Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі



бет12/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29

210-бап. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі

1. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі аккредиттеу субъектілерін есепке алудың бірыңғай жүйесі болып табылады.

1. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу субъектілерінің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.

2. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімі: 

1) осы Заңның 207-бабының 7-тармағында көрсетілген мәліметтерді; 

2) аккредиттеу саласына кіретін сәйкестікті бағалау объектілерін; 

3) аккредиттеу субъектісі басшысының тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болған жағдайда);

4) аккредиттеу аттестатының қайта ресімделген күні мен негіздемесін; 

5) аккредиттеу материалдарын өзекті ету күнін, негізін және өзекті етілген аккредиттеу материалдары туралы ақпаратты; 

6) инспекциялық тексерулер жүргізілген күнді және нәтижелерін; 

7) аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөніндегі органның кері қайтарып алған және қайтарған күні мен негіздемесін; 

8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған күні мен негіздемесін;

9) аккредиттеу аттестатының жойылған күнін; 

10) аккредиттеу аттестатынан айыру күні мен негіздемесін; 

11) аккредиттеу аттестатының телнұсқасын беру туралы белгіні қамтуға тиіс. 

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпарат негіздемелер туындаған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізіледі. 

4. Аккредиттеу субъектілерінің тізілімінде қамтылған ақпарат онымен жеке және заңды тұлғалар танысу үшін ашық болып табылады.
211-бап. Аккредиттеу субъектілерін инспекциялық тексеру

Инспекциялық тексеру – аккредиттеу жөніндегі орган жүзеге асыратын аккредиттеу өлшемшарттарын аккредиттеу субъектілерінің сақтауын тексеру.

1. Инспекциялық тексеру аккредиттеуден кейiнгi шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

Бірінші инспекциялық тексеру бастапқы аккредиттелген күннен кейін он екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Келесі инспекциялық тексерулер екi жылда бiр реттен жиi болмайтын кезеңдiлiкпен, бiрақ осының алдындағы инспекциялық тексеру жүргізілген кезден бастап жиырма төрт айдан кешiктiрiлмей жүргізіледі.

Аккредиттеу субьектісінің аккредиттеу өлшемшарттарының бұзылуына жол бергені туралы жеке немесе заңды тұлғадан өтініш не мемлекеттік органнан хабарлама түскен жағдайда, аккредиттеу жөніндегі орган кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізуге құқылы.

2. Аккредиттеу субъектісіне немесе аккредиттеу субъектісінің өзі тұрған жерден тыс жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне инспекциялық тексеру жүргізу мерзiмi бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Кезектен тыс инспекциялық тексеру жүргізу мерзімі үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Құрылымдық бөлімшелері бар аккредиттеу субъектісін инспекциялық тексерудің жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.

3. Аккредиттеу жөніндегі орган инспекциялық тексеру жүргізу кезінде аккредиттеу субъектісінен қажетті түсіндірмелер, құжаттар мен мәліметтер сұратуға құқылы. 

4. Инспекциялық тексеру нәтижелері екі дана етіп жасалған есеппен ресімделеді, онда мыналар: 

1) есептің жасалған күні, уақыты мен орны; 

2) аккредиттеу жөніндегі орган басшысының инспекциялық тексеру жүргізуге негіз болған шешімінің күні мен нөмірі; 

3) инспекциялық тексеру жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (олар болған жағдайда);

4) аккредиттеу субъектісінің атауы, инспекциялық тексеру жүргізген кезде қатысқан аккредиттеу субъектісі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы;

5) инспекциялық тексеру жүргізілген күн, уақыты мен орны; 

6) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған сәйкессіздіктер туралы және олардың сипаты туралы мәліметтер; 

7) сәйкессіздіктерді жою туралы және оларды жою мерзімдері туралы нұсқаулар

8) аккредиттеу субъектісі өкілінің есебімен танысу туралы немесе танысудан бас тарту туралы мәліметтер, олардың қойған қолы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәліметтер көрсетіледі. 

