6.3 Өтiмдiлік резервтерiн жоспарлау
Өтiмдiліктiң резервтерiн жоспарлау қаржылық жоспарлау жүйесіндегi автономды процесс ретiнде болады. Ол қорытынды кезең сияқты, жоспарлауға негіз бола алатын кезең де бола алады.
Өтiмдiліктiң резервтерiн жоспарлау келешек шаруашылық жұмысының тәуекелдерiнен қорғау үшiн қажеттi төлеу құралдарының ең төменгi көлемiнiң анықтамасы ретінде болады. Оларды бар белгісіздік деңгейі негізіндегі төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету бойынша төлем құралдарынан ажырата білу керек. Сәйкесiнше бұл резервтердiң өлшемдерi көбіне пайда қатынасындағы кәсiпкерлiктi жүргiзуi саясаттың басқыншылықтарына тәуелдi болады. Өтiмдiлік резервтерінiң бiрегей ережелі анықтамалары жоқ.
Қаржы жоспарлауының көкжиектерi серiктестiктермен өз алдына небiр қаржылай шешiмдер қабылданатын мерзiмдерге байланысты анықталады.
Қаржы жоспарлауы процессiндегi кәсiпорынның төлем қабілетiн қамтамасыз ету үшiн төлем құралдарына пайда болатын қажеттiлікті анықтау маңызды, ол дефициттiң толықтыруы үшiн тиiстi қорларды iздеу бойынша қажеттi шара қолдануға мүмкіндікбереді. Бұл дефицит уақытша немесе құрылымдық сипатта болуы мүмкін. Бiрiншi жағдайда бiр уақыт аралығындағы төлем құралдарының жетіспеушілігі басқа уақыт аралықтарындағы төлем құралдарының артығымен жабыла алады, ал қаржы жоспары негiзiнде балансталған болуы мүмкін.
Мұндай ахуал, кәсiпорынымен өз қаржы мiндеттемелерiнiң орындалуы үшiн, тіпті ауыр болуы мүмкін, бүркеме қаржы дефицитiнiң жоспарында бар болуын бiлдiредi. Түсімдер және төлемждердi жоспарлау терең болған сайын, төлемдермен байланысты келеңсіз жағдайлардың болу ықтималдығы да азая түсетіні анық. Алайда не тiптi төлемдердiң күн сайынғы жоспарлануы, төлем қорларына уақытша қажеттiлікті дәл көрсетуге кепiлдiк бере алмайды. Мұндай ықтималдық әрдайым болады, өйткенi кәсіполрынның төлем есебiне және кассасына қаражаттардың түсуiмен байланысты әртүрлі жағдайларды ескеріп, болжап отыру өте қиынға соғады, әсіресе кәсiпкерлiк бойынша әрiптестердiң мiнез-құлығын, оларыдң өз мiндеттемелерiн дер кезiнде орындауын болжау өте күрделi.
Құрылымдық қаржы дефицитi белгiлi бiр уақыт аралығында жоспарларда түсімдер мен төлемдер теңгерімінің бұзылғанын бiлдiредi. Бұл қаржы ресурстарының дефициті алдын ала және анық түрде жоспарда белгiлiлігін және болғандығын куәландырады. Оны жою үшiн қосымша сыртқы қаржыландыру керек. Уақытша құрылымдық дефицит үшiн iшкi қаржыландыру потенциалын жоғарылатуының есебi, әрине, әрдайым басты болып қалады, бiрақ iшкi қаржыландырудағы «тоқтап қалу» көбiнесе экономикалық айғақсыз болып келеді.
Қаржы жоспарларындағы бүркеме төлеу дефицитiнің бар болуы өтiмдiлік резервiн жасау қажеттiлiктері туралы куәландырады. Өтiмдiлік резервiне төлеу құралдарымен қатар жылдам жүзеге асырылатын активтер де жатқызылуы мүмкін, ең алдымен - қысқа мерзiмдi қаржы салымдары, дебиторлық қарыздың бір бөлiгi; сонымен бiрге қарызға алу есебiнен капиталды ұлғайтудың резервтерi.
сыртқы қаржыландырудың мүмкiндiктерi не бiр Уақыт аралығына шектелген, ал төлем құралдарындағы ойда болмаған қажеттiлігi кез келген уақытта пайда бола қалатын жағдайда, кәсікорын алдына потенциалды мүмкін қаржы тартылымының көлемін анықтау мәселесі тұрады. Әдебиетте бұл кәсiпорынның потенциалдық қаржы резервi қаржы мобилизациясының потенциалы атауымен таныс болып табылады.
Қаржы мобилизациясының потенциал шамаларын анықтауда қаражаттарды тарту көздерінің әр түрлі болуын ескеру керек. Келесi көздердi ерекшелейдi:
1. өтімділік резервтері, өздеріне төлем құралдары резервтерін, тез өткізілетін активтер резервтерін, қолданылмаған қарыз көздерін, капиталды ұлғайту резервтерін қосады.
2. қорлардың, дебиторлық қарыздардың азаюы, кредиторлық қарыздың өсуi есебінен меншiктi айналымдағы ақшалардың (жұмыс капиталы) азаюы .
3. маркетинг, зерттеу мен өңдеу шығындарын, басқару шығындарн азайту есебінен жалпы шығындардың азаюы.
4. дивидендтер және инвестициялық шығындардың қысқаруы.
5. ұзақ мерзімді салымдарды материалды бөлікте сияқты, қаржылық салым түрінде де тарату.
Қорлардың мобилизацияларын жоспарлауда белгілі бір ахуалдың пайда болу жағдайында, бұл жоспардың өткізілуі шындықта iске асырыла алатындығы туралы ұмытпау маңызды. Сондықтан активтердiң төлем құралдарына өзгеру уақытын ғана емес, сонымен қоса, мңызды болып табылатын, кәсіпорын бөлімшелерінің әр түрлі қызығушылықтарын да ескере отырып, ресурстарды мобилизациялауды жүзеге асырудың кезектілігін де анықтау маңызды.
Ақша қаражаттарын басқару кассалық қалдықтың оптималды деңгейі анықтамасын да өзіне қосад, ол ликвидті қаражаттар резервін құру үшін қажетті. Берілген мәселені шешу барысында қолма – қол қаражаттарды иеленудің артықшылығы немесе жетіспеушілігінен қатысты шығындарды минимумге апару қажет. Сонымен қатар, ақша қаражаттарының белгіленген нормативтік қалдығы шаруашылық операцияларды жүзеге асыруда маусымдық өзгерістерді ескеру керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсiпорынның өтiмдiлігі мен төлем қабілетінің негiзгi бағалау жолдарын атаңыз.
2. Ақшалай ағынның негiзiнде төлемқабілеттілікті жоспарлау маңыздылығы неде?
3. Нелiктен өтiмдiлік резервтерiн жоспарлау керек?
4. Өтiмдiк нені бiлдiредi?
5. Төлем қабілеттілік нені бiлдiредi?
6. Кәсiпорынның өтiмдiлігі және төлем қабілеттілігінің негiзгi көрсеткiштерiн атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |