Ќазаќстан Ресубликасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі


Бiр торды бiрнеше торларға бөлу



бет13/13
Дата23.02.2024
өлшемі198.14 Kb.
#493031
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
stud.kz-67926

Бiр торды бiрнеше торларға бөлу



Ұяшықтарды бөлiктерге бөлу оларды бiрiктiруге керi операция болып табылады. Оның көмегiмен бiрiктiрiлген ұяшықтарды бастапқы қалпына келтiруге болады. Мұнда ұяшықтар арасында мәтiндi орналастыру символдар санымен анықталады.
Сондай-ақ бiрiктiрiлмеген көлемдi ұяшықтарды да бөлуге болады. Нәтижесiнде бөлiнген ұяшықтардың өлшемдерi бiрдей болады.

Бiр торды бiрнеше бөлiкке бөлу үшiн:




1.Кестелер және шекаралар батырмасын басып, экранға Кестелер және шекаралар саймандар тақтасын шығару.
2.Кесте салу командасын орындаймыз, сонда сiлтеме белгi қаламұшқа айналады.
3.Тышқанды шертiп, торды бiрнеше бөлiкке бөле бастаймыз.
Қ атар тұрған бiрнеше торды бiрiктiрiп алып барып, бiрдей бiрнеше бөлiктерге бөлу керек болса, оларды белгiлеп алып, соңынан ұяшықты бөлу(разбить ячейки) батырмасын басамыз да, қажеттi бөлiк санын енгiземiз.
Командалар арқылы орындайтын болсақ, бөлуге арналған бiр немесе бiрнеше торларды таңдап аламыз да, Кесте-ұяшықтарды бөлу (Таблица-Разбить ячейки) командасын орындап, нәтижесiнде экранға “ұяшықтарды бөлу” сұхбат терезесi шығады. Сол терезенiң “Бағаналар саны” енгiзу өрiсiнде бағаналар санын бейнелейтiн жаңа сандық мәндi енгiзiп, ОК батырмасын басу жеткiлiктi.
          1. Кестелердi форматтау



Кестедегi мәлiметтi жеңiл әрi тез оқуға мүмкiндiк беретiндей етiп форматтауға болады.Торлар iшiндегi мәлiметтi форматтау үшiн әдеттегi мәтiндi форматтау тәсiлдерiн де қолдануға болады. Формат командасы ұсынатын барлық әрекеттердi (бұрыннан таныс) қолдануға болады. Мысалы, қатар аралық интервалды анықтап, оның шеттерiн туралауға және ол үшiн жанама меню қолдануға мүмкiндiк бар.
Бұдан басқа да тiкелей кестенi әшекейлеу элементтерiн қосуға болады (кестенiң бөлу сызықтары, оны жиектеу т.с.с.). кестенi әшекейлеуге арналған алдын-ала анықталған стильдер арқылы кестенi форматтауға болады.
Кесте-Автоформат (Таблица-Автоформат) командасы кестенi әшекейлеудiң алдын ала анықталған стильдерiн қолдану арқасында оны безендiруге қажеттi қысқартуға мүмкiндiк бередi. олардың көмегiмен ұяшықтарды жиектеу мен iштерiн бояуды, шрифт түрi мен сондай-ақ торлардың мөлшерiн олардың iшiндегi мәлiметке сәйкес автоматты түрде өзгерту параметрлерiн жылдам анықтауға болады.

Баспаға шығарылатын мәтiндi алдын ала көру.




Құжатты баспаға жiбермес бұрын, алдымен оның қағаз бетiнде қалай орналасқанын арнаулы алдын ала мәтiн көру режимi арқылы қарап шығуға болады. Бұл бiраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкiндiк бередi.
Word редакторында бiрден мәтiннiң бiрнеше дана көшiрмесiн немесе құжаттың кейбiр беттерiн ғана баспаға шығаруға болады. Кез келген құжаттық мәтiндi Файл-қасиеттер (свойства) командасын орындағанда ашылған “Қасиеттер” сұқбат терезесiндегi сол құжат жайлы мәлiметтерiмен бiрге қағазға басып алуға болады.
Баспаға шығарылатын мәтiндi көру үшiн келесi бес режимнiң кез келгенiн қолдана аламыз, олар: әдеттегi (обычный), электронды құжат (электронный документ), беттердi белгiлеу (разметка страницы), құжат құрлымы (стуктура документа), баспаға шығару алдында мәтiндi көру (предворительный просмотр). Егер құжат құрамында арнайы элементтер (кестелер, кадрлар, графикалық обúектiлер) болса, тек беттердi белгiлеу және баспаға шығару алдында мәтiндi көру екi режимi ғана баспаға шығарылатын құжат жайлы алдын ала толық көрiнiс бере алады.

Беттердi белгiлеу арқылы көру режимi




Бұл әмбабап режим болып табылады, сол себептi ол құжатты оқу мен тузетуде және баспаға шығарудан бұрын алдын ала оны көруде қолданылады.
Мәтiндi беттердi белгiлеу режимiнде көру үшiн мынандай әрекеттер орындалады:
1. Оқылатын (өңделетiн) құжатты экранға шығару, яғни ашу керек;
2. Түп-Бетi белгiлеу (Вид-Разметка Страница) командасын орындау немесе көлденең жылжу белдеуiнiң сол жақ шетiнде орналасқан беттi белгiлеу режимiнiң батырмасын шертемiз;
Басқа бiр көру режимiне өту үшiн, Түр (вид) менюiнiң тиiстi режим командаларын немесе көлденең жылжу белдеуiнiң сол жақ шетiнде орналастырылған көру режимдерiнiң ауыстырып қосқыш батырмаларын шертемiз.

Мәтiндi алдын ала көру режимi




Бұл режимде құжаттың бiр немесе бiрден бiрнеше беттерiн кiшiрейтiлген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтiнге өзгерiстер енгiзуге болады. Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) командасын арқылы элементтердiң өзара орналасуы жайлы толық мәлiмет алып, төменгi сiлтеме қатарларды тез анықтауға болады. Құжатты алдын ала көру батырмасын шертемiз.
Мәтiндi алдын ала көру режимiнде жұмыс iстеу үшiн 1-суретте келтiрiлгендей қолданылады.



1-сурет. “Алдын ала көру” саймандар тақтасы

“Алдын ала көру” саймандар тақтасының батырмалары:


Баспаға шығу - “Баспаға шығу” сұхба терезесiнде анықталған опцияларға сәйкес құжатты қағазға басуға жiбередi
Үлкейту- Үлкейту/Кiшiрейту (тышқан курсоры үлкейтiлген әйнекке айналады) (курсор пiшiнi стандартты) режимдерiн алма-кезек ауыстыруды iске асырады.
Бiр бет - Құжаттың жалғыз бетiнiң мазмұнын көрудi iске асырады
Бiрнеше беттер – Бiр уақытта құжаттың бiрнеше беттерiн қарап шығуды iске асырады.
Масштаб - Құжат бейнесiнiң масштабын экранда өзгертедi.
Сызық - Көлденең жылжу белдеу сызықтарын бейнелеп көрсетедi немесе жасырады.
Беттердi қиыстырып келтiру - Құжатты жан-жағынан ығыстырады. Беттiң соңғы жағындағы кiшiгiрiм көлемдегi мәтiндi құраған жағдайда қолданған тиiмдi.
Толық экранға–Экраннан тақталар мен басқа элементтердi жоюға есебiнен құжаттың мазмұнын көруге арналған облысты максималды үлкейтедi.
Жабу–Алдын ала көру режимдерiнен шығуды iске асырады.
Анықтама- Контекстi-тәуелдi анықтаманы ұсынады.
Алдын-ала көру режимiнде басқа беттердi бейнелеп көрсету үшiн Page Up және PageDown пернелерiн қолдануға болады.
Құжаттың жеке бететрiн бөлектеп көруге оралу үшiн “Бiр рет” батырмасын (одна страница) шертемiз.
Алдын-ала көру терезесiнде жұмыс iстеудi аяқтау үшiн Жабу батырмасын (Закрыть) шертемiз.
Алдын-ала көру режимiнде мәтiннiң масштабын үлкейтпейiнше, оны оқып шығу мүмкiн емес. Құжатты алдын-ала көру режимiнде толығырақ қарастырып шығу және оны өңдеу үшiн мынандай әрекеттердi орындаймыз:

  • “Алдын ала көру” саймандар тақтасындағы Үлкейту батырмасын шертемiз, мұның нәтижесiнде тышқан курсоры қосу таңбасы бар үлкейтiлген әйнек түрiне енедi;

  • Тышқан курсорын беттiң қай бөлiгiн толығырақ қарастырғыңыз келсе, сол бөлiгiне апарып белгiлеп оның батырмасын басқанда, экранға беттiң көрсетiлген бөлiгi 100 пайызға үлкейтiлiп шығарылады да, тышқан курсоры үлкейтiлген әйнекке ауысады;

  • Үлкейтiлген мәтiн бөлiгiн жөндеп түзеуге және беттi белгiлеу режимiндегiдей форматтауға болады, ол үшiн үлкейту батырмасын тағы да бiр рет басу керек. Сонда тышқан курсоры өзiнiң қалыптағы стандартты күйiне өзгередi.

  • Қажеттi өзгертеулер енгiзiлген соң бұрынғы кiшiрейтiлген бейнеге қайта оралу үшiн алдымен үлкейту батырмасын, сосын барып құжат бетiн басу керек.

Алдын-ала көру режимiнен шығу үшiн “Алдын-ала көру” саймандар тақтасындағы жабу батырмасын шертемiз, немесе Файл-Алдын-ала көру командасын қайталай орындаймыз. Алдын ала көру режимiнде тұрып-ақ құжатты баспаға шығаруға болады. Ол үшiн “Алдын ала көру’’ саймандар тақтасындағы Баспаға шығару батырмасын басу жеткiлiктi.

Құжатты баспаға шығару.




Ағымдағы құжатты баспаға шығару үшiн:

  1. Қажеттi құжат экранға шығарылады (ашылады);

  2. Файл-Баспаға шығару командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер комбинациясын басамыз, сонда “Баспаға шығару” сұхбат терезесi ашылады.

  3. Егер ешқандай параметрлер өзгертiлмейтiндей болса, ОК батырмасын шертемiз.

Баспаға шығару барысында Windows жүйесiнiң Тапсырмалар тақтасындағы принтердiң шарт белгiсi көрсетiлiп тұрады. Баспаға шығаруды болдыртпау үшiн, тышқанды принтер шарт белгiсiне жеткiзiп, оны екi рет шерту керек. Соның нәтижесiнде, экранға шыққан сұхбат терезесi арқылы Құжат-Баспаға шығаруды болдырмау(Документ-Отменить печать) командасы арқылы баспаға шығаруды болдырмауға мүмкiндiк бередi. Баспаға шығару терезесiн жабу үшiн Принтер-Жабу (принтер-Закрыть) командасыр орындаймыз.

Баспаға құжаттың бiрнеше көшiрмесiн шығару




Алдын ала келiсiм бойынша құжаттың барлық беттерi бiр дана болып қана басып шығарылады. Бiрақ оны бiрнеше дана етiп те шығару мүмкiндiгi бар, ол үшiн:

  • Баспаға шығаруға арналған құжатты ашу керек;

  • Файл-Баспаға шығару командасын орындап немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер комбинациясын басып, экранға “Баспаға шығару ”(Печать) сұхбат терезесiн шығарамыз;

  • Осы терезенiң “Көшiрмелер” (Копии) бөлiмiндегi Көшiрмелердi саны (×исло копии) өрiсiне құжаттың қажеттi көшiрмелер санын тiкелей енгiземiз (немесе өрiстiң оң жағында орналасқан тiл сызық батырманы басып қажеттi санды шығарып орнату керек);

  • Алдын ала келiсiм бойынша “Көшiрмелер” бөлiмiнде Көшiрмелердi бөлiп қою (Разобрать по копиям) жалаушасы қойылған, соның нәтижесiнде бiрiншi дананың барлық беттерi толық басылады, одан кейiн екiншi дананың беттерi басылып шығады т.с.с. ал егер барлық даналарды қатар алу қажет болса, онда Көшiрмелердi бөлiп қою (Разобрать по копиям) жалаушасын алып тастау қажет, сонда ең алдымен барлық бiрiншi беттер, сосын барлық екiншi беттер т.с.с. болып шығады. Бұл тәсiл баспаға шығару уақытын бiршама қысқартуға мүмкiндiкбередi бiрақ мұнда құжаттың барлық даналарын реттеудi әркiм өзi орындауына тура келедi;

  • ОК батырмасын шертемiз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет