Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері


Қоршаған ортаны сақтау шаралары



бет17/18
Дата23.03.2023
өлшемі129.26 Kb.
#471033
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
dip -almaty-oblysyndagy-amiran-agro-zhshs-siyr-sauu-zhane-sutti-algash-ondeu-zhelisin-zhobalau-2018-54

4.4 Қоршаған ортаны сақтау шаралары

Мал шаруашылығында қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың біріне көң жатады. Оның ыдырау кезінде аммиак, күкіртті сутегі сияқты зиянды газдар бөлініп шығады. Бұл газдар адам ағзасына әсер етіп, басын ауыртады, құсқысын келтіреді.


Сонымен бірге ауа бассейнін қоражайлардан бөлініп шығатын ауа да ластайды. Оның құрамында көмірқышқыл газ, аммиак, метан және т.б. зиянды газдар кездеседі. Қоражайлардан лас ауа бірге көп мөлшерде микроағзалар және азық қалдықтарынан, төсеніштен тұратын шаң бөлінеді.
Ірі қара малды ұстайтын қоражайдың 1 м 3 ауасында 12 – ден 100 мыңға дейін микробтар болады. Бұлардың қатарында тубуркулез, сібір язвасы сияқты ауру тудырушы микробтар болуы мүмкін [33]. Сондықтан қора жайдағы ауа тазарту үшін бактерицидті ультракүлгін шамдарды қолданған жөн.
Сонымен бірге ауа бассейнін тазарту үшін жасыл желектерді пайдаланған тиімді. Ағаштар қоражайлардан шығатын ауадағы 78% шаңды және 52% микроағзаларды ұстап қалуға мүмкіндік береді. Ені қоражайдың биіктігіне сәйкес келетін жасыл желек алқабы 200 метрге дейінгі жердің ауасын тазартады.
Қоражайдан шығатын газдар ағашқа кері әсер тигізетіндіктен, жасыл желек алқабын газға төзімді терек, үйеңкі, акациядан отырғызған дұрыс. Шаруашылықта өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін, тұқым, жемшөп және суларды зиянды заттардан сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, оларды ядролық, химиялық қарулар және биологиялық құралдарды қолданып болғаннан кейін залалсыздандыру жұмыстарына қарағанда оңай,әрі арзанға түседі. Осыған байланысты кәсіпорын аталған өнімдерді сақтау шараларын жүргізуі қажет. Су мен жемшөптің радиоактивті заттармен ластануы әсіресе ядролық жарылыс өнімдерінен, сонымен қатар жер бөліктерінен болуы мүмкін. Радиоактивтік шаңның ену тереңдігі азық түріне, оның сақталуына, сонымен қатар метеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Радиоактивті зат бос сақталған азық жемшөптеріне 5см, қапта сақталғанға 2см, күдедегі пішенге 10-20см, ал бумашөптерге 5см тереңдікте өтеді. Жел мен жаңбыр улы заттардың азыққа одан үлкен тереңдікте өтуіне әсер етеді. Шаруашылықтағы азықтарды қолда бар құралдармен сақтауды ұйымдастыру керек және қоймалар мен шахталық құдықтарды қымтап жабуға назар аударған жөн. Шаруашылықта 900т және 200 тонналық екі азық қоймасы және 14 шахталық құдықтар бар.
Қоймалар мен құдықтарды қымтау үшін 2м3 тілме материал, 11 орама тол, 20кг шеге, 80кг цемент, 5т саз балшық, жұмысқа жарамды 190 адам қажет.
Қоймаларды қымтау үшін есік, терезелердегі, қоршаушы қималардағы барлық саңылауларды бітеу керек, терезенің жартысын кірпішпен жауып, әйнектерді жөндейді және терезедегі саңылауларды сылақпен, балшықпен, және тағы басқаларымен сылайды. Пішен, сабанның күделерін брезентпен, үлдірмен және азық сабанымен жабуға болады. Пішенді биологиялық аэрозольдерден сақтау үшін күдеге сабан бумашөбін қалаған дұрыс, ал олардың арасындағы тоғыспаға саз балшықты әк ерітіндісін құяды. Күдені 3м жалпақтықта маямен айналдыра қоршайды. Қыста пішен маясына мұз қатып қалуы мүмкін. Ұрадағы сүрлемді алдымен сабан қабатымен (5-10см), сосын топырақпен (20-40см) жабу керек. Әдеттегідей сақталған пішендеме радиоактивті, уландырғыш заттардан, биологиялық қарулардан қорғалады. Ең алдымен мал шаруашылығы фермасында немесе соған жақын территорияда сақталған, таяу күндері жемдеуге арналған азықтарды жабу керек. Сауын сиырлары үшін көмілген азық қоры 3 айдан кем емес уақытқа мөлшерленуі керек. Ашық су көздерін (өзендер, көлдер, тоғандар) зақымданудан қорғау мүмкін емес және ондай жұмыстар жүргізілмейді. Шаруашылықта сумен қамтамасыз ету орталықтанған. Су тегеуріні мұнараларын ғана қымтау қажет және желдеткіш құбырларға сүзгі қою керек. Отарлы шаруашылықта қойларды суару үшін шахталық құдықтар бар. Құдықтың ағаш кесінділерінің айналасында 1м қашықтықта 30см қалыңдықтағы саз балшық қабаты төселген және тығыздалған. Саз балшық ағын сулардың және жауын суларының құдыққа ағаш кесінділерінен өтіп кетпеуіне кедергі болады. Балшыққа 15 сантиметрлік құм сепсе, ластанған суларды тазалайды. Ағаш кесіндісінің үстін мықты қақпақ жауып, шөлмек ілу керек. Құдықтың үстіне тақтайдан немесе шарбақтан жасалып, балшықпен сыланған күрке орнатуға болады. Қалған жемшөпті радиометрмен өлшегеннен кейін малдарды азықтандыруға қолдануға болады. Залалданған азықтан радиоактивті шаңды сумен жуу арқылы шығаруға болады. Шырынды азықтарды сумен жуу жолымен дезактивациялайды.
Шаруашылық жағдайында газдан тазарту жұмысын желдету, термиялық өңдеу арқылы жүргізеді. Пішен маясынан, көкөніс көмбелерінен, дән үйінділерінен зақымданған беткі қабатын алып тастайды, азықты жұқа қабатпен зақымданбаған жерге жайып салады және аудара отырып желдетеді. Жемдік астық зирин мен иприттен астық кептіргіште (жылу көзінің жоғарғы температурасында) жақсы залалсыздандырылады. Тамыртүйнек жемістер желдету немесе хлор түзгіш препараттармен өңдеп, соңынан сумен шайқау арқылы залалсыздандырылады. Залалданған шахталық құдықтардағы суларды қотарып, ағаш кесіндісін хлорлы-әк тұнбасымен сылау керек, ал түбіне хлорлы-әк ұнтағын себу керек. Қалған судың уландырғыш зат пен хлор мөлшерін тексереді, олардың орташа мөлшері болмаған жағдайда адамдар мен малдардың пайдалануына жібереді. Су мен азықты уытсыздандырудың негізгі тәсілі болып 30 минут ішінде 1000С температурада термиялық өңдеу табылады.
Жемшөп пен суды физикалық және химиялық әдістермен уытсыздандырады. Пішен бетін формальдегидтің 4 пайыздық ерітіндісімен 24 сағат сайынғы аралықта екі рет уытсыздандырады. Сібір жарасының қоздырғыштарымен зақымданған жемдік астықты құртады. Ботулизммен және оның улы заттарымен зақымданған жемдік астықтарды күйдіргіш натридің 1 пайыздық ерітіндісіне 4 сағат бойы матыру және сумен үш қайтара жуып, кептіру арқылы уытсыздандырады. Суды қайнату немесе 1 м3 суға 0,5л хлор әгінің ашық ерітіндісін құйып хлорлау арқылы тазартады. Судағы хлор иісін кетіру үшін хлорсыздандырады (1г хлорға 3,5г натрий сульфатын қосады). Қорыта келгенде, барлық залалсыздандыру жұмыстары сақтандыру шараларын іске асыра отырып және жолнұсқаға сай жүргізілуі керек. Залалсыздандыру жұмыстары біткеннен кейін жұмысқа қатысқан адамдар санитарлық өңдеуден өтулері керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет