Тапсырма:
Ойыншықтарды картоннан, фольганы, шайдың жылтыр қағазын, қарағай бүрін, жаңғақты, жұмыртканың қабығын, әр түрлі қораптарды пайдалану арқылы жасау.
Әдебиеттер:
1.Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Ә.Сағымбаев «Фолиант»Астана 2013
2.Халықтық көркемөнер шығармашылығы С.Қырықбаева, С.Н.Адамқұлов
Астана 2015
3.Еңбекке баулу Ш.Жиенбаева Астана 2016
4.Сурет Б.Уалиев, Қ.Иманбекова Астана 2010
5.Еңбекке баулу оқыту әдістемесі Алматы Атамұра 2011
6.Сәндік қолданбалы өнерді үйрету Мұнашева Алматы 2009
14.Қатырма қағазбен жұмыс.
Жоспар:
1.Қатырма қағаздан кірпішешен бейнесін жасау.
Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу көбірек орын алады. Қағаз бен қатырма қағаздан конструкциясына қарай әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға керекті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға болады. Қағазбен, қатырма қағазбен жұмыс істеуді балалар тез үйренеді.
Оқушылар 1-сыныптан бастап қағаз бен басқа материалдарды дұрыс таңдауды үйренеді. Дайындайтын бұйымдардың құрылысы мен дайындау реті алдын ала мұқият қарастырылады. Содан соң мұғалім дайындаған үлгіні балалар өз жұмыстарына пайдаланады. Бірінші сыныптан бастап оқушылар күрделі емес сызба белгілерін оқуға, оларды белгілей білуге және ойлаған бұйымдардың сызбасын сыза білуге үйренеді. Қағазбен орындалатын жұмысты бастамас бұрын «Қағаздан не құрастырылады?», «Дәптер қалай жасалған?» т.б. тақырыптарға әңгіме өткізіледі. Қағаздың, қатырма қағаздың ерекшеліктері, олардың қандай мақсатқа қолданылатыны жайында қысқаша түснік берілгені жөн. Еңбекке баулу сабақтарында балалардың жұмыс істеуіне ең қолайлы материал – қағаз. Қағаздың түрлі сорттары (жазуға, газет басуға, сурет салуға, зат, цемент салатын қапшық жасауға арналған т.б.) жағдайында мағлұмат беріледі. Мәселен, жазуға пайдаланылатын қағаздың төрт түрі бар: №1, №2, №3 және №0. Бұлардың ең жақсысы – нөлдік қағаз. Сурет салуға арналған қағаз жазу қағаздарына қарағанда қалың, кедір-бұдырлау болса, жазуға пайдаланылатын қағаз да қалыңдау болғанымен, беті тегіс келеді. Осы қағаздан сынып оқушылардың сурет салуына арналған дәптер дайындалады. Жұқа қағаз (калька) тығыз және беріктеу болады. Олар бірнеше дана етіп машинкада басу үшін де қолданылады. Әшекейлеу жұмыстарында қолданылатын түсті қағаздар жұқа және оның бір беті жылтыр болуы мүмкін. Егер жұқа қағаздың екі беті түрлі түске боялып, беттері кедір-бұдыр болып келсе, оларды шегірен қағаз деп атайды.
Қатырма қағаз – қағазға қарағанда қалың әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабаннан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады. Қатырма қағаз өзінің беріктігі мен қалыңдығына қарай желімделсе, ол иіліп қалады. Сондықтан қатырма қағаздың екі бетіне де қағаз желімдейді. Қатырма қағаз отқа тез жанбайды. Балаларға қағаздың шығу тарихы және қағаз жасайтын машина жайлы түсінік берілуі тиіс. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өндірісі дамыды. Қағаз жасайтын машина жетілдіріліп, өндіріс өнімділігі арттырылды. Бүгінгі таңда қағаз тек кітап, газет шығару үшін ғана емес, сонымен қатар ол электр машиналары, лаборатория жабдықтары, үй жиһаздары үшін де жаратылады. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын бірде-бір сала жоқ. Тіпті, ғарышты игеру, ғарышта фотосуреттер түсіру үшін де қағаздың арнаулы түрлері жасалады. Электр генераторлары мен конденсаторларында да қағаз қолданылады. Қағазды басқа материалдармен ауыстаруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар. Қағаз бен қатырма қағаз жасауға керекті негізгі шикізат әр түрлі ағаш целлюлозаларынан, ағаш ұнтақтарынан және қалдық қағаздардан алынады. Шамалы мөлшерде болса да, қағаз жасау үшін дәнді дақылдар сабағы, ескі шүберек, тігін фабрикасының қалдықтары қолданылады. Қағаз бен қатырма қағаздың кейбір түрлерін жасау үшін шыны талшықтары, асбесті, слюда және жасанды талшықтар пайдаланады. Қағаз бен қатырма қағаз жасаудың негізгі шикізаты – целлюлоза. Одан жасанды жібек тоқылады, кино, фотопленкалар және автомобиль шиналарына корд дайындалады, ал оның негізгі тұтынушысы – қағаз – қатырма қағаз өндірісі.
Қағаз бен қатырма қағазды бір-бірінен қалыңдығына қарай ажыратады. Егер қалыңдығы 0,5 мм-ге дейін болса, оны қағаз деп, ал қалыңдығы 0,5 мм-ден артық болса, қатырма қағаз дейді. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарда таба білумен таныстырудың да мәні зор.
Сонымен бірге, аз да болса, бағдарламада сазбалшықпен, табиғи материалдармен, ермек сазбен, түрлі түсті қағаздармен жасалатын жұмыс түрлері де ұсынылған. Әрине, кез-келген бұйымды жасау үшін оқушылардың жас ерекшелік қасиеттерін есепке алу принципі бірінші орында тұрады. Мысалы, сабақта табиғи материалдармен жұмыс істеуде оқушыларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ер тоқым, сәукеле мен камзол, аяққап т.б. жасау ұсынылған. Ал сазбалшық және ермексазбен жұмыс істеу барысында мүсіндеу жұмыстары іске асады. Кез-келген нәрсені мүсіндеуге болады, ал бағдарлама бойынша жеміс-жидек, көкөністерді, жан-жануарларды, аң-құстарды, түрлі көлемдегі моншақтарды мүсіндеу қарастырылған. Жоғарыда атап өткендей бағдарламаның жартысынан көп бөлігі қағаз, қатырма қағаз, түрлі түсті қағазбен жасалатын жұмыс түрлерімен қамтылған. Оқушыларға қарапайым нәрселерден күрделі заттарды жасау ұсынылған. Мысалы, қағаз тілшелерінен шынжыр немесе гүл дайындау. Қағазбен жасалатын жұмыстың ең қарапайым түрі. Түрлі түсті қағаздан тілшелерді қиып алып, екі ұштарын желімдеу керек. Осылайша біріне бірі кіргізіліп желімделген тілшелерден шынжыр шығады. Одан да басқа көптеген бұйымдарды оқушылардың фантазиясына қарай ұсынуға болады. Мысалы, түрлі түсті қағаздан машина жасайтын сабақта бір түрлі машина жасау шарт емес. Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлап, әр оқушыға өз қалауына байланысты машина жасату - өте тиімді. Себебі, қазіргі заманда машиналардың алуан түрі шығып жатыр. Мұндай ұсыныс алған оқушылар өздеріне ұнаған машинаның моделін жасауға кіріседі. Оқушылардың идеясы, фантазиясы іске асып қана қоймай, ол жұмысқа қызыға жұмылады. Бірақ, мұндағы ескеретін аса маңызды жай, мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды назарынан тыс қалдырмауы керек. Себебі, тақырып бір болғанымен, сыныпта қанша оқушы болса, сонша адамның фантазиясы іске асады. Мұғалімнің міндеті - әр оқушыға жеке-жеке кеңес, бағыт-бағдар беріп отыру.
Техикалық еңбек сабақтарына жасалған бағдарлама кез-келген бағдарлама сияқты жүйелілік принципінін негізінде балалардың жас ерекшелік қасиеттерін есепке ала отырып құрылған. Бағдарламада оңайдан күрделіге қарай өсу принципі де басым. Қағазды ағаш желімімен жапсырған жөн, себебі қағаз желімнің ішінде су көп болғандықтан, қағаздың жылтыр өңі мен бояулы бұзылып, дақ пайда болады. Қою ағаш желімі қағаз бен қатырма қағаздың қалың, тығыз түрлерін желімдеуге, сондай-ақ маталарды желімдеу үшін пайдалануға болады. Қою декстрип желімін немесе аралас желімді пайдалану жақсы нәтиже береді. Бұйымға жапсырылатын затты желімдегенде, желімді бұларға жұқалау жағады. Элементтерді өзара дәл келуі үшін, сапасы бірдей қағаз парақтарын (мысалы, басылған таблицаларды, географиялық карталарды) қабыстырып желімдегенде, қағаздың, жабыстыратын екі шетіне де бірдей желім жаққан дұрыс. Желім жаққанда, қағазды керексіз бір парақ қағаздың үстіне қою керек. Еңбек сабағында желім тез сүртілетін ақ қаңылтыр немесе басқа бір материал қағылған тақта болуы керек. Әрқашан кезекті затқа желім жаққаннан кейін тақта шүберекпен сүртіледі. Көрнекі оқу құралдарын, аппликация, үстел үсті ойындарын, басқа материалдар даярлауға олардың ұсақ элементтерін көбінесе түсті және ақ қағаздар арқылы желімдеуге тура келеді. Кейде олар күрделі қисық сызықты болып келеді. Мұндай элементтердің сырт жағын былғап алмай, желімдеу керек. Сондықтан оларды қиып алудан бұрын желімнің жұқа қабатын жағу керек. Желім кепкен соң орнына келтіріліп, таза парақ қағаздың үстіне жұмсақ шүберекпен басып жабыстырады. Құрастыру жұмыстарындағы маңызды кезең орнын дұрыс ұйымдастыру. Жұмыс орны өңделетін материалға қарай, түрліше жабдықталады. Түрлі материалды өңдеу үшін бұрауыш, гайка, бұрайтын кілт, біз болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |