Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет12/36
Дата21.07.2023
өлшемі4.76 Mb.
#475770
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Асанхан Әйгерім әдістемелік нұсқау

Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
11.Қамырдан жасалатын ойыншықтар.

Жоспар:
Қамырдан қуыршақ жасау.


Тұздалған қамырдан жасалған жаңа жылдық әлеміштер


Біздің биылғы шыршамыз тұздалған қамырдан жасалған өз ойыншық-тарымызбен безендірілетін болады. Оларды біз қызық үшін ғана емес, қауіпсіздік те ойладық
Ондай ойыншықтар шыны ойыншықтарға қарағанда сынбайды.
Қамыр қалай дайындалады. Бірдей мөлшерде ұн мен тұз алыңыз. Созылмалы қамыр болатындай аздап су құйыңыз. Дайын ойыншықтарды ауада (ол үшін 2-3 күн керек) немесе аса ыстық емес (50 – 80°С) қыздырғышта 2-3 сағат кептіруге болады.
Қамырды баламен бірге илеңіз. Оған ыдысқа ұн мен тұз салып араластыруға, қамырды илеуге рұқсат етіңіз. Бала ойыншықтарды жасына қарай әртүрлі бояйды – әлем-жәлем етіп бояуы, қамырға дән батыруы, «жаңбыр» себуі мүмкін.
Қамырдан жалпақ және көлемді ойыншықтар жасауға болады. жұқалары тез кебеді.Балаларға қамырды оқтаумен илеу және әртүрлі мүсіндер ойған ұнайтындықтан біз жалпақ ойыншықтар жасауды жөндеп таптық.
Біз ойыншықтарды жұлдызша түрінде жасадық. Біздің үлгілерге қарап, кез келген қалыптағы ойыншықты жасауыңызға болады.
Жіп өткізетін саңылау қалдыру үшін ойыншыққа шырпы кіргізіңіз де сол күйінде кептіріңіз. Кепкен кезде саңылау кішірейіп кетпес үшін оны үлкендеу етіп тесу керек.
Ойыншықтар жасау үшін мыналар керек:
тұздалған қамыр;
– бояулар, дұрысы акрилді, өйткені, олар ашық болғандықтан жарқырап тұрады;
– ПВА желімі;
шетеннің кепкен жемістері;
– ұсақталған шырша «жаңбыры»;
– дәндер – күріш, қарақұмық, бұршақ және басқа;
– шырпылар.
Әрине, түрлі-түсті моншақтар, стеклярус, фольга, түрлі-түстіленталар да қосуғаболады, олсіздіңфантазияңызғабайланысты.
Шырша ойыншықтарын жасаудың бірнеше нұсқасын ұсынамыз.

№ 1 жұлдызшалар


Жұлдызшаларды жасаңыз да 2-3 сағат қыздырғышта кептіріңіз. Олар-әбден суығаннан кейін оларды акрил бояулармен бояңыз. Бояу кеппей тұрып стекляруспен немесе фольгамен әшекейлеңіз.
Егер қолыңызда немесе дүкенде акрил бояуы жоқ болса, жұлдызшаларды акварельмен немесе гуашьпен бояуға да болады.Ойыншық-жалтырап-тұру үшін барлық жеріне немесе әр жеріне ПВА желімін қалауыңызша жағыңыз. Желімге «жаңбыр» себіңіз. Шырпымен саңылау жасаңыз. ПВА желімін жаққан кезде ағарып жайылады, сіз одан қорықпаңыз,желім кепкен кезде ол өзінен өзі жоғалады. Саңылауға әдемі лента немесе бау өткізіңіз – міне, сіздің ойыншығыңыз дайын болды.


№ 2 жұлдызшалар


Кепкеннен кейін жұлдызшаларды бояңыз. Шетен жемісін немесе моншақты желімдеңіз. Бос жеріне желім жағуға немесе «жаңбыр» себуге болады.
№ 3 жұлдызшалар
Жұлдызша кесіп алыңыз. Мұрынға кішкентай шар домалақтаңыз. Жұлдыз- шаның ортасын сулап, оған шарды жапсырыңыз- ол жұлдызшаның мұрны болады.
Жұлдызшаның көздеріне – моншақтар да жарайды немесе қолдан жасаңыз. Жұлдызшалардыбояңыз, соданкейінүшкілқылқаламменмұрын мен көзді бояңыз. Ауызды дәнмен жасауға немесе желіммен салуға болады, содан кейін «жаңбыр» себіңіз. Солай «жаңбырдан» беттерді жасауға да болады. Шырпымен саңылау жасаңыз.
№ 4 жұлдызшалар
Жұлдызша ортасынан саңылау ойыңыз. Біз оны минералды судың кішкентай қақпағымен істедік. Жұлдызшаларды бояңыз. Оюдың шетін дәнмен немесе-стекляруспен әдіптеп шығыңыз. Бос жерге желім жағуға немесе «жаңбыр» желімдеугеболады. Шырпымен саңылау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет