Жүйелік талдау – жүйелік тəсілдің негізінде орындалатын объектілерді (прог- раммаларды, жүйелерді, құрылғыларды) талдау; жүйелік құралдармен атқарылатын талдау; саяси, экономикалық, ғылыми жəне техникалық си- паттағы күрделі проблемалар бойынша шешімдерді дайындауға жəне не- гіздеуге пайдаланылатын əдіснамалық құралдар жиынтығы.
Жылнама – халықтың, мемлекеттің, қаланың, т.б. жылма-жыл жазылған тарихи шежіресі.
Жыныстық құрамы – этносты ерлер, əйелдер тобына бөлу.
– З –
Заимка – жаңа игеріліп жатқан жерлердегі шағын, əдетте бір аулалы жері бар мекен; уақытша орманда қоныстану.
Заң – құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын оның ішкі, мəнді жəне тұрақты байланысы.
Заңнама, заңдар – мемлекеттегі өкілетті заң шығарушы органдар қабылдаған нормативтік актілер (көбіне заңдар) кешені; сол мемлекеттегі саяси, əлеу- меттік, экономикалық, рухани, отбасылық, т.б. қарым-қатынастарды рет- тейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Зат – материалдық дүниенің біршама дербес тіршілік ететін бөлігі.
Землянка – жерден қазылған тұрғын үй.
Зерттеудің міндеттері – зерттеу мақсатына, оның болжамдарына байланысты анықталып, шартты түрде негізгі жəне қосымша болып бөлінеді. Оның негізгі міндеттері – қойған мəселені қандай жолдармен жəне құралдармен шешуге болатынын анықтау жəне соларды жүзеге асыру, ал қосымша бол- жамдарына сəйкес қосымша міндеттер қалыптасады.
– И –
Игілік – ырыздықты, рухани жəне мəдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақ- саты мен ниетіне сəйкес келетін нəрселер.
Идеал (лат. idealis, грек. іdea – ой, түсінік) – адам бойындағы асыл арман- ды, мақсатты білдіретін ұғым; талаптың, iс-əрекеттің жоғарғы мақсаты, белгiлi бiр нəpceнiң үздiк үлгici.
Идеалдылық – адамның бір мақсатты көздеген іс-əрекетінде пайда болатын объективтік нақтылықтың субъективтік бейнесі.
Идентификация (лат. identifico – ұқсас болу) – ұқсастық белгілеріне сүйене оты- рып əртүрлі объектілердің барабарлығын анықтау.
Идея (грек. idea – ой, пікір) – мағына, маңыз, мəн ұғымдарын білдіретін, ойлау жəне болмыс категорияларымен тығыз байланыстағы термин.
Идеология (грек. idea – ой, пікір, идея + logos – сөз) – қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы.
Иерархия (грек. hierarchia – қасиетті жəне билік) – тігінен алғанда жеке деңгей- лер араларындағы тəртіптілікпен, жүйелілікпен жəне өзара іс-қимылмен, байланыстармен сипатталатын көп қатпарлы күрделі системалардың құ- рылымдық қатынастар типі.
Изба – 1) Шығыс Еуропа халықтарында қыздырылатын тұрғын үй; 2) орыс хал- қының ағаш үйі.
Имидж (ағылш. іmаge – бейне, бейнелеу) – мақсатты түрде өнер ретінде адам- ның өзіне не бұқаралық ақпарат арқылы белгілі бір зат немесе адам жөнін- дегі керек мəліметті бейнелеп көрсету.
Иммигрант (лат. іmmіgrants – қоныстанушы), көшіп келуші, бір мемлекеттен басқа мемлекетке ұзақ уақытқа (Қазақстан заңдары бойынша алты айдан көп мерзімге) немесе тұрақты тұруға қоныстанушы азаматтар.
Иммиграция (лат. іmmіgrare – көшіп келу) – мемлекетке басқа елден түпкілікті немесе уақытша тұруға келу.
Индивид (лат. іndividuum – ерекше тұлға) – адамзаттың өкілі, нақты антрополо- гиялық жəне əлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан ол жеке кісі.
Индикатор (лат. indicator – көрсеткіш) – бақылау объектісінің жайкүші мен ба- рысын адамның қабылдауына неғұрлым ыңғайлы түрде бейнелейтін аспап (құрылғы).
Инкрустация (лат. incrustatio – қабықпен жабылу) – ғимарат пен оның бөлшек- терін əшекейлеу үшін мəрмəр, керамика, металл, ағаш, перламутр жəне т.б. ұсақ бөлшектерін ойып орналастыру, түсі мен материалы басқаша болған.
Достарыңызбен бөлісу: |