Катиондардың қоспасын радиалдық хроматограммада бөлу
Жұмыстың мақсаты: Катиондардың қоспасын радиалдық хроматограммада бөлуді оқып үйрену.
Жұмыстың міндеттері: Катиондардың қоспасын радиалдық хроматограммада бөлу, катиондардың тобын және түрін анықтау барсыныда алынған нәтижелерді қорытындылау.
Жұмыстың орындалу барысы: Хроматографиялық жұмыстарға арналған қағазды еріткіш құйылатын ыдыстың (камераның) енінен 2-3 см-ге артықтау кесіп, оның бетіне төсейді. Құрамында Ғе3+, Си2+ және Nі2+ катиондарының тұзадары бар ерітінді күйіндегі қоспаны қағаздың ортасындағы нүктеден шамамен 0,5-1 см арақашықтықта дақтар түрінде капиллярдың көмегімен орналастырады. Дақтардың ені 0,3-0,5 мм-ден аспауы керек. Кептірілген қағазды еріткіш құйылған камераның төменгі бөлігіне орналастырады. Еріткіштің және хроматографиялық қағаздың арсын кішкене білтешемен жалғайды да, камераның аузын жауып қояды. Еріткішітң тартылуын білтешенің қалыңдығы арқылы реттеп отырады. Еріткіштің фронты камераның жиегіне сәл жетпей қалған кезде хроматогрфиялауды тоқтатады. Хроматограмманы кептіріп бөліктерге байланысты кеседі. Соңынан әр бір кесіктің сәйкесінше реагентін пайдаланып сапалық реакцияларды қағазда орындайды. Мысалы, Ғе3+ үшін калийдің гексацианоферратын қолданады, нәтиже көк дақ; Сu2+ катионы үшін калийдің гексацианоферратының ерітіндісі, нәтиже қанық-қызыл дақ; Nі2+ катионы үшін аммиактық ерітіндідегі диацетилдиоксимнің ерітіндісі. Талдауға алынған ерітінділерде тұздардың мөлшері 30 мг/см3 құрауы керек. Еріткіш: құрамында 20 % концентрлік НСІ бар ацетон.
Жұмыстың соңында алынған хроматограммалардағы дақтардың пайда болуына себеп реакциялардың теңдеулерін молекулалық және иондық-молекулалық түрде жазу керек.
Бақылау сұрақтары:
1.Хроматографияның алғаш пайда болуы ?
2.Хроматографияның түрлері.
3.Хроматографияның анализдегі маңызы қандай ?
4.Қағаздағы хроматографияның қандай түрлері бар ?
5. Қағаздағы хроматографияны қандай жағдайларда қолданады ?
6.Хроматографияның кемшіліктері неде ?
Достарыңызбен бөлісу: |