Есептің бір данасы аккредиттеу субъектісінің өкіліне тапсырылады. 



Аккредиттеу жөніндегі орган есеп келіп түскен кезден бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға не осы Кодекстің 212-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жиналған материалдарды жолдауға негіз болмаған кезде ақпарат назарға алынады не анықталған аккредиттеу өлшемшарттарына сәйкессіздіктерді аккредиттеу субъектісінің жоюы туралы шешім қабылдайды.
212-бап. Аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу,

қолданысын тоқтату, жою, тоқтата тұру,

аккредиттеу аттестатынан айыру
1. Аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу – аккредиттеу субъектiсi өзi сәйкестiгiне аккредиттелген аккредиттеу критерийлерiне сәйкес келмеген жағдайда, аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алуға негiз болған себептер жойылғанға дейiн аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу субъектiсiнiң аккредиттеу саласының бiр бөлiгiн уақытша жарамсыз деп тану туралы аккредиттеу жөнiндегi органның шешiмi.

2. Аккредиттеу аттестатын аккредиттеу жөнiндегi орган мынадай жағдайларда:

1) аккредиттеу субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшi болғанда;

2) сәйкестiктi бағалау нәтижелерiнiң дұрыстығына әсер ететiн аккредиттеу критерийлерiне сәйкессiздiктер анықталғанда;

3) анықталған аккредиттеу критерийлерiне сәйкессiздiктер аккредиттеу жөнiндегi органның белгiлеген мерзiмi iшiнде жойылмағанда;

4) аккредиттеу субъектiсiнiң аккредиттеу критерийлерiнiң бұзылуына жол бергенi туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiшiнде не мемлекеттiк органның хабарламасында көрсетiлген фактiлер кезектен тыс инспекциялық тексеру нәтижелерi бойынша расталғанда;

5) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу нәтижелерiн салғастырудың анықталған терiс нәтижелерi жойылмағанда;

6) аккредиттеу критерийлерiнiң және аккредиттеуден кейiнгi шарт талаптарының бұзылғаны аккредиттеу субъектiлерiнiң қызметiне мониторинг жүргiзу нәтижелерi бойынша анықталған кезде қайтарып алады.

Салыстыру сынықтары деп екі және одан да көп зертханалардың (орталықтардың) сол бір объектілерде немесе осыған ұқсас объектілерде сынақтар өткізуі және олардың нәтижелерін бағалауы түсініледі.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салғастыру - өлшем құралдарының зерттеу нәтижелерiн, метрологиялық сипаттамаларын салыстыру;

Аккредиттеу аттестаты аккредиттеу субъектiсiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметi бөлiгiнде қайтарып алынуы мүмкiн.

Аккредиттеу аттестатының барлық саласына қатысы жоқ, осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайлар басталған кезде, аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу субъектiсiнiң аккредиттеу саласының бiр бөлiгiн уақытша жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдайды.

3. Егер аккредиттеу критерийлерiнiң анықталған сәйкессiздiктерiнде әкiмшiлiк құқық бұзу құрамының белгiлерi болған жағдайда, аккредиттеу жөнiндегi орган осындай сәйкессiздiктер анықталған күннен бастап есептелетiн, үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi шараларды қабылдау үшiн жиналған материалдарды уәкiлеттi органға жiбередi.

4. Аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу туралы шешiмнiң көшiрмесi шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде хабарламасы бар тапсырысты хатпен почта арқылы аккредиттеу субъектiсiне жiберiледi және өтiнiш берушi почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасына белгi соққан күннен бастап алынған деп есептеледi.

5. Аккредиттеу субъектiсi аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алу туралы шешiмдi алған күннен бастап, анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

Аккредиттеу аттестатын керi қайтарып алуға негiз болған сәйкессiздiктер жойылғаннан кейiн аккредиттеу субъектiсi аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бiр бөлiгiн қайта жаңғырту туралы шешiм қабылдау үшiн аккредиттеу жөнiндегi органға сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы мәлiметтердi жазбаша түрде ұсынады.

Анықталған сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы мәлiметтердi растау қажет болған жағдайда, аккредиттеу жөнiндегi орган осы Кодекстің 211-бабында көзделген тәртiппен инспекциялық тексеру жүргiзедi.

Аккредиттеу жөнiндегi орган сәйкессiздiктердiң жойылғаны туралы мәлiметтердi аккредиттеу субъектiсi ұсынған күннен бастап есептелетiн он жұмыс күнi iшiнде, ал инспекциялық тексеру жүргiзiлген жағдайларда - ол аяқталған күннен бастап аккредиттеу аттестатын немесе аккредиттеу саласының бiр бөлiгiн қайта жаңғырту туралы не қайта жаңғыртудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

Егер аккредиттеу жөнiндегi орган көрсетiлген мерзiмде өзiнiң шешiмi туралы аккредиттеу субъектiсiн жазбаша хабардар етпесе, онда көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн аккредиттеу аттестаты қайта жаңғыртылады.

6. Аккредиттеу аттестатының қолданысы мына негiздер бойынша тоқтатылады:

1) аккредиттеу субъектiсiнiң жазбаша өтiнiшiнiң болуы;

2) аккредиттеуден кейiнгi шарттың тоқтатылуы.

7. Өтiнiш берушiнiң аккредиттеу аттестатын алу кезiнде жалған ақпаратты ұсынғаны анықталған жағдайда аккредиттеу жөнiндегi органның өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте сот аккредиттеу аттестатынан айыруды жүргiзедi.

8. Аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.


213-бап. Аккредиттеу жөнiндегi шетелдiк органдар

жүргiзген аккредиттеу нәтижелерiн тану

1. Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөнiндегi шетелдiк органдар жүргiзген аккредиттеу нәтижелерiн тану аккредиттеу жүйелерiнiң, аккредиттеу кезiнде қолданылатын рәсiмдер мен талаптардың бiрдейлiгiн тану негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Аккредиттеу нәтижелерiн өзара тану екiжақты және көпжақты келiсiмдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.

3. Аккредиттеу жөнiндегi шетелдiк органдар берген аккредиттеу аттестаттары немесе оларға бара-бар құжаттар Қазақстан Республикасында аккредиттеу жөнiндегi халықаралық (өңiрлiк) мемлекеттiк емес, үкiметтiк емес ұйымдармен жасалған келiсiмдерге сәйкес танылады.


214-бап. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласындағы дауларды шешу

1. Өтiнiш берушiлер мен аккредиттеу субъектiлерi аккредиттеу жөнiндегi органның терiс шешiмiне аккредиттеу материалдары бойынша апелляция жөнiндегi комиссияға шағымдануға құқылы.

2. Апелляция жөнiндегi комиссияны аккредиттеу жөнiндегi органның басшысы құрады.

Апелляция жөнiндегi комиссия құрамы оған уәкiлеттi орган жанында аккредиттелген қауымдастық (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң үш өкiлiн, уәкiлеттi органның үш өкiлiн және аккредиттеу жөнiндегi органның бiр өкiлiн жiберу арқылы жасақталады.

3. Апелляция жөнiндегi комиссияның төрағасы және хатшысы оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен сайланады.

Апелляция жөнiндегi комиссияның төрағасы комиссия туралы ереженi бекiтедi, оның қызметiне басшылық жасайды, комиссияның отырысын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды.

4. Апелляция жөнiндегi комиссия шағым түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiмнiң негiздiлiгi туралы қорытындыны аккредиттеу жөнiндегi органның басшысына ұсынады.

5. Аккредиттеу жөнiндегi орган басшысы апелляция жөнiндегi комиссия қорытындысын қарау нәтижелерi туралы шағым берген өтiнiш берушiге немесе аккредиттеу субъектiсiне қорытынды ұсынылған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабарлайды.

6. Өтiнiш берушiлер мен аккредиттеу субъектiлерi аккредиттеу мәселелерi бойынша даулар туындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
14-тарау. Кәсіпкерлік саласындағы бағлаларды мемлекеттік реттеу
215-бап.Кәсіпкерлік саласындағы бағлаларды реттеу

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды кәсіпкрлік субъектілері өз бетінше айқындайды.

Мемлекет Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бағаларды реттеуді белгілейді.

Мемлекет мынадай тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге:

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түік тауарларына;

2) табиғи монополия саласындағыкөрсетілетін қызметтерге(тауарларға, жұмыстарға);

3) мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;

4) реттелетін нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге);

5) халықаралық іскер операцияларда және трансферттік баға белгілеу кезінде халықаралық іскер операцияларға байланысты мәмілелерде тауарларға (жұмыстарға көрсетілетін қызметтерге) бағаны;

6) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме өткізуге;

7) бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге бағаны;

8) тағамдық және тағамдық емес шикізаттан жасалған этиль спиртіне және алкоголь өніміне (сырадан басқа) ең төменгі бағаны белгілеуді;

9) фильтрлі темекілерге ең төменгі бағаны белгілеуді;

10) табиғи монополия жағдайындағы тауар нарықтарында белгілі бір жағдайларда, соның ішінде төтенше жағдайларда, табиғи апаттарда туындаған проблемаларды оның салдарын азайтатын тәсілмен шешу мүмкін болмаған кезде реттейді


216-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін, әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнiн бекітеді.

Адамның белсенді және салауатты өмірін сақтау үшін оның ағзасының негізгі тағамдарға және энергияға деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәнін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін бөлшек сауда бағаларының шекті мөлшерін бекітеді.

Бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн сауда қызметiнiң субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейiн айқындауға құқылы бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi болып табылады.

Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн бөлшек сауда бағаларының деңгейi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағасы болып танылады.

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынберуге шарттар жасасу кезінде тауар үстемесінің шекті мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талаптарды бұзып жасалған мәміле жарамсыз болады.

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
217-бап. Табиғи монополия саласында көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) баға белгілеу

1. Табиғи монополия саласында тауарларға (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес:

1) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемелерін) немесе оның шектi деңгейiн, оның iшiнде салыстырмалы талдау әдiсiн, сараланған және инвестициялық тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қолдана отырып, бекiту;

2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiсiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында уақытша төмендету коэффициентiн, тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қолданылатын шаманы бекіту;

3) табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген залалдарына өтем жасау мақсатында уақытша өтемдiк тарифті бекіту арқылы жүзеге асырылады.

2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар мөшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу (кіріс алу) мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.

3. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектiсi болып танылуы мүмкiн тауарлар (көрсетiлетiн қызметтер, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы табиғи монополия саласы болып табылады.

Табиғи монополия жағдайында тауарларды шығарумен және жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын кәсіакперлік субъектілері табиғи монополия субъектісі болуы мүмкін.

Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тізілімге енгізу және одан шығару тәртібін табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) белгiлi бiр түрiн өндiру мен ұсынудың технологиялық ерекшелiктерiне байланысты көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) осы түрiне сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiк жағдай жасау мүмкiн болмайтын немесе экономикалық жағынан тиiмсiз болатын көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйi табиғи монополия болып табылады.

4.Табиғи монополия субъектісі барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде табиғи монополиялар саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге және көтеруге құқылы.

Реттеліп ұсынылатын қызмет көрсетулерге (тауарларға, жұмыстарға) көтерілетін немесе төмендетілетін тариф (баға, алым мөшерлемелері) немесе оның шекті деңгейі қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) үшін қажетті шығындардың құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда (табыс) алу мүмкіндігін ескеруге тиіс:

1) барлық тұтынушылар үшін тарифтерді (бағаларды, алым мөшерлемелерін) немесе оның шекті деңгейін көтеру Қазақстан Республикасының салық заңнамасына тиісінше өзгерген жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін;

2) тарифтерді (бағаларды, алым мөшерлемелерін) немесе оның шекті деңгейін төмендету мынадай жағдайларда:

- реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі ұлғайғанда;

- ағамдағы және күрделі жөндеуге және негізгі құралдар құнының өсуіне әкеп соқпайтын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығындарды қоспағанда, субъектінің нақты шығындары, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыруға жұмсалған шығындары қысқарғанда;

- субъектілер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметтің өзге түрлерінен қомақты табыстар алғанда;

- Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгергенде жүзеге асырылады.

5. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициентін өтінім беруші ұсынған оны белгілеу туралы негізделген материалдарға жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша белгілейді.

6. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексерулер материалдарының негiзiнде, табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектiсiнiң инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелерi бойынша шешiм қабылданған күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ескере отырып, уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi.

7. Азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкiлеттi орган төтенше реттеушi шаралар ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдармөшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіте алады.

8. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң оңайлатылған тәртiбi қолданылады.

Бұл ретте қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерi реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерiн), тарифтiк сметаларды алдыңғы күнтiзбелiк жылдағы факт бойынша тұтынушылық бағалар индексiнен аспайтын шамаға жылына бiр рет өз бетiнше өзгертуге құқылы.

Осы тармақтың екiншi абзацында көзделген жағдайда қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi өзгерткен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тариф (баға, алым мөлшерлемесi), тарифтiк смета реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тиiсiнше тариф (баға, алымдар мөлшерлемесi) және тарифтiк смета болып табылады.

Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алымдар мөлшерлемесiн), тарифтiк сметаны тұтынушылық бағалар индексiнен асатын шамаға өзгерту қажет болған кезде қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен тарифтi (бағаны, алымдар мөлшерлемесiн), тарифтiк сметаны қайта қарау үшiн өтiнiммен уәкiлеттi органға жүгiнедi.
218-бап. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу

1. Бағаларды мемлекеттiк реттеу темiржол көлiгi, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнiмдерiн өндiру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және почта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, газ саласындағы реттелетiн нарық субъектiлерiнiң тауарларына (жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерiне) қолданылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi монополияға қарсы және уәкiлеттi органдардың ұсынысы бойынша осы баптың 1-тармағында көзделмеген тауар нарықтарында мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi .

3. Мыналар:

- Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес реттелетiн нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген;

- Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатураға енгiзiлген өнiмдi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi өткiзетiн (табиғи, мемлекеттiк монополия субъектiлерiн және энергия өндiрушi ұйымдарды қоспағанда) дара кәсiпкер немесе заңды тұлғареттелетiн нарық субъектiсi болып табылады.

Реттелетiн нарық субъектiлерi үшiн осы Заңға сәйкес бағаларды мемлекеттiк реттеу енгiзiлген тауар нарықтары реттелетiн нарықтар болып табылады.

2. Реттелетiн нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға) баға белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес шекті баға белгілене отырып жүзеге асырылады.

3. Тауарға (жұмысқа, көрсетiлетiн қызметке) шекті баға оларды өндiру және (немесе) өткiзу үшiн қажеттi шығындар мен пайданың негiзiнде белгіленеді және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы уәкілетті орган босату бағасына жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша оны негiздi деп тануға тиіс.

Реттелетiн нарық субъектiсi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi) өндiру және (немесе) өткiзу үшiн қолданатын оның бағасы босатылу бағасы болып танылады.

4. Реттелетiн нарық субъектiсi шектi бағаны көтерместен, уәкiлеттi органға бағаның төмендеу немесе көтерiлу себептерiн көрсететiн ақпаратты баға төмендеген немесе көтерiлген күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бере отырып, өндiрiлетiн (өткiзiлетiн) тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағаларды дербес төмендетуге және көтеруге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет