7-тарау. БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
42-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
1. Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.
2. Бюджет процесінде республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына жол берілмейді.
3. Әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, бюджет процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастарына жол беріледі.
4. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің біртұтастығына және ашықтығына негізделген.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.
6. Осы Кодекстен басқа, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде, есебінен шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді.
Тек осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде ғана шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен басқасына беру жүзеге асырылады.
7. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
8. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілер қабылдануынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптері
Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:
1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің, жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы теңдігі;
2) аражігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу:
тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төмен тұрған бюджеттерге бекітіледі;
мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салық түсімдері және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
қайта бөліну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің бірдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынудың тиімділігі мен нәтижелілігі - мемлекеттік қызметтер көрсетуді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекіту;
6) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну деңгейін оны алушыларға барынша жақындату - алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудің атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру.
44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
1. Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында:
трансферттермен;
бюджеттiк кредиттермен;
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
трансферттермен;
бюджеттiк кредиттермен;
кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.
2. Бюджет деңгейлерi арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, нысаналы даму трансферттерiне бөлiнедi.
3. Нысаналы трансферттердi және бюджеттiк кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттiк бағдарламаларда айқындалған олардың нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.
4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк қаржылық бақылау органының актiсiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей, осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
Облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлiнген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
6. Өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнем жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының соңына дейін үнемделген тиісті соманы жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерін пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы.
7. Өткен қаржы жылында бөлінген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер
1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.
2. Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.
3. Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер бюджеттік алып қою болып табылады.
4. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі:
Қазақстан Республикасының заңымен - республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында;
облыстық мәслихаттың шешімімен - облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің арасында абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге белгіленеді.
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі әрбір үш жыл сайын өзгертілуге жатады.
4-1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) мыналар:
жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері;
қаржыландыру көлемдерін көрсете отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша алғанда жалпы сипаттағы трансферттер көлемдерін айқындау кезінде жергілікті бюджеттер шығыстарының базасына қосымша енгізілген іс-шаралар қоса беріледі.
Шығыстардың бағыттары мен оларды қаржыландырудың ең төмен көлемдерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, облыстық бюджеттен,ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.
4-2. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті қаржы жылының соңындағы жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып түскен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
5. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттің әрбір деңгейі үшін осы Кодекспен бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшін өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.
6. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуеті, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.
7. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі тиісті жергілікті бюджеттің кірістері (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.
8. Жергілікті бюджет кірістерінің болжамды көлемі шығындарының болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджетке жергілікті бюджеттен бюджеттік алып қою белгіленеді.
Жергілікті бюджет шығындардың болжамды көлемі кірістерінің болжамды көлемінен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді.
9. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі.
10. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің есеп-қисабы кезінде жоспарлы кезеңде жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, жергілікті атқарушы органның борышын өтеудегі шығындар ескерілмейді.
11. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
46-бап. Нысаналы трансферттер
1. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге және нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде:
1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған;
2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
3. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.
4. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.
5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады.
Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері әр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомамен бөлінеді.
Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерін бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделетін қаржыландыру көлемін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
5-1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері бюджеттік инвестицияларды төмен тұрған жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бөлінеді.
6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізу кезінде бөлінеді. Мұндай нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді.
7. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша компоненттерді енгізуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюымен байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған кезде стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызды мәні бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша компоненттерді енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен асатын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8. Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9. Төмен тұрған бюджеттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
10-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке-дара қаржыландыру жоспарының негізінде аударады.
РҚАО-ның ескертпесі!
11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
11. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім:
шешілуіне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсаттар мен міндеттерді;
нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей және түпкілікті нәтижелерді;
тиісті жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне табыс етуі туралы міндеттемені;
тараптардың шешімі бойынша айқындалатын басқа да жағдайларды қамтитын құжатты білдіреді.
РҚАО-ның ескертпесі!
12-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
12. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей бір қаржы жылына жасалады.
12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 және 154-баптарының талаптарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
13-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
13. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында одан әрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады.
РҚАО-ның ескертпесі!
14-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
14. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің көлемі өзгерген жағдайда, нысаналы трансферттердің көлемі өзгерген күннен бастап бір ай ішінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге тиісті өзгерістер енгізіледі.
Егер бюджетті нақтылау кезінде қосымша нысаналы трансферттер бөлінсе, Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін және мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін бір ай ішінде осы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалады.
15. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
16. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.23 N 55-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік
кредиттер
1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік саясатының міндеттерін шешуге және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер берілуі мүмкін.
2. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік кредиттер осы Кодекске сәйкес беріледі.
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол
жеткізбегені үшін жауаптылық
1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу кезінде:
1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді уақтылы жасамағаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.07.2014 № 225-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес нысаналы трансферттерді пайдаланбағаны, нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есеп табыс етпегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;
4) нәтижелерге қол жеткізбеуге әкеп соққан, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді игермегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты жалғыз ұйымдастырушы болып табылатын, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |