Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне Ѓылым Министрлігі


Ақша ағыны негiзiнде төлем қабілетiгін жоспарлау



бет30/56
Дата19.05.2022
өлшемі1.23 Mb.
#457411
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
Т., Уакпаева М. М. Аржылы жоспарлау ж не болжау

6.2 Ақша ағыны негiзiнде төлем қабілетiгін жоспарлау
Ақшалай ағынның негiзiндегі өтiмдiліктiң жоспарлануы серiктестiктiң шаруашылық қызметін қаржыландыру мүмкiндiктерiмен түсімдер мен төлемдер процесстерін үйлестiруді білдіреді. Ол кез келген уақыт аралығында фирманың төлем мiндеттемелерiн қамтамасыз етуге арналған.
Ақшалай ағын деп уақыт аралығы (период), қызмет түрi және көлемі бойынша жүйеендірілген серiктестiктің (түсулер және төлеулер) қаржы- шаруашылық қызметiн жүзеге асыру процессiндегi ақша қаражаттарының қозғалысы ұғылады. Таза ақша қаражаттарының түсімі қарастырылып отырған кезеңде (жоспарлалатын, талданатын) ақша қаражаттар қалдығының өсуі қарастырылады, ал ақша қаражаттарының таза ағыны – кезең аяғына ақша қаражаттар қалдығының кішіреюі ретінде.
Осы анықтамада ақша ағыны нақтылы ақша қаражаттар қозғалысын акценттейдi, ол кейбiр олардың қоры емес, ол әр түрлі бағытталуы мүмкін, және де ақша қаражаттарының қозғалысы нақтылы уақыт аралықтары бойынша синхронизациялануы керек.
Ақшалай ағынның болжалуында талаптар қатарын сақтау керек. Олардың санына келесілер жатқызу керек:
- белгілі уақыт сәтіне түсімдер мен төлемдер құжатталуы керек;
- түсімдер мен төлемдерге сальдо жасауға рұқсат етiлмейдi (мысалы, сатып алушы мен сатушы өзара төлемдері); уақытша бос ақшалай қаражатты немесе қосымша төлем ресурстарын тарту бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін төлем құралдары профициті немесе дефицитіне түсімдер мен төлемдердiң ықпалы туралы мәлiмет үлкен мәнді иеленеді;
- ақша ағыны хронологиялық бірізділікте болуы керек, яғни барлық түсімдер мен төлемдер жоспарланған кезеңдер бойынша топтастырылуы керек
- ақша ағыны болжам балансымен, табыс және шығындар жоспарымен байланыстырылуы керек. Мысалы, жеке салықтық төлемдер салық өндiруге дейiнгі пайдамен, сатудан түскен табыспен және т.б. байланыстыруы керек.
Серiктестiктердегi негiзгi түсулер серiктестiктiң басқа активтерiн сатудан табыстары, қаржы операцияларынан түскен табыстардан, сатудан түскен табыстар ретінде серіктестіктің кассасына немесе есеп шотына ақша қаражаттарын алумен байланысты болып келеді. Негiзгi төлемдер ағымдағы шаруашылық қызметті қамтамасыз етуi үшін жоспарланатын салық төлемдерімен, сонымен қатар айналымнан тыс активтерді алумен байланысты.
Түсулермен және төлеулердiң арасындағы айырмашылық қаржылардың жинақы артықтық немесе дефицитті көрссетеді. Дефицит жағдайында ол жоспар алдындағы мерзiмдерде қаржы ресурстарының артықшылығынан немесе қарыз алулар арқасында жабылуы керек. Артықшылық немесе дефицит кезеңнің таза ақшалай ағындары болып табылады. Мұндай таза ақшалай ағынның түсiндiруiнің түсулер мен төлемдерден болған идентификацияға бағытталған, серіктестік қызметінің қорытындыларын бағалауға негіз болып табылатын анықтаулардан айырмашылығы бар.
Осы жағдайда қаржылық жоспарлаудың міндеті болып потенциалдық дефициттiң жабылуы мен меншiк иелері ара-арасында таратылмалған қалған қаражаттардың артықтарын тиiмдi қолдану табылады.
Ақшалай ағындар мен инвестицияларды жоспарлау заттық саладағы жоспарлау болып табылады, ал сыртқы қаржыландыру және төлем құралдарының қорын жоспарлау фирманың қаржылық жұмыс салаларына жатады.
Ақшалай ағындар (құйылулар мен қайтулар немесе түсімдер мен төлемдер) әр түрлi қызмет түрлерiне (өндiрiстiк, инвестициялық, қаржы) жатуы мүмкін, сонымен бiрге жалпы компания бойынша ақша ақаражаттарының қозғалысын сияқты, барлық қызмет түрлері бойынша да сипатталуы мүмкін.
Төменде талдау, жоспарлау және басқаруды тиiмдi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн ақшалай ағындардың классификациясы келтiрiлген.
1. Ақшалай ағындар шаруашылық процессiнiң қызмет көрсету масштабтары бойынша бөлшектенедi:
• серiктестiк бойынша толық ақшалай ағындар;
• шаруашылық қызметтерінің жеке түрлерi бойынша ақшалай ағындар;
• жеке шаруашылық операциялар бойынша ақшалай ағындар;
• жеке құрылымдық бөлiмшелер (қаржы жауапкершiлiгiнiң орталықтары) бойынша ақшалай ағындар.
мұндай классификация Бюджеттендіру процессінде маңызды, ол бойынша шаруашылық процесстің нақты құрауыштары бойынша жiктелген мәлiметтерді топтауға мүмкiндiк бередi.
2. Есептеу әдiстерi бойынша ақшалай ағын бөлінеді:
• жалпы ақшалай ағын;
• таза ақшалай ағын.
Осы жағдайда Қаржылардың қозғалысы брутто - ақшалай ағындар және
нетто - ақшалай ағындар көзқарасымен жіктелінеді, ол қаржы коэффициенттерiнiң есептеуде маңызды болып табылады.
3. Уақытында бағалау әдiс бойынша ақшалай ағын бөлшектенедi:
• болжамды (жоспарлы) ақшалай ағын;
• ағымдағы (нақты) ақшалай ағын.
Болжамды ақшалай ағын қаржылардың құн бойынша алдағы (болжалатын) уақытқа келтiрiлген қозғалысын сипаттайды. Ағымдағы ақшалай ағын қаржылардың уақыт ағымдағы уақыт мезетіне құны бойынша келтiрiлген қозғалысы болып табылады.
4. Ақша қаражаттар ағыны қозғалыстарының нәтижесі бойынша бөлшектенедi:
• оң ақшалай ағын;
• терiс ақшалай ағын.
Қаржылардың қозғалысының бұл түрлерi өтiмдiліктiң жоспарлау жүйелерiнде талдаулардың бiртұтас объектісі ретiнде қарастырылады.
5. Ақшалай ағын қозғалысының ұзақтықтары бойынша бөлшектенедi:

Мұндай классификация әр түрлi уақыт аралықтарында төлем қабілетiн жоспарлауда маңызды.
6. Ақшалай ағын қаржылық-шаруашылық қызмет салалары бойынша бөлшектенедi:
• операциялық қызмет бойынша ақшалай ағын;
• инвестициялық қызмет бойынша ақшалай ағын;
• қаржылық қызмет бойынша ақшалай ағын.
Осы топтау серiктестiктің қаржылық-шаруашылық қызметiнiң жеке түрлерiн жүзеге асыруының қаржы нәтижесiн бекiтуге мүмкiндiк бередi.
Өтiмдiліктi жоспарлау көзқарасынан өте қажеттi әртүрлі қаржылық-шаруашылық салалар бойынша, сонымен қатармақша қаражаттар қозғалысы нәтижесі мен олардың қозғалысының ұзақтығы бойынша ақша ағындарының топтауы болып табылады. ,
Сыртқы қолданушылар үшiн ақшалай ағынның жоспарлауы ақшалай ағындар туралы есептеу нәтижелерiндегi регулятивті органдарымен бекітілген сол қызмет түрлерi шегінде жүзеге асыру. Ақшалай ағындар туралы қазақстандық есеп беруiнде (қаржылардың қозғалысы туралы есеп беру нәтижесi) операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша көрiнедi.
Операциялық қызметке негізгі мақсаты пайда алуға бағытталған немесе оның пайда алуы қызметiнiң пәнімен сәйкес емес, бойынша ұйымдардың қызметі жатады, яғни өнеркәсіп өндірісі, ауылшаруашылық өнімі, құрылыс жұмыстарын жүргізу, тауарларды сату, қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсету, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, мүлікті жалға беру және т.б.
Инвестициялық қызметке жер телiмдерін, ғимараттар және басқа жылжымайтын мүлiк, жабдық, материалдық емес актив және басқа да айналымнан тыс активтерді алуға қатысты ұйымның қызметi, сонымен бiрге оларды сатуы жатады; меншiктi құрылыстың жүзеге асыруымен, ғылыми зерттеудi, конструкциялық-тәжiрибелiкке шығындары және технологиялық өңдеулер; (басқа ұйымдардың бағалы қағаздарын алуы, соның iшiнде борышты, басқа ұйымдардың капиталына салымдар, басқа ұйымдарға займдар беру ж»не т.б.) қаржы салымдарын жүзеге асыру.
Қаржылық қызметке ұйымның қызметі нәтижесінде ұйымның меншікті капиталының құрамы мен көлемінің өзгеруі, заемдық қаражаттардың (акция, облигация шығарудан түсімдер, басқа ұйымдармен займдардың берілуі, заемдық қаражаттарды өтеу және т.с.с.) өзгеруі жатады.
Ақшалай ағынын жоспарлау процессі қаржылар қозғалысының уақытында, қызмет түрі бойынша, түсулер мен төлемдердi болжау бойынша талдаудан, және қандай да бір уақыт кезеңіне ақша қаражаттар қозғалысы жоспарын өзіндік құрудан тұрады. Қаржылардың түсу болжамынның күрделілігін ескере отырып жоспарлау процесі үздіксіз болуы керек.
Бұл деген жоспарларды күнде немесе жетi сайын қайта қарау керек болатынын бiлдiрмегенiнде емес, ал қаржылардың қозғалысының нақты процесстерiн тұрақты талдау қажеттiлiгi және дер кезiнде шешiм қабылдау, бiрдей ахуалдар туралы тек қана 100% орындауына үмiт артпай жоспар қабылданған куәландыруында.
Ақшалай ағынның жоспарлау маңыздылығы ол жоспарлалатын пайда мен табыс көрсеткiштерiмен айтарлықтай тарқайтын нақты ақша қаражаттар қозғалысынан көрінеді. Өткізуден (сатудан) түскен табыс белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай сияқты, ақшалай емес те табыстарды көрсетеді. Ол меншiк құқығының жүзеге асырылатын өнiмге, қызметке, жұмысқа өтетін кезінде пайда болады, ал сатудан түскен ақшалай түсімдер серiктестiкке кешіктірілген уақытта түсуі мүмкін. Бұдан басқа, ақшалай ағынның жоспарлауында жарғылық капиталға қызметтiң басқа түрлерi, жарналарынан төлем есебi немесе қарыздар, заемдер, табыстардың түрiндегi серiктестiктiң кассасына қаржылардың басқа түсімдері де есепке алынады.
Ақша ағынын есептеуде тікелей және жанама әдiстер қолданылады. Мұндай бухгалтерлiк есептiң стандарттары бойынша Халықаралық комитет ұйымы есептеудiң тікелей әдiсiн пайдалануға кеңес береді. Бұл әдiс түсімдер мен төлемдердің ортақ сомасын анықтауға мүмкiндiк бередi және сол құйылу және қаржылардың қайтуының ең үлкен өлшемдерiн қалыптастырған баптарды бағалауға мүмкiншiлiк бередi. Осы әдiс кәсiпорынның iшкi бухгалтерлiк есебiне рұқсатты талап ететін дәлiрек, біруақытта сыйымдырақ болып саналады.
Жанама әдiс таза пайданың мәнi мен таза ақшалай ағын мәнiнiң аралығында сәйкессiздiктiң себебiн бақылауға мүмкiншiлiк бередi. Ол бухгалтерлiк баланс баптарының, шығын мен пайда туралы есебі және ақша қаражат қозғалысы туралы есеп нәтижесiнiң тепе-теңдiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi.
Ақша ағынының жоспарлы есептеулерiндегi тікелей және жанама әдiстiң негiзгi айырмашылықтары кесте 4 көрсетілген.
Кесте 4
Ақша ағынының жоспарлы есептеулерiндегi тікелей және жанама әдiстiң негiзгi айырмашылықтары



Тікелей әдіс

Жанама әдіс

Есептеудің негізі болып қызмет түрі бойынша түсімдер табылады

Есептеудің негізі кәсіпорынның таза пайдасы болып табылады

Кәсiпорынның барлық ақшалай шоттары бойынша айналым құралдары туралы мәлiметтер қолданылады

Баланс баптар бойынша өзгерістер туралы мәліметтер қолданылады

Талданатын (жоспарланатын) мерзімге сату мен ақшалай табыс арасындағы өзара байланысты орнатады

Кәсіпорынның таза пайдасы мен таза ақша ағындары арысндағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік береді

Шаруашылық қызмет түрлеріне байланысты және сәйкесінше толығымен кәсіпорын бойынша ақпараттарды сақтайды

Таза ақша ағындары туралы мәліметтерінің болуын сипаттайды

Ақша ағынын есептеуiнiң көрcетiлген әдiстерiнiң әрбiрiнің өзіндік артықшылығы болады. Әдеттегiдей, бұл әдiстер бiр-бiрiнен бөлек қолданылғандықтан, қаржы қозғалысының кешендiк талдауын жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейді. Сондықтан жоспарлау тәжiрибесінде екi жолды да қолдану әбден қисынды болып келеді.
Тікелей әдiспен ақша ағынын есептеудің негiзгi компоненттерi кестеде 5 көрсетілген.
Ұқсас болжам есептеулердiң дәлдігі анықтаушы өлшемде, ақша ағымдарын ткелей жоспарлау үшін негізгі базасы болып табылатын операциялық жоспардың, пайда бойынша жоспар мен жоспарланған (болжамды) баланстың толық сыналғандығы мен негізделгендігіне тәуелдi болады.
Ақшалай ағындарды жоспарлауың өзіндік ерекшелiгi болады, салалық ерекшелiктермен де, даму кезеңдерiмен және т.б. негізделген. Мысалы, ұзақ мерзiмдi қаржы ресурстарының түбегейлi көлемдерiн қажетсiнетiн қор сыйымдылығы салаларындағы серiктестiктер үшін түсімдер мен төлемдердi жоспарлау маңызды вариацияға ие, ол иiлгiштiкпен сипатталады, өйткенi қаржыландыру көздерінің үлкен таңдауы және бұл төлемдердi жүзеге асыру мерзiмдерiнiң үлкен бостандығы да орын алады.
Еңбексыйымдылықты өндіріс компаниялары үшін операциондық төлемдер ақша ағындарын жоспарлаудың маңызды құрастырушысы болып табылады. Сонымен бірге, шығындардың (төлемдердің) маңызды бөлігі келісім-шарт міндеттемелерімен, заңнамалық актілерімен анықталады, ол өз кезегінде варияциялау мүмкіндігін тек төлем көлемдерімен ғана емес, сол сияқты төлемдер мерзімдерімен де кішірейтеді.
Ақшалай ағындарды жоспарлауда маңызды мәнді уақыт аралығын жоспарлау да алады, өйткенi кассалық қалдықтың тербелiсін, ақша қаражаттарының дефицит немесе профицитiн анықтау ақша ағандарын жоспарлаудың түпкi мақсаты болып саналады.
Шағын және орта кәсiпорындар үшін уақыт аралығының жоспарлаулары болып көбінде ай табылады. Үлкен, iрi серiктестiктерiнде айлық уақыт аралығымен ақшалай ағындардың жоспарымен қатар ақшалай ағындардың жоспарлауы және онкүндiк, апталық жоспарлау интервалдарымен қорытынды жасалады. Бұл жоспарлар төлеу күнтiзбелерi болып саналады.
«Төлем күнтізбесі» деген атаудың өзінен-ақ, бұл құжаттарда негізгі көңіл төлемдерге (төлеу) бөлінеді, өйткені оларды екі-үш аптаға кешіктірукомпания үшін тек қана айыппұл ретіндегі санкциялармен ғана емес, ал одан да үлкен бизнес бойынша серіктестіктермен, салық органдарымен және т.б.қаржылық проблемалаларға алып келуі мүмкін.
Ақшалай ағынның жоспарлаудың қысқа интервалын таңдау ақша қаражаттарының дефицит болу мүмкіндігін дәлірек болжауға және өз міндеттемелерін орындау үшін арзанырақ төлем құралдарын табу бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Кесте 5
Тікелей әдіспен ақша ағындарын жоспарлы есептеудің компоненттері



Қызмет түрлері

Түсімдер

Төлемдер




Жоспарланған кезең басына несие ұйымдарындағы және кассадағы төлем қаражаттары.




Ағымдағы қызмет

Өнімді, жұмыс, қызмет көрсетуден түскен түсімдер

Қорларды алуға байланысты төлемдер:
- материалдар
- еңбекақы
- бөтен ұйымдардың қызметi
- қалған төлеулер




Қолданылмаған операциялардан түсімдер:
- жалдау бойынша
- пайыздар бойынша
- айыппұл санкцияларының түрiнде

  • қалған түсулер

Жүзеге асырудан тыс операциялар бойынша төлемдер:
- салықтар бойынша
- жалдау бойынша
- дивидендтер бойынша
- пайыздар бойынша

  • қалған төлеулер

Инвестициялық қызмет

Түсімдер түскен:

  • жабдықтың сатулары

  • ғимарат және имараттарды сатулар

  • жер телiмдерiнiң сатулары

  • дивидендтердiң түрiнде

  • инвестициялық қызмет бойынша қалған түсулер

Алумен байланысты төлемдер:
- жабдықтар
- ғимарат, ғимараттар
- жер телiмдерi
- ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздар
- инвестициялық қызмет үшiн қажеттi қалған қорлар

Қаржылық қызмет

Қаржылық қызметтен түсімдерi:
- жарлық капитал үлкею есебiнен
- қарыз капиталының тартуы
- қысқа мерзiмдi бағалы қағаздардың сатуы
- қалған түсулер

Қаржылық қызмеке байланысты төлемдер:
- меншiктi акциялардың сатып алуы
- қарыз капиталының қайтаруы
- қалған төлеулер




Жоспарланған кезең аяғына несие ұйымдарындағы және кассадағы төлем қаражаттары.




Төлемқабілетсіздік жағдайының алдын ала отырып, түсулер мен төлеулердiң жалпы көлеміндегi ақша қаражаттары қалдықтарының үлес салмағын ескеру керек. Мысалы, егер таза ақшалай ағын маңызды болса, онда айлық мерзiм iшiндегі тербелiс серiктестiк үшiн жағымсыз мәселелер әкелуі екіталай. Егерде касса қалдығы (таза ақшалай ағын) болмашы төлемдермен салыстырғанда маңызды емес болса, онда серiктестiк бір айдың iшiнде күйреу жағдайына ұшырауы мүмкін. Егер тiптi бұл маңызды шығындармен байланысты болса да, жоспарлау интервалын кiшiрейтуге әкеліп соғады.
Жоспарлау интервалын таңдауда инфляция қарқынын және талғаулы шығындарды да есепке алу керек. жоғары инфляция кезеңдерінде Кассадағы қаржылардың қорлары минимумға жетеді, ол қысқа мерзiмдi заемдерге қажеттiлгімен тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет