Қазақстан республикасының білім


Бірінші аналитикалық топ аниондарының сапалық реакциялары және қоспасын анализдеу



бет15/20
Дата19.04.2023
өлшемі374 Kb.
#472379
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Аналитикалық хим.лаб

Бірінші аналитикалық топ аниондарының сапалық реакциялары және қоспасын анализдеу


Жұмыстың мақсаты: Бірінші анатикалық топ аниондарының сапалық реакциялары жүргізуді және олардың қоспасын анализдеуді оқып үйрену.


Жұмыстың міндеттері: Бірінші анатикалық топ аниондарының сапалық реакцияларын жүргізу, нәтижелерін байқау, реакциялардың теңдеулерін жазу және олардың қоспасын анализдеу барысында байқалған нәтижелер бойынша қорытынды жасау.
Жұмыстың орындалуы:
1. Реакция. Барий тұздарымен реакциясы
Бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортадағы ВаС12 барий хлоридінің судағы ерітіндісі немесе Ba(NO3)2 барий нитратының ерітінділері реактивтермен әрекеттесіп, суда нашар еритін барий тұздарын түзеді. Ва2+ катионы I-ші топтың аниондарымен: BaSO4, BaSO3 BaS2O3 ВаНРО4 ВаСО3, ВаС2О4 ақ тұнбаларын жөне ВаСrО4 сары тұнбасын түзеді. Тұнбалар HC1 және HNO3 (BaSO4 басқасы) қышқылдарында ериді. Тұнбалар күкірт қышқылында ериді:

ВаСгО4 (қ) + H2SO4 -> BaSO4 (қ) + Н2СгО4


Ва2+ катионының I-ші топтың аниондарымен түзген фосфаттары, карбонаттары, барий метабораты сірке қышқылында ериді. Барий тиосульфаты қайнаған су және минералды қышқылдарда бос күйіндегі күкіртті түзе ериді:


BaS2O3 + 2HC1 -> ВаС12 + H2S2O3


H2S2O3 -> H2O + S(қ) + SO2 (r)


ВаСО3, ВаНРО4 және ВаС2О4 тұздары аммоний тұздарында ериді. Барий тұздарымен КМпО4 калий перманганаты арасындағы реакцияны сульфаттарды анықтау үшін қолданады. BaSO4 барий сульфатына тән ерекше қасиет қышқылда да, негізде де ерімейді.


2. Реакция. Қышқылдармен реакциясы
Ол үшін газ тәрізді заттар немесе бос күйінде жай заттар түзетін тұрақсыз минералды қышқылдар қолданылады: Н2СО3 (CO2 газ бөлінеді), H2SO3 (SO2 газ бөлінеді), H2S2O3 (SO2 газ бөлінеді және S тұнады).
CO32- карбонат ионды анықтау үшін бөлінген CO2 газын әк суынан өткізгенде, СаСО3 борпылдақ ақ тұнбасын түзеді.
SO2+ сульфит ионды анықтау үшін бөлінген SO2 күкіртті газ иісінен немесе Н2О2 • SO2 қосып, SO42- сульфат ионы түзілгеннен немесе күкіртті газды тотықтыру арқылы анықтайды; MnO4--тен Мn2+дейін, ал І2 йодты І- йодид ионға дейін тотықсыздандырып, өзі SO42+ сульфат ионына дейін тотығады:

5SO2 + 2КМпО4 + 2Н2О -> 2MgSO4 + K2SO4 + 2H2SO4.


SO2 + I2 + 2H2O -> 2HI + H2SO4

S2O2- тиосульфат ионды сары түсті белінген күкірт арқылы анықтайды:


H2S2O3 -> Н2О + SO2 + S(қ)




3. Реакция. Сульфид ионын анықтау реакциясы
Күкіртті қышқыл тұздарына HC1, H2SO4 қышқылдарымен әсер еткенде бөлінген H2S иісінен немесе фильтр қағазын Pb(NO3)2 қорғасын нитраты ерітіндісіне батырып, бөлініп жатқан күкіртті газдың бетіне ұстаған қағаз түсінің қараюымен; (PbS түзіледі) анықтауға болады.
4. Реакция. Нитропруссидпен жүретін реакция
S2+ ионы Na2[Fe(CN)5NO] натрий нитрозопентациано (II) ферратымен (натрий нитропруссидпен) қызыл күлгін түсті Na4 [Fe(CN)5NOS] комплексті қосылыс түзеді:

Na2[Fe(CN)5NO] + Na2S -> Na4[Fe(CN)5NOS]




5-ші реакция. S2- ионын кадмий түздарымен CdS-нің сары тұнбасын түзеді.
6. Реакция. S2- ионын йодты немесе бромды су сульфаттарға дейін тотықтырады:

SO32- + І2 + Н2О -> SO42- + 2HI


Йодты немесе бромды су түссізденеді. S2- ионы бояуларды да (фуксин, малахит жасылын) түссіздендіреді. Фуксин түссіз күкіртті қышқыл - фуксин тұзын түзеді.


7. Реакция. Тиоцианат анионның темір (III) хлоридімен реакциясы
ҒеС13 темір (III) хлориді NH4SCN аммоний родонитімен Fe(SCN)3-тiң қан қызыл түсті ерітіндісін түзеді.


Бақылау сұрақтары:
1.І-ші аналитикалық топтың аниондарына қандай иондар жатқызылған және неге ?
2.ІІ-ші аналитикалық топтың аниондарына қандай иондар жатқызылған және неге ?
3.ІІІ-ші аналитикалық топтың аниондарына қандай иондар жатқызылған және неге ?
4.І-ші топтың аниондарына ВаСІ2-нің әсері қандай ?

№ 12-ші лабораториялық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет