Қазақстан республикасының білім


Төртінші, бесінші, алтыншы аналитикалық топ катиондарының қоспасын анализдеу (жүйелі әдісі бойынша)



бет13/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Аналитикалық хим.лаб

Төртінші, бесінші, алтыншы аналитикалық топ катиондарының қоспасын анализдеу (жүйелі әдісі бойынша).


Жұмыстың мақсаты: Төртінші, бесінші, алтыншы аналитикалық топ катиондарының қоспасын анализдеу (жүйелі әдісі бойынша)
Жұмыстың міндеттері: Төртінші, бесінші, алтыншы аналитикалық топ катиондарының қоспасына алдын ала сынаулар жүргізу; қоспаны жүйелі анализдеу барысында алынған нәтижелерді талдау және қорытындылау
Жұмыстың барысы
А) Тұнбасыз ерітіндіні талдау. Алдын ала сынаулар және анықтаулар. Ерітінідінің түсін, рН-нің мәнін анықтайды. Егер ерітінді түссіз болса, онда түсті катиондары болмайды, алайда Mn (II) Fe (II) түсті катиондары болуы мүмкін. Егер ерітінді қатты сұйылтылған болса, онда бұл екі катионның бар-жоғын анықтау қиын. Егер ерітіндінің түсі сарғыш болса, онда Ғе3+, қызғыш сары болса, онда Ғе3+ және Со2+ иондарының болуы мүмкін. Ерітіндінің түсі жасыл болс, онда Nі2+ немесе Ғе3+ және Сu2+ катиондарының қоспасы, ал ақшыл-жасыл болса, онда Ғе2+, қара-жасыл болса, онда Сr3+, көк-жасыл – немесе жасыл-көк Cu2+ және Nі2+ немесе Ғе3+ және Сu2+ иондарының бар болғаны.
рН>1 болса, онда ерітіндіде Sb, Sn, Ві, Нg иондары болмайды, ал рН>7 болғанда мышьяктың тұздарының болуы мүмкін.
Белгіленген ретпен жекеленген реакцияларды орындайды:
Ғе2+ үшін К3[Ғе(СN)6] реагентімен;
Ғе3+ үшін К4[Ғе(СN)6] және NН4(SСN) реагенттерімен. К4[Ғе(СN)6]–мен реакцияны жүргізгенде қара-көк тұнбаның рнына қызыл-қоңыр тұнба пайда болса, онда ерітіндіде Сu2+ иондарының бар болғаны. Ғе3+ иондарының анықталуы ерітіндіде Sn (ІІ) –иондарының жоқ екендігін білдіреді;
Нg2+, [Нg2]2+, Аg2+ үшін металл мыстың табақшасымен;
Нg2+ үшін калийдің иодидімен;
[Нg2]2+ үшін НСІ-мен және аммиакпен ;
Sb (ІІІ, Ү), Ві3+ үшін гидролиз реакциясы, яғни ерітіндінің көлемін 5-10 есе сұйылту керек; түзілген ақ тұнбаның шарап немесе калий-натрийдің тартратында (КNаС4Н4О7) еруі ерітіндіде Sb-нің тұздарының, ал тұнбаның сонымен бірге азот қышқылында еруі Ві (ІІІ) тұздарының бар екендігін анықтайды;
Аs (ІІІ, Ү) үшін – АsН3-не дейін тотықсыздандыру;
АІ3+ - сүзгіш қағаздың бетінде ализаринмен;
Жүйелік талдау. Қоспада ІҮ, Ү және ҮІ-шы аналитикалық топтардың катиондарының қоспасы болған жағдайда алдымен ІҮ-ші аналитикалық топтың катиондарын, соңынан Ү-ші топты бөліп алады. Қоспаны 3-ке бөліп оныі 1-ші бөлігіне натрийдің гидроксидінің 20 %-дық ерітіндісінің артық мөлшерін, Н2О2-нан қосады. Нәтижесінде Ү және ҮІ-шы топтардың катиондарының тұздары тұнбаға (№ 1) түседі. № 1-ші тұнбаны центрифугирлейді (№ 1). № 1-ші центрифугатты ІҮ-ші аналитикалық топтың катиондарының қоспасының жүйелік анализі бойынша талдайды.
Ү-ші және ҮІ-шы топтардың катиондарын бөлу. № 1-ші тұнбаны сумен шайып Н2О2-ның қатысында НNО3-мен (1:1) қыздырып өңдейді. Нәтижесінде тұнба толығымен ериді (мета сүрме қышқылы НSbО3 ғана ерімейді). Мета сүрме қышқылын бөліп алып, концентрлік НСІ-ның кішкене көлемінде ерітеді және сүрменің катионына реакцияны орындайды. Ү-ші және ҮІ-шы аналиткалық топтардың катиондарының нитраттарын Nа2СО3-ның 2 н ерітндісімен лайлану пайда болғанша бейтараптайды. Соңынан NН3-тың концентрлдік ерітіндісін құйып, 40-50 °С дейін қыздырады. Ү-ші топтың катиондары тұнбаға (№ 2) гидроксидтер түрінде түседі. Ал ҮІ-шы топтың катиондары аммиактық кешендер түрінде ерітіндіде қалады. № 2-ші тұнбаны NН3-тың 2 н ерітіндісімен, соңынан сумен шайып, НNО3-ның 2 н ерітіндісінде ерітеді де, Ү-ші топтың катиондарының қоспасының талдау жолымен анықтайды. Қалған ерітіндіні Н24-ның 2 н ерітіндісімен қышқылдандырып ҮІ-шы топтың талдау жолымен талдайды.


Бақылау сұрақтары:
1.ІҮ-ші, Ү-ші және ҮІ-шы аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын талдамас бұрын алдын-ала қандай сынаулар және анықтаулар жүргізіледі ?
2.Ерітіндінің рН-нің мәнін анқтау барысында қандай қорытындылар жасауға болады ?
3.Катиондардың қоспасының ерітіндінің түсіне қарай қандай жорамалдар жасауға болады ?
4.Қоспадағы катиондардың бір-бірінен бөлінуі қандай реагенттердің көмегімен жүргізіледі ?
5. ІҮ-ші топтың катиондарын қай катионнан бастаған дұрыс ?

№ 10-шы лабораториялық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет