сенім білдірушінің ауызша мәлімдемесінде көрсетілуі мүмкін. Осы Кодекстің 58-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген өкіл жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесін ұсынады.
62-бап. Заңды өкілдер
-
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, кәмелетке толмағандардың және сот тәртібімен әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тәрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды, олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады.
2. Хабарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, хабарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам оның өкілі ретінде қатысады.
3. Қайтыс болған немесе белгіленген тәртіппен қайтыс болды деп жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса, мұралық мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген адам мұрагердің өкілі ретінде қатысады.
4. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау құқығы өкілдік берушілерге тиесілібарлық процестік әрекеттерді жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.
Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның не сот тәртібімен хабарсыз кетті деп танылған адамның заңды өкілі қамқорлыққа алынған адамның мүлкі нысанасы болып табылатын даулар бойынша істерді қарау кезінде өзі өкілі болып отырған адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді жасайды.
Әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамның заңды өкілі шектелген құқықтар көлемінен туындайтын міндеттемелер нысанасы болып табылатын істерді қарау кезінде осы адамның мүддесінде барлық процестік әрекеттерді өз бетінше жасайды. Басқа даулар бойынша әрекет қабілеттігі шектеулі адам процестік әрекеттерді жасайды және процестік міндеттерді өз бетінше жасайды.
5. Заңды өкілдер және тапсырма бойынша өкілдер өз мүдделерінде немесе өздері өкілі болып отырған адамның мүдделеріне қайшы процестік әрекеттерді жасауға құқылы емес.
7-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ
63-бап. Дәлелдемелер
1. Сот тараптардың талаптары мен қарсылықтары негізінде мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Бұл мәліметтер: тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлердің айғақтарынан, сараптамалардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио- немесе бейнежазбалардан, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де дәлелдемелерден алынуы мүмкін.
64-бап. Дәлелдемелердің қатыстылығы
Егер дәлелдемеде іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін фактілер туралы мәліметтер болса, дәлелдеме іске қатысты деп танылады.
65-бап. Дәлелдемелердің жарамдылығы
1. Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, ол жарамды деп танылады.
2. Аудио- немесе бейнежазбалар, оның ішінде бақылау құралдарымен алынған және (немесе) фото және киноға түсіру матералдарын, электрондық және цифрлық жеткізгіштердегі басқа да материалдарды тіркеп қою жарамды дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін.
3. Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиісті емес.
66-бап. Дәлелдемелер ретінде жарамсыз мәліметтер
1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып, іске қатысушы адамдардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы, оның ішінде:
1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттерді қолдана отырып;
2) осы адамға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылысқанын пайдалана отырып;
3) осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық білдіруге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;
5) процестік әрекеттің іс жүргізу тәртібін айтарлықтай бұза отырып;
6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
Достарыңызбен бөлісу: |