Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері


Қауіпсіздік техникасы ережелері және өрт, электрден сақтану шаралары



бет15/18
Дата23.03.2023
өлшемі129.26 Kb.
#471033
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
dip -almaty-oblysyndagy-amiran-agro-zhshs-siyr-sauu-zhane-sutti-algash-ondeu-zhelisin-zhobalau-2018-54

4.2 Қауіпсіздік техникасы ережелері және өрт, электрден сақтану шаралары

Қауіпсіздік техникасы мен санитарлық жұмыстарды ұйымдастыруға, еңбекті қорғауға және мал шаруашылығанда машиналар мен құрал – жабдықтардың сақадай – сай тұруына, сондай - ақ өрттен сақтандыру шараларына қожалық басшысы мен бас мамандар жауапты. Олар қалыпты еңбек жағдайын тудыруға, ферма қызметкерлерін арнаулы жұмыс киімдерімен және жеке басын қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті. Медициналық талаптардың орындалуын, өртке қарсы құрал – саймандардың түгелдігі мен ақаусыз түзулігін бақылайды.


Машинамен жұмыс істеуге жасы 18-ге толған және оның құрылымымен, пайдалану ережелерімен, сондай – ақ қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптармен таныс адамдар жіберіледі. Жұмыс процесіне қатыспайтын, етек – жеңі ұзын киім киген, алжапқыш байлаған адамдарға жұмыс істеп тұрған машинаға жақындауға болмайды. Сондай – ақ айналып тұрған маховиктер, дискілер, пышақтар жанында, материалдар өңделетін желіде тұруға болмайды. Машиналар іргетастарға анкерлі болттармен (егер тұрақты болса) және сынамен, сондай – ақ тіреулермен (жылжымалы болса) бекітіледі. Бекітілу жағдайын жиі – жиі тексеріп тұру қажет. Машиналарды іске қоспас бұрын оның ақаусыздығына көз жеткізіп, айналып тұратын жұмыстық органдар құндағының қайырмалы және босату қақпақтарының қандай дәрежеде бекітілетінін тексереді. Сондай–ақ машинаның жұмыстық органдарын (шкивті қолмен бос айналдыра отырып) тексерген дұрыс. Машинаны алдын ала белгіленген белгі берілгеннен кейін ғана іске қосу керек. Машина жұмыс істеп тұрғанда, болттарын тартуға, мойынтіректерін майлауға, реттеу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жұмыстық органдардың қақпағын ашып, тазартуға; тағы басқаларға қатаң тыйым салынады. Машинаны жөндеу кезінде, шкивтерден жетек қайысын алып тастайды. Ал муфта арқылы электрмен жүретін болса, магнитті жүргізгіш көмегімен қозғалтқышты тоқтатқаннан кейін, желіні ажырытқыштан айырады.
Тауарлы–сүт фермасында өрттен сақтандырудың жалпы талаптары мынандай болып келеді:
-барлық өндірістік және қосымша қоражайлар өртке қарсы қолданылатын құралдары мен отсөндіргісі бар қалқандармен жабдықталуы керек;
-барлық мал шаруашылығы қоражайларында, сонымен бірге электр және радио қондырғыларда жайтартқыштар болуға тиіс;
-пішен мен сабан үйілген жерді төрт корпусты соқамен кемінде екі айналдырып жыртып тастау керек, астықты, пішенді тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін кептіретін ғимараттарды өрт сөндіру инспекциясын нұсқауына сай жабдықтау қажет;
-фермадағы жанар - жағар май сақтайтын орынның мал қораларынан, сабан, дәнді және басқа да дақылдар үйілген жерлерден кемінді 60 метрдей қашықтықта болғаны жөн.
Жұқпалы аурумен ауырғаны байқалған малды күтетін малшылар үнемі дәрігерлердің бақылауында болып, аурудан алдын ала сақтандыру ережелерімен танысып отырулары керек. Сондай-ақ, олардың өздері де міндетті түрде ауруға қарсы егілуден етуі тиіс.
Бруцеллез ауруы білінген жағдайда қожалық фермасында мал күтумен айналысатын адамдардың арнаулы жұмыс киімі және оны сақтайтын бөлмесі, әрбір жұмыс орнында қол жуғыш, сабын, сүлгі және алғашқы жәрдем қобди-шасы, сондай – ақ денсаулық сақтау органдары мен мал дәрігерлік – санитарлық бақылау мамандарының нұсқаулары мен ұсыныстары жазылатын санитарлық журнал міндетті түрде болуы керек.
Мал фермасының көлік жүретін үлкен жолдардан барынша аулақ орналас-қаны жөн. Оларға бөгде кісілер мен бөтен көліктің кіруіне рұқсат етілмейді. Мал қорасына кірер есік пен ферма территориясына кірер қақпа алдында дезинфекциялағыш кілемше тастаған дұрыс. Ферма территориясын үлгілі санитарлық жағдайда ұстау керек.
Мал шаруашалығы фермаларында кәсіби жарақаттануды азайтатын алдын ала сақтандыру шараларына мыналар жатады:
-машиналар мен жабдықтарды әрқашан сақадай - сай ұстау (күнделікті және мерзімді техникалық күтім мен техникалық байқауларды дер кезінде, сапалы жүргізу);
-машинамен жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқау өткізу;
-малшылардың ірі қараны бағып – күтуге байланысты ережелерді сақтап, әрібір малдың мінез – құлқын танып білуі;
-тәртіптілік және еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен сақтандыру техникасы жөніндегі ережелерді мал шаруашылығы фермасының барлық қызметкерлерінің бұлжытпай орындауы.
