Файл-Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
Редактор терезесiнiң тақырып жолынан оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу арқылы;
Тiкелей Alt+F4пернелерiн басу арқылы т.б.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертiлiп, бiрақ дискiге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесiн шығарып өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә-Да) керектiгiн, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруiңiздi өтiнедi. Қалауыңыз бойынша, редакторда ары қарай жұмыс iстей беруiңiзге де (Болдырмау-Отмена) болады.
Word редакторының терезесiмен танысу
Word редакторының негiзгi терезесiнде Windows жүйесiндегi стандартты көптеген элементтер бар. Солардың iшiндегi Word редакторына тән қосымша элементтердi қарастырып өтейiк.
Қалып-күй қатары
Қалып-күй немесе қалып қатары негiзгi терезенiң төменгi жағында орналасқан, онда терiлiп жатқан құжат жөнiнде бiрсыпыра мәлiметтер бар. Қалып қатары көрiнбей тұрса, Сервис-Параметрлер командасын орындап, оның Сыртқы түр (Вид) астарлы бетiндегiТерезе тобының Қалып қатары (Строка состояния) атты жалаушасын көтерiп қою қажет. ендi оның элементтерiн қарастырып өтейiк.
Саймандар тақтасы
Саймандар (инструменттер) тақтасы командалар мен iс-әрекеттердi жылдам орындау үшiн ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетiгiнiң немесе соған ұқсас басқа аспаптың көмегiмен жүргiзiледi. Саймандар тақтасының белгiлi бiр командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады.
Төменгi кестеде меню қатарының төменгi жағында Стандартты әрекеттердi ғана атқаруға арналған Саймандар тақтасы орналасқан. Бұл тақтадан басқа Word редакторында бiрсыпыра әрекеттердi атқаратын тақталар (Форматтау, Сурет салу, Көмек алу, т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әртүрлi батырмаларының атқаратын қызметiн жұмыс барысында курсорды сол батырма белгiсiнiң оң жақ төменгi бұрышына алып барып тексеру қажет немесе көмек алу арқылы да бiлуге болады.
Word редакторында құжат ашу.
Word ортасында бұрын дискiге жазылған құжатты ашу үшiн Құжатты ашу (Открытие документа) сұхбат терезесi қолданылады. Бұл терезе Файл ашу (Файл открыть) командасын орындағанда немесе батырмасын шерткенде экранға шығады. Сұхбат терезесiндегi диск немесе бума таңдау мүмкiндiгiн беретiн батырманы шерткенде диск немесе бумалардың тiзiмi шығады. Керектi буманы не дискiнi таңдап алған соң, ашылуға тиiс құжатты тiзiмнен iздеймiз. Соны таңдап алып тышқанды екi рет шертемiз немесе Ашу батырмасын шертемiз.
Ж аңа құжат ашу.
Жаңадан құжат құрайтын мәтiн жазу терезесiн ашу үшiн:
1.Файл менюiнiң Құру (Создать) командасын таңдау қажет;
2.Оның жалпы (Обùие) iшкi бетiн таңдап алып, Жаңа құжат (Новый документ) белгiсiнде тышқанды екi рет шерту керек.
Келiсiм бойынша қабылданған нұсқа бойынша жаңа құжат ашу Жасау (Создать) батырмасын басу арқылы орындалады.
Басқа шаблонды құжаттар құру үшiн, Файл-Құру командасын орындағанда ашылған терезеде қажеттi құжаттың түрiн, одан кейiн үлгiден қарап отырып, өзiмiзге ұнағанын таңдап алып, тышқанды екi рет шертемiз.
Құжатты сақтау.
Wordредакторында терезедегi дискiден оқылған немесе жаңадан жасалған екпiндi құжатты дискiге жазып сақтауға болады. Барлық ашылған құжаттардың бәрiн бiрден сақтау мүмкiндiгi де бар.
Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын өзгерту
1.Сервис менюiнiң Параметрлер командасын таңдап, оның Сақтау (Сохранение) атты iшкi бетiн (парағын) ашу керек.
2. Әрбiр …минут сайын автоматты сақтау жалаушасын көтерiп (белгiлеп) қою қажет.
3.Минуттер жазылатын өрiске есте сақтау жиiлiгiне тиiс сан енгiзiледi, ол сан аз болған сайын кездейсоқ жағдайларда жоғалатын мәлiмет көлемi азаяды.
4.Жұмыс соңында Файл-Сақтау командасын орындау немесе Сақтау батырмасын басу керек.
Сол сәтте экранға Құжатты сақтау (Сохранение документа) диалог терезесi шығады. Терезеде файлға қойылған ат өрiсi бар, оны алғашқы рет есте сақтағанда өзгертуге немесе ұсынылған атты қалдыруға болады. Алғашқы ат ретiнде құжаттың бiрiншi жолында тұрған сөз тiркесi қабылданады. Ат енгiзiлгеннен кейiн немесе оны енгiзбей-ақ құжатты сақтау үшiн терезедегiСақтау (Сохранить) батырмасын басу жеткiлiктi. Келiсiм бойынша Құжатты ашу және Құжатты сақтау сұхбат терезелерi жұмысы кезiнде дайындалған файлдар С: дискiсiнiң түпкi каталогындағы Мои документы бумасына орналасады. Осы бума дайындалған мәлiмет, кiтап т.б. деректердi жазуға қолайлы орын болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |