Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Сығындылаудың толықтығына және жылдамдығына әсер ететін



Pdf көрінісі
бет194/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Сығындылаудың толықтығына және жылдамдығына әсер ететін 
факторлар: шикізаттың стандарттылығы, шикізаттың майдалану дәрежесі, 
шикізат және экстрагент мөлшерлерінің қатынасы, экстракция кинетикасы, 
өсімдік шикізатындағы әсер етуші заттардың және ілеспелі заттардың физика-
химиялық табиғаты, сулы сығындыларды дайындауға қажетті құрал жабдықтар 
әсері. 
Өсімдік шикізатының стандарттылығы. Сулы сығындылардың құрамы 
және концентрациясы, ағзаға әсер ету механизмі және күші ең алдымен 
бастапқы шикізатқа және ондағы әсер етуші заттарға байланысты болады. Әсер 
етуші заттардың мөлшері өсімдік материалдарына, өскен жеріне, өсу 
жағдайына, жинау уақытына, кептіру тәртібіне және басқа да себептерге 
байланысты болады. Сондықтан өсімдік шикізатының стандарттылығының 
маңызы зор. Стандартты шикізат деп нормативті құжаттардың (НҚ) 
талаптарына сәйкес келетін шикізатты айтады. 
Сулы сығынды дайындауға тек стандартты немесе жоғары кондициялы 
шикізат қолданылады. 
Қоймаға түсетін өсімдік материалдары, құрамындағы әсер етуші заттың 
мөлшері көрсетілген, аналитикалық паспортпен (тіркеу құжатымен) 
жабдықталуы тиіс. Ол көрсеткіштер пайызбен (алкалоидтар) немесе 
биологиялық әсер бірлік (БӘБ) санымен (гликозидтер үшін) көрсетіледі. 
Дәріханаға түсетін өсімдік материалдары этикеткамен жабдықталуы тиіс.
Егер әсер етуші заттардың белсенділігі НҚ көрсеткіштен жоғары болған 
өсімдік шикізатын қолданғанда, оны жазылымда көрсетілген мөлшерден кем 
мөлшерде алу керек. Қажетті шикізат мөлшері төмендегі теңдеу бойынша 
есептеледі: 
С
В
А
Х


мұндағы: 
Х – белсенділігі жоғары өсімдік шикізат мөлшері, г 
А – жазылымда жазылған стандартты дәрілік өсімдік
шикізат мөлшері, г 


270 
С – әсер бірлігімен немесе пайызбен берілген белсенді
заттардың нағыз мөлшері (БӘБ немесе %) 
В – 1 г шикізаттағы әсер етуші заттардың стандартты
құрамы 
 
Rp.: Іnfusі Folіorum Dіgіtalіs ex 0,5 - 200 ml 
Da. Sіgna. 1 ас қасықтан күніне 3 рет. 
КСРО МФ ХІ басылымы бойынша наперстянка жапырағында әсер 
етуші зат белсенділігі 50-66 БӘБ. 
Мысалы, аналитикалық паспорт бойынша әсер етуші зат белсенділігі 70 
БӘБ делік, сонда қажетті өсімдік шикізатын келесі теңдеу бойынша есептеп 
алу керек: 
47
,
0
70
66
5
,
0



Х
г 
Стандартқа сай келмейтін әсер етуші заттардың мөлшері төмен болған 
шикізатты сулы сығынды дайындау үшін қолдануға рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет