Қазақстан республикасының білім


ІІ-ші және ІІІ-ші аналитикалық топ аниондарын анализдеу және сапалық реакциялары



бет16/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Аналитикалық хим.лаб

ІІ-ші және ІІІ-ші аналитикалық топ аниондарын анализдеу және сапалық реакциялары


Жұмыстың мақсаты: Екінші және үшінші аналитикалық топ аниондарын анализдеуді және сапалық реакцияларын жүргізуді оқып үйрену.


Жұмыстың міндеттері: ІІ-ші және ІІІ-ші аналитикалық топ аниондарын анализдеу және сапалық реакцияларын жүргізу барысында алынған нәтижелерді қорытындылау.
Жұмыстың орындалуы: А) ІІ-ші аналитикалық топтың аниондарына сапалық реакциялар.
СІ- ионына реакциялар:
1-ші реакция. NаСІ-нің 3-4 кристалына КМnО4-ның 2-3 кристалын қосады, соңынан НСІ-ның концентрлік ерітінідсінің 3-4 тамшысын қосады да, қыздырады. Алынған қоспаның 1 тамшысын иодид-крахмалдық қағазға тамызады. СІ2-дың әсерінен қағаздың түсінің өзгеруін байқайды.
2-ші реакция. NаСІ-нің ерітндісінен және күмістің катионы бар ерітіндіден 3-4 тамшыдан алып сағат шынысында қосады. Реакцияның нәтижесінде тұнбаның түзілуін бақылайды. Реакция нәтижесін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.
Вr- ионына реакциялар:
1-ші реакция. Сынауыққа NаВr-нің ерітндісінен 3-4 тамшы, Н24-ның 2 н ерітіндісінен 2-3 тамшы, хлор суынан 1-2 тамшы қосып және аздап хлороформ қосады. Қоспаны шайқап түсінің өзгеруін байқайды. Реакция теңдеулерін жазады.
2-ші реакция. NаВr-нің ерітіндісінен және күмістің катионы бар ерітіндіден 3-4 тамшыдан алып сағат шынысында қосады. Реакцияның нәтижесінде тұнбаның түзілуін бақылайды. Реакция нәтижесін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.
І- ионына реакциялар:
1-ші реакция. Сынауыққа КІ-нің ерітндісінен 3-4 тамшы, қорғасынның катионы бар ерітіндісінен 2-3 тамшы қосады. Қоспаны шайқап түсінің өзгеруін немесе тұнбаның түзілуін байқайды. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.
2-ші реакция. Сынауыққа КІ-нің 3-4 кристалын, концентрлік Н24-ның ерітіндісінен 2-3 тамшы және аздап хлороформ қосады. Қоспаны шайқап түсінің өзгеруін байқайды. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.
S- ионына реакциялар:
1-ші реакция. Сынауыққа Nа2S-нің ерітіндісінен 3-4 тамшы және НСІ-ның 2 н ерітіндісінен сонша тамшы қосады. Бөлініп жатқан Н2S-ті реактивтік қағаздың көмегімен анықтайды. Реактивтік қағазды алдын ала қорғасынның ацетатының ерітіндісіне батырып алады. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.
2-ші реакция. Сынауыққа Nа2S-нің ерітіндісінен 3-4 тамшы, натрийдің нитропруссидінен 2-3 тамшы және натрийдің гидроксидінен 2-3 тамшы қосады. Реакцияның нәтижесінде Na4 [Fe(CN)5NOS] комплексті қосылыстың түзілуі салдарынан ерітндінің түсінің өзгеруін бақылайды. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.
SCN- анионға реакциялар:
1-ші реакция. Тиоцианат анионның темір (III) хлоридімен реакциясы. ҒеС13 темір (III) хлориді NH4SCN аммоний роданитімен Fe(SCN)3-тiң қан қызыл түсті ерітіндісін түзеді. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.
2-ші реакция. Йодкрахмалдық қағазға КІО3-ның ерітіндісінің 1 тамшысын және КSCN-нің ерітіндісінің 1 тамшысын тамызады. Бөлініп жатқан І2-тың әсерінен қағаздың түсінің өзгеруін бақылайды. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.

ІІІ-ші аналитикалық топтың аниондарына реакциялар.


3- ионына реакциялар:
1-ші реакция. Шұңқырлау келген фарфорлық табақшаға дифениламиннің 2-3 тамшысын, соңынан NаNО3-ның ерітіндісінің 1 тамшысын тамызып, араластырып қоспаның түсінің өзгеруін бақылайды. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады. Реакцияның жүруіне NО2- иондары бөгет жасайды.
2-ші реакция. Сынауыққа NаNО3-ның ерітіндісінің 1 тамшысын тамызып, оның үстіне металл мырышты салады, аОН-нің 5-6 тамшысын қосып қыздырады. Қызыл лакмус қағазының көмегімен аммиактың бөлінуін бақылайды. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.
2- ионына реакциялар:
1-ші реакция. Сынауыққа NаNО2-ның ерітіндісінің 3-4 тамшысын тамызып, оның үстіне Н24-ның 1-2 тамшысын қосады. Реакцияның нәтижесінде бөлініп жатқан NО2 газының буларының түсін бақылайды.
2-ші реакция. Сынауыққа NаNО2-ның ерітіндісінің 3-4 тамшысын тамызып, оның үстіне НСІ-ның 2 н ерітіндісінің 2-3 тамшысын және сульфанил қышқылының 3-4 тамшысын, 1-амино-2-нафтолдың 3-4 тамшысын және NаОН-нің 2 н ерітіндісінің 4-5 тамшысын қосады. Реакцияның нәтижесінде түзілген азоқосылыстың түсін бақылайды.
Н3С-СОО- ионға реакция
1-ші реакция. Сынауыққа Н3С-СООNа-ның ерітіндісінен 2-3 тамшы құйып, оның үстіне НСІ-ның 2 н ерітінідісінің соншама тамызады да қыздырады. Реакция нәтижесінде түзілген сірке қышқылының иісін байқайды. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық молекулалық түрде жазады.
2-ші реакция. Сынауыққа Н3С-СООNа-ның кристалдарынан 2-3 түйірін салып, оның үстіне Н24-ның 2 н ерітіндісінің 3-4 және этил спиртінен 5-6 тамшысын тамызады да қоспаны қыздырады. Реакция нәтижесінде түзілген сірке қышқылының этил эфирінің иісін байқайды.
ІІ және ІІІ-ші топтрдың аниондарының қоспасына талдау жасау. Бұл екі топтың аниондарының қоспасын талдау барысында осы жұмыста көрсетілген жекеленген реакцияларды пайдаланады.


Бақылау сұрақтары:
1.ІІ-ші топтың аниондарының ерітіндіде бар-жоғын қандай реагенттің көмегімен анықтайды ?
2.ІІІ-ші аналитикалық топтың аниондарының басқа аниондардан қалай ерекшеленеді ?
3.ІІ-ші топтың аниондары болып табылатын галогенид-иондарды күмістің катионымен әрекеттестіргенде қалай ажыратады ?
4.ІІ-ші топтың аниондарын анықтау барысында қандай органикалық еріткіштер қолданылады ?

№ 13-ші лабораториялық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет