Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет157/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160
2 Ой-сана 8 том

Ғылым салаларының өзара ықпалы

Бүгінгі таңда ғылым салаларын дамытып өрістету ісі ілім-білімнің, оның түрлі салаларының өсіп-өркендеуімен тығыз байланысты десек, артық айтқандық емес. Ғылым салалары оның мазмұны, әдіс-тәсілдері бір-біріне етене жақындасып, бірігіп-кірігіп келеді. Ғылым салаларын бір-бірімен етене жақындаса түсуі жаңа да соны ғылым саласын дүниеге әкелуде. Мұндай жаңадан пайда болған салаларға мыналарды жатқызсақ та жеткілікті. Олар кибернетика, бионика, математикалық лингвистика, физикалық химия, биофизика және басқалар.


Жаратылыстану мен техника, кейбір ғылым түрімен логикалық-математикалық, әдіс-тәсілдердің өзара байланысы, бұл күнде жемісті даму үстінде. Мұндай өзара тығыз байланыс екі жақа да өз пайдасын тигізуде.
Бұрынғыша айтқанда, тар шеңберлі, шектеулі ғылым салалары ұғым кең жайылып, үлкен, маңызды сипат алуда.
Ғылым, өз кезегінде, жоғарғы мектептің оқу үрдісіне, оның мазмұнына, оқыту әдіс-тәсілдеріне белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Жоғарғы мектептің оқыту теориясы, дидактикасы кибернетикадан, ақпарат теориясынан, инженерлік және математикалық теориядан, ғылымның тағы да басқа салаларынана нәр алды. Бір жағынан соларға мәжбүр болды. Онсысыз болмайтын да еді.


Ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді дайындау

Жоғарғы мектептің ең бір маңызды мәселесі, ол ғылыми-педагогикалық қызметкер кадрлерге жаңалықтарға баулу.


Бұл мәселені шешу ғылымның жағдайына, оны дамытудың техникасы, әдісі және тенденциясына байланысты болып отыр. Біздің заманымыздағы жоғарғы мектеп оқытушылары ғылымның деңгейіне ерекше тәуелді. Олардың квалификасиясына жоғарыда қарастырылған мәселелер мен ғылыми ақпараттардың өсуі ықпал етеді. Бұл оқу үрдісі арқылы қалыптасады. Сондықтан да, жоғарғы мектептің ғылыми-педагогикалық құрамының дамып келе жатқан оқу үрдісінің мәселесіне қатысты үнемі білімдерін жетілдіру қажет.
Д. Прайс өзінің «Кіші ғылым, үлкен ғылым» деген еңбегінде дифференциацияның заңдылығын төмендегідей келтіреді: «Ғалымдардың жалпы саны «шығармашылыққа пропорциялы өсуде». Осындай статистикалық көрсеткіш ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің ішінде де байқалады.
Оқу үрдісіне жоғары сол сияқты орташа ғылыми-педагогикалық құрам қажет, оның ішінде санына қарағанда соңғысының үлесі көп болғаны дұрыс.
Сонымен қатар, ғылыми-педагогикалық кадрлердің өсуіне байланысты үш негізгі мәселе туындайды:
Бірінші мәселе – реттеу. Ол ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді жоспарға және жалпы мемлекеттік мүмкіндіктерге байланысты көбейту.
Екінші мәселе – кафедралар, зертханалар және басқа да жоғарғы мектеп орындарының ғылыми құрамының оқу және ғылыми жұмыстардың шешу мәселесі мен көлеміне байланысты таңдау.
Үшінші мәселе – жоғарғы оқу орындарының басқарушы кадрлері мен ғылыми-педагогикалық құрамның біліктілігі мен дайындығының сандық және сапалық жағынан дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет