Қазіргі қазақ орфографиясындағы мәселелер



бет3/14
Дата12.11.2022
өлшемі101.5 Kb.
#464657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
қиындықтар

бірге жазылады делінді: 1941ж. емле сөздігіатқора, ауажайылу, бейпілауыз, боссөз, ботатірсек, бұлшықет, белбайлау, қаракөк, қаракөлеңке, ашатұяқ, бақайқулық, бойұсыну, бөріойнақ, бұрнағыкүн, жіңішкеауру, кереқарыс, күретамыр, қаракөже, қасбатыр сияқты көптеген сөздерді, 1948ж. емле сөздігі алауыздық, алажаздай, алакөлеңке, алакөз, аласапыран, алатаң, алағоржын, алтатар, алқара, алқызыл, арампейіл, аржақ, асырасілтеу, асықжілік, атсалысу, атүсті, ашықауыз, аяқалыс, аяқасты, ақжүрек, ақжарқын, бассалу, басыбайлы, басыбүтін, беломыртқа, кішіжүз, кішіпейіл, неғылу, көкала сөздерін бірге жазды. Бірақ кейін 1940ж. орыс графикасына негізделген қазіргі жазуымыздың әліпбиі қабылданып, 1952ж. негізгі емле ережелері түзілгенде құрама сөздердің мағынасы емес, олардың екі түбірден тұратын тұрпатына, өзара анықтағыштық қатынастағы грамматикалық белгісіне баса назар аударылды. Және ең сорақысы орыс тіліндегі дәл сол сөздің аудармасы бөлек немесе бірге жазылуына байланысты (носовой платок – бет орамал), (железная дорога – темір жол), сондай-ақ тұрақты тіркестер бөлек жазылатын орыс тілі орфографиясына сәйкес, эмоциялық-экспрессивтік, көркемдеуші сипатынан қол үзген, лексикалық атау дәрежесіндегі фразеологизмдер ретінде бөлек жазылды. Кейін 1983ж. емле ережелеріне енгізіле бастаған түзетулер және 1988, 2000, 2006, 2007жж. орфографиялық сөздіктер енді сол, өткенге қайта оралу, жіберіп алған олқылықтарды толтыру бағытында жүріп келе жатыр.
Мысалға бүгінгі көзі ашық, кағілез оқырман қазақ тіліндегі бірге жазылатын сөздердің мынадай формалды белгілерінің екшелгенін көрер еді -лық, -қыш, -ар, -қы, -лар ұластыруыш жұрнақтары және 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет