Тапсырма:
Қамырдан түрлі қуыршақ түрлерін жасау.
Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет БУалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
12.Ілмекпен қоян тоқу технологиясы.
Жоспар:
1.Ілмекпен қоянның формасын тоқу.
Сымтемірді зауытта арнайы қондырғылармен жұмырлап,қара немесе түрлі металдан жасайды. Ол сымтемірлерді жұмсақ немесе қатты етіп дайындап шығарады.Сымтемірлер жұмсақ, берік ,төзімді, иілгіш қасиеттерге ие.Сымтемір өңдеуге жақсы көнеді. Сымтемірдің шаруашылықта,өндірістерде және еңбекке баулу сабағында ең көп қолданатын түрлері мыналар:
1.Қара темірден дайындалған сымтемір.Мұндай сымтемірдің құрамында көміртек қоспасы көбірек болады.Сондықтан мұндай сымтемірді болат сымтемір деуге болады.Қара сымтемір жұмсақ болғандықтан оны өңдеу, балғамен жалпақтау не үшкірлеу,бұрау не кесу жеңіл әрі көнгішькеледі.
2.Мыс сымтемірдендің түсі қызғылттау болып келеді.Ол өте иілгіштігімен,жұмсақтығымен ерекшеленеді.Жақсы бұралады,қиылады.
3.Алюминий сымтемір ақшыл түсті болып келеді.Мұндай сымтемір жұмсақ,иілгіш, бұйым жасауға ыңғайлы,Алюминий сымтемірінің бір кемшілігі- ол тез тот басқыш,сынғыш, серпімділігі аз материал.
Сымтемірлерді олардың жуан-жіңішкелігіне қарай арнайы жасалған жұмыр темір, ағашқа орап,буып тасымалдайды.Керекті сымтемірді сол оралған жерінен тарқатып алады.Керекті ұзындықты өлшеп, тістеуікпен қиып алып,жұмысқа пайдаланады. 1.Сымнан қоянның денесінің, яғни қанқасын жасаңдар. Ойыншық ерекше әсерлі көріну үшін аяқтарының ұшын үлкен ілмек шалып сақина сияқты етіп қалдырған дұрыс (1-сурет)
2 .Бас бөлігін тоқу - 4 бас шалудан тізбек жасап, сақина сияқты түйықтаңдар. Одан әpi дөңгелетіп шалмасыз бағаншалар жасап, алдымен қосып, содан кейін кеште
отырып, алдын ала дайындалған қанқағасәйкес етіп (өлшемін) тоқыңдар. Бөлшек-терді бip-бipiмeн қосу үшін және iшiнтолтыру ушін тесік қалдырыңдар (2-сурет)
3.Құлақтарын тоқу — қызғылт жіппен 25 бос шалудан тұратын тізбек жасаңдар және сол жолмен кepi қайтқанда әpбip ілмектен шалмасыз бағанша тоқындар.
4.Құлақтын артқы жағын дәл жоғарыда айтқандай етіп, бірақ
ақ жіппен тоқыңдар. Екі бөлікті алып шеттерін шалмасыз бағаншамен қосыңдар (2-суреттер).
5.Жіңішке мыс сымды екі қабаттап бүгін "құлаққалтаға" кipгізіңдер (ақ пен қызғылт бөліктерін қосқанда қалта сияқты болады). Енді екінші құлақты тоқындар. Сымды құлақтың ішіне тігіп бекітуге болады.
6.Құлаққалтаға кіргізілген сым "аяқтарды" құлақ ұзындығын реттей отырып бірнеше рет бұраңдар. "Аяқтарды" бас бөлігіне салып сым ұштарын түгел бұраңдар. Екінші құлақты қосыңдар. Құлақ бөлшегін тоқып болғаннан соң, құлак шетінде қалған жіп ұшын пайдаланып құлақтарды басқа қондырып ілмекбізбен тоқыңдар.
7. Бас бөлігін синтепонмен толтырындар. Дене қанқасын баспен қосыңдар. Бас бөлігі ішіндегі қанқаны жіптің көмегімен дұрыстаңдар.
Teciктi ілмектер жасап жабыңдар.
8. Бастағы ілмектерге байлап қанқаны айналдырып 6 шалмалы бағанша көтеріңдер. Дөңгелетіп шалмасыз бағаншалар іліп тоқыңдар.
9.Қояннын жоғарғы аяғынын негізіне дейін барып бұрылыңдар аяқ негізінің орналасуын реттей отырып, шалмасыз бағаншамен айналып өтіңдер.
Қоянның денесін тоқуды төменгі аяқтары басталатын жерде тоқтатыңдар. Аяқ қанқасын айналдыра тоқу ушін дене жаймасының ілмектерін негіз етіп алып 5 шалмалы бағанша алыңдар.
Қанқаны кеңейгенше айналдыра тоқып, содан кейін жайма қанқаға жабысып тұратындай етіп ілмек қосып отырыңдар. Дайын ойыншыққа көз бен мұрын тігіңдер. Қоянға әртурлі киім тігіп кигізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |