63 Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет
Аталған бөлімге іздеу порталдарымен, деректерді өңдеу және орналастырумен байланысты қызметті, сондай-ақ әсіресе ақпараттарды ұсынуға жататын қызметтің өзге де түрлері кіреді.
63.1 Деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдармаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер; веб-порталдардың қызметі
Аталған топқа серверде ақпараттық ресурстарды орналастыру және осы ресурстарға тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз ету, деректерді өңдеу және соған сәйкес басқа қызметтерге арналған инфрақұрылымды ұсыну, сондай-ақ Интернет желісінде іздеу жүйелері мен басқа порталдарды ұсыну кіреді.
63.11 Деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер
Бұл класқа:
- жеткізуші компьютерлерді құрал ретінде ғана пайдаланатын процесс кезіндегі қызмет кірмейді, (ұсынылатын қызметтер типіне сәйкес жіктеледі)
63.11.1 Қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер
Бұл ішкі класқа:
- серверде ақпараттық ресурстарды орналастыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және осы ресуртарға тұрақты қол жеткізуді қамтамасыз етуді және осымен байланысты қызмет
- веб-сайттар, деректерді ағындық беру қызметі немесе қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру сияқты орналастыру бойынша мамандандырылған қызметтер
- қосымшалар бойынша қызмет көрсету (жалдау)
- уақыт бөлу тәртібінде жұмыс істейтін клиенттерге басты есеп жүйесіне қол жеткізуді ұсыну кіреді
63.11.2 Ақпараттық жүйелер мен деректер базасын сүйемелдей отырып, әдіснамалық-ақпараттық қамтамасыз ету
Бұл ішкі класқа:
- отын-энергетикалық кешеннің, ауқымды навигациялық спутниктік жүйелердің және басқа саладағы деректерді жинау, талдау және өңдеуге арналған инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
- деректерді өңдеу қызметі компаниялардан алынған деректер негізінде мамандандырылған есептерді кешенді өңдеуді және деректерді кешенді өңдеу, жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жұмыстарды қоса алғанда, деректерді автоматты түрде өңдеуді қамтамасыз етуді және деректерді енгізу қызметін қамтиды. Деректерді жинау, талдау және өңдеу мұнай, газ, көмір, уран, тау-кен металлургиялық кешені, жерасты сулары, емдік балшықтар және электр энергиясы, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өңдеу үшін қолданылатын жаңғыртылатын энергия көздері сияқты басқа салаларды қамтиды
- халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ақпаратты жинау және жүйелеу
- еңбек нарығында тіркелген адамдар мен мемлекеттік әлеуметтік көмек алушы адамдар бойынша деректер банкін өңдеу
- еңбек нарығының кәсіптік құрылымы туралы деректерді қорыту
- еңбек ресурстарының жағдайына кешенді талдау жүргізу
- халықтың жұмыспен қамтылуын өнімді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу
- жерді қашықтықтан зондтау деректерін тарату және өңдеу
- жоғары нүктелі спутниктік навигация жүйесінің деректерін тарату және өңдеу кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |