Ќазаќстан Ресубликасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет11/13
Дата23.02.2024
өлшемі198.14 Kb.
#493031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
stud.kz-67926

Файл - … деп сақтау (Файл-Сохранить как …) командасын орындаймыз. Бұл кезде Құжатты сақтау сұхбат терезесi шығып, оған алдыңғы айтылған тәсiлмен жаңа файл атын енгiзу немесе ол орналасуға тиiс бумаларды бiртiндеп таңдап алу қажет.

Құжаттарды форматтау мүмкіндіктері


Қарiптердi форматтау


Қарiптердi (Шрифтердi) форматтау саймандар тақтасындағы батырмалардың көмегiмен iске асырылады.
Саймандар тақтасындағы батырмалардың көмегiмен компьютерге алдын ала енгiзiлген қарiптiң түрiн, көлемiн, кескiндеуiн мәтiндi термей тұрып немесе терiлген мәтiндi белгiлеп алып та таңдау мүмкiндiгi бар.
Қарiптi толық форматтау Формат-Қарiп(Шрифт)… командасын немесе құжаттың жанама менюiндегi Қарiп… командасын таңдағанда ашылған сұқбат терезесiнiң көмегiмен орындалады.Қарiп астарлы бетiнiң көмегiмен саймандар тақтасындағы батырмалардың орындайтын iс әрекетiнен (қарiптiң жазылу түрi, кескiнделуi, көлемi) басқа мәтiннiң сызылымын, түсiн, эффектiлерiнформаттауға және үлгсiн көруiмiзге болады. Эффектiлер ауыстырып қосу амалы арқылы орындалады, яғни қажеттi эффектiнi таңдау кезiнде тышқанды шерткенде қанатбелгi қойылады және керiсiнше орындалады.
Аралық (интервал) астарлы бетiнiң көмегiмен әрiптердiң аралық өлшемiн ( түрiнде), әрiптердiң аралығын (қысылған, созылған, кәдiмгi), жылжытылуын (төмен,жоғары) қалауымызша таңдап аламыз.

Парақ шетiндегi өрiстер мен абзацты форматтау.




            1. Абзацпен парақтың оң және сол өрiсiн туралауды шатастырмау керек. Парақ iшiндегi өрiстер дегенiмiз – мәтiнмен парақ шетiнiң аралығы. Ал, абзац дегенiмiз – парақ шетiнен мәтiннiң сол жағына дейiнгi аралық.

Мәтiндi туралау тәртiбi қолданылу мақсатына байланысты төрт түрлi болады, олар:
- сол жақ шетке қарай туралау –жай мәтiн тергенде қолданылады;
- оң жақ шетке қарай туралау – колонтитулдарда, яғни бөлiм тақырыптарын беттердiң жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезiнде кездеседi;
- қатар ортасына қарай туралау –тақырыптарды жазғанда пайдаланылады;
- екi жақ шетiне қарай туралау - iс қағаздарын, баспахана материалдарын даярлау кезiнде қолданылады

Қатар арасындағы интервал




Бiр аралықты (Одинарный) - қатар арасындағы интервал сол қатардағы ең үлкен символ биiктiгiндей. Бiр аралықты интервал символ мөлшерiнен сәл-пәл үлкендеу болады;
Бiр жарым аралықты (Полуторный) - интервал бiр аралықтан бiр жарым есе артық болады,
мысалы символ мөлшерi 10 пункт болса, аралық 15 пункт шамасында болады;
Екi аралықты (двойной) - бiр аралықты интервалдан екi есе артық қашықтық, символдары 10 пунктан тұратын қатарлар арасы 20 пункт мөлшерiнде болады;
Минимум –Wordредакторында мүмкiн болатын ең кiшi интервал мәнi, ол әртүрлi жағдайларды (жоғары индекстi) есепке ала отырып орнатылады;
Дәлме-дәл (Точно) - қатар аралығы бүкiл текст үшiн бiрдей дәрежеде болады, егер символдар қиылғандай күйде болса, онда оны аздап үлкейту (минимум мәнiн) керек;
Көбейткiш (Множитель) – көрсетiлген қатарлар шамасына еселенген интервал, Мәнi (Значение) деген өрiс қатарына қажет мәтiндi енгiзiемiз (келiсiм бойынша, үш қатар).

Абзац аралығы.





                1. Абзацтың алдындағы және соңындағы аралық орнына ENTERпернесiн басып, бос қатар қалдыруға да болады, бiрақ оның мөлшерi қажеттi шамадан артық болып кеткен жағдайда интервал мәнiн Абзац… сұхбат терезесiнде төмендегiдей етiп енгiзу мүмкiндiгi бар:

  • Формат-Абзац… командасын таңдау қажет;

  • “Абзац” сұхбат терезесiнiң “Шегiнiстер мен интервалдар” астарлы бетiн ашу керек;

  • Алдында (Перед) және Артында (После) деген өрiс қатарларына керектi сандық мәндер енгiзу қажет немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан сандар тiзiмiнен керектiсiн таңдап аламыз. Алдын ала келiсiм бойынша аралықтар мәнi пунктпен (пт) берiледi, оң жақтағы батырманы бiр басу оны 6 пунктке үлкейтедi.


Кестелеу позицияларының орналасуы


1.Кестелеу позицияларын орналастыратын абзацтарды ерекшелеу қажет.
2.Көлденең белдеудiң (сызғыштың) солжағында орналасқан кестелеу белгiсi қажеттi белгiнiң сол жағы бойынша, оң жағы бойынша, центрi бойынша, бөлгiш бойынша бiрiне өзгергенше тышқанды шертемiз.
3. Кестелеу орналасуы тиiс жерге сәйкессызғыштың үстiнде тышқанды шертемiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет