241-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Мемлекеттiк қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;
2) азаматтық авиация қызметiне;
3) халықаралық әуе тасымалдарына;
4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
6) iшкi су көлiгi саласында;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
8) ветеринария саласында;
9) өсiмдiктер карантинi саласында;
10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында;
11) қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына;
12) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;
13) кредиттiк бюролар қызметiне;
14) инвестициялық қорлар қызметiне;
15) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
16) орман қорын сақтау, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсiру саласында;
17) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жүзеге асырылады.
2-параграф. Тексерулерді ұйымдастырудың және жүргізудің тәртібі
242-бап. Тексерудің жалпы мәселелері
1. Тексерiлетiн субъектiнi тексеру – бақылау және қадағалау органдары мынадай:
1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге баруы;
2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етудi қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;
3) осы Кодекстің 234-бабының 2-тармағына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты iс-әрекеттердiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi.
2.Тексерілетін объектіге қатысты бақылау мен қадағалау:
1) өрт қауіпсіздігі саласында;
2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау саласында;
3) жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттардың талаптары орындалуының сақталуы;
4) электрэнергетикасы саласында жүзеге асырылады.
3. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Кодекстің 234-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.
4. Осы Кодекстің 257-бабының 2 және 3-тармақтарын, 260-бабын қоспағанда, осы тараудың күшi:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;
2) кеден одағының кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;
3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;
4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау нысанасында көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;
5) Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi және сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
7) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды өткiзетiн iшкi сауда объектiлерiнде, жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды бiрыңғай технологиялық циклда өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатымен;
9) балықтың кәсіпшілік мөлшерімен белгіленген жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар талаптарының, балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулерді және тыйымдардың, ауға түсіп қалуының, сондай-ақ балық ресурстарын және өзге су жануарларын аулау есебінің журналын жүргізудің сақталуына;
10) карантиндiк аймақтарда және қолайсыз мекендерде жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша iс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
11) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиация қауiпсiздiгi талаптарын сақтауына;
12) iшкi iстер органдарының жүргiзiлетiн жедел-профилактикалық iс-шаралары шеңберiнде қарудың, жарылғыш және улы заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы бақылауға;
13) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;
14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауға;
16) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
17) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптарды сақтауға;
18) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
22) халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманың сақталуына байланысты бақылау мен қдағалауды жүзеге асыруға байланысты қолданылмайды.
Бұл ретте, құқықтық статистика мен арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органда осы тармақтың 16), 17) және 20) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер міндетті тіркелуге жатады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
6. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының сақталуына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырған кезде туындайтын, монополияға қарсы орган жүзеге асыратын қатынастар осы Кодекстің 23-тарауымен реттеледі.
7. Кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
8. Салық қызметi органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту және тоқтата тұру мерзiмдерi тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.
9. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртiбiмен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргiзуге тыйым салынады.
Осы тармақтың күшi:
1) жарылғыш заттардың айналымы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивтік заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
243-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын субъектілерге қатысты тәуекелдерді бағалау жүйесі
1. Бақылау және қадағалау органдары тексерулерді жоспарлау мақсатында тәуекелдерді бағалауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Тәуекел деп тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы түсініледі.
Тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы.
2. Мемлекеттiк органдар тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел дәрежесiне қарай жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшiн жоспарлы тексерулер жүргiзудiң:
1) жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
2) орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;
3) болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi емес кезеңдiлiгiн айқындайды.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында осы Кодекстің 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуын тексеру үшiн жоспарлы тексерулер жүргiзудiң кезеңдiлiгi:
1) ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында:
жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;
орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – бiр жылда бiр реттен;
болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен жиi болмауға;
2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында:
жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – тоқсанына бiр реттен;
орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;
болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында:
жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;
орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;
болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен жиi болмауға тиiс.
Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектінің (объектінің) маңыздылығы, осы Заңның 234-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Санитариялық-эпидемиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бөлу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодесінде көзделген ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.
3. Реттеуші органдар тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялайды.
Реттеуші және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;
5. Реттеуші немесе жергілікті атқарушы орган тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде бекіткен жартыжылдық жоспар тексерілетін субъектілерге (объектілерге) жоспарлы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін реттеуші және жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларының жобаларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.
Осы Заңның 242-бабының 2-тармағын қоспағанда, тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларында бірдей тексерілетін субъектілерді белгілеген кезде, жоспар жобаларын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органы реттеуші және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектілерді тексеру жүргізу жоспарларынан алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып оларды жүргізу мерзімін түзету үшін қайтарады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін реттеуші және жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің бекітілген жартыжылдық жоспарларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.
Тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
7. Тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын өзгертуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады.
244-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау төрт топқа бөлуді ескере отырып жүргізіледі.
2. Бірінші топқа оларға қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізіндегі тексеру жүргізудің айрықша тәртібі, іріктемелі тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылау және қадағалаудың өзге де нысандары қолданылатын субъектілер (объектілер) жатады.
Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің:
1) жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
2) орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;
3) болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділігін айқындайды.
Осы Заңның 234-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін тексеру жүргізудің кезеңділігі:
эпидемиялық маңыздылығы жоғары обектілер үшін:
жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жарты жылда бір реттен;
орташа тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен жиі емес болуға тиіс.
Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектінің маңыздылығы, осы Кодекстің 234-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.
Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері реттеуші органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Реттеуші немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінің жобаларын тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.
Осы Кодекстің 242-бабының 2-тармағын қоспағанда, тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінде тексерілетін бірдей субъектілерді белгілеген кезде, кесте жобаларын құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы реттеуші және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектілерді тексеру жүргізу кестелерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып оларды жүргізу мерзімін түзету үшін қайтарады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін реттеуші және жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің бекітілген жартыжылдық кестелерін тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.
Тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін өзгертуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады.
3. Екінші топқа іріктемелі, жоспардан тыс тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
іріктемелі тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары:
- жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікті талдау;
- жоспардан тыс тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне талдау;
- бұзушылықтар анықталған жоспардан тыс тексерулердің есебін жүргізеді.
Реттеуші органдар тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктемелі тексеру жүргізу кезінде іріктеу үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоспағанда) тексерілетін субъектілерді (объектілерді) нүктелік тексеру жүргізу кезінде іріктеу үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін құру әдістемесін уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Үшінші топқа жоспардан тыс тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеру негіздері осы Кодекстің 247-бабының 5-тармағында айқындалған.
5. Төртінші топқа тексерулер жүргізілместен тек бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары ғана жүргізілетін үшінші тұлғаларға қатысты мүліктік жауапкершілікті сақтандырған тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
6. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салаларын осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызу бақылау және қадағалаудың әр саласы үшін тәуекелдерді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.
7. Егер тексерілетін субъект үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандырған болса, осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес 2 және 3 топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер 4 топқа ауыстырылады.
245-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Реттеуші органдар міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.
Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру мәселелері және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын реттеуші органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
2. Жеке кәсіпкерлік саласындағы барумен тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру және бақылау мен қадағалаудың міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің және барумен жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге міндетті.
Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурсында ай сайын жарияланады.
4. Ведомстволық есеп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары бойынша жүргізілмейді.
246-бап. Тексеру парақтары
1. Реттеуші органдар өз құзыреті шегінде тексерілетін субъектілердің біртекті топтары үшін тексеру парақтарын бекітеді.
Тексеру парақтарының нысандарын реттеуші органдар әзірлейді және бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында және реттеуші органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары реттеуші органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және реттеуші органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.
2. Тексеру парағы сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын тексерілетін субъектілер қызметіне талаптарды ғана қамтиды.
3. Тексерілуге тексеру парақтарында белгіленген талаптар жатады.
247-бап. Тексеру түрлерi
1. Сипаты бойынша тексерулер мынадай түрлерге:
1) жоспарлы;
2) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру жүргізудің айрықша тәртібі;
3) іріктемелі;
4) жоспардан тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы тексеру – реттеуші орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген жоспарлы тексерулерді жүргізу мерзімділігін ескере отырып бекіткен тексерулердің жоспары негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру жүргізудің айрықша тәртібі - бақылау және қадағалау органдары тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатерді жою мақсатында тағайындайтын тексеру.
Іріктемелі тексеру – бақылау және қадағалау органы нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижесінде, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қауіпті жою мақсатында тағайындайтын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру – бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатерлерді жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге қатысты тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мәнжайлар бойынша тағайындайтын тексеру.
2. Тексерулер көлемі бойынша:
1) кешенді тексерулер;
2) тақырыптық тексерулер болып бөлінеді.
Кешенді тексеру – тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 234-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кешені бойынша тексеру.
Тақырыптық тексеру – тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 234-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру.
3. Тексеру жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын өзгертуге жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын ағымдағы күнтiзбелiк жылдың жирма бесінші желтоқсанына дейiнгi және ағымдағы күнтiзбелiк жылдың жиырма бесінші мамырына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурстарына орналастырады.
4. Бақылау және қадағалау органы тәуекелдердi бағалау жүйесi iс-шараларының нәтижелерi негiзiнде бекiткен жоспар тексерiлетiн субъектiлерге жоспарлы тексеру тағайындау үшiн негiз болады.
5. Мыналар:
1) тексеру нәтижесінде және өзге де бақылау және қадағалау түрленің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықьарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылылардың, ұсынымдардың, хабарламалрдың) орындалуын бақылау;
2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне залал тигендігі туралы нақты фактілер бойынша өтініштері;
3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
4) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне залал тигендігі не залал тигізу қаупі туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
5) өзге мемлекеттік органдардың адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне залал тигендігі не залал тигізу қаупі туралы нақты фактілер бойынша өтініштері;
6) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында, тексерiлетiн субъектiнiң азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн қарсы тексеру;
7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделгеннегіздер бойынша тапсырмасы;
8) салық төлеушiлердiң өтiнiштерi, Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 627-бабында айқындалған мәлiметтер мен мәселелер,
9) тексерiлетiн субъектiнiң «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асырудың басталғандығы туралы хабарлама беруi негiз болып табылады.
6. Жоспардан тыс тексерулер иесi көрсетiлмеген өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.
7. Жоспардан тыс тексеруге нақты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.
8. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда объектiлерге жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүргiзiледi.
9. Жалған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткiзу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiге алдын ала хабарлама жасалмай жүргiзiледi.
10. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектiлерде немесе субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүзеге асырылады.
Тексерудi тағайындау туралы актi тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу болып есептеледi.
11. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргiзу үшiн санамаланған негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметiн әдiлет органдарында тiркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
12. Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тексерулердi қоспағанда, осы Кодексте белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |