Нәтижелері
2009 жылы электр энергиясын өндіру шамамен 84 млрд. кВт/сағатты, көмір өндіру 96 млн. тоннаны құрайды.
Электр энергетикасында «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің ЖВЖ-500 кВ екінші желісін, «Солтүстік Қазақстан — Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін және Қандыағаш ҚЖЭС салу жөніндегі жұмыс аяқталатын болады.
Ұлттық энергетика желісін жаңғырту аяқталатын болады.
4.7.3. Телекоммуникациялар
Мақсаты
Телекоммуникациялардың бәсекелі нарығын серпінді дамыту бойынша жағдай жасау және халықты сапалы әрі қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету.
Міндеттері
1. Мемлекеттік реттеу тетігін жетілдіре отырып, бәсекені дамыту және телекоммуникация саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
2. Телекоммуникация инфрақұрылымын, оның ішінде ауылдық жерде дамыту.
3. Интернет қызметтерін дамыту және оның қолжетімділігі үшін жағдай жасау.
Шешу жолдары
Телекоммуникация саласын ырықтандыру және телекоммуникация желілерін дамыту жалғастырылатын болады.
Ұлттық ақпараттық супермагистраль құрылысы аяқталады, сондай-ақ телекоммуникацияның, ұялы байланыстың жергілікті желісін, деректер беру мен Интернет қызметтері желісін дамыту және жаңғырту жалғастырылады.
Үкімет кейіннен ауылдық байланыс желілерін дамытуды қамтамасыз ететін тетікті әзірлей отырып, ауылдық байланыстың шығындарын субсидиялаудың қолданыстағы тәртібін жетілдіреді.
«КАZSАТ-1» байланыс және хабар тарату спутнигінің сыйымдылығын толтыру жөніндегі жұмыстар жалғасады, сондай-ақ""КАZSАТ-2″ спутнигін жасау жөнінде іс-шаралар жүргізіледі.
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының орта мерзімді перспективада ұтқыр, тіркелген байланыс қызметтері және Интернетке қолжетімділік нарықтарында экономикалық шоғырлануын азайту жөнінде шаралар кешені әзірленетін және қабылданатын болады. Цифрлық телерадио хабарларын тарату жүйесі дамиды.
Ұтқыр байланыс нарығындағы бәсекені дамыту мақсатында радиожиіліктерді 1800 МГц диапазонында пайдалану жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады.
Жергілікті тіркелген байланыс пен Интернет қызметтері нарығындағы бәсекені одан әрі дамыту, сондай-ақ тарифтерді төмендету мақсатында жергілікті баламалы байланыс операторлары мен Интернет-провайдерлерге үстем байланыс операторларының абоненттік желілеріне тең құқықты қол жеткізу регламенттелетін болады.
Нәтижелері
2007 жылы:
тіркелген телефон желілерінің тығыздығы елдің 100 тұрғынына 20-ны;
ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы — елдің 100 тұрғынына 45; телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрлау деңгейі — 85 процент;
Интернетті пайдаланушылар тығыздығы — елдің 100 тұрғынына 8;
2008 жылы:
тіркелген телефон желілерінің тығыздығы елдің 100 тұрғынына 23-ті құрайды;
ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы — елдің 100 тұрғынына 60;
телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрлау деңгейі — 90 %;
Интернетті пайдаланушылар тығыздығы — елдің 100 тұрғынына 10;
2009 жылы:
тіркелген телефон желілерінің тығыздығы елдің 100 тұрғынына 24-ті құрайды;
ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы — елдің 100 тұрғынына 95;
телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрлау деңгейі — 95 %;
Интернетті пайдаланушылар тығыздығы — елдің 100 тұрғынына 15-ті құрайды.
Телекоммуникация қызметтері нарығының оңтайлы құрылымы, ақпараттық қоғамның экономикалық жағынан дамуына ықпал ететін технологиялық негізі ретіндегі тиімді және дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылатын болады.
4.8. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін аумақтық даму
Мақсаты
Бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастыру негізінде ел өңірлерінің орнықты дамуын қамтамасыз ету.
Міндеттері
1. Экономикалық өсу орталықтарын дамыта отырып, елдің және оның өңірлерінің ұстанымының жаңа міндеттеріне сәйкес келетін аумақтарды экономикалық жағынан ұйымдастыруды қалыптастыру.
2. Халыққа мемлекет кепілдік беретін қызметтер көлемінің өңірлер бойынша тең ұсынылуын қамтамасыз ету.
Шешу жолдары
Өңірлік саясат 2007—2009 жылдары Аумақтық даму стратегиясына сәйкес айқындалады және мынадай іс-шаралар арқылы іске асырылатын болады:
өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын айқындайтын облыстардың, Алматы қаласының 2015 жылға дейінгі даму стратегияларын (бәсекелік стратегияларын), сондай-ақ тірек қалаларды дамыту стратегияларын әзірлеу;
облыс аумақтарын қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын және халықты таратып қоныстандыру мен өндірістік күштерді орналастыру жүйесін қоса алғанда, оның негізгі ережелерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу;
өнеркәсіп орындары баламалы негізде орналасатын, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар құрылатын экономикалық өсу орталықтарының (тірек қалалардың) тізбесін айқындау;
Астана қаласында — оң жақ және сол жақ жағалауда оңтүстік-шығыс бағытында екі жаңа орталық салу;
құрылысты ұтымды салу және олардың орналасу жиілігі мәселелерін шешу мақсатында ірі мегаполис қалалардың айналасындағы серіктес қалаларды дамыту мәселелерін пысықтау;
өңірлерді дамыту стратегияларының (бәсекелік стратегияларының) мақсаттарын негізге ала отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді кезеңге арналған нысаналы индикаторларын белгілей отырып, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың стратегиялық жоспарларын қабылдау;
инфрақұрылым объектілерін дамыту және құру жолымен халықаралық ынтымақтастықтың аса маңызды аймақтары ретіндегі шекара маңы аумақтарының әлеуетін күшейту;
мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қауымдастықтар және басқа да мүдделі құрылымдар өкілдерінің қатысуымен өңірлер әкімдіктерінің жанынан консультативтік-кеңесші органдар ретінде бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестер құру;
аралас өңірлердің экономикалық белсенділігін шоғырландыратын және бәсекеге қабілетті өңірлік кластерлерді қалыптастырудың қозғаушысы болуға қабілетті ірі өңірлік орталықтарды құруға ықпал ететін өңірлік даму институттары ретінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметін ұйымдастыру;
өңірлердегі серпінді жобаларды іске асыру үшін""Самұрық«, «Қазына» және""ҚазАгро" акционерлік қоғамдарын тарту;
«үдемелі» өсу аймақтарын қалыптастыру жөніндегі өңірлік бастамаларға селективті қолдау көрсету және халықаралық қаржы даму институттарымен бірлесіп, ірі инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтау;
әр түрлі өңірлердегі халыққа бюджеттік қызметтердің бірдей деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің жаңа әдістемесін әзірлеу;
экологиялық жағынан қолайсыз және ауылдық аумақтардың проблемаларын шешуге бағытталған кешенді шараларды іске асыру, олардың тиімді дамуын қамтамасыз ету.
4.9. Қазақстандық экономиканың әлемдік экономикаға табысты кірігуін қамтамасыз ету
Мақсаты
Экономика салаларын Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шарттарына бейімдеу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыру және Қазақстанның әлемдік нарыққа кірігуі.
Міндеттері
1. Қазақстан үшін тиімді шарттарда ДСҰ-ға кіру.
2. Қазақстан нарығына импорттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің кемсітусіз енуіне салаларды ашуға бейімдеу.
3. Өңірлік бірлестіктер (ЕурАзЭҚ, ШЫҰ және т. б.) шеңберінде экономикалық кірігуді тереңдету.
4. Сауда-экономикалық қатынастар кешенінің негізгі құрауышы ретіндегі шекара маңы ынтымақтастығын дамыту.
5. Барлық заңды тұлғалардың қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына көшу процесін жеделдету.
Шешу жолдары
Қойылған міндеттерді шешу үшін мынадай шаралар көзделетін болады:
Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын ДСҰ міндетті келісімдерінің нормаларына толық сәйкес келтіру;
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобына мүше елдермен тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұлттық экономикалық даму басымдықтарына жауап беретін шарттарда қазақстандық нарықтарға шығуы жөніндегі екі жақты келіссөздерді аяқтау;
Қазақстанның тиісті келіссөз ұстанымын белгілеу үшін оны мемлекеттік қолдаудың іс жүзіндегі көлемімен салыстырғандағы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға деген негізделген қажеттілікті айқындау;
тараптардың ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөз процесін ескере отырып, ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын кезең-кезеңімен қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
ЕурАзЭҚ-ты дамытудың басым бағыттарын, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі бірлескен іс-шараларды іске асыру;
қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығуын шектейтін сыртқы сауда дауларын реттеу жөнінде шаралар қабылдау;
отандық өндірушілерді демпингтік және субсидияланатын тауарлар импортынан қорғау тетігінің тиімділігін арттыру;
Қазақстан Республикасының шет елдегі халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуын қамтамасыз ету;
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын одан әрі дамытудың 2007—2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын (I кезең) іске асыру;
«Қорғас — шығыс қақпасы» сауда-экономикалық аймағын құру;
Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Қырғыз Республикасымен сауда-экономикалық аймақтар құру;
қазақстандық инвестицияларды жылжыту жүйесін құру және қазақстандық бизнесті шекара маңы елдеріндегі ірі өңірлік инвестициялық жобаларға қатысуға ынталандыру, қазақстандық компаниялардың басқа елдерде жақсы жағдайдағы мемлекеттік келісім-шарттар алуына жәрдемдесу;
қазақстандық инвестицияларды салу үшін ықтимал тартымды шетелдік жобаларды (объектілерді) іздеу, талдау және іріктеу және шетелдік нарықтарға шығуға ықтимал мүдделі отандық компаниялармен консультациялар өткізу;
сыртқы инвестицияларды қолдау және шикізаттық емес экспортты ынталандыру жөнінде заңнамалық негізді әзірлеу;
Сауда және инвестициялар жөніндегі Америка-Орталық Азия кеңесінің шеңберінде (ТИФА) ынтымақтастықты жандандыру;
Еуропалық одақтың демпингке қарсы тексерулер жүргізуі кезінде Қазақстанның нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін алуы мәселесін одан әрі пысықтау;
экономика дамуының жаңа кезеңінің талаптарына жауап беретін бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау.
Нәтижелері
Қазақстан елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін шарттарда ДСҰ-ға кіреді. Интеграциялық бастамаларға қатысу шеңберінде Қазақстанның өңірлік деңгейдегі саяси және экономикалық рөлі күшейеді, шекаралас мемлекеттермен шекара маңы ынтымақтастығы саласындағы сауда-экономикалық қатынастар кеңейтіледі.
4.10. Жаңа жағдайларда әрекет етуге қабілетті мемлекеттік аппаратты қалыптастыру
4.10.1. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту: мемлекеттік аппараттың кәсібилігін, тиімділігін арттыру және оның қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету
Мақсаты
Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғамға есеп беру принциптерінде әрекет ететін ұтқыр және кәсіби мемлекеттік аппарат құру.
Міндеттері
1. Мемлекеттік органдардың қызметін түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлау.
2. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру.
3. Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, орнықтылығын және
басқарымдылығын қамтамасыз ету.
4. Жоғары білікті кадрларды мемлекеттік қызмет жүйесіне тарту және оларды ұстау үшін ынталандыру жасау.
Шешу жолдары
Министрлердің, әкімдердің алдына қойылған міндеттерді іске асыру барысында олардың саяси шешім қабылдаудағы дербестігі артады және олардың түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапкершілігі күшейтіледі.
Үкімет саяси және әкімшілік қызмет арасындағы өкілеттіктердің аражігін дәл ажыратуға және корпоративтік басқару принциптеріне негізделген менеджменттің жаңа жүйесін қалыптастыру үшін қажетті құқықтық негіз жасайды. Бұл мемлекеттік органның мемлекеттік саясатты әзірлеу мен оның қызметінің ішкі процесі мәселелеріне бөлуді, оның ішінде мемлекеттік органдардың бас директорлары институтын енгізу жолымен көшуді көздейді. Үкіметтің ауысуына қарамастан мемлекеттік органдардың аппараттары жұмысының тұрақтылық тетіктері белгіленетін болады.
Оларды стратегиялық, жүйелілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларына айқын бөле отырып, мемлекеттік функцияларды сыныптау, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлері арасында аражікті ажырату тәсілдері әзірленетін және енгізілетін болады. Осыны ескере отырып, мемлекеттік органдарға жүйелі негізде функционалдық талдау жүргізілетін болады.
Үкімет мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің санын оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Әрбір мемлекеттік орган корпоративтік басқару принциптеріне негізделген және әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын айқындайтын стратегиялық даму жоспарын қабылдайтын болады.
Мемлекеттік органдарға көбірек дербестік беру және олардың түпкі нәтижелерге қол жеткізуі үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджеттік рәсімдер жетілдірілетін болады.
Стратегиялық даму жоспары шеңберінде персоналды басқару және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар көзделеді.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау жөнінде халыққа әлеуметтанушылық сауал қою нәтижелері ескеріле отырып, бағалау және аудит жүйесі әзірленіп, енгізіледі. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі енгізілгенге дейін мемлекеттік органдардың қызметін рейтингтік бағалауды пайдалану мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Мемлекеттік органдардың қызметі туралы жыл сайынғы есептерді, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау және оның аудитінің нәтижелерін міндетті түрде жариялау жолымен мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетін болады.
Үкімет мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін олардың жұмысының нәтижелерін бағалауды және уәждемені күшейтуді ескере отырып жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Мемлекеттік қызметшінің жалақысы кәсібилігіне және ол орындаған жұмыстың тиімділігіне байланысты болады және жеке меншік сектормен бәсекеге қабілетті деңгейге дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.
Мемлекеттік органдардың әкімшілік регламенттері әзірлене отырып, әкімшілік рәсімдер жөніндегі заңнама жетілдіріледі және мемлекеттік органдардың арасында өзара іс-қимыл жасау тетіктері күшейтіледі. Мемлекеттік органның үлгі регламенті қабылданады, оның негізінде әрбір мемлекеттік орган өз регламентін қабылдайды.
Нәтижелері
Кәсіби, ұтқыр және ықшам мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, олардың жауапкершілігі мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету.
4.10.2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
Мақсаты
Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру
Міндеттері
1. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулердің регламенттері мен стандарттарын кезең-кезеңімен енгізу.
2. Мемлекеттік қызметшілер мен ұйымдар қызметкерлерінің жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулерге бағдарланған уәждемесі жүйесін жасау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетулер кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану.
Шешу жолдары
«Мемлекеттік қызмет көрсету» ұғымы заңнамамен бекітіледі және мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті бекітіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізілімі, сондай-ақ оларды ұсыну стандарттары әзірленетін болады.
Мемлекеттік органдар мен халыққа мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгі регламенті негізінде регламенттер әзірлейді және енгізеді.
Халыққа «жалғыз терезе» принциптеріне негізделген мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Үкімет мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мен оның аудиті элементтерінің бірі ретінде халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын ішкі және тәуелсіз сыртқы бағалауды енгізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау жөнінде халыққа әлеуметтанушылық жүйелі сауал қою енгізілетін болады. Бағалау нәтижелері жалпыға бірдей қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және мемлекеттік қызметшілерді оқытудың өңірлік орталықтарында халыққа мемлекеттік қызметтер ұсыну мәселелері бойынша оқу модульдері мен бағдарламалары іске асырылатын болады. Мұнымен қатар мемлекеттік органдар мен халыққа мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың жауапкершілігі күшейтілетін болады.
2007 жыл «электрондық үкіметті» дамытудағы интерактивтік кезең басталатын жыл болып табылады, оның шеңберінде е-үкімет инфрақұрылымының өзегі пайдалануға енгізіледі және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың интерактивтік қызметтер көрсетуіне көшуді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жетілдіріледі.
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету үшін""Жеке тұлғалар",""Заңды тұлғалар",""Мекенжай тіркелімі",""Жылжымайтын мүлік тіркелімі" бірыңғай дерекқорын кең ауқымда пайдалану енгізіледі және оны пайдаланушылардың тізбесі кеңейтіледі.
Нәтижелері
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын қызметтердің сапасы артады, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығы, қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер туралы қажетті ақпаратты халыққа уақтылы жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету қамтамасыз етіледі, әкімшілік кедергілер жойылады, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі артады.
4.10.3. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру
Мақсаты
Халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру.
Міндеттері
1. Мемлекеттік қызметшілерді патриотизмге және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін қатаң әрі мүлтіксіз сақтауға тәрбиелеу.
2. Көпшілік санасында кәсібилік, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттілік ұғымдарына негізделетін мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру.
Шешу жолдары
Неғұрлым білікті үміткерлерді іріктеу мақсатында әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мен мемлекеттік қызметке кіруге арналған тестілеу жүйесі жетілдірілетін болады.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түсіндіру-насихаттау жұмысы жүргізілетін болады. «Электрондық үкімет» порталын мемлекеттік органдардың қызметі және үздік мемлекеттік қызметшілер туралы материалдарды жариялау бөлігінде жүйелі түрде жаңарту қамтамасыз етілетін болады.
Мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жөніндегі практикалық шаралар қабылданып, құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмысының нәтижелілігі күшейтілетін болады. Атап айтқанда, азаматтық қоғам институттарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа тарту, бұқаралық ақпарат құралдарының халықтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға қатысуы және мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жандандыру қамтамасыз етілетін болады.
Нәтижелері
Мемлекеттік қызметтің ашықтығы, қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, патриотизмге тәрбиелеу жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы тартымдылығы артады, мемлекеттік қызметшілерді, әсіресе жастарды қоғамға және мемлекетке қызмет етудің, мемлекеттік қызметті жоғары кәсібилік, патриоттық, адал атқарудың үздік үлгілерінде тәрбиелеу жөнінде шаралар қабылданатын болады.
5. Үкімет Бағдарламасын іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету
Үкімет Бағдарламасының белгіленген мақсаттарына қол жеткізу және басым бағыттарын іске асыру мақсатында оларды тиімді құқықтық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
Үкіметтің құқықтық саясаты, ең алдымен, Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру үшін тиісті заңнамалық база құруға бағытталатын болады.
Осы ауқымды әрі күрделі міндетті дәйекті орындауды нақтылау Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының тиісті кезеңдерге арналған жоспарларында көрініс табады.
Ұлттық заңнаманы, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, атаулы әлеуметтік көмек, банкроттық, тұрғын үй-коммуналдық сала, жеке кәсіпкерлік, монополияға қарсы реттеу, лицензиялау, бағалау қызметі, міндетті сақтандыру, техникалық реттеу, зияткерлік меншік, бюджет және салық салалары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметіне, ДСҰ-ға кіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске байланысты қоғамдық қатынастар мәселелері бойынша, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, азаматтық, әкімшілік заңнамалары және сот-құқықтық жүйесі мәселелері бойынша жетілдіру жүзеге асырылатын болады.
Тиісті заң жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу арқылы әкімшілік реформа жүргізуді заңнамалық қамтамасыз етуді және жергілікті өзін-өзі басқаруды құқықтық регламенттеуді ұйымдастыру қажет.
Норма түзушілік қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, оны ескі және қайталанатын нормалардан босату, қоғамдық қатынастардың кейбір салаларын құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толтыру, салалар бөлінісінде заңнаманы одан әрі топтастыру, заңдардағы сілтеме ережелерді барынша азайту және тікелей қолданылатын заңнамалық актілерді қабылдау практикасын кеңейту арқылы заңға тәуелді норма түзуді қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын тұрақты талдауға негізделетін заң жобалау қызметін жоспарлау кезінде олардың кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін болжамды-талдамалық аспектіге ерекше назар аударылатын болады. Заңдар мониторингін, оның ішінде ғалымдармен бірлесіп, жүзеге асыру туралы мәселе қаралатын болады, бұл құқық қолдану практикасына ғылыми талдау жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың ведомстволық норма түзудегі, заңнаманың олардың құзыретіне жатқызылған тиісті құқықтық қатынастар саласындағы мониторингін жүргізудегі және оны жетілдірудегі рөлі мен жауапкершілігі артады.
Заң шығару жаңа қоғамдық қатынастарды толыққанды әрі сапалы нормативтік реттеу, шектеулі ведомстволық норма түзуді болдырмау және тиімді жұмыс істейтін құқықтық база құру мақсатында іргелі жалпымемлекеттік көзқарасты ұстанатын болады.
Құқықтық жүйе тұрақтылығын және заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қабылданатын болады.
Маңызды қоғамдық қатынастарды қозғайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған негіз қалаушы принциптер мен нормаларды белгілейтін заң жобаларын ғана әзірлеу жоспарлануда. Осы шаралар заң шығару процесіндегі сыбайлас жемқорлық бастамаларына пәрменді тосқауыл жасауға мүмкіндік береді.
Көрсетілген жұмысқа заңнамалық бастама субъектілері ғана емес, жұртшылық өкілдері де, үкіметтік емес ұйымдар және жеке кәсіпкерлік субъектілері де тартылатын болады.
Заң шығару қызметін тиісті заң жобасын әзірлеудің орындылығы туралы шешім қабылдау сатысынан бастап ғылыми пысықтау жөніндегі шаралар күшейтіледі, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілерге ерекше назар аударылатын болады.
ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын және еркін сауда аймағын қалыптастыру жөніндегі халықаралық міндеттемелерге сәйкес, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне дайындыққа байланысты ұлттық заңнаманы біріздендіру және үйлестіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Комплексность и системность предстоящей нормотворческой деятельности призваны модернизировать правовой фундамент в контексте стратегии развития государства, в том числе по выстраиванию качественно новой модели государственного управления на принципах корпоративного управления, результативности, прозрачности и подотчетности.
В целом вышеуказанные мероприятия по правовому обеспечению реализации приоритетов Правительства будут способствовать повышению конкурентоспособности страны на основе принципов устойчивого развития и формированию необходимой правовой базы для решения стратегической задачи по вхождению Казахстана в число пятидесяти наиболее конкурентоспособных стран мира.
6. Основные ожидаемые социально-экономические результаты от реализации Программы
В ближайшие три года Правительство ставит перед собой задачу достижения следующих ключевых индикаторов выполнения Программы.
Среднегодовой реальный прирост валового внутреннего продукта Казахстана в 2007—2009 годы составит 8—9 %, что позволит решить стратегическую задачу по удвоению ВВП в 2008 году по отношению к 2000 году. При этом ВВП на душу населения увеличится до 8900 долларов США к 2009 году, что в 1,8 раза превысит уровень 2006 года.
Уровень среднегодовой инфляции будет удерживаться в 2007—2009 годах в коридоре 5—7 %.
В рамках проводимой фискальной политики предполагается снижение дефицита государственного бюджета к 2009 году до 0,5 % к ВВП, ненефтяного дефицита — до 2,5 % к ВВП. Среднегодовой номинальный темп роста расходов государственного бюджета сложится на уровне 115,6 % при номинальном росте ВВП — 119 %.
Темпы ежегодного прироста производства промышленной продукции в среднем за 2007—2009 годы прогнозируются на уровне 7—8 %.
Прирост валовой продукции сельского хозяйства в планируемом периоде в среднем составит 3 %, а рост объема строительных работ — 20 % в год.
В 2007—2009 годах ожидается дальнейший рост отраслей торговли, транспорта, связи. Услуги транспорта возрастут в среднем на 6—7 % в год, а объем предоставляемых услуг связи — на 20 % в год.
Темп роста объемов инвестиций в основной капитал составит в планируемом периоде в среднем 14—15 %.
Среднегодовые темпы прироста реальной заработной платы за 2007—2009 годы составят порядка 9—10 %, а пенсии — 6,5—7,0 %.
В указанный период общая численность населения Казахстана возрастет в сравнении с 2006 годом, по оценке, на 2,9 % и превысит 15,8 млн. человек.
(соңғы екі беттің қазақша аудармасы жоқ)
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |