Ресей 1944 жылы 7 қараша күні Құлжа Нылқы шек арасынан Қазақстанның Әнуар полковник армиясынан 2.000 адамын жасырын өткізді. Осыдан кейін Ресей үкіметі бандит Шың Сысайдың орнына келген У Жушиге:
- Бізден 2.000 адам қашып өтті. Олар, соғыстан қажыған әрі қашқан отан сатқындары қылмысты элементтер еді. Осы адамдарды ұстап беріңіздер, - деп талап етті. Бұл не деген ептілік!
Құлжа қорғанысы дейтін қозғалыс міне осында, Шығыс Түркістан Бұлғын, Шіңгіл Ақ Үй Соғыс Комитетінің 1943 жылы 6 қантарда Түркістан Соғыс Комитеті қарауындағы Соғыс Комитеті Алтай Соғыс Комитеті, Тарбағатай Соғыс Комитеті, Іле Соғыс Комитеті болып ұйымдастырылған үш соғыс комитетінің бірі болатын. Ұзақ уақыттан бері Оспан Іле жайында Әлиханды танып онымен байланыс жасап тұрды. Тарбағатай жайында Қалибек қозғалысын ғана өзек етіп келгенбіз. Ол кезде Коминтерн тірі еді. Ол тарамаған құқықты орган еді. Екінші дүние соғысының салдарынан Коминтерн тарап кеткендіктен орыстардың бұл уақиғаны өз қажетіне орайластырып, “бұлар аз ұлт, оның дүниелік рөлі жоқ, осыны сатсам шығыстан үлкен олжаға қарық боламын” деп ойлады.91
“Пәлен жерде бақыр бар, іздеп барсаң жауша жоқ.” Орыстар олжаға салмақшы болған ұлттар әрі көп, әрі тарихи орны, әрі оның Коминтерн мазмұнын түсінетін ақылды адамдары болғандықтан “Лаумаузыны” бір теуіп лақтырып жіберді.
Коминтерннің тарап кетуін пайдаланған орыстар да монғолдар да 1942 жылы жарнамамен қаулыны лақтырып тастады. 1932 жылғы Шығыс Түркістан деп жариялаған жарнамасын сырт айналып келіп бандит Шың Шысайды тәрбиелен,92 нәтижені Шың Дубанға аударған еді. Шың Дубан орыстың тәсілін түсінгеннен кейін (147) одан қол үзіп кетті. Мұндай жағдайда орыс пен монғол 1942 жылы тағы да Коминтерн тонын жамылып “Шығыс Түркістан тәуелсіз ел” деп жарнама шығарып, Оспанды келіп тапқан еді. Біз, Оспан тобы да бұл кездегі халықаралық жағдайдан пайдалануды ойлап, осы жарнаманы мақұлдап, ең болмаса сыртқы Монғолия сияқты ел болып кетеміз деп үміт артқан едік.
Орыстар немістердің жеңілу орайынан пайдаланып бақаны мініп көлден өтіп алды. Жалт беріп 1932 жылғы Қожаниязға берген жарнаманы қалай құртқан болса, 1942 жылғы 20 қарашадағы жарнаманы да солай құртатындығы дәл осы кезде жарыққа шыға келді.
Іле аймағының елі тарихта қозғалыс жасамаған, қозғалысты істей алмайтын момын ел еді. Қазақстан армиясы Ілені азат етіп, Іледе Шығыс Түркістан уақытша үкіметін құрып берді. Іле армиясы Қалибек армиясымен бірлесіп Тарбағатайды босатып алып, 1944 жылы 16 қыркүйекте Алтайдың Буыршын қаласына жетіп келді. Ондағы армия бастығы Ресейден келген Байнов, Мажаров екі орыс генералы еді.
1944 жылы 17 қыркүйекте Іле армиясы Алтай қаласына келіп кірді. Үш аймақты Құлжаның сарты азат еткен қылып қойды. Бірақ басшылары тіпті он адамдық группа бастықтарына дейін Қазақстан әскерлері еді.
Олардан Алтай қаласына Бекторов полковник келіп жатып алды. Артынан генерал Мәжік келді. Халықарадан 370 адам бар болатын.
Оспанды Алтайдың уәлиі, орынбасарларына Әріпбай полковник, Дәлелхан тәйжі болып, Ақ Үй адамдары басқа мекемелердің бастығы болып орналаса кетті. Сол кезде Оспан қала ішіне келмеді. Әлиханның уақытша Шығыс Түркістан орталық үкіметіне басшы болуы да Оспанның ықпалы еді. Оспан бұл адамды таңдап алған болатын. (148)
1942 жылғы жарнама, 1943 жылғы тоқтам бойынша Шығыс Түркістан Бұлғын Ақ Үй Соғыс Комитеті тұңғыш рет құрылған кезде Шығыс Түркістан ең жоғарғы қолбасшысы Оспан делініп белгіленген.
Ал, 1945 жылы қыркүйектің ішінде Алтай азат болып үкімет құрылғанда, Оспан Алтайдың уәлиі болып қалды. Кешегі үлкен қаташ, бүгін кішкене қаташ болып қалды. Бірақ Оспан бұл сайламға разы болмады. Қала ішіне келіп, міндет тапсырып алмады. Дәл осы кезде Қазақстан Қаба ауданынан өтіп Сарсүмбеге келген еді. Доскенов Сарсүмбеге келгеннен кейін 20 адам ертіп, Қу Үйдегі Оспан аулына барып сәлем беріп, ол жерде бірнеше күн жатып Оспанды қалаға келуге көндірді.93 Доскенов:
- Сол кездегі жарнама, тоқтам барлығы өз күшіне ие. Бүкіл Шынжаң азат болғаннан Шығыс Түркістан Халық Республикасы құрылғаннан кейін сонда сол кездегі жарнама, тоқтам бойынша сол орынға барасыз. Қазір Іледе құрылған үкімет, уақытша өкімет болып отыр. Және өзіңіздің келісіміңіз бойынша уақытша үкіметтің бастығына Әлиханды белгіледік, - деді. Осындай қиюластырған тәтті сөздер арқылы Оспан қала ішіне көшіп келген еді.94 Және Іледен Әлихан төренің де:
- Әзірше Алтайды ұстап тұрғаңыныз жөн болар, - деп айтқан ақылына мақұл болды.95
Оспанның үш үймақшылардан безуі
Оспанның негізгі мақсаты Шығыс Түркістан төңкерісінен қол үзу емес. Оспанның ең соңғы мақсаты Шығыс Түркістан Халық Республикасын құрып алу еді. Бұл мақсатты жеке болсам да құрам деп ойлады. Кейін бір жаққа сүйенгеніміз жөн деп орыс-монғол пікірлерін де мақұл көрді. Жарнама тоқтамдарға разы болып барып, ол екі елден көшіп келген соғыс комитетінің барлық пікірін мақұлдаған еді.
Бүкіл осы жағдайлар, Шың Сысай орыстар мен монғолдардың басына күн туғанда жалт беріп Ресейден (149) қол үзгенде, орыстардың Шың Сысайдан өш алу үшін істеген бір шарасы ма екен? Оспан:
- Онда оған да көзім жетсін, - деді.
Әлихан полковник, Дәлелхандар жеті жүз адаммен Сарсүмбе қаласын аламыз деп барғанда олар қоршауда қалып, “өлдік” деп телеграмма келгенде Оспан дереу маған бұйрық берді. Мен баруды қаламадым.
- Олар бір жау алып көрсін. Батырлықтарын, саясатшылдықтарын сынасын. Өздерін данышпандар орнына қойып отырған адамдар болғандықтан мен бармаймын. Өз атын ерттеп міне алмайтын, мылтық ата білмейтін адамдар өзін сынасын. Біз сонау 1940 жылдан бері соғысқа қатынасқанда бір тұлып талқанды бір жыл азық етіп, бір тонды үш жыл киіп соғысқан едік. Әлихан мен Дәлелхан жүз түйеге ақ нан артып кетті. Айналасын үйден шығып көрмеген мырзалармен көмкерген. Осындай мырзалық жүріс пен тарихта жау алған батыр болған емес, - дедім.
Оспаннан қайта-қайта бұйрық келді.
- Ерлік істе. Олар бізді надан деп шетке қақса да, біз адалдық істелік. Әлихан, Қалқабай, Дәлелхан дамбалдың сыртынан не қылар дейсің. Бар! - деген еді.
Сондықтан мен өз әскерімді алып барып, қытайдың атақты батыры Көз Ян полковникті полкімен жойып, Борбыжап әскерін қуып қалаға апарып тығып, оларды құтқарып келген едім.
Оспан:
- Дәлелхан бізді надан санайды. Ал Дәлелханның өз басы мектеп көрмепті. Соғыс білмейді. Құрал да ұстай алмайды. Мұндай тәкаппарлыққа не шара? - деп бізге үнемі әңгімелеп отыратын. Ол сонымен қатар:
- Біз арыз айтатын Коминтерн тарап кетті. Орыс пен монғол арыз тыңдамайды. Көңіл қалғанша бірлесіп тұралық, - дейтін.
Сол жылы қыста Құлжадағы уақытша үкімет Оспанды жиынға шақырды. Оспан өзі бармай, Ләтіп пен Шәмсиді жіберді. Қалибек өзі бармай, Хамзаны жиынға жіберді.96 Дәл осы кезде орыс-монғол адамдары Әлиханды ішіне алып, (150) жасырын жиын ашты. Онда “Оспан да, Қалибек те қауіпті жағдайда тұр. Оспандар қытайдың Үрімжідегі жаңа әкімдерімен жасырын кеңес өткізіп жатыр. Сондықтан Оспан Алтай уәлиі, Қалибек Тарбағатай уәлиі болған соң екеуін сырттан атып тастау керек” деп қаулы алады.
Бұл қаулы Әлихан арқылы Оспанға да, Қалибекке де жеткен соң, 1946 жылы 6 наурызда Оспан Қапас батыр әскерін Жан Жұн бұлақ жанына әкеліп қойып бір түнде көшіп кетіп қалады.
Оспан уақиғаның ең соңғы сырына көз жеткізген соң, ғана осы істі істеген болатын.
Біз уақиғаның соңы осындай боларын сезіп, Оспанға ерте айтқанда, оның “Асықпаңдар. Қытаймен қырылысып отырғанда жақсы іс табамыз деп істі бүлдіріп алмалық. Орыс, монғолдан жарнама, тоқтам негізі бойынша көңіл қалғанша бірлеселік. Қазір көзіміз жетпейді. Жамандық істегісі келсе, алдымен осылардың өздері істеп көрсін. Айрылысқан болса, онда бір-бірімізге өкпесіз болармыз” дегені бойынша жүрдік. Ең ақырғы шот соғылатын болғанда, Оспан жалт беріп көшіп шығып кетті.
Көптен бері күзетіп келген пікіріміз шынға айналды. Орыс пен монғолдар қойдың басын көрсетіп, иттің етін сатты. Үш ғасырдан бері орыстар осындай алдау тәсілдері арқылы Қырым, Кавқаз, Түркістанның түбіне жеткен еді. Бұл жолы орыстар өзінің тарихтан бергі фашистік тәсілдерін Коминтерн тонына ораса да жасырып қала алмады.
Шығыс Түркістан тәуелсіз ел болады деген жарнаманы бүгін кім бұзған болып отыр?
ІІІ. Интернационалдың жарнамасы мен тоқтамдарын бұзып отырған соғыс қылмыстыларын қай жақтан іздейміз? Бүкіл дүниеде ұлттық тәуелсіздік бар деген шын сөз бе? Әлде жоқ сөз бе? (151)
Біздің Түркістанның бөлініп ел болмайтын себебіміз неден? Ел ішінде “Оспан барлық қаулы қарарды тастап Сан Мын Жұйға шығып кетті. Оспан және оның тобы сатылып кетті” деп жүргендер бар.
Біздің адал еңбегімізді жеп сатылып кеткендер, жарнаманы, тоқтамдарды күшінен қалдырып опасыздық істегендер кім болар екен? Оқырмандардың ақыл-таразысына салып, өлшеп көруін сұраймын.
Кейбір ағайындарымыз болса:
- Қозғалыстың басы дұрыс еді. Аяғы қате болды, - деседі.
Расында да қозғалыстың басы дұрыс әрі ғылыми еді. Оның аяғын кім бұзып отыр? Оспанмен бастан ақыр бірге болдым. Ең алғашқы тоғыз комиссардың бірі едім. Оның сегізі өлді. Жалғыз мен қалдым. Менің саяси талқыларға араласпаған, соғысқа қатынаспаған күнім болған емес. Жаудың 60.000-нан астам армиясын жойдық. Соңғы кезде ішімізден алалық туды. Қайтадан өзімізге қауіп төнді. Бұл кезде қайту керек? Не өлу керек, не орыс пен монғолдың түрмесінде шіріп жату керек еді. Жоқ, әлде болса, күн көру керек еді. Үш жыл үш тұлып талқанмен соғыстым. Осындай қажырлы қайрат бізді жауды тез жоятын қайратқа иелендірген. Жаудың көктегі айырпландарын да атып түсірдік. Кешегі дос, бүгін бізге жау болды.
Біз орыстарға “Кең қазба, тоқтам болсын” дедік. “Жасырын сауда қылмаңыздар, біз құримыз” дедік. “Адамыңды әкет, әскеріңді әкет, өзімізді өзіміз басқарамыз” дедік.
Бұл сөздердің барлығы 1942 жылы 20 қарашада ұлт-азаттығы және тәуелсіздігі жөніндегі жарнамаға қарама қарсы істер емес еді. Барлығы да ғылыми ақылға сыятын пікірлер еді. Біз орыс пен монғолға құлдарша бодан болуды қаламадық. Бұл жеріміз олардың көңіліне жақпады. Ақ үрпек балапан болып жасау қиын деп сезінген едік. (152)
Сол кездегі халықаралық жағдай 1941 жылы маусым айында басталған ІІ дүниежүзілік соғыс 1945 жылы маусым айында тоқтады. Біріккен Ұлттар Ұйымы “Адамзат қатты күйзелді. Қан көп төгілді. Экономика құру алдында тұр. Дүниежүзіндегі үлкенді кішілі соғыстар тоқтасын” деп қарар шығарды.
Сонда да кейбір жерлердегі соғыстар тоқтамады. Шығыс елдерінің соғысы тоқтамаған соң, 1945 жылы 24 тамызда Америка Жапонияға атом бомба тастап, Жапонияны берілуге мәжбүр етті. Жапония мен Германия ІІ дүниежүзілік соғыстың қылмыстылары делініп жатты.
Бұл кездегі біздің үш аймақтағы соғыстар да тоқтамаған болатын. Үш аймақ соғысы Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарынан кейін үш ай артық созылды. Осы соғысты тоқтату үшін Америка, Англия, Ресей, Қытай қатарлы елдердің сыртқы істер өкілдері 1945 жылы 3 қарашада Манас көпіріне ту әкеліп тікті де, бұдан соң қарулы соғыстар болмай, саяси соғыстар болып отырады деп тоқтатты.
Достарыңызбен бөлісу: |