Электрқозғалтқыш корпусы, тағы басқа қондырғылары құрылысының электр қауіпсіздігі ережелеріне сай жермен жалғасып тұруы керек. Өте сызды бөлмелерде ажыратқыштар мен сақтандырғыштардың жабық типтегілері ғана пайдаланылады. Қоражай ішінде орналасқан электрөткізгілер мен құбырлардың арасы кемінде 10 см болғаны дұрыс.
Вакуум сорабы мен жетек белдікті электрқозғалтқыштың шкивтері қабырғаға тақау орналасып, сақтандырғыш құндақпен жабылуға тиіс.
Сауу қондырғысының қозғалтқышы мен вакуум сорабы жұмыс істеп тұрғанда, оларды тазартуға, мойынтіректерін майлауға, қайыстарын орнына салуға, сақтандырғыштарын ауыстыруға және агрегаттың ақауын жөндеуге рұқсат етілмейді.
Машина тұратын бөлімде тез тұтанатын заттарды сақтауға мүлде болмайды. Онда міндетті түрде отсөндіргі және құм салынған жәшік болуға тиіс.
Сиырларды сауу алаңында сауғанда траншеяға түсіп шыққан кезде сақ болу керек. Оның баспалдақтары әрқашан таза, құрғақ болуға тиіс.
Сауыншыға орнықты орындық болуы керек (қолмен сауған кезде). Машинамен сауғанда сауу стакакндарын сиырдың емшектеріне кигізген кезде, өте сақ болған дұрыс. Өйткені сиыр екі жанына бірдей қатты тебінеді.
Жуатын ерітінділерді дайындаған кезде қорғаныш құралдарын: көзілдірік, резеңке қолғап пен резеңке етік, резеңкеленген алжапқыш пайдаланған жөн.
Тоңазытқыш қондырғыларды арнайы дайындықтан өткен және сол жұмысқа жіберілген кісінің ғана техникалық күтуге қақысы бар.
Құрастырылған не жөндеуден өткен сауын аппаратарын әуелі бос жүргізіп көреді.
Жалпы электр желілері мен электр қондырғыларын арнайы дайындықтан өткен және осы жұмысқа жіберілген адамдар ғана қамти алады.
Электендірілген машиналарды электр жүйесіне стандартты аспаптардың (штепселді ажыратқыш, дистанциялық жүргізгіш, ажыратқыштар, т.б.) көмегімен ғана қосып – ажыратады.
Машиналардың механикалық бөлігін күткенде және оның ақауын жөндегенде, оның электр жүйесінде қосылған бөлігін міндетті түрде ажыратып қояды.
Токқа түсуден алдын ала сақтандыру шараларын дер кезінде қолдану үшін әр кімнің де электр қауіпсіздігі шараларын жақсы біліп, оны қатаң сақтауы, сондай- ақ токпен жарақаттанған адамға жәрдем көрсете алуы қажет.
Сымның ток жүретін және оқшауланбаған бөлігі оқшаулағыш тоспамен мұқият ұқыпты оралуы керек немесе адам мен мал жетпейтін биіктіктен жүргізілуі тиіс.
Арнайы жіберілген адамдардан басқаларға электр қондырғыларымен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Әсіресе өндірістік қоражайлардағы жанып кеткен сақтандырғыштарды, электр шамдарын тек электромонтер ғана ауыстыруға тиіс.
Электрмен жұмыс істейтін кісілер түгел қорғаныш құралдарымен қамтамсыз етіледі. Ол құралдар ауық – ауық тексеруден өткізіліп тұрады.
Қожалықтағы токтан қорғайтын заттар үшін арнайы журнал ашылып, оған олардың тексерілген мерзімі, саны және тұрған жерлері жазылды.
Электр қондырғыларында ешқашан ақау болуға тиіс емес. Іске жарамсыз электр өткізгілер дер кезінде ауыстырылуы керек. Электр желісі мен қондырғыларға шамадан тыс күш түсіруге, адамдардың электр қауіпсіздігі талаптарын бұзып, электр жүйесін бей – берекетсіз пайдалануна тыйым салынады.
Құрғақ қораға тартылған сымның кедергісін екі жылда бір рет, ал сызды қорада сымның кедергісін жыл сайын тексеру қажет. Оқшаулау кедергісі 0,5 мегаомнан кем болмауы тиіс.
Қолға ұстап жүретін жарық түсіргіштердің ілгегі, оқшауланған қорабы мен тұтқасы, ал шамгың астында жуан сымнан жасалған тор болуы керек. Оған қуат беретін сымның шланг типтес болғаны жөн. Қолға ұстап жүретін жарық түсіргіштер қуатты ток күшін төмендеткіш трансформаторлардан алу керек. Сымды адам аяғымен де, көлікпен де баспауға тиіс.
Электр сымдарын зақымдағыш заттардан, мұнай өнімдерінен аулақ ұстау керек.Электр аспабын іске қоспас бұрын, оған ток келетін сымның ақаусыздығына көз жеткізу керек. Содан соң ток өткізбейтін қолғап киіп, жермен қосылған сыммен жалғағаннан кейін ғана электр аспабын іске қосу қажет. Оны штепсель айыры мен розетканың көмегімен ғана іске қосуға рұқсат етіледі.
Ток келетін сым болатын болса, онымен бірге корпустағы электр тогы тұйықталып қалса, аспапты пайдалануға болмайды. Электрқозғалтқыштары және электрлендірілген машиналардың барлық металл бөлшектері жермен қосу қондырғысымен әр уақытта қосылып тұру тиіс.
Қорғаныш үшін жермен қосу оның жағдайымен кедергісінің мөлшері (токтың қуаттылығы 100 кВттан артса 4 Ом, ал қуаттылығы 100 кВттан кемісе 10 Ом болуы керек) тексерілгеннен кейін ғана пайдалануға беріледі және ол жүйелі түрде бақылауға алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет