Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне Ѓылым Министрлігі


тақырып: Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігін жоспарлау



бет28/56
Дата19.05.2022
өлшемі1.23 Mb.
#457411
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Т., Уакпаева М. М. Аржылы жоспарлау ж не болжау

6 тақырып: Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігін жоспарлау


Мақсаты: кәсiпорынның өтiмділiгі және төлем қабілеттiлігі ұғымдарының негiзгi түсiндiрулерi, сонымен бiрге нарықтық экономика шарттарындағы осы көрсеткiштердi жоспарлаудың әдiстерiн қарап шығу.


Жоспар:
6.1 Кәсіпорын өтімділігі мен төлем қабілеттігінің түсінігі және бағалау жолдары
6.2 Ақша ағыны негiзiнде төлем қабілетiгін жоспарлау
6.3 Өтiмдiлік резервтерiн жоспарлау
6.1 Кәсіпорын өтімділігі мен төлем қабілеттігінің түсінігі және бағалау жолдары

Экономикалық тұрақсыздық, биiк деңгейлі инфляция жағдайында қаржы менеджерлерi, ең алдымен, тiрi қалу, өтiмдiлік және төлем қабілеттілікті қамтамасыз етуге, яғни ұйымның өз мiндеттемелерін уақытылы өтеуді жүзеге асыру қабілетін сақтауға шақырылады.


Әдебиетте кәсiпорынның өтiмділiгі және төлем қабылетiнiң ұғымдардың бiрмәндi түсiндiрулерi жоқ. Әдебиеттерде кәсiпорын өтiмдiлігі болып көп жағдайда ондағы айналым қаражаттарының қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң өтеуi үшiн теория жағынан алғанда жеткiлiктi болуы ұғылады (ең болмаса шартта ескерiлген өтеу мерзiмдерi бұзылысымен де).
Компанияның өтiмдiлігі ұғымы мұндай түсiндiрудiң жанында меншiктi айналым қаражаттары ұғымымен тiкелей байланған немесе бұл көрсеткішті жиi «таза айналым капиталы» немесе «жұмыс iстейтiн капитал» деп айтады, ол ағымдағы активтер және ағымдағы пассивтердың (қысқа мерзiмдi мiндеттемелер) арасындағы айырма ретінде анықталады. Егер таза айналым капиталының шамасы оң болса, серiктестiк өтiмдi болып есептеледi. Бұл көрсеткiш ағымдағы актив және пассивтердің сапа туралы мәлiметтерін бермейді.
Өтiмдiлікті түсiндiрудің осы тұжырымдамасы қорлар қозғалысының идеясына негiзделедi және бухгалтерлiк есептерде бекiтілетін нақтылы уақыт мерзiмі iшiндегі кiрiстер мен шығындарға (түсулермен және төлемдер) байланысты.
Төлем қабілеттілік әрбiр қаралатын уақыт аралығында компанияның өз мiндеттемелерін есептеу үшiн ақша қаражаттары мен олардың баламаларының жеткiлiктi түрде бар болуын призма арқылы қарастырады. Сәйкесiнше, төлем қабілеттіліктің негiзгi белгiлері болып мерзiмiнен өтiлген кредиторлық қарыздың жоқтығы және есептi шоттарда жеткiлiктi көлемiнде ақша қаражаттарының бар болуы табылады.
Осылайша, өтiмдiлік ұғымы компанияның өз мiндеттемелері бойынша есеп айырысу потенциалдық қабiлеттiлiгiн, ал төлем қабілеттілік ұғымы - өз мiндеттемелерi нақты орындау мүмкiндiгiн сипаттайды.
Егер өтiмдiлік қорлардың қозғалысымен байланысты болса, онда төлем қабілеттілік - қаржылардың қозғалысымен байланысты болады. Қорлардың қозғалысы және қаржылардың қозғалысы өзара байланысты. Бұл байланыстар жалпы жағдайларда тікелей төлем құралдарына активтердiң уақыт трансформациясы функциясы арқылы жүзеге асырылады.
Сурет 4-те кәсiпорынның төлем қабілеттілігі, өтiмдiлігі және барлық қабаттардың маңызы бiрдей болатын көп қабатты ғимаратпен салыстыруға болатын, баланс өтiмдiлігінің аралығындағы өзара байланысты көрсететін блок-схема келтiрiлген, бiрақ екiншi қабатты бiрiншiсiз құруға болмайды, үшiншi - бiрiншi және екiншi; егер бiрiншi қабат опырылып құласа, онда барлығы да құлайды. Демек, баланстың өтiмдiлігi - кәсiпорынның төлем қабілетi және өтiмдiгiнiң (iргесі) негiзi. Басқа сөзбен айтқанда, өтiмдiлік - бұл төлем қабілетiнiң сақтау әдiсі. Бірақ сол уақытта, кәсiпорын биiк имидждi алса және үнемi төлем қабілетті болып танылса, онда оған өз өтiмдiлігiн сақтау жеңiл болады.



Сурет 4. Кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілік арасындағы өзара байланысы
Компанияның өтiмдiлігiнiң бағасы көбiнесе оның бухгалтерлiк балансында болатын өткен мәлiметтер негiзiнде өндiрiп алынады. Серiктестiктiң өтiмдiлігi, бiр жағынан, оған төлеу талаптарының бар болуына, басқа жағынан, потенциалдық төлеу қорларының бар болуына тәуелдi болады. Осылайша, егер серiктестiктiң потенциалдық төлеу құралдары әрбiр уақыт мезетінде оның төлеу мiндеттемелерiнен асатын болса, онда ол өтiмдi болып есептеле алады.
Өтiмдiліктiң төрт түрлерi ажыратылады: тауарлық өтiмдiлік, қарыз өтiмдiлігi, келешек өтiмділiк және күтiлетiн өтiмділiк. Тауарлық өтiмдiлік тауарлар және игiлiктердiң төлем құралдарына айналу қабiлеттiлiгiне негізделеді. Бұл қабiлеттiлiктер сатып алушыны іздеу уақытына, сатып алушыны тиiстi тауарлар мен игiлiктерді алуға түрткi болатын нарық жағдайына; сатып алушының iздестiру шығынына және де тауарлардың техникалық сипатына, сонымен бiрге өткізу бағаларына байланысты болып келеді.
Компанияның өтiмдiлігін жоспарлау баланс құрылымын абсолюттi және салыстырмалы көрсеткiштер негiзінде жоспарлау процессін көрсетеді. Өтiмдiліктi жоспарлаудың баланстық үлгiсі активтерді олардың өтімділік дәрежесі бойынша топтастыруға және пассивтерді олардың төлеу жеделдігі дәрежесі бойынша топтастыруға негізделген.
Жоспарлаудың баланстық үлгi мәні мiндеттемелердiң әрбiр түрiне қажеттi мерзiмдерде, тиiстi мiндеттемелер түрін өтеуi үшiн қажеттi iске асырыла алатын активтердің ара қатынасын белгiлейді.
Әлемдік тәжірибеде активтер өтімділік дәрежесі бойынша келесі топтарға біріктіріледі:
А1 – ең өтімді активтер. Оған ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар жатады;
А2 – тез өткізілетін активтер. Оған дебиторлық борышты жатқызады;
А3 – баяу өткізілетін активтер, олар қорлардың барлық түрлерінен және ұзақ мерзімді қаржылық салымдардан тұрады;
А4 – қиын өткізілетін активтерден тұрады. Оған ұзақ мерзімді қаржылық салымдардан басқа айналымнан тыс активтер жатады.
Баланс пассивтері оларды төлеу жеделдігіне байланысты келесідей топтастырылады:
П1 – неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға кредиторлық борышты жатқызады;
П2 – қысқа мерзімді міндеттемелер, олар өздеріне қысқа мерзімді несиелер мен займдарды қосады;
П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер, олар ұзақ мерзімді несиелер мен займдардан құралады;
П4 – тұрақты міндеттемелер, компанияның меншікті қаражаттары жатады.
Қарастырылыған схема бойынша баланс өтімділігін жоспарлау жақындатылған болып саналады, дәлірек 20-шы жүзжылдықтың 20-шы жылдары қолданылған нормативтік жеңілдіктерді қолданумен жоспарлау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет