Бұл технологияның мақсаты - өздiгiмен бiлiм алып дамуға ұмтылатын жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау, сондықтан оның өзiндiк танымдылық iс-әрекетi белгiлi бiр дәрежеде белсендiрiлуi қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдiстемелiк жүйесiнiң қалған бөлiктерiнiң (мазмұн, әдiс, оқыту түрi мен құралдарының, оқушының iс-әрекетi, мұғалiмнiң шеберлiгi, нәтиже) олардың өзара байланыстағы қалыптасуы мен өзгерулерiн талап етедi.
Қараевтың "Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы" жүйелеп мектеп оқу үрдiсiнде қолданылуы Ж.У.Кобдикованың жетекшiлiгiмен iске асуда.
Қазақстан Республикасы бiлiм берудi реформалаудың, демократияландырудың, iзгiлендiрудiң ұстанымдары және В.П.Беспалько, Л.С.Выгодский, С.Л.Рубинштейн, Б.Блум сияқты көрнектi педагог-ғалымдардың тұжырымдамаларын методологиялық негiзi ретiнде қарастырылып құрылған Ж.А.Қараев пен, Ж.У.Кобдикованың "Деңгейлеп саралап оқыту", технологияларының артықшылығы:
Тақырып бойынша модуль құру мұғалiмдерге қиындық түсiрмейдi. Себебi күнтiзбе
бойынша әр бақылауға дейiнгi (5-7 сабақ) материал бiр модуль.
Әр сабақтың үш кезеңнен тұруы, мұғалiмдер үшiн қолайлы, оқулық бойынша өтiледi,
тек жаңалығы өзiндiк жұмыс, қатемен жұмұыс және бақылау мұғалiмнiң шеберлiгiн ұштайды.
Сабақтың әр кезеңiнде мұғалiм өз iс-тәжiрибесiн, түрлi танымдық ойындарды еркiн
пайдалана алады.
Оқушы өз бiлiмiн өзi бағалауға, күнделiктi өз еңбегiнiң жемiсiн көруге мүмкiндiгi бар.
Оқушылардың өздерiнiң мүмкiндiктерi мен қабілеттерiне қарай әр түрлi соңғы
мақсатқа жетулерiн iске асыруға көмектеседi.
Оқушының барлығы стандартпен бекiтiлген дайындықтың мiндеттi деңгейiн
меңгеруге тиiс. Ол үшiн "Есептелдi" (Зачет алады) 5 үпай жинап. "2" аламын деп қорықпайды. Бұл технологиялар мен бiлiм беру қабілетi әр түрлi оқушылардың дамуына жағдай жасайды.
2. М. Жанпеисованың "Модульдiк оқыту технологиясы"
Модуль - қандай да бiр жүйенiң, ұйымның анықталатын, бiршама дербес бөлiгi. Оқу модулi қайта жаңғыртушы оқу циклi ретiнде үш құрылымды бөлiктен: кiрiспеден, сөйлесу және қорытынды бөлiмдерiнен тұрады.
Оқу модулiнiң құрылымы:
Достарыңызбен бөлісу: |