Оқушының дайындығына қойылатын талаптар:
модельдеуге мысалдар келтiрудi;
объектiлер мен процестердi формальдауға мысалдар келтiрудi;
бiр объектiнiң бiрнеше модельдер жиынының бар болуы;
қарапайым ақпараттық модельдердi құра бiлудi;
компьютердiң көмегiмен есептердi шешудiң негiзгi кезеңдерiн;
қарапайым ақпараттық модельдердi құрып, оларды компьютерде зерттей бiлудi.
7-бөлiм. Ақпараттық технологиялар.
3-тақырып. Ақпараттарды iздеу, реттеу және оларды сақтау технологиясы
Деректер қоры: мәнi және оның мүмкiндiктерi. Деректер қорының типтерi. Деректер қорын басқару жүйесi. Жазуларды енгiзу және редакторлеу. Жазуларды реттеу және оларды iздеу. Деректер қорындағы негiзгi объектiлер және олармен жұмыс жасау амалдары (жазу,алаң). Деректер қорының құрылымын өзгерту.
Сұраудың түрлерi және оны ұйымдастыру тәсiлдерi.
Оқушының дайындығына қойылатын талаптар:
деректер қорының мәнi мен мүмкiндiктерiн сипаттай бiлудi;
деректер қорының түрлi типтерiн анықтап, сипаттай бiлудi;
деректер қорының негiзгi объектiлерiне қолданылатын амалдармен жұмыс жасай бiлудi;
қарапайым деректер қорын құра бiлудi,мысалы ”Жазу кiтапшасы”;
ақпаратты iздеу мен оларды реттеудi жүзеге асыра бiлудi;
деректер қорын басқару жүйесi туралы негiзгi мағлұматтарды бiлудi.
Аталған бөлiмдердi Б.Блум теориясын негiзге ала отырып, оқу жоспары, мектептiк бөлiк және оқу бағдарламасы деңгейлерiнде жазуды қарастырайық. Құрылымдық элементтер минимальды және мүмкiндiк мақсаттарға Блум теориясы бойынша танып-бiлу, түсiну және қолдану деңгейлерiне сәйкес бөлiнген. Минимальды базистiк мақсаты мемлекеттiк бiлiм стандартындағы оқушылардың бiлiмiне қойылатын минимальды деңгейге сәйкес анықталса, ал мүмкiндiк базистiк мақсаты мемлекеттiк бiлiм стандартындағы оқушылардың бiлiмiне қойылатын талаптан жоғары деңгейге сәйкес анықталып отыр. Сонымен бiрге, МММ – мүмкiндiк мектептiк мақсаты және МинМҚМ – минимальды мектептiк қосымша мақсаттар да берiлген. Олар оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс берiлетiн бiлiм деңгейлерiн анықтайды.
Б.Блум теориясы бойынша оқу жоспары деңгейiнде аталған бөлiмдердiң мазмұнын құрылымдық элементтерге бөлу
Блум теориясы бойынша оқу бағдарламасы деңгейiнде “Ақпараттық технология” бөлiмiнiң мазмұнын құрылымдық элементтерге бөлу кестесiн (кесте №5) қарастырайық.
Блум теориясы бойынша оқу бағдарламасы деңгейiнде “Ақпараттық технология” бөлiмiнiң мазмұнын құрылымдық элементтерге бөлу
кесте №5
Оқыту мақсаттарын нақтылау
Б.Блум теориясы бойынша оқытудың әрбiр мақсаты оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мазмұнын бөлшектеуге мүмкiндiк бередi. Мысалы, “Деректер қоры” тақырыбын оқыту мақсатын Б.Блум теориясы бойынша нақтылап көрсетейiк:
(МинБМ) 7.3.1.1. Деректер қорының мәнi мен мүмкiндiктерiн сипаттау:
1) деректер қорының мәнiн сипаттау;
2) деректер қорының мүмкiндiктерiн сипаттау.
(МинБМ) 7.3.1.2. Деректер қорының түрлi типтерiн атау және оны сипаттау:
1) деректер қорының мәнiн сипаттау;
2) деректер қорының мүмкiндiктерiн сипаттау.
Мұғалiм өз қызметiне педагогикалық технологияны пайдалануы үшiн iс-әрекеттерiн жобалап, оны жүзеге асыру кезеңдерiн анықтап алуы керек. Ал жобалау шағын мақсаттар жүйесiн анықтау мен әрбiр модульдi жобалау оқушының өз бетiмен дамуын қамтамасыз ететiн тапсырмаларды құрастырудан тұрады.
Өзiндiк оқыту оқушының дамуында нәтижеге жеткiзетiн оқу процесiнiң басты өлшемдерiн көрсетедi, атап айтқанда, мақсат қоя бiлу, өз бетiмен жұмыс, үй тапсырмаларын мөлшерлеу, оқу процесiнiң логикалық құрылымы, түзету.
Мұғалiм оқу процесiнiң жобасын құруда, ең алдымен, оның шағын мақсаттарын анықтап алуы керек. Ал шағын мақсаттар саны 2-ден 5-ке дейiн болуы мүмкiн, олар: “бiлу”, “қолдана бiлу”, “түсiну” деген тұжырымдамалар негiзiнде берiледi. Оларды анықтауда мұғалiм мемлекеттiк бiлiм стандартының талаптарын негiзге алады.
Технологияны оқу процесiне енгiзу барысында оқушылардың бiлiм деңгейiн бағалау жазбаша түрде жүргiзiледi және ол үш деңгейден тұрады: стандарт деңгейi (“есептелiндi” немесе “қанағаттанарлық” деп бағаланады), “жақсы” және “өте жақсы”.
Үй тапсырмаларын мөлшерлеу (деңгейлiк тапсырмаларды үйде шамасына қарай аяқтап келу арқылы) оқушылардың шамадан тыс жүктеме алуынан сақтайды.
Оқу процесiн технологияландыру жағдайында мұғалiмде жаңа түсiнiктер қалыптасады. Әрбiр шағын мақсат ол орындалатын және оқушының “жақын арада даму аймағы” болып табылатын сабақтардың белгiлi бiр тобын көздейдi. Жақын арада даму аймағы терминi мұғалiмнiң жұмысын құрылымы мен мазмұны жағынан ашып, бағыттап отырады. Даму өрiсi – логикалық құрылымның екiншi деңгейi. Үшiншi деңгей – түсiнiктер өрiсi, ол сабақтар бойынша үлестiрiлген тақырыптың түсiнiктемелiк аппараты. Бағалаудан “сынақ” ала алмаған оқушылар қателерiн түзету процесiне қатысады да, одан кейiн стандарт деңгейiне шығарылады.
Технологиялық жобаны нақтылау сабақтың ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады. Ол мынадай алгоритмнен тұрады: сабақтың мақсаты, оқу-танымдық iс-әрекеттер құрамы, оқыту мазмұны, мұғалiмнiң әдiстемелiк құралы, оқушы мен мұғалiмнiң өзара әрекеттерiнiң нәтижелерi.
Оқу үрдiсiн осы алгоритм бойынша жобалау және оны жүзеге асыру кезеңдерiнде оқу процесiн мақсатқа лайықты, шынайы, нақты басқаруға жаңа мүмкiндiктер бередi.
Өзiндiк жұмыстар мен тақырыптық, тоқсандық бақылау жұмыстарын деңгейлiк тапсырмалар негiзiнде жүргiзу жалпы бiлiм беретiн мектептердегi қазiргi кезде қолданылып жүрген дәстүрлi бағалау, яғни “5” ұпайлық бағалау жүйесiн өзгертудi талап етедi (оқу материалын игеру деңгейлерiнiң мониторингi шағын мақсаттарға сай құрылады).
Оқытудың қазiргi технологиялары
Информатика пәнiн оқытудағы төменде көрсетiлген тиiмдi педагогикалық технологиялар:
Ж.А.Қараев, "Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы".
М. Жанпеисова, "Модульдiк оқыту технологиясы".
В.М. Монахов, "Педагогикалық оқыту технологиясы".
В.П. Беспалько "Бағдарламалап оқыту технологиясы", т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |