«Біржан мен Сара» айтысы
1) Келемін бір сүрінбей жеке дара.
2) Тоқтыдай борышқа кеттім уа, дариға-ай.
3) Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда.
4) Шошынған (сан Ниязбек) жүрістен танбаған.
Біржан сөзі:
Пара-пар сөзі теңдес адам болса,
Көңілімнің тарқатушы ед қайғы-шері.
Болжаған жер шаршысын майталманмын,
Жасымнан маған мәлім қыз не дері.
Ақиық мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес.
Жел қабыз, жез тағалы еңіреумін.
Сара сөзі:
Көктемде Тұрысбектің ауылында,
Көруші ем істің жеңіл-ауырын да.
Есімбек кіріп келді, ағатайым!
Шырағым, Арғынға орай бар ғой Найман.
Аптыққан қу Арғынды бір дөңгелет,
Ағаңа осы болсын тиген пайдаң.
Біржан сөзі:
Жібек жал арғымақпын тұмарлаған.
Сара сөзі:
Найманда екі жүздің Наркескенмін.
Күн көргелі келдің бе құрдым Арғын.
Талпынған жас баланың білегіндей,
Сендейге ұстатпаймын қолымды аппақ.
Біржан сөзі:
Сайратқан Орта жүздің бұлбұлымын,
Келісім әкең неге берді Құлға? (Жиенқұл)
Қортиған шірігіңді құдай алмай...
Елден таңдап айттырған
Қыранмын желді күні талмайтұғын.
Арғынның жалғыз тоны қолға түссе,
Төрт Найман орта бойлы киінеді.
Аққумен аспандағы ән қосамын
Қанды көз, сай жеп алғыш ақ иықпын,
Сен түгіл, қасқыр көрсем бір-ақ шайқар.
Алтайдың душар болдың мергеніне.
Сараның айтқаны:
Жылқының арығындай Арғын кедей...
Біржан сөзі:
Атама атаң Найман жете алған жоқ...
Сараның жауабы:
Жеңбек түгіл келмей-ақ ширегіме...
Біржан сөзі:
Ибраһим (Абай) жас жолбарыс білектенген,
Өзінің заманының бозбаласы...
Сара сөзі:
Ақтамберді, Алтыбай, ер Айымбек
Қалмақты қолмен қуған қойдай қамап.
Ұрғашы ғой демесең, қай жерім кем.
Қырық түрлі дана кеудем өнер тапқан.
Сықылды гауһар сағат нақыс шапқан.
Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судың.
Қаққанда төңкерілген қас бітімім
Ашылған айбатындай Жібек тудың.
Тал бойым ұзын да емес, қысқа да емес.
Достарыңызбен бөлісу: |