Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі»



бет2/6
Дата22.12.2023
өлшемі31.85 Kb.
#487611
1   2   3   4   5   6
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Зерттеудің мақсаты – бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі – басауыш сыныпта математика сабағында көрнекіліктің түрлері мен пайдалану үрдісі
Зерттеу пәні – бастауыш мектепте есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдары мен әдістері.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер бастауыш сыныпта есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісі дамитын болса, онда математикадан білім деңгейі жоғарылауы және пәнге деген қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Зерттеудің міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, ғылыми тұрғыдан талдау жасау.

  2. Бастауыш сыныпта балалардың есеп шығаруда математикалық білімін көрнекі құралдар көмегімен белгілі бір жүйе бойынша дамыту мүмкіндіктерін анықтау.

  3. Балалардың есеп шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытудың тиімділігін тексеру.

Зерттеу әдісі–зерттеу тақырып бойынша педагогикалық – психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, талдау жасау; озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу; әңгімелесу; бақылау; ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар.
Зерттеу құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі бар.

1. Көрнекілік әдісін пайдаланудың теориялық ерекшеліктері

    1. Көрнекілік әдісінің педагогикалық- психологиялық негіздері

Оқыту жүйесінде көрнекілік әдісінің алатын орны ерекше. Оқушылардың дүние танымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады. Ол заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.
Көрнекілік әдісінің мақсаты оқытылып тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын орнату және есте сақтау қабілетін шыңдау; мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақтылы дәлелдеуі үшін қолдану.
Көрнекілік әдісінің міндеті, біріншіден заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін түр – түстерін көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы оқушыларға жеткізу. Бұл принциптің екінші міндеті оқушылардың алатын білімін нақтылау үшін сабақтар жүйесінде қолданылатын көрнекі құралдары мен оқудың барлық мазмұнын практика мен өмірмен байланысын қамтамасыз етуді көздейді.
«Көрнекілік құралдары » ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталады.
«Көрнекілік терминінің түбірі көру» естігеннен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді. Себебі біз оқушылардың білімді қабылдануда сезім мүшелерінің қызметі жайлы жоғарыда айтқанбыз. Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естиді. Осылардың негізінде оларда түйсінуі арқылы ой пайда болады, нақтылы құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасы оянады, дағды қалыптасады.
Ұғыну - тікелей сезіну процесінен бастау алса, тікелей сезіну - түйсіну, қабылдау, елестеу арқылы іске асады.
Қабылдаудың ерекше түрі - бақылау. Бақылау – тікелей сезіну процесінің күрделі түрі. Мұғалім сабақтар жүйесінде көрнекілікті пайдалану барысында оқушыларды бақылай білуге, салыстыра, қатар қоя білуге, қабылдаған ұғымдарын дамытып, оларды жетілдіре беруге дағдыландырады.
Я. А. Коменский көрнекілік әдісінін оқу материалын меңгеру құралы ретінде қарастырса, И. Г. Пестолцци бойынша ол - логикалық ойлаудың дамыту құралы деп қарастырады.
Осы жөнінде К. Д. Ушинский, оқушылардың бойында бақылағыштық, танымдылық белсенділікті дамыту үшін көрнекі оқытуды талдау негізінде оқушыларда айқын обрыздар тудыратын өзіне таныс заттардың жаңа жақтарын ашатын, оқу материалын неғұрлым берік шешуіне көмектесетін көрнекі құралды көрсетуге кеңес береді. Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой - өрісін, ауыз екі тілін, жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді және оқушының деңейіне сай саралап жасалғанда нәтижелі болады. Демек, оқу озаттарын тежемейді. Әрі үлгерімі төмен оқушыны ескерусіз қалып қоймай олардың теориялық білімі мен дағдыларын дамытуға әсер етеді.
В.Шаталов «Жинақы әдеттен тыс тірек сигналдары оқушыларды қызықтырып, оларды белсенді еңбекке, ізденіске бастайды, сонымен қатар оқу проблеммаларына аударады.
Осыған орай баланың бойында аса маңызды қасиет қалыптасады, күнделікті, сан мәрте көз алдынан өтіп жатқан құбылыстар мен заттарды өзінен әдеттегіден тыс жәйтті аңғарады » десе,
көрнекі құралды пайдаланудың танымдық тиімділігі В.Занковтың пікірінше «оқушыларға объектімен оның қасиеттерін көрсету - бұл сөз бен көрнекі образдың оқушының тиісті дәрежеде қабысуына қол жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы объектінің қасиетін өзі айыра алса және оған сөзбен өзі сипаттама берсе оның бойында объекті туралы түсінік қалыптасады және қасиеттердің сөздік белгілері анықталып байланысқа түседі».
Көрнекі құралдар мен мұғалім сөзін ұштастыру проблеммалары Л. В.Занковтың ( «Мұғалімнің сөздері мен көрнекі құралдардың оқыту ішіндегі көрнеклікпен оқушылар белсенділігін көрсету » ) деген еңбегінде анағұрлым толық талданған.
Л.В. Занковтың пікірінше, мұғалім сөзімен көрнекі құралдарды ұштастырудың алты формасы бар, атап айтқанда:
1 – форма: Мұғалім сөздің көмегіме оқушыларға жургізілетін бақылауға жетекшілік жасайды, объектінің бейнесі туралы оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары туралы білімді оқушылар бақылау процесінде көрнекі объектінің өзінен алады.
2 - форма: Мұғалім сөздің көмегімен оқушылардың өздері көрнекі объектілерге жасалған бақылаулары негізінде және олардың бұрынғы білетіндері негізінде балаларды құбылыстар арасындағы қабылдау процесінде көзге көріне қоймайтын байланыстарды саналы түрде ұғынуға және тұжырымдауға бастайды;
3 – форма: Объектінің бейнесі туралы, оның тікелей қабылданатын қасиеттері мен қатынастары турал мәліметтерді оқушылар мұғалімнің сөз мәлімдемесінен алады ал көрнекі құралдар сөзбен берілген мәліметтерді дәлелдеу қызметін атқарады.
4 - форма: Оқушылар көрнекі объектіге жасаған бақылауына сүйене отырып, педагог құбылыстар арасындағы оқушылар тікелей қабылдай алмайтын байланыстар туралы хабарлайды, яки қорытынды жасайды, жекелеген деректрді біріктіреді, жинақтайды.
5 – форма: Не сөз жәрдемімен, немесе көрнекі түрде көрсете отырып, мұғалім оқушыларға қолда бар объектілері мен жұмыс істегенде орындауға тиісті іс әрекеттерге қатысты, сондай – ақ ол іс - әректтердің орындалу әдістеріне қатысты нұсқау береді.
6 – форма: Педагог сөздің жәрдемімен, оқушыларға қолда бар объектілер мен олар жасауға тиісті іс - әрекеттерді орындау әдістері жайында нұсқау береді, мұның өзінде мұғалімнің нұсқауы қолма – қол көрсетіліп